ОҚУ – ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Гуманитарлық факультет
Азақ филологиясы кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік және
студенттік сұрақтар бойынша проректор
____________ М.Ж.Мальтекбасов
«_____» ______________2015 ж.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандықтар: 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Оқу формасы: күндізгі, жеделдетілген күндізгі
Талдықорған, 2015 ж.
Оқу- әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына ф.ғ.к., аға оқытушы М.Т.Джакыпбекова құрастырған.
____________________
(оқытушының қолы)
Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында қарастырылды.
«____ »________ 2015 ж. №_______ хаттама
Кафедра меңгерушісі___________ ф.ғ.к., доцент С.Қ.Қожағұлов
«_____»__________2015 жыл. №______ хаттама
Гуманитарлық факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның төрайымы _______________ Ш.С.Жаукумова
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті | СМЖ ЖМУ Е/ПОӘК.09-2015 3 басылым | |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ | ||
Оқу-жұмыс бағдарламасы | Ф.4.09-27 | |
27.05.2015 ж. |
Гуманитарлық факультет
Азақ филологиясы және журналистика кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік және
студенттік сұрақтар бойынша проректор
____________ М.Ж.Мальтекбасов
«_____» ______________2015 ж.
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің
ОҚУ – ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Мамандықтар: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Оқу формасы: күндізгі, жеделдетілген күндізгі
Талдықорған, 2015 ж.
Оқу – жұмыс бағдарламасын типтік оқу бағдарламасы және МЖМБС негізінде 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына ф.ғ.к., аға оқытушы М.Т.Джакыпбекова кұрастырған.
__________________________
(оқытушының қолы)
Филология және журналистика кафедрасының отырысында қарастырылды.
«____» ___________ 2015 ж. №____ хаттама
Кафедра меңгерушісі___________ ф.ғ.к., доцент С.Қ.Қожағұлов
«____» _________ 2015 ж. №_____ хаттама
Гуманитарлық факультеттің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның төрайымы Ш.С.Жаукумова
ТҮСІНІК ХАТ
Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсы - қазақ мектептері үшін қазақ тілі пәні мұғалімін даярлайтын "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бөлімінде оқылатын негізгі пәндердің бірі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша казақ тілі мұғалімдеріне қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды калыптастыру негізгі мақсат болып саналады. Жоғары оқу орнында өтілетін «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты - кәсіби білікті маман, шығармашыл тұлга дайындау. Келешек маман теориялық білімі терең, практикалык іскерлік қасиеті жоғары, шығармашыл белсенділігі дамыған, кез-келген жағдайдан шығуға жол табатын тиімді әдіс-тәсілді меңгерген, ойлай білу мәдениеті жоғары адам болу үшін білім беру жүйесін жаңаша құру(модернизациялау) мәселесі көтеріліп отыр.
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнін оқыту процесінде жақсы нәтижеге жетудің жолы - тілден берілетін теориялық материалды жаңа технология үлгілерін пайдалана отырып беру. Әдістеме ғылымы мен оқыту технологиясы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы нені оқыту керек, калай окытқан дұрыс деген сауалдарға жауап іздесе, оқыту технологиясы қалай нәтижелі болады деген сұрақтың жауабын шешуге тырысады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін студентке меңгерту барысында осындай сұрақтардың шешемін табуға әрекет жасалады. Студент өз бетімен тырысып, кейбір мәселелердің шешімін өзі табуға тырысуы қажет
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні өзінің бастау негіздері ретінде білім беру философиясының, логиканың, лингвистиканың, психологияның, физиологияның т.б. ғылым салаларының жетістіктеріне сүйенеді. Сонымен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибелерін талдап-тану аркылы тиімді әдістер мен тәсілдер жүйесін зерделеп, оны студенттерге меңгертуді кездейді. Осылардың негізінде, қазақ тілінің қазақ мектептерінде окытылу барысының өткенін талдау мсн оған баға беруге, қазіргі күйін танып-білуге, болашақтағы даму жолдарының алғышарттарын анықтай білуге студенттерді үйретеді.
Сонымен байланысты, қазақ тілін оқыту әдістемесі студенттерге тіл мен ойлаудың байланыстылығын негізге ала отырып, ана тілін меңгерудің жаңа әдіс-тәсілдерін окушыларға менгерте алатын дағдыларды қалыптастыруды алдыңғы кезекке қояды.
Қазіргі кезеңде мектепте оқылатын қазақ тілі курсы теориялык деңгейі жоғарылауымен, тілдік фактілерді өзара тыгыз байланыстылыққа тануға назар аударумен сипатталатын болғандықтан, студенттерді осы бағыттағы әдістемелік шеберлікпен қаруландыру кең түрде жолға қойылып отыр. Студенттер «Қазақ тілін окыту әдістемесі» курсын оқып меңгеру барысында оқушыларды тілдік фактілерді түрлі қырынан танып-білуге дағдыландыратын әдістер мен тәсілдер жүйесін таниды. Тіл бірліктерін оқыту барысында оның жүйелік-құрылымдық, семантакалық, формалық, функционалдық кырларын кешенді түрде талдауға үйрету жолдарын студент осы курсты толық меңгеру арқылы үйренеді.
Қазақ тілінің теориялық курстары мен педагогика және психология, физиология курстарынан алған білімдерін біртұтастыққа келтіре жүйелей отырып, студенттер практикалық шеберліктерін қалыптастырудың жолдарын «Қазақ тілін окыту әдістемесі» курсы барысында қалыптастырылады. Сондықтан да «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсының студентті маман ретінде шыңдауда алатын орны ерекше болады.
Қазіргі кезде мектептегі қазақ тілі сабақтарында окушының ойлауы мен тіл дамуына, мәдениетті түрде сойлей білуіне терең назар аударылып отырғаны белгілі. Осымен де байланысты, студент окушыларға тілдің түрлі қызметін, танымдық, қатысымдық, кумулятивтік, эстетикалық кызметін танытудың тиімді жолдарын «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсын өту барысында меңгеруі керек. Өйткені, осындай бағытта оқыту барысында ғана оқушыдан ана тіліне сүйіспеншілік, құрмет, бағалау, қамқорлық жасау сезімдерін қалыптастыру мүмкін болады.
«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» КУРСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсының негізгі мақсаты - студенттерге мектепте қазақ тілін оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Кәсиби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары маман даярлау.
Қазақ тілін окыту әдістемесі өзінің алдына мынандай міндеттерді қойып, оларды шешу жолдарын қарастырады. Қазақ тілін окыту әдістемесі курсының міндеттері:
• Студенттерді әдістеме саласындағы соны өзгерістермен таныстырып, оны тиімді қолданудың жолдарын үйрету;
• студенттерге қазақ тілін окыту әдістемесінің методологиялық-теориялық
негіздерін меңгерту;
• қазақ тілі жүйесінің ішкі салаларын мектепте оқыту ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан талдап көрсету;
• оқу-әдістемелік құралдарды оқып-талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді таңдай білу, оларды практикада қолдана білу дағдыларын қапыптастыру;
• қазақ тілін оқыту әдістемесін ғылыми тұрғыдан зерттеп-тану қабілеттерін
дамыту;
• болашақ қазақ тілі мүғалімдері ретінде, өз бетімен ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерді іріктеу мен оларды тапдай білу дағдыларын жетілдіру;
• педагогика мен әдістемедегі жаңашыл әдістемелерді талдай білуге, олардың практикадағы тиімді-тиімсіздігін анықтай білуге дағдыландыру;
• мектеп мұғалімінің тәжірибе жинақтау барысын талдауға, озық тәжірибені таратуға белсене қатысып отыруын қалыптастыру.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің курсының мазмұны мынадай мәселелерді қамтиды:
• қазақ тілін оқыту әдістемесі - дербес ғылым саласы; қазақ тілін оқыту әдістемесінің бастау көздері; қазақ тілін окыту әдістемесінің зерттеу
әдістері;
• қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдары;
• мектепте қазақ тілін ана тілі ретінде оқытудың ерекшеліктері мен мақсат-
міндеттері;
• қазақ тілін окытуды оку-танымдық процесс ретінде тану мен ұйымдастырудың ерекшеліктері;
• қазақ тілін орта мектеп пен тереңдетілген мектептерде оқытудың өзара байланыстылығы мен ерекшеліктері;
• қазақ тілі жүйесінің мектепке арналған ғылыми курсы деңгейлерін оқыту әдістемелері (фонетиканы оқыту әдістемесі, лексика мен фразеологияны окыту әдістемесі, сөзжасамды оқыту әдістемесі, морфологияны оқыту әдістемесі, синтаксисті оқыту әдістемесі, мәтінді оқыту әдістемесі);
• қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың ойлауын дамыту әдістемесі;
• казақ тілін оқыту барысында окушылардың тілін дамыту әдістемесі; орфография мен орфоэпияны оқыту әдістемесі; пунктуация заңдылыктарын меңгерту әдістемесі; стилистиканы оқыту әдістемесі;
• қазақ тілі бағдарламалары мен оқулықтарын талдау әдістемесі;
• қазақ тілін окыту барысында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесі;
• студенттердің қазақ тілінен өтілетін педагогикалық практикасы және оны
ұйымдастыру мәселелері.
Қазақ тілін окыту әдістемесі лекция, практикалық сабақтар. лабораториялык сабақтар, студенттердің жеке жұмысы, арнаулы курстар мен арнаулы семинарлар барысында меңгертіледі. Сонымен бірге, студенттердің өз бетімен жұмыс орындауы, бақылау жұмысы, реферат, курстық жұмыс, дипломдық жұмыстары арқылы әдістемелік білімі жетілдіруі көзделеді.
Мектептермен тығыз байланыс жасай отырып, студенттердің мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысуы белгіленеді, соның негізінде әдістемеден алатын теориялық білімінің өмірмен байланысы танылады. Студенттерге қазақ тілін окыту жэне басқа тілдерді оқыту бойынша оқу-кұралдар мен әдістемелік әдебиеттер кітапханасын жасау тапсырылады және оқытушы тарапынан катаң қадағаланады.
Лекцияда казақ тілін оқытудың теориялық мәселелері қарастырылып, практикалық сабақтарда қазақ тілін оқытудың нақты әдістемелері талданады, оқу-әдістемелік әдебиетгер талданады, қазақ тілі сабақтарының болмысы танылады.
Лабораториялық сабақтардың ерекшеліктері - тәжірибелі мектеп мұғалімдерінің әдістемелерін терең талдаудан өткізе отырып, студенттің оған сыни көзқараспен қарау дағдысының калыптастырылуы. Себебі, лабораториялық сабақтарда студенттердің рефлексиялық қабілетін дамыту мүмкіндігі мол және ол аса қажет.
Студенттер қазақ тілін оқыту әдістемесін оқуы барысында қазақ тілі мұгаліміне тән болуы тиіс деп саналатын іскерліктерді қалыптастырады. Қазақ тілі мұгаліміне тән негізгі іскерліктерге мыналар жатады:
• мектепте білім берудің әр кезеңінде казақ тілін оқытудың мақсат-міндеттерін анықтай алу іскерлігі;
• әрбір сынып оқушыларының қазақ тілін өз ана тілінің теориялық болмысы ретінде игеру психологиясы мен жас ерекшелігі психологиясын, физиологиялык, жеке бас ерекшелігін баланың қабілетімен байланыстыра аду қабілеті мен іскерлігі;
• әрбір қазақ тілі сабағының білімдік, тәрбиелік, дамытушылық потенциалын мүмкіндігінше толыққанды жүзеге асыру жолдарын тану іскерлігі;
• оқу-танымдық процестің заңдылықтарын негізге ала отырып, оқушының танымын кеңейтетін, ойлауын дамытатын, тілін дамытатын танымдық, лингвистикалык, дидактикалық, пән мен оның «шііндегі жекелеген такырыптардың өз ерекшеліктерінен туындайтын әдістер мен тәсілдер жүйесін тиімді колдана білу іскерлігі;
• қазақ тілінің жалпы тілдер жүйесіндегі, түркі тілдер жүйесіндегі өзіндік орны мен ерекшеліктерін байланыстыра окыту іскерлігі;
• қазақ тілінен берілетін ғылыми материалдың эмпирикалық деңгейде қалып қоймай, оның теориялық деңгейге қарай үласу жолдарын тану мен ұйымдастыра алу іскерлігі;
• оқушының қазақ тілін оқуға деген мотивтерін анықтап, оны дамыта білу іскерлігі;
• сабақтағы оқу материалының сабақтан тыс жұмыспен байланыстылығын сақтай білу іскерлігі;
• жаңашыл әдістерді сабактарда колдана білу іскерлігі.
Бұған қоса, студенттер сұрақты дұрыс қоя білу; оқушы білімін дұрыс та шынайы тұрғыдан бағалай білу; бір сабақта түрлі әдістерді үйлесімді де тиімді қолдана білу; оқушының дәптерлерін жүйелі тексеру; оқыту технологиясын сабақта бірізді және орынды қолдана білу, әр сабақты ғылыми тұрғыдан талдап, сараптай білу т.б. іскерлік дағдыларды меңгерулері тиіс.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсын меңгеруі барысында студент әдістемені зерттеу бағыттары мен зерттеу әдістерін саралап тани білуі керек. Қазақ тілінен тәжірибе жасау, оның нәтижелерін сандық және сапалық тұрғыдан талдай білу дағдылары да осы курсты оқу барысында қалыптастырылады. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым саласы ретінде дифференциациялық және интеграциялық тенденцияға ие болатыны да студенттің ғылыми жұмыс орындауы барысында меңгеруі тиіс мәселе. Мысалы, қазақ тілін оқыту барысында компьютерді қолдану әдістемесінде, міндетті түрде кибернетикамен байланыс жасалады, логика және психологияның зандылықтары активтене түседі. Ал қазақ тілі бірліктерінің мәтін кұрау қызметін танытуда кешенді талдау, жүйе, тұтастық ұғымдары айқындалады т.б.
Сонымен қатар, казақ тілін окыту әдістемесінің осы кезге дейінгі жинақталған бай мұрасын студенттер танып-білуі керек. Қазақ тіліндегі сандаған терминдерді жасаушы А.Байтұрсынұлының лингвистикалық-әдістемелік мұрасын арнаулы курс ретінде оқытуды ұсынамыз. Мұндай арнаулы курс студентке тіл теориясын да, әдістемені де терең меңгертуге көмектеседі.
Басты назар - қазақ тілін эмпирикалық деңгейде, формалдық грамматика тұрғысынан ғана оқытуды шектеп, тіл бірліктерінің тек сыртқы белгісін емес, ішкі кұрылымын құрап тұрған тілдік байланыстар мен қатынастар тұрғысынан, теориялық білім алу тұрғысынан оқытуды дамытуға бағытталып, студенттерге тілдік қатысым теориясын, тіл бірліктерінің функционалдық болмысын оқыту әдістерін молынан үйрету керек. Жаңа бағдарламаның өзегі де болып табылады.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕН ДӘРІСТІК КУРС
Қазақ тілін оқыту әдістемесі — жеке ғылым саласы. Қазақ тілін окыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні. Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеудің эмпирикалык және теориялық түрлері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жүйелік болмысы және оны тану жолдары.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялык негіздері, оның философия, логика, исихология, педагогика, кибернетика т.б. ғылымдарымен байланыстылығы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны.
Қазақ тілін окыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары. Әдістемелік мұра және оны танып-талдау әдістері мен жолдары. Қазақ тілін оқыту әдістемесініц классиктері - Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанұлы, Қ.Жұбанов,С.Аманжолов, Қ.Басымов, Ғ.Бегалиев, Ш.Х.Сарыбаев т.б. еңбектерінің маңызы.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы А.Ысқақов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, К.Аханов, Х.Арғынов, Д.Әлімжанов, А.Әбілқаев, И.ұйықбаев, Н.Оралбаева, Б.Кәтембаева, Б.Құлмағамбетова, М.Дүйсебаева, Ә.Исабаев, С.Қазыбаев т.б. ғалымдар еңбектерінің орны.
Қазақ тілі - мектепте оқылатын негізгі пәндердің бірі ретінде. Пәндер жүйесіндегі орны мен маңызы. Қазақ мектебіндегі қазақ тілі пәнінің ана тілі ретіндегі феномендік ерекшелігіне байланысты оқыту заңдылықтары. Қазақ тілі пәнінің білім берудегі, тәрбиелік, дамытушылық маңызы.
Қазақ тілін оқытудың эмпирикалық жэне теориялық деңгейлері және олардың өзара сәйкестіктерін сақтау мәселесі. Қазақ тілі заңдылықтарын оқушының ойлауы мен тілін дамыту бағытында оқытылуының заңдылықтары.
Мектептегі оқылатын қазақ тілі жүйесінің ұғымдарын,терминдерді меңгерту барысында логикалық операцияларды қолдану жолдары. Ереже мен оның кұрылымы.
Қазақ тілін меңгерту барысында оқушыда қалыптасуы тиіс машықтар мен дағдылар. Эмпирикалық әдістер мен теориялық әдістерді қолдану дағдылары.
Қазақ тілі пәнінің басқа пәндермен байланысы: әдебиет, математика, шет тілі, химия, физика, биология, музыка, сурет, информатика т.б. Оқушылардың жазба және ауызша тілі дамуындагы казақ тілінің және барлық пәндердің алатын орны. Оқушылардың сөйлеу мәденистіне, орфографиялық жэне пунктуациялық сауаттылығына қойылатын бірыңғай талаптар.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫ
ұстанымдардың жалпы қызмет ұстанымы мен жеке тұлғаны дамыта оқыту ұстанымына негізделетіндігі. Қазақ тілін оқытуды оқу-танымдық қызметі ретінде тану және оның жүйелік-құрылымднқ табиғатын тану. Дидактикалық ұстанымдар. Қазақ тілін оқытудың өзіндік ұстанымдары және тілдің жекелеген тақырыбының ерекшеліктерінен туындайтын ұстанымдар. Бұлардың өзара байланыстылығы мен сабақтастығы.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Әдістердің жүйесіндегі танымдық әдістердің орталық орны (анализ, синтез, индукция, дедукция, эксперимент, модельдеу, бақылау мен салыстыру, жіктеу т.б.). Дидактикалық әдістер және оларды классификациялау туралы түрлі көзқарастар. Лингвистикалык әдістер және олардың қазақ тілін оқытуда қолданылуы. Қазақ тілін оқыту әдістері. Жекелеген тақырыптардың ерекшеліктсрінен туындайтын әдістер. Оқушылардың ойлауы мен тілін дамыту әдістерінің байланыстылығы. Оқушыларды грамматикалық ұғым жасауға үйрететін әдістер. Топтастырылған ұгым жасауга үйрету әдістері. Тіл бірліктерінің ерекшеліктерін салғастыра тану, негізгі белгілерін анықтау, дәлелдеу, форма мен мазмұнның байланыстылыгын таныту әдістері: формадан-мазмұнға және мазмұннан-формаға қарай жүру әдістерінің маңызы. Тіл бірліктерінің семантикалық болмысын таныту әдістері.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Қазақ тілі сабактары, оның түрлері және ішкі құрылымы мен жүйесі. Қазақ тілін окытудың басқа түрлері және оларды жүгізу ерекшетктері:факультативтік сабақ және сабақтан тыс жұмыстар.
Қазақ тілін тереңдете оқыту. Қазақ тілін тереңдете оқытудың мақсаты мен міндеттері. Тереңдете оқылатын қазақ тілі бағдарламасын жасаудағы оқушының даму ерекшеліктерін негізге алу. Тереңдете оқытудағы фонетикалық, лексикалық, грамматикалык білім мазмұны. Орта мектепте оқылатын қазақ тілі бағдардамасымен байланыстылығы.
Қазақ тілі бағдарламасы. Бағдарламаның мемлекеттік құжат екендігі. Бағдарламаның линиялық және концентрлік түрлері, олардың өзара айырмашылықтары.
Қазақ тілі оқулығы. Оқулықтың жасалу теориясы, оқулықтың жүйелік-кұрылымдық сииаты. Қазақ тілі оқулыктарының даму жолы және олардағы теориялық және практикалық материалдардың берілуінде сәйкестіктердің сақталуы. Жаңа буын окулықтарының ерекшеліктері. Теориялық материалдардың берілу логикасы. Лингвистикалық теориялық материалды оқу мақсатында сипаттаудың лингводидактикалық негіздері. Жаттығу мен түрлері; оларды оқулықтарда орналастыру желісі.
Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы. Бағдарлама және соған негізделіп жасалған оқулықтан басқа оқу-әдістемелік қосымша құралдар; мұғалімге арналған әдістемелік құралдар; диктанттар мен мазмұндамалар жинағы; тест жинағы; тіл теориясынан оқушыларға арналған хрестоматиялар; түрлі сөздіктер; дидактикалық картиналар; кеспе кағаздар жинағы; кызықты грамматика материалдары; лингвистикалық-танымдық есептер жинағы; сынақ, емтихан сұрақтары, деңгейлік тапсырмалар жинағы т.б.
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ФОНЕТИКАСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Фонетикадан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі. Фонетиканы окыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері. Фонетикалық талдау. Фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлері. Фонетиканы оқытумен байланысты орфоэпиялык және орфографиялық дағдылардың калыптастырылуы. Оқушылардың орфоэпиялык және орфографиялық сөздікпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Фонетикалық диктанттар.
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАСЫ МЕН ФРАЗЕОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ тілінің жүйесін кұраушы кіші жүйе ретіндегі лексиканы және аралық деңгей ретіндегі фразеологияны окытудың мақсаты мен міндеттері. Берілетін білім мазмұнының көлемі мен минимумы. Лексикалық ұғымдар және оларды меңгерту әдіс-тәсілдер жүйесінің ерекшеліктері. Окушы тілінде байқалатын лексикалық қателер және оларды болдырмау жолдары. Лексиканы оқытуда көрнекілік пен сөздіктерді қолдану жолдары. Лексиканы меңгерту барысында окушыда қалыптастырулы тиіс машық-дағдылар.
ФРАЗЕОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Фразеологияны оқытудың мақсаты мсн міндеттері. Фразеологияны меңгерту барысында ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін таныту. Фразеологияның жасалу жолдары. Фразеологияны оқытуда көрнекі кұралдары, қосымша әдебиеттерді пайдалану жолдары.
СӨЗЖАСАМДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектепте сөзжасамды оқытудың маңызы, мазмұны, міндеттері мен ұстанымдары. Сөзжасамды сез таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыстыра оқыту. Жаттығулар жүйесі. Сөз құрамын талдау мен сөзжасам жолын талдау, бұлардың ұқсас жақтары мен айырмашылықтары. Сөзжасамды оқытуда көрнекі құралдар мен техникалық кұралдарды, сөздіктерді пайдалану.
ГРАММАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектепте грамматиканы окытудың мақсаты мен міндеттері. Мектепте оқылатын грамматикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесі. Грамматикадан берілетін эмпирикалық және теориялық білім мазмұны мен келемін анықтау. Эмпирикалық және теориялық грамматикалық талдау әдістерін оқушыларға меңгерту әдістемесі. Окушылардың әр түрлі іскерлік дағдыларын калыптастыруда, грамматикалық қателерді болдырмау үшін алдын ала жұмыс жүргізуде, тілін байытуда грамматиканы оқып-үйренудің аса зор рөл атқаратындығы.
Грамматикалық талдау әдістемесінің теориялық негіздері. Талдаудың түрлері. Грамматикалық терминдер.
МОРФОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Морфология - грамматика жүйесінің бір бөлігі екендігі. Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі және практикалық маңызы. Морфологияның жалпы білім берушілік құндылығы - тілдің табиғатын терең танытатын сала екендігі, окушылардың логикалық ойлауын дамытудағы мүмкіншіліктері мол екендігі, тілдік фактілердің мәнін түйсіндірудегі көмегі зор екендігі. Морфологияны теориялық деңгейде оқытудың практикалық іскерлікті дамытудағы маңызы.
Морфологияны оқытудың практикалық маңызы қазақ әдеби тілінің нормаларын оқушыларға меңгертудегі үлкен орнымен, бала тіліне тән емес формаларды меңгерту аркылы окушының тілін байыту мүмкіндігімен аныкталады, сауатты жазудың ережелерін меңгертудің негізі болып табылады. Морфологияны окытудың ұстанымдары. Негізгі морфологиялық ұғымдар жүйесі. Сөз таптары ұгымының ішкі мазмұнын таныту. Атауыштық сөздер мен көмекші сөздерді оқытудың өзіндік ерекшеліктері. Морфологияны окытуды синтаксистік негізде жүргізудің маңызы. Морфологиялық жаттығулар, олардың ішкі жүйесі. Морфологиялық талдау және оны жүргізу логикасы. Морфологияны оқытудағы көрнекілік пен қосымша оқу құралдар жүйесін пайдалану әдістемесі.
СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Синтаксис - грамматиканың көлемді құраушы бөлігі екендігі. Синтаксис жүйесінің ішкі кұраушылары - сөз тіркесі синтаксисі және сөйлем синтаксисі. Сөйлем синтаксисінің құраушылары - жай сөйлем синтаксисі және қүрмалас сөйлем синтаксисі. Мәтін синтаксисі. Қатысымдық синтаксис мәселесі.
Мектепте окылатын синтаксистік ұғымдар жүйесі және синтаксистік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі. Синтаксистік байланыстар мен синтаксистік катынастар туралы ұгым қалыптастыру. Синтаксистік тіркесімділік пен лексикалық тіркесімдік ұғымы. Синтаксис бойынша оқушыда калыптасуы тиіс машық-дағдылар мен іскерлік жүйесі. Синтаксистік талдау және оны жүргізу логикасы. Синтаксистің тілдің басқа деңгейлерімен тыгыз байланыстылығы және оқушыларға осы мәселені нақты ұғындыру жолдары.
СӨЗ ТІРКЕСІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Сөз тіркесінің коммуникативтік бірлік - сөйлем кұрау материалы екендігі. Сөз тіркесінің сыртқы белгілсрін меңгерту - сөз тіркесінен эмпирикалық білім беру сатысы екендігі. Сөз тіркесінің жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастарды танудың алатын маңызды орны. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері, байланысу түрлері. Сөз тіркесінің құрамы мен сөз тіркесінің түрлері. Сөз тіркесінің мағыналық түрлері. Сөз тіркесін сөз таптарының тіркесімділік қабілеті аркылы жасалатын синтаксистік бірлік ретінде таныту, сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалармен салыстыра беру, олардың ұқсастықтары мен айырмашлылықтарын меңгерту. Сөз тіркесін талдау логикасы. Сөз тіркесіне байланысты жаттығулар және оның түрлері. Сөз тіркесін оқытудағы көрнекіліктер мсн қосымша оқу-әдістемелік кұралдар жүйесі.
ЖАЙ СӨЙЛЕМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жай сөйлем туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі. Жай сөйлем жасалуындағы синтаксистік байланыстар. Жай сөйлемнің кұрылымдық-мағыналық жүйесі және оны меңгерту әдістемесі. Жалаң және жайылма сөйлемді проблемалык әдіспен меңгерту әдістемесі. Жақты және жақсыз сөйлемдерді оқыту және олардың стильдік кызметіне назар аудару. Толымды және толымсыз жай сөйлемдерді оқыту және оларды қатысым синтаксисі тұрғысынан меңгерту әдістемесі. Атаулы сөйлемді оқыту және оны логикамен байланыстыру жолдары. Жай сөйлемді талдау әдістемесі.
СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
А.Байтұрсынұлы жасаған сөйлем мүшелері терминдерін мағыналық жағынан талдау. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және олардың сөйлемнің қызметін атқаруын ұғындыру жолдары. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және А.Байтұрсынұлының осыны жайылма сөйлеммен байланыстыра оқытуды ұсыну себебін анықтау. Сөйлем жасалуындағы сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің, комбинаторлық ауысудың атқаратын мағыналық қызметін талдау әдістемесі.
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Құрмалас сөйлемнің табиғаты туралы ұгым қалыптастыру әдістемесі. Құрмалас сөйлемді теориялық деңгейде оқытудың әдістемесі. Құрмалас сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жүйесі туралы түсінік беру жолдары. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі.
Салалас құрмалас сөйлем және оның жасалу жолдары. Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналык түрлерін оқыту әдістемесі. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу жолдарын талдау әдістері.
Сабақтас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдарын оқыту әдістемесі. Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлері мен олардың жасалу жолдарын меңгерту.
Аралас құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Аралас құрмаластың өзіне тән жасалу жолдарын меңгерту әдістемесі.
Көп компонентті құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Көп компонентті кұрмаластың ішкі жүйесін құраушылар: көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, көп бағыныңқылы сабақтас кұрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем. Осыларды талдаудың өзіндік логикалық желісі болатындығы және оны оқушыларға меңгерту әдістері.
МӘТІНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мәтін туралы ұғым қалылтастыру әдістемесі. Мәтіннің негізгі белгілерін анықтаудағы логикалык операциялар және оларды оқушыларға меңгерту. Мәтіннің тұтастығы оның кұрылымдық және мағыналық бірлігі арқылы танылатындығы. Мәтінді талдау әдістемесі. Мәтінді окытуда фонетикамен, лексикамем, сөзжасаммен, морфологиямен, сөз тіркесі, сөйлеммен байланыстыру әдістері. Мәтінді кұраушы тіл бірліктерінің мәтін құрылымындағы байланысу жолдары.
ОРФОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Орфографияны оқытудың ғылыми-практикалық маңызы, міндеттері мен ұстанымдары. Орфографиялық жұмыстың мазмұны. Орфографиялық іскерлік пен дағдыларды қалыптастырудың психологиялық негіздері. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістері. Орфографиялық ережелерді оқьпу әдістемесі. Орфографиялық талдау. Орфографияны оқытуда көрнекіліктер мен қосымша оқу құралдарын қолдану әдістері.
ПУНКТУАЦИЯНЫ МЕҢГЕРТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндеттері. Пунктуацияны оқытудың мазмұны, кезеңдері, ұстанымдары. Пунктуация және синтаксис. Пунктуация және мәнерлеп оқу. Пунктуация және интонация. Пунктуациялық дағдыларды қалыптастырудың негіздері. Пунктуациялық ережелерді оқыту. Пунктуациялық қателер мен оларды болдырмау әдістемесі. Пунктуациялық жаттығулар мен талдау түрлері. Пунктуацияны оқытуда көрнекілік пен қосымша оқу құралдарын қолдану әдістері.
ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері. Тіл дамыту жұмыстарының мазмұндық-құрылымдық жүйесі. Тіл дамыту - оқушылардың ойлауын дамытумен тығыз байланысты екендігі.
Тілдің ғылыми курсын оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту -оқушылардың тілден теориялық деңгейде білім алуының жемісі екендігі. Тіл дамьпудың ауызша және жазбаша жұмыс түрлері жүйесі. Мазмұндама, шығарма жазу әдістемелері. Окушылардың тілдік қарым-қатынас жасаудағы сауаттылығын калыптастыруда қатысымдық әдістердің үлкен орын алатындығы.
ТІЛ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Тіл мәдениеті туралы білім мазмұны меңгертудің маңызы. Осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі. «Дұрыс сөйлеу» мен «жақсы сөйлеу» ұғымдарын талдау. Тіл мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен ішкі түрлері. Әдеби норма, ол түралы тусініктерді қалыптастыру.
Мектепте стилистиканы оқытудың мазмұны, максаты, міндеттері. Стилистикалық ұғымдар жүйесі және оларды меңгерту әдістемесі. Стилистикалық жаттығулар. Стиль және стилистика туралы ұғымдарды қалыптастыру. Стильдік қате және оларды болдырмау жолдары.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
А.Байтұрсынұлының «Тіл-құрал» кітаптарын талдау. Т.Шонанұлының әдістемелік мұрасымен танысу. С.Аманжоловтың қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы еңбектерін талдау. Қ.Жұбановтың әдістемелік еңбектерін талдау, Қ.Басымовтың әдістемелік мұрасын талдау. Ш.Сарыбаевтың әдістемелік мұрасын талдау.С.Жиенбаевтың әдістемелік мұрасын талдау.
Қазақ тілінің бағдарламасы. Бағдарламаның құрылымы мен түрлері. Қазақ тілі бағдарламаларының даму жолдары. Бағдарламаның ішкі құраушы компоненттерін талдау.
Қазақ тілі оқулықтары. Оқулық теориясы. Қазақ тілі оқулықтарының даму жолдары. Оқулықтың ішкі кұрылымдық - жүйелік мазмұнына талдау жасау. Оқулықтың теориялык және практикалық бөлігі. Жаңа буын оқулықтарымен танысу.
Оқу-әдістемелік кешен. Оқу-әдістемелік кешеннің жүйесі және оның кұраушылары. Қосымша оқу құралдары және олардың қолданылу жолдары. Дидактикалық материалдарды жасау және пайдалану. Диафильм, үлестірме кеспе қағаздары, жинақтар, көрнекіліктер, техникалық құралдар жүйесі.
Қазақ тілі сабақтары. Қазақ тілі сабақтарының маңызы мен түрлері. Қазақ тілі сабактарының құрылымы. Қазақ тілі сабақтарының танымдық, білімдік, тәрбиелік, дамытушылык міндеттерін шешу жолдары. Сабақ жоспарын жасау. Жоспардың жылдық, токсандық, күнделікті түрлері.
Диктант жүргізу. Диктанттың мәтініне қойылатын талаптар. Диктантты жүргізу әдістемесі. Диктантты тексеру мен бағалау нормалары.
Қайталау сабақтары. Қайталауды жүргізу әдістемесінің ерекшеліктерін талдау. Жинақтай қайталау. Күнделікті қайталау. Теориялық материал мен практикалық материалды қайталау ерекшеліктерін талдау.
Қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстар жүргізу. Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізудің әдіс-тәсілдер жүйесі, олардың мақсаты мен міндеттері.
СӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1. Қазақ тілін оқытудағы дидактикалық принциптер
2. Бағдарламаның ішкі құраушы элементтерін талдау
3. Қазақ тілін окытудың өзіндік ұстанымдары
4. Тілдің жекелеген тақырыбының ерекшеліктерінен туындайтын ұстанымдар
5. Оқулықтың теориялық және практикалық бөлігін талдау
6. Жаңа буын оқулықтарының ерекшеліктері
7. Оқулықка енген (5-10 сынып) материалдарды саралап үйрену
8. Қосымша әдістемелік еңбектерге сараптама жасау
9. Сабақка қажетті көрнекі құралдар дайындау
10. Жоспар, оның түрлері
11. Қазақ тілін оқыту барысында оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
12. Сабақ жоспарларын жасау (әр түрлі тақырыптарда)
13. Дидактикалық ойынның түрлерін жинақтау, оны сабақта пайдаланудың жолдарын ұсыну
14. Орфографиялық дағдыларды қалыптастырудагы орфографиялық сөздіктердің маңызы
15. Пунктуацияны окытуға байланысты тірек-схемалар жасау
16. Жарнамадағы стильдік қателерді жинақтап, таразылау
17. Ресми іс-қағаздар стиліне мысалдар жинау, оны сабақта қолданудың әдіс-тәсілдерін сұрыптау
18. Грамматикалық талдау әдістері. Талдаудың түрлері
19. Сатылай кешенді талдау жүргізу әдістері.
20. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар. Төменгі, орта, жоғарғы деңгейдегі тест тапсырмаларын құрастыру жолдары
21. 5 сынып бағдарламасына сай белгілі бір такырыпқа сабақ жоспарын дайындау
22. 6 сынып бағдарламасына сай белгілі бір такырыпқа сабақ жоспарын дайындау
23. 7сынып бағдарламасына сай белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспарын дайындау
24. 8 сынып бағдарламасына сай белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспарын дайындау
25. 9 сынып бағдарламасына сай белгілі бір тақырыпқа сабак жоспарын дайындау
26. «Тіл дамыту» сабағының үлгісін жасау
27. Сабақтан тыс жұмыс жоспары мен бір конспекті жасау
28. Қызықты грамматика материалдары бойынша папка жасау
29. Лексиканы окытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар
30. Фонетиканы оқытуда колданылатын деңгейлік тапсырмалар
31. Морфологияны оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар
32. Синтаксисті оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар
33. Тест, оның түрлері
34. Сабақ талдау схемасын меңгеру
35. Морфологияны тиімді меңгертуге арналған перфокарталар
СОӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1. Қазақ тілін компьютер арқылы оқыту
2. Информатика пәнінің мұғалімімен бірлесе отырып, белгілі бір тақырыпка арналған сабақ жоспарын, компьютерлік бағдарламасын құру
3. Модульдік технология, оны пайдаланудың тиімділігі
4. Дебат технологиясының ерекшеліктері
5. Қазақ тілі сабағында өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру
6. Қазақ тілі сабағында жеке тұлғаны дамыта, дарыта, интеграциялай окыту
7. Бағдарламалық және дистанциялык окыту технологиясы
8. Синтаксис бойынша окушыда қалыптасуы тиіс машық-дағдылар мен іскерлік жүйесі
9. Синтаксистік талдау және оны жүргізу логикасы
10. Синтаксистің тілдің баска деңгейлерімен тығыз байланыстылыгы және оқушыларға осы мәселені нақты ұғындыру жолдары
11. Оқулықтың жасалу теориясы, окулықтың жүйелік-кұрылымдық сипаты 12.Эмпирикалық және теориялық грамматикалық талдау әдістерін оқушыларға меңгерту эдістемесі.
13.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің классиктері Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы еңбектерінің манызы
14. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің классиктері - Т.Шонанұүлы, К.Басымов, т.б. еңбектерінің маңызы.
15. Ғалым-әдіскерлер Р.Бегалиев, Ш.Х.Сарыбаевтың әдістемелік мұралары. 16.Гуманитарландыру (ізгілсндіру) - окыту жүйесін кайта құрудың бір ұстанымы
17. С.Аманжоловтың әдістемелік еңбектерін талдау
18. Қ.Жұбановтың жеке пәндердің әдістемесін жасаудағы ізденістері 19.Қ.Жұбановтың «Жаңа грамматика» оқулығының маңызы
20.Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оку-әдістемелік кешен
21.Багдарламаның линиялык және концентрлік түрлері, олардың өзара айырмашылықтары.
22.Мектептегі оқылатын казақ тілі жүйесінің ұүгымдарын,терминдерді меңгерту барысында логикалық операцияларды қолдану жолдары
23. Дидактикалык әдістер және оларды классификациялау туралы түрлі көзқарастар
24. Мектепте окылатын грамматикапық ұгымдар жүйесі мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесі
25. Қазақ мектебіндегі қазақ тілі пәнініц ана тілі ретіндегі феномендік ерекшелігіне байланысты оқыту заңдылықтары
26. Қазақ тілі пәнінің білім берудегі тәрбиелік, дамытушылық маңызы
27. Тіл мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен ішкі түрлері
28. Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру
29. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде қолданылып жүрген жаңа педагогикалык технологиялар
30. Қазақ тілі пәнін дамыта оқыту технологиясы арқылы окыту жолдары
31.Оқыту процесінде көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі 32.Грамматикалық ойындардың оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы рөлі
33.Қазақ тілін окыту формалары
34.Қазақ тілі сабағында пайдаланылатын ойын элементтері
35.Қазақ тілінен жүргізілетін жазбаша жұмыстар
38. Сабақ - оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы
39.Қазақ тілі сабағының түрлері мен құрылымы
40. Қазіргі сабақ жүйесі
41. Сөйлем мүшелерін оқыту
42.Сын есімді окыту барысында ұлттық рухани тәрбие беру
43. Зат есімді халык педагогикасымен ұштастыра оқыту
44.Қазақ тіліндегі сөйлемдердің интонациясын окыту
45.Дәстүрлі емес сабақтарға панарамалық үлгіде сабақ жоспарын дайындау.
Пайдаланылатын әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
1. Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: Print- S, 2005. - 170 бет.
2. Бейсенбайқызы 3. Қазақ тілін модульдік технология негізінде оқыту. -
Алматы: ЖШС Жания-Полиграф, 2006. -174 б.
3. Нұржан Ж. Қазақ тілін оқыту технологиясы. Әдістемелік оқу құралы.– Алматы: Ғылым, 2003. - 146 бет.
4. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі (Практикалық және лабораториялық жұмыстар).- Алматы: Ана тілі, 1999. - 232 бет
5. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.- Алматы: Санат, 1995. -120б.
6. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. -Алматы: Қазақ университеті.1993. -159 б.
7. Әлімжанов Д., Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы.-Алматы: Мектеп,1965.-248.
8. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы: Ана тілі, 1991.-184 б.
9. Қазыбаев С. Қазақ тілі методикасы.- Алматы: Рауан, 1990. -112 б.
Қосымша әдебиеттер
1. Рахметова С. Бастауыш класта оқушылардың тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. - Алматы, 1994. - 434 б.
2. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері. -Алматы, 1991.-160 б.
3. Жапбаров А. Қазақ тілін оқыту арқылы тіл дамытудың әдіснамалық, әдістемелік негізі. - Алматы, 2004. - 376 б.
4. Құрманова Н.Ж. Сын есімді оқыту барысында тіл дамыту әдістемесі. -Ақтөбе, 1999.-125 б.
5. Құрманова Н.Ж. Қазақ мектептерінде сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері: П.ғ.д-ры. дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. авторефераты. -Алматы, 2004. - 57 б.
6. Құрманова Н.Ж. Сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту технологиясы. -Алматы, 2004. -168 б.
7. Құрманова Н.Ж. Логиканы қазақ тілін оқытуда қолдану. -Алматы, 2004. -60 б.
8. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы орта білім.-Алматы, 2001.-36 б.
9. Қалиев Ғ. Исаев С. Қосымова Г. Дәулетбекова Ж. Бағдарламалар. Қазақ тілі әдебиеті. 8-9 сыныптар. - Алматы, 2004. - 36 б.
10. Қалиев Ғ. Исаев С. Қосымова Г. Дәулетбекова Ж. Бағдарламалар. Қазақ тілі. 5-7 сыныптар. -Алматы, 2003. - 35 б.
11. Выготский Л.С. Педагогическая психология. - М.: Педагогика, 1991. -480 с.
12. Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6-и томах. - М.: Педагогика, 1982-1984г.г.
13. Эльконин Д.Б. Избранные психологические труды.-М.:Педагогика, 1989. -364 с.
14. Давыдов В.В. Виды обобщения в обучении. - М.:Педагогика, 1972. -432 с.
15. Занков Л.В. и др. Обучение и развитие. - М.: Педагогика, 1975. - 440 с.
16. Философский-энциклопедический словарь. - М.: Инфра-М, 1997.-576 с.
17. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы.: Рауан, 1993. - 112 б.
18. Мұқанов М.М. Ақыл-ой өрісі. - Алматы.: Қазақстан, 1980. - 171 б.
19. Жанпеисова М.М. Модульная технология обучения. - Алматы, 2004. -153 с.
20. Құрманова Н.Тойбазарова Н. Морфологияны дамыта оқытудың сабақтар жүйесі. - Алматы, 2006. - 70 б.
21. Алдамұратов Ә. Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру психологиясы. - Алматы, 1983. - 152 б.
22. Махмутов М. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. -Алматы, 1981.-247 б.
23. Қосымова Г. Құрманова Н. Қазақ тілі. 8-сынып. Әдістемелік нұсқау. -Алматы, 2004. - 96 б.
24. Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. - Алматы: Мектеп, 1989. -98 б.
25. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. -
Алматы: Ғылым, 1988. - 207 б.
26. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. -Алматы: Ана тілі, 1992. - 448 б.
27. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. - Алматы: Рауан, 1996. -
286 б.
28. Сыздықова Р. Қазақ тілінің анықтағышы. -Астана: Елорда, 2000. -532 б.
29. Шәкенов Ж. Мектепте қазақ тіліндегі күрделі сөздерді оқыту. -Алматы:
Мектеп, 1982.-94 6.
30. Аханов К., Кәтенбаева Б., Әбдіғалиева Т. 6-сыныпқа арналған «Қазақ
тілі» оқулығына методикалық нұсқауы. - Алмат: Рауан, 1990. -90 б.
31. Сыздықова Р. Тілдік норма және оның қалыптасуы. -Астана: Елорда,
2001.-2306.
32. Майғаранова Ж., Иманбаева С.Г. Мектептегі тәрбие теориясы мен
әдістемесі. - Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты.- 2006. -228 б.
33. Қазақ тілі. Энциклопедия. - Алматы: Қазақстан даму институты, 1998. -509 б.
34. Сабыров Т. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. - Алматы: РБК, 1999. -83 б.
35. Рахметова С. Бастауыш сыныптарда окушылардың тілін үйрету (для русских школ). - Алматы: Рауан, 1997. -142 б.
36. Құрманова Н. Сөз тіркесін оқьпу барысында оқушылардың логикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру әдістері мен тәсілдері. -Алматы, 1998. - 416 б.
37. Ысқақов А. Ана тілін оқытудың міндеттері. Қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибесінен. - Алматы: Мектеп, 1972. -148 б.
38. Бегалиев Ғ. Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мөселелері. - Алматы, 1970.
39. Сарыбаев Ш. Қазақ тілінің методикасының кейбір мәселелері. - Алматы, 1956. -99 б.
40. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы: Ғылым, 1966.-360 б.
41. Тілешова С. Әдебиет сабақтарында жүргізілетін жазу жұмыстары (4-8 кл.). - Алматы: Мектеп, 1971. -116 б.
42. Мақпырұлы С. Қазақ әдебиетінен шығарма жұмыстары. - Алматы: Рауан 1996. - 72 б.
43. Кәтембаева Б.Ш. Тіл ұстарту жұмыстары бойынша методикалық нұсқау. -Алматы: Рауан, 1991. -102 б.
44. Абубәкірова С.Т. Текстпен жұмыс істеудің әдістемесі. -Алматы: Қазақ университеті,1993.
45. Нора Ньюкомб. Развитие личности ребенка. Москва, 2002. -640 с.
46. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. Алматы, Санат, 1994.
47. Коменский Я.А. ұлы дидактика.- Алматы: 1993. -13 б.
48. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. -Алматы: ҚазССР Ғылым Академ. баспасы, 1985. —415 б.
49. Бабанский Ю.К. Педагогика.-М., 1983.-608 с.
50. Бейсембаева З. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесі.- Алматы: Білім, 1993. -15 б.
51. Сүлейменова Ж. Қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері. -Алматы: Білім, 2001. -115 б.
52. Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Дидактикалық матеиалдар 10-сынып жаратылыстану бағытына арналған. -Алматы, Мектеп, 2003.
53. Назарғалиева К.Н. 7-класта қазақ тілін меңгерту жолдарын жетілдіру мәселелері: Канд. Дисс.-Алматы, 1997. -39 б.
54. Панов Б.Т.Типы и структура уроков русского языка.-Москва: Просвещение, 1986.-154с.
55. Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. -Алматы: ҚазМем.баспасы, 1962.
56. Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері.1956.
57. Исабаев Қ. Мектепте фонетиканы оқыту. 1976.
58. Тұрғанов Қ. Мектепте фонетиканы оқыту. 1975.
59. Оразбаева Ф.Ш., Жанабілова А.К. Шығармашылық тапсырмалар арқылы тіл дамыту жұмыстары (6-7 сынып). -Алматы, 2004.
60. Аханов К., Б.Кәтенбаева, Т.Әбдіғалиева. 6-сыныптың Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау. -Алматы; Рауан. 1990. -92 б.
61. Әбуханов Ғ. Қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Морфология. Синтаксис- Алматы: оқу пед.бас.,1960. -368 б.
62. Әміров тР., ұ.Асылов, У.Жиенбаева. 4-класс. Қазақ тілі . -Алматы: Мектеп,1993.
63. Сыздықова Р. Сөз сазы. Сөзді дұрыс айту нормалары. А., Ғылым баспасы, 1983.
64. Ысқақов А. , Б.Ш.Катенбаева, Т.Әбдіғалиева. 5-класс. Қазақ тілі. -Алматы: Рауан, 1992.-55 б.
65. Исаев С., К.Назарғалиева. Ж.Дәулетбекова. 6-сынып. Қазақ тілі.-Алматы: Атамұра, 2002.