Ойыншық дүкені» атты дидактикалық ойын

Мақсаты:«Ойыншықтар» тақырыбы бойынша сөздігін белсендіру.

Міндеттері:

- балаларды ұзақ ауыздан шығарып орындауға, сұрақтарға жауап беруге үйрету;

- балалардың пассивті және активті сөздік қорын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту;

- көру және есту зейінін тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдық: ойыншықтар – машина, пирамида, қуыршақтар, аю; осы ойыншықтардың суреті салынған картинкалар, үрлейтін шарлар, бубен.

Сабақтың жоспары:

1. Кіріспе бөлімі.

1.1 Артикуляциялық жаттығулар (№1 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Үйрек»

1.3 Сөйлеуде тыныс алу дамуына арналған жаттығу «Шарик, ұш»

1.4 Саусақ жаттығуы «Шарик»

2. Негізгі бөлім.

2.1 Дидактикалық ойын «Дүкен»

2.2 Есте сақтау мен зейінді дамытуға арналған ойын «Қандай ойыншықтар жоқ ?»

2.3 Сергіту сәті «Ұшақ»

2.4 Қолдың буындарына массаж

2.5 Суреттермен жұмыс

2.6 Дидактикалық ойын «Әрбір ойыншықтың - өз орны»

3. Сабақ қорытындысы.

Сабақ барысы:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика

1.2 Фонетикалық жаттығу.

- Еске түсіріп көрейік, үйрек ашуланғанда қандай дыбыс шығарады?

Ш-ш-ш, Ш-ш-ш, Ш-ш-ш, Ш-ш-ш

1.3 Сөйлеуде тыныс алу дамуына арналған жаттығу «Шарик, ұш»

Балалар қараңдаршы, қандай әдемі шарлар: көк, қызыл, сары.

Қане, көрейік, кімнің шары биікке ұшады?

(балаларға әрбір шардың жанына барып, оларды үрлеуді сұрайды. Тапсырманы ұзақ уақыт үздіксіз ауыз шығару орындауына жету).

1.4 Саусақ жаттығуы «Шарик»

2. Негізгі бөлім.

2.1 Дидактикалық ойын «Дүкен»

Балалар – сатып алушылар. Ересек – сатушы.

Балаларға ойыншық сатып алу ұсынылады.

Әрбір бала өзіне бір ойыншық сатып алуы керек.

- Қандай ойыншық саған ұнайды?

Оны көрсетіңіз. Оны ата.

(жауапқа бір сөз ғана жіберіледі, дыбысқа еліктеу).

Балалардың барлығы ойыншық «атып алғаннан» кейін, әрбіреуінен жеке ойыншығы қандай екенін сұрайды.

Педагог әрбір балаға қандай ойыншық «сатып алдың» деп сұрайды.

Тапсырма: - ойыншықты сипаттап бер

- ойыншық неден жасалған

- онымен қалай ойнауға болады

2.2 Есте сақтау мен зейінді дамытуға арналған ойын «Қандай ойыншықтар жоқ?»

- Сіз ойыншық сатып алдыңыз, қане оларды үстелге сыйдырып, «Қандай ойыншықтар жоқ?» ойынды ойнайық.

2.3 Сергіту сәті «Ұшақ»

Қазір біз сіздермен қолымызды ұшынан саусақтың ортасына иыққа дейін (сырт жақ буын жағы) сипалаймыз. Кезектесіп екі қолды 3-4 рет.

2.5 Суреттермен жұмыс

Балаларға «сатып алған» ойыншықтары бейнеленген суреттерді көрсетемін.

Нұқсауы беріледі: Суреттен өз ойыншығыңды тап. Оны ата.

2.6 Дидактикалық ойын «Әрбір ойыншықтың - өз орны»

- Енді сіздермен өз ойыншықтарымызға қайтып келеміз.

- Ойыншықтар қалай жатқанына зейін салып қараңдар.

- Олардың қалай жатқанына қараңдар да, есте сақтаңдар, бірақ менің нұқсам бойынша «ойнадыңдар – ойыншықты орнына алу» сендер ойнағаннан кейін өз орнына апарып қою. Ал мен жақсылап есте сақтадыңдар ма, соны тексеремін (ойынды бубнаның көмегімен өткіземіз, бубен тез шырылдайды – балалар ойнайды, бубнаның дыбысын ести сала ойыншықты орнына апарады)

- Енді Ойыншықтарды алып, олармен ойнаңыздар (ойынды 2-3 рет ойнауға болады).

2.7 «»Мозаика» ойыны – педагог машинаны қоюды сұрайды (егер бала қиналып қалса, онда педагог онымен бірге және баланың анасымен қояды).

3. «Ойыншықтар» тақырыбына жапсыру

4. Сабақ қорытындысы

Дидактикалық ойын «Бақшада»

Мақсаты: «Жемістер» тақырыбына пассивті және белсенді сөздік қорын кеңейту.

Міндеттері:

- дауыс күшін реттеуге, ұзақ ауыздан ауа шығаруды орындауға үйрету;

- жемістердің атауын, олардың түсін есте сақтау, сұрақтарға жауап бере алуы, атауларды зат есімді сын есімде, жақта, септікте келісу, қолдың ұсақ моторикаларын дамыту.

- есту және көру зейінін тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдық: кейбір жемістер бейнеленген суреттер, жемістердің түпнұсқалары, жазықтықта шеңбердің бейнесі және жасыл түсті жолақ.

Сабақ жоспары:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№1 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Адасып калдық»

1.3 Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу «Торғайлар ұшып кетті»

1.4 Саусақ гимнастикасы «Орамжапырақ тұздаймыз»

2. Негізгі бөлімі

2.1 Жемістердің атауы

2.2 Дидактикалық ойын «Қатені тап»

2.3 Сергіту сәті

2.4 Дидактикалық ойын «Дәл сондай жемісті тап» (формасы, түсі бойынша)

2.5 Қолдың буынына массаж

2.6 Дидактикалық ойын «Тамаша қап»

3. Қорытынды

Сабақ барысы:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№1 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Адасып калдық»

- Балалар есімізге түсірейікші, егер адасып кетсек қалай көмекке шақырамыз мысалы, орманда. Ау-ау-ау!

- Біз осылай ұзақ шақырамыз, қатты, себебі бәрі есту үшін. Анамыз бізбен бірге айтады.

1.3 Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу «Торғайлар ұшып кетті»

- Үстелдің үстіне торғайлар қойылған (қағаздан).

Балаға торғайға қарсы отыруын сұрайды.

«Торғай ұшты» деген белгіге бала фигураларға үрлейді.

1.4 Саусақ гимнастикасы «Орамжапырақ тұздаймыз»

2. Негізгі бөлімі

2.1 «Бақша» тақпағын оқу.

- Бақшада не өседі? (суретте бейнеленген жемістерді айтып шығыңдар, егер бала айта алмаса, онда ересектер өздері айтады).

2.2 Дидактикалық ойын «Қатені тап»

- Менде әртүрлі жемістердің суреті салынған суреттер бар.

Табыңдаршы, менде қандай жемістер (баланың айта алғанына қарай аталған жемістерді үстелге қоямын). Сөйлей алмайтын бала суреттермен жұмыс істейді.

Үстелдің үстіне 3 жеміс (орамжапырақ, қияр, пияз) бейнеленген суреттерді қоямын. Оларды орамжапырақ, қияр, қызанақ деп атаймын.

- Қандай жемісті дұрыс атамадым? (пияз)

Ойын басқа да жемістермен осылай өткізіледі. Аналогично

2.3 Сергіту сәті «Бақша»

2.4 Дидактикалық ойын «Дәл сондай жемісті тап» (формасы, түсі бойынша).

- Қараңдаршы, бұл не? (шеңбер)

- Пішіні бойынша шеңберге ұқсайтын жемістерді таңда (қызанақ, орамжапырақ, қызылша).

- Қызанақ, орамжапырақ, қызылша – бұлардың барлығы домалақ жемістер.

- Орамжапырақ қандай (орамжапырақ домалақ).

- Қызылша қандай (қызылша домалақ).

- Қызанақ қандай (қызанақ домалақ).

- Жолақтарына қараңдаршы. Жасыл түсті жолақ.

- Жасыл түсті жемістерді таңда (қияр, бұршақ, орамжапырақ).

- Орамжапырақтың түсі қандай? (Орамжапырақ жасыл).

- Қиярдың түсі қандай? (Қияр жасыл).

- Бұршақтың түсі қандай (Бұршақ жасыл).

2.5 Қолдың буынына массаж

- Оң алақанымызды ашамыз, ал сол жақ алақанымызды жұдырықтап түйеміз, енді жұдырықпен буынның басынан саусақтың ұшына дейін жеңіл батырып қимыл жасаймыз. Қолдарымызды ауыстырамыз. 2-3 рет.

2.6 Дидактикалық ойын «Тамаша қап»

2.7 «Жемістерді кес» ойыны – тұтас бағытты қабылдау мен ұсақ моториканы дамыту

3. «Жемістер» аппликациясы

4. Сабақ қорытындысы

Дидактикалық ойын «Баубақшадағы жидектерді жинайық»

Мақсаты: жидектер туралы және оның қасиеттері туралы білімін анықтау.

Міндеттері:

- жидектер атауын есте сақтау, педагогтың сұрақтарына жауап беру іскерлігі;

- сөздік қорын кеңейту, жидектер мен жемістерді дұрыс классификациялау дағдысын және қолдың ұсақ моторикасын дамыту;

- сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдықтар: кәрзеңке, жемістер мен жидектер түпнұсқасы, екіге бөлінген жидектер жазық бейнесі, ағаш, «боразда»

Сабақ жоспары:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№2 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Сыбызғы»

1.3 Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу «Көбелек ұш»

2. Негізгі бөлім:

2.1 Тосын сый кезеңі

2.2 Жидектерді сипаттау

2.3 Дидактикалық ойын «Төртінші артық»

2.4 Физминутка «Алма ағашы»

2.5 Дидактикалық ойын «Боразда да, ағашта не өседі?»

2.6 Саусақ гимнастикасы «Алма ағашы жолында»

2.7 Дидактикалық ойын «Толық жина»

3. Сабақ қорытындысы.

Сабақ барысы:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№2 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Түтікше»

- Түтікше қалай дыбыстайды? (Ду-ду-ду)

1.3 Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу «Көбелек ұш»

- Сендердің әрқайсысыңда жіпке тоғылған көбелек бар, соларға үрлейік.

Көбелек ұшты, бәріміз үрлейміз. Үрлейміз-үрлейміз.

2. Негізгі бөлім:

2.1 Педагог үлкен кәрзеңкені көрсетеді, ішінде нақнұсқалар бар.

Балалар атаған жидектерді педагог кәрзеңкеден алып отырады.

2.2 Әрбір жидекті бала бөлек сипаттайды

Үлгі: Алма, дөңгелек, сары (қызыл, жасыл).

Алма тәтті, шырынды, дәмді.

Алма – баубақшада өсетін жидек.

2.3 Дидактикалық ойын «Төртінші артық»

2.4 Сергіту сәті «Алма ағашы»

2.5 Дидактикалық ойын «Боразда да, ағашта не өседі?»

Ағаш және «боразда» қойылады. Балаларға жидектер мен жемістерді өсу орны бойынша орналастыруды сұрайды.

2.6 Саусақ гимнастикасы

2.7 Дидактикалық ойын «Толық жина»

Үстел үстіне екі бөлінген жазық бейнеленген жидектер қойылады. Балаларға жартыдан толық жидекті жасау керек.

2.8 «Өнімді алып келейік» - жол жүру ережесін есте сақтау

3. «Жидектер тәрелкеде жатыр»

4. Сабақ қорытындысы.

Дидактикалық ойын «Катяны серуенге шығуға киіндіреміз» (киім) (сабақ жыл мезгілі бойынша өтеді) (жекелей сабақ)

Мақсаты: Киімнің атауын, бөлшектерін есте сақтау.

Міндеттері:

- жыл мезгіліне қарай киімдерді классификациялауға үйретуді, дауыс күшін реттеу іскерлігін нығайтуды жалғастыру;

- сөйлеу кезінде аз-мейрімді сөздер формасын қолдану іскерлігін дамыту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

- ересектер еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдықтар:дидактикалық қуыршақ, киімдер және оның жеке бөлшектері әрбір балаға бейнеленген суреттер, балалар санына қарай қарындаштар.

Сабақ жоспары:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№2 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Қуыршақты тербету»

1.3 Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу «Қуыршақтың жылауы»

1.4 Саусақ гимнастикасы «Достар»

2. Негізгі бөлім:

2.1 Қуыршақпен танысу.

2.2 Дидактикалық ойын «Қуыршаққа жиналуға көмектес» /сурет бойынша жұмыс/

2.3 Сергіту сәті «Қыздар мен ұлдар»

2.4 Қолдың буынына массаж (қарындашты қолданып)

2.5 Дидактикалық ойын «Киім тігетін жерде»

2.6 Қуыршақтың серуенге шығуға жиналуы

3. Сабақ қорытындысы

Сабақ барысы:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№2 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Қуыршақты тербету»

- Тыңдаңдаршы, аналарың сәбиді қалай тербетеді

Аа-ааа-ааа .......

- Ал қазір бәріміз бірге анамызға баланы тербетуге көмектесеміз.

1.3 Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу «Қуыршақтың жылауы»

- Сәби оянады, қасында анасы жоқ, сондықтан ол қатты жылайды

А-а-а, а-а-а

1.4 Саусақ гимнастикасы «Достар»

2. Негізгі бөлім:

2.1 Балалар қараңдар, бізге кім келді? Бұл Катяның қуыршағы.

- Балалар Катяны өздеріңе мейріммен шақырыңдар. /Катя, Катенька, Катерина/

Қараңдаршы ол қандай әдемі киінген.

- Катя не киіп алған /көйлек, колготки, туфли/

- Көйлегі қандай?

- Колготкидің түсі қандай?

- Катяның қуыршағының туфлиінің түсі қандай?

- Бәрекелді, балалар. Сендер бәрін дұрыс айттыңдар.

2.2 Дидактикалық ойын «Қуыршаққа жиналуға көмектес» /сурет бойынша жұмыс/

- Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? /күз/

- Біздің Катя серуенге баруды шешті ме.

Ол жеңіл көйлек, туфли және панама киіп, көшеге шығады.

Барлығы Катяға таңырқап қарайды.

- Қалай ойлайсыңдар, неліктен?

- Бәрекелді. Барлығы дұрыс. Күзде жылы киіну керек.

- Катя жазда серуендеуге не киюі керек еді (күзде, қыста)?

Балаға киімдер салынған суреттер жинағынан жазғы (күзгі, қысқы) киім заттарын таңдауды сұрайды

- Кім айтады, қай жыл мезгілінде серуенге – панама, жеңіл көйлек, туфли киіп шығуға болады? /жазда/

- Неліктен?

2.3 Сергіту сәті

Сосын дем алады.

2.4 Қолдың буынына массаж (қарындашты қолданып)

- Қолымызға қарындашты алып, алақанның арасына қарындашты салып жүгіртеміз, «қарындаш алдыға жүгірді, қарындаш артқа жүгірді».

2.5 Дидактикалық ойын «Киім тігетін жерде»

- Ересектер қағаздан жасалған дайын киім бөлшектерін ұсынады, олардан киім «тігуді» сұрайды.

- Кім не тікті? Көрсетіңдерші, айтып беріңдер.

2.6 – Еске түсірейікші, қазір қай жыл мезгілі? Жаз

- Жазда (күзде, қыста) Катя қуыршаққа қандай киімдер кигіземіз? Жаздық, күздік, қыстық киімдер.

Балалардың алдына көйлек және колготки киген қуыршақ және жылы шалбар, шұлық, етік, кеудеше, бас киім, күрте, мойынорағыш қоямыз.

- Алдымен нені киеміз? Жылы шалбар.

- Сосын нені? Шұлық, етік.

- Ал енді не киеміз? Кеудеше.

- Кеудеше қалай түймеленеді? /түймемен, замокпен/.

- Ең соңында не киеміз? /бас киім, күрте және шарф/.

- Катя киінді. Мүмкін далаға шығамыз.

Катя қуыршақ сендерге киінуге көмектескендерің үшін риза.

Ол сендерді далада күтеді.

2.7 «Контур арқылы тап» ойыны

3. «Көйлекті боя» сурет салу

4. Сабақ қорытындысы.

Дидактикалық ойын «Катяның қуыршағының жаңа пәтері» (жиһаз)

Мақсаты: «Жиһаз» тақырыбы бойынша балалар білімін жүйелеу.

Міндеттері:

- жиһаздың атын білдіретін заттардың сипаттамасы бойынша тану үйрету, олардың атауы мен маңыздылығын анықтау, қарапайым сөйлемді сөйлеуде қолдану және түсіну;

- схема, қолдың ұсақ моторикасы арқылы жұмыс істей алу іскерлігін дамыту;

- жиһаз заттарына ұқыпты қатынасқа тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдық:жиһаз жинағы, бөлме макеті, жүк тиетін машина, балалар санына қарай қарындаштар, есеп таяқшалары

Сабақ жоспары:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№3 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Таңырқау»

1.3 Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу «Шаңын қағамыз»

1.4 Саусақ гимнастикасы «Қылшықаш»

2. Негізгі бөлім:

2.1 Пәтерге кіру

2.2 Дидактикалық ойын «Сөз айтып жіберші»

2.3 Сергіту сәті «Барлығы дос болыпты»

2.4 Дидактикалық ойын «Жиһаздарды орындарына қояйық»

2.5 Қол буынының массажы

2.6 «Жиһаздарды қой» /таяқшалар/ схемасы бойынша қоямыз

3. Сабақтың қортындысы

Сабақ барысы:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№3 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Таңырқау»

- Біз әдемі киім көрдік. Біз қалай таң қаламыз?

Ай-ай-ай, ай-ия қандай әдемі! Барлықтарыңыз менен кейін асықпай қайталаңыз.

1.3 Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу «Шаңын қағамыз» (бір реткі үрлеуде «шаңды» - ф-ф-ф үрлейміз).

1.4 Саусақ гимнастикасы «Қылшықаш»

2. Негізгі бөлім:

«Катяға арналған үй» құрастыру. Өз бетінше құрылыс материалын таңдап, бала үй салады.

2.1 – Катяның қуыршағына жаңа үй.

- Жиһаздарды әкеледі (машина жақындап келеді).

- Қараңдар, машина пәтерге жиһаздар әкелді.

- Машина не әкелді? (жиһаз).

- Қане машинадан жүкті түсірейік.

- Машинадан шкафты түсіруге көмектес, ал сен – үстелді, диванды.

- Машинада не қалды? /орындық, төсек, кресла, шифоньер

- Айтыңдаршы, шкафта не бар? Ол не үшін қажет?

- Орындық не үшін қажет екенін айтыңдаршы? Орындықта не болады?

- Диван не үшін қажет? Диванда не болады?

2.2 Дидактикалық ойын «Сөз айтып жіберші»

2.3 Сергіту сәті «Барлығы тату болыпты»

2.4 Дидактикалық ойын «Жиһаздарды орындарына қойық»

Енді пәтерге жиһаздарды жинайық

- Үстелді ортаға, ал шкафты есіктің жанына қоямыз.

- Үстелді қой. Сен нені қойдың? (үстел).

- Орындықты қой. Сен нені қойдың? (орындық).

Басқа балаларға ұқсас тапсырмалар береді.

- Біз нелерді қойдық? (жиһаздар)

2.5 Қарындашты қолданып, қолдың буындарына массаж жасау.

- Қолымызға қарындашты алып, алақанның арасына қарандашты алақанды бойлай домалату «қарандаш алдыға жүгірді, қарындаш артқа жүгірді»

2.6 «Жиһаздарды қойыңдар» /таяқшалар/ схемасы бойынша көрсету

- Үстелдің үстінде таяқшалар

Төсекті, үстелді, орындықты, ұсынылған схема бойынша қою керек болады.

3. «Жиһаз» құрастыру

4. Сабақ қорытындысы.

Дидактикалық ойын «Қонақтар күтіп отырмыз» (ыдыстар)

Мақсаты: Баланың «Ыдыстар» тақырыбы бойынша сөздік қорын және білімін жинақтау,анықтау.

Міндеттері:

- ыдыстарды атауын оның не үшін берілгеніне қарай үйренуді жалғастыру, жұрнақтар көмегімен сөздерді құрастыру;

- көріп қабылдауын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту;

- ыдыстар заттарына ұқыпты қатынасқа тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдық:

Ас үйі және шай ыдыстар жинағы, үстел және шкаф, Катяның қуыршағы, қоян, аю, ермексаз, сүлгілер, астына қоятын жапырақтар, ыдыстың контуры бейнеленген карточкалар.

Сабақ барысы:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№3 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Мәтінсіз ән»

1.3 Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу «Алақанымызды жылытайық»

1.4 Саусақ гимнастикасы «Шәйнек»

2. Негізгі бөлім:

2.1 Ыдыстарды қарау

2.2 Қонақтарды ішіп-жегізу

2.3 Сергіту сәті «Қонаққа достарымыз келді»

2.4 Ермексазды қолданып қолдың буындарына массаж жасау

2.5 Өз бетінше жұмыс жасау

2.6 Нұсқасы бойынша тапсырманы орындау

2.7 Дидактикалық ойын «Ыдысты пішініне қарап таны»

3. Сабақ қорытындысы.

Сабақ барысы:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№3 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Мәтінсіз ән»

- Біз қонақтарды қарсы аламыз. Біздің көңіл-күйіміз жақсы.

Біз тіпті мәтінсіз жай әндете аламыз:

Ля-ля-ля, ля-ля-ля, ля-ля-ля, ля-ля-ля

1.3 Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу «Алақанымызды жылытайық»

- Біздің алақанымыз жылыну үшін алақанымызға ұзақ үрлеу керек,

1.4 Саусақ гимнастикасы «Шәйнек»

2. Негізгі бөлім:

2.1 Бүгін Катяның қуыршағында қонақтар. Оған дастархан жаюға көмектесеміз. (Бала үстел үстіне чашка, тарелка, қасық, қант салғыш, шәйнек, сүт құйғышты қояды және оларды атайды).

- Біз үстелге нені қойдық (ыдыстарды).

- Мен ыдыстарды қойдым. Бұл шәйнек. Бұл кесе және басқалары.

2.2 Қонақтардың келуі

2.3 «Бізге қонаққа достарымыз келді»

2.4 Ермексазды қолданып қолдың буындарына массаж жасау

2.5 Өз бетінше жұмыс жасау

Бала ішіп-жеуге беретіндерді жасайды.

- Қоянға сәбіз беру, оны еркелетіп ата.

- Аюға кәмпит беру, оны еркелетіп ата.

- Аюды қалай еркелетіп атауға болады? (аюжан, аюжаным)

- Қонақтарды күттік, енді Катяға үстелді жинауға көмектесейік.

2.6 Нұсқасы бойынша тапсырманы орындау

- Кесені ал. Сен нені тазаладың (кесені).

- Қант салғышты тазала. Сен нені тазаладың? (қант салғышты)

- Тәрелкені тазала. Сен нені тазаладың? (тәрелкені).

- Біз Катяға нені тазалауға көмектестік? (ыдыстарды).

2.7 Дидактикалық ойын «Ыдысты контуры арқылы таны»

3. Сабақ қорытындысы

Дидактикалық ойын «Шырша - әдемі»

Мақсаты: біреу-көп деген ұғымдарды анықтау, сөйлеуде қосымшаны дұрыс қолдану.

Міндеттері:

- «біреу-көп» түсінігін нығайту, атауына қарай қосымшаны сөзде қолдануға үйрету, зат есімді сын есіммен келістіру;

- байланысты сөзді, қолдың ұсақ моторикасын, зейінді, есте сақтауды дамыту;

- қоршаған табиғатқа ұқыпты қатынас жасауға тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдық: шырша, ұсақ ойыншықтар, геометриялық фигуралар жинағы, мақта бөлігі.

Сабақ жоспары:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№4 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Тышқандар»

1.3 Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу «Қар басу»

1.4 Саусақ гимнастикасы «Шырша»

2. Негізгі бөлім:

2.1 Әңгімелесу

2.2 Шыршаны анықтап қарау

2.3 Дидактикалық ойын «Кім қайда?»

2.4 Сергіту сәті.

2.5 Дидактикалық жаттығу «Шыршаны ақтар»

2.6 Дидактикалық жаттығу «Әнді аяқта»

3 Қорытынды

Сабақ барысы:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№4 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Тышқандар»

- Тышқанның баласы қалай шиқылдайды? (шиқ-шиқ-шиқ). Қане тышқан сияқты шиқылдайық.

1.3 Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу «Қар басу»

- Қазір әрқайсысымыз өз мақтасын үрлей бастайды, мақта қар сияқты қапалақтайды. Бәріміз мақтаны үрлейік. Ұшты, ұшты. Қараңдаршы, біздің мақтамыз қар сияқты қапалақтайды. Қандай аппақ қар!

1.4 Саусақ гимнастикасы «Шырша»

Шыршаны үлкен залда безендіреміз

Бірден шыршаны айнала аяқтар жинала бастады.

2.1 Қазір қандай жыл мезгілі? Қандай мейрамды күтіп жүрміз? Мейрамда бізге кім келеді? Сендерге мейрам ұнайды ма? Жаңа жыл ше? Неліктен?

- Дұрыс бізге мейрамда Аяз ата келеді, балаларға сыйлық және шырша әкеледі.

- Біздің шырша қайда? (үстелде). – Біздің шырша қандай?

2.2 Дидактикалық ойын «Кім қайда?» (қосымша қолдану)

Педагог шыршаны айналдыра ойыншықтар қойылады және балаларға шыршаға қатысты ойыншықтардың қойылған орнын атау ұсынылады (шыршаның арты, шыршаның жаны, шыршаның алды, қасында).

2.3 Балаларға «Із арқылы жүру», «Бөрене арқылы аттап өтеміз», «Биікке секіру» ойындары.

2.4 Дидактикалық жаттығу «Шыршаны құрастыр»

- Біздің үстел үстімізде геометриялық фигуралар бар.

- Қараңдаршы, олар қалай аталады? (үшбұрыш)

- Үшбұрыш түсі қандай?

- Барлық үшбұрыштар өлшемі біркелкі ме?

- Үлкен (кішкентай) үшбұрышты көрсетіңіз?

- Қане олардан шыршаны қоямыз.

- Ең үлкен үшбұрышты аламыз, үлкеннің алдында одан кішілеу үшбұрышты, оның алдына ең кішкентай үшбұрышты қоямыз.

- Не болып шықты? (шырша)

- Сенде неше шырша (біреу)

- Егер мен сенің үлкен және кішкентай, анамның және менің шыршаларымды жинасам, менде неше шырша болады? (көп)

2.5 Дидактикалық жаттығу «Әнді аяқта».

3. Қорытынды сабақ

Дидактикалық ойын «Бізге кім келді» (жабайы жануарлар)

Мақсаты: Кейбір жабайы жануарлардың сыртқы түрі туралы білімді нығайту.

Міндеттері:

- жабайы аңдар сипаты бойынша тануды жалғастыру, дене бөлігін атау, жануарлардың балалары атын білу;

- есту зейінін, қолдың ұсақ моторикасын, көріп қабылдауды дамыту;

- жануарларды жақсы көруге тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдық: жабайы жануарлар және олардың балаларының суреті салынған суреттер, бубен, әрбір балаға геометриялық фигуралардың жинағы және силуэт схемы.

Сабақ жоспары:

Сабақ жоспары:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№4 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Аю»

1.3 Есту зейінін дамытуға арналған жаттығу «Кімнің ізі екенін тап?»

1.4 Дауыс күшін дамытуға арналған жаттығу «Менімен қайтала»

2. Негізгі бөлім:

2.1 Түлкі, қоян, аю бейнеленген иллюстрацияны қарастыру.

2.2 Дидактикалық ойын «Кім зейінді?»

2.3 Дидактикалық ойын «Қонжықтар»

2.5 Саусақ гимнастикасы «Саусақтар, көмектесіңдер»

2.6 Дидактикалық ойын «Кескінді шығарып алу». Геометриялық фигуралардан көрсету

3. Қорытынды.

Сабақ барысы:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№4 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Аю»

- Аю қалай ырылдайды? Р-р-р, р-р-р, р-р-р.

1.3 Есту зейінін дамытуға арналған жаттығу «Кімнің ізі екенін тап?»

Бубнаның дыбысы арқылы кім келе жатқанын табу ұсынылады? (аю, қонжық, ана аю)

1.4 Дауыс күшін дамытуға арналған жаттығу «Менімен қайтала»

Қатты, тыныш, сыбырлап сөйлеудің нұсқаулары беріледі.

2. Негізгі бөлім:

2.1 – Көздеріңді жұмыңдар.

- Ал енді қараңдар, кім келді (аю, тиін, қоян).

- Дұрыс аю, тиін, қоян келді.

- Қоян мен тиінде құлақ бар. Қоян мен тиінде не бар? (құлақ).

- Қоян мен тиінде аяқ бар. Қоян мен тиінде не бар? (аяқ).

- Қоян мен тиінде құйыршық бар. Қоян мен тиінде не бар? (құйыршық).

- Тиіннің құйыршығы – жұмсақ, үлкен. Тиіннің құйыршығы қандай?

- Қоянның құйыршығы кішкентай. Қоянның құйыршығы қандай?

- Аю туралы не айта аласыңдар?

2.2 Дидактикалық ойын «Кім зейінді?»

- Жұмбақты зейін қойып тыңдар және олардың жауабын табайық.

2.3 Дидактикалық ойын «Кімде кім?»

2.4 Сергіту сәті «Қонжық»

2.5 Саусақ гимнастикасы «Саусақтар, көмектесіңдер»

2.6 Дидактикалық ойын «Кескінді шығарып алу». Геометриялық фигуралардан көрсету

2.7 Көру зейінін дамытуға арналған ойындар «Логикалық клуб», «Пирамида жинаңдар»

3. Сабақ қорытындысы

Дидактикалық ойын «Бізбен кім тұрады?» (үй жануарлары)

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы білімін нығайту.

Міндеттері:

- балаларды үй жануарларын дұрыс атауға үйретуді жалғастыру, олардың пайдасы туралы білімін нығайту;

- есту зейінін, дауыс күшін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту;

- жануарлар дүниесіне мейрімді қатынасты тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдық: дабыл, қоңырау, ширма, үй жануарларының фигурасы, жануарлар балаларының бейнесі алыған суреттер, үй жануарларын қоректенетін түрлі азықтар бейнесі салынған ұсақ суреттер, жануарлардың кейбір бөліктері аяқталып салынбаған карточкалар, балалар санына қарай қарындаштар.

Сабақ жоспары:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№5 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Үйректер»

1.3 Есту зейінін дамытуға арналған жаттығу «Не шырылдап жатыр?»

1.4 Дауыс күшін дамытуға арналған жаттығу «Тыныш-қатты»

2. Негізгі бөлім:

2.1 Дидактикалық ойын «Мал алаңы»

2.2 Дидактикалық ойын «Кім қалай дауыс шығарады»

2.3 Дидактикалық ойын «Балаларын тап»

2.4 Сергіту сәті «Мысық»

2.5 Дидактикалық ойын «Кім үшін не керек?»

2.6 Алақанның арасына салып қарындашты домалату саусақ гимнастикасы

2.7 Дидактикалық ойын «Аяқталмаған суретті аяқта»

3. Қорытынды.

Сабақ барысы:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№5 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Үйректер»

- Ерте, ерте. Ертеде әжеде екі көңілді үйрек болыпты

Үйректер га-га-га деп ән салады.

- Үйректер қалай ән салады (га-га-га)

1.3 Есту зейінін дамытуға арналған жаттығу «Не шырылдап жатыр?»

- Зейін қойып тыңдаңдар да, не шырылдағанын айтыңдар?

1.4 Дауыс күшін дамытуға арналған жаттығу «Тыныш-қатты»

- Жаймен айтамыз: күт,

- Қатты айтамыз: кет.

2. Негізгі бөлім:

2.1 Дидактикалық ойын «Мал алаңы»

Балалар, қараңдаршы, біздің аулада неше жануар өмір сүреді.

Бұл жануарларды білесіңдер ме?

Ол нені жегенді жақсы көреді?

2.2 Дидактикалық ойын «Кім қалай дауыс шығарады»

Жұмбақты шешіңдер.

- Муу-му! Кімге сүт? (сиыр)

- Муррр-мурр .... тауықтарды қорқытамын (мысық)

Шөп сұрайды: мее-мее (Ешкі, лақ)

Теңселіп жүреді – Хрю-хрю (шошқа)

Шабындықтармен жеңіл шабады – Иго-го (ат)

- Мен сендерге жануардың фигурасын көрсетемін, ал сендер суреттегі жануардың дауысын келтіріңдер.

Мысық (мяу-мяу). Мысық не істейді (Мысық мяулайды)

Сиыр (му-муу). Сиыр не істейді (Сиыр мөңірейді). Және т.б.

2.3 Дидактикалық ойын «Балаларын тап»

2.4 Сергіту сәті «Мысық»

2.5 Дидактикалық ойын «Кім үшін не керек?»

«Ешкінің бүгін туған күні. Ол қонақтарды күтіп жүр. Қонаққа үй жануарлары келеді. Әрқайсысына өздері жейтін тамақ. Сиыр үшін – шөп. Ат үшін – сұлы. Мысық үшін – сүт. Ит үшін – сүйек». Міне қонақтарда келді.

- Сиыр ....... шөпті шайнайды

- Мысық ....... сүтті жалайды

- Ат ..... сұлы шайнайды

- Ит ........... сүйекті мүжиді

2.6 Қарындашпен саусақ гимнастикасы

2.7 Дидактикалық ойын «Аяқталмаған суретті аяқта»

Балаларға үй жануарларының жартысы аяқталмаған суретті береді. Балаларға жетпей тұрған бөлікті аяқтап салу керек.

2.8 «Лото» ойыны – жануарлар

3. Сабақ қорытындысы.

Дидактикалық ойын «Кім не істейді» (кәсібі)

Мақсаты:Ересектердің еңбегі, еңбек құралдары туралы білімін кеңейту.

Міндеттері:

- кәсіптің, еңбек құралдары туралы және олардың атауларын атауды нығайту;

- байланысты сөзді, сөздік қорын кеңейтуді, қолдың ұсақ моторикасын, есту зейінін, дауыс күшін дамыту;

- ересектерді еңбекті сыйлауға тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдық: сылдырмақ, аспаз, дәрігер, жүргізуші және шаштараз бейнеленген иллюстрация, құрал-жабдықтар (кесетін тақтай, ожау, саған, қайшы, фен, тарақ, шприц, градусник, гайкалық кілт, машина).

Сабақ барысы:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№5 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Машина»

1.3 Есту зейінін дамытуға арналған жаттығу «Қайда хабарласты?»

1.4 Дауыс күшін дамытуға арналған жаттығу «Эхо»

2. Негізгі бөлім:

2.1 Ересектер еңбегі туралы әңгіме (иллюстрацияларды қолдану)

Лото «Кәсіптер»

2.2 Дидактикалық ойын «Кім не істейді»

2.3 Сергіту сәті «Менімен қайтала»

2.4 Дидактикалық ойын «Жұмыс істеу үшін кімге не қажет?»

2.5 Саусақ гимнастикасы «Шебер»

2.6 Конструктормен жұмыс (ірі және ұсақ)

3. Қорытынды

Сабақ барысы:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№5 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Машина»

- Машина жүріп кел жатқанда қандай дыбыс шығарады?

В-в-в, в-в-в

1.3 Есту зейінін дамытуға арналған жаттығу «Қайда хабарласты?»

- Көздеріңді жұмыңдар да, зейін қойып тыңдаңдар.

- Қайда хабарласты?

1.4 Дауыс күшін дамытуға арналған жаттығу «Эхо»

- Мен жаймен а-а-а деп айтамын

- Сендер аналарыңмен бірге қатты айқайлайсыңдар: а-а-а

2. Негізгі бөлім:

2.1 Дәмді тамақ пісіріп,

Балаларды баурайды.

Балабақша тамағын айтшы кім дайындайды? (аспаз)

- Тіс, ауырса, іш ауырса,

- Баланы кім емдейді? (дәрігер)

Кешікпеу үшін жұмысқа,

Кешікпеу үшін сабаққа

Ерте тұрып таңертең

Апаратын бақшаға кім екен ол балалар? (жүргізуші)

- Шашымыз өссе егер де,

- Барамыз біз шеберге

Бұл қандай шебер табыңдар? (шаштараз)

Лото «Кәсіптер»

2.2 Дидактикалық ойын «Кім не істейді»

- Шаштараз ......... (шашты қырқады, сәнді шаш жасайды)

- Жүргізуші ........... (машина жүргізеді)

- Аспаз .......... (тамақты пісіреді, дайындайды)

- Дәрігер ........ (емдейді, рецепт жазып береді, тыңдайды)

2.3 Сергіту сәті «Менімен қайтала»

2.4 Дидактикалық ойын «Жұмыс істеу үшін кімге не қажет?»

Әртүрлі кәсіптерге байланысты еңбек құралдарын үстел үсіне қоямыз: фен, тарақ, қайшы, кесетін тақтай, ожау, саған, шприц, градусник, гайкалық кілт, машина және т.б.

Балаға құрал-жабдықтарды таңдау және оның маңызы туралы әңгімелеуді ұсынады.

2.5 Саусақ гимнастикасы «Шебер»

2.6 Конструктормен жұмыс

3. Қорытынды

Сабақ барысы:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика.

1.2 Фонетикалық жаттығу «Қаздар»

- Бір әжеде екі жайдарлы қаздары бар

Үйректер га-га-га деп ән салады.

1.3 Есту зейінін дамытуға арналған «Не сылдырлады?» жаттығуы

Перде қалақа артында қоңыраушөп және оймақгүл

- Назар қойып тыңдап, содан не сылдырлағанын айтыңдар?

1.4 Дауыс ырғағын дамытуға арналған жаттығу «Тыныш - қатты»

- Жаймен айтамыз: тоқта,

- Қатты айтамыз: кет.

2. Негізгі бөлім:

2.1 Дидактикалық ойын «Мал қорасы»

Балалар, қараңдаршы, біздің қорада қанша жануар бар.

Ал сендер ол жануарларды білесіңдер ме?

Ол кім?

Ол адамдарға қандай пайда әкеледі немесе қандай пайдасын тигізеді?

Ол нені жегенді жақсы көреді?

2.2 Дидактикалық ойын «Кім қалай дауыс шығарады»

Жұмбақты тап.

- Муу-му! Сүт кімге? (сиыр)

- Мурр-мурр......... тауықтарды шошытады (мысық).

- Жүреді, жүреді, сақалын ... селкілдету, тербету, қозғау

Шөп сұрайды: мее-мее (Ешкі, теке).

-Хрю –хрю деп тербетіліп барады

Жайылымда жеңіл шабады – Иго-го (ат)

- Мен сендерге жануарлардың фигурасын көрсетем, ал сендер суреттегі жануардың дауысын салыңдар.

Мысық (мяу-мяу). Мысық не істейді? (Мысық мяулайды)

Сиыр (му-муу). Сиыр не істейді (Сиыр мөңірейді) және т.б

2.3 Дидактикалық ойын «Балаларын тап»

2.4 Сергіту сәті «Мысық»

2.5 Дидактикалық ойын «Кімге не?»

- «Лақтың туған күні. Ол қонақ күтіп отыр. Қонаққа үй жануарлары келеді. Әрбіреуіне өз тамақтары. Сиыр үшін шөп. Ал аттар – сұлы. Мысыққа – сүт. Итке – сүйек». Міне, қонақтарда келді.

- Сиыр ............ шөпті шайнайды .

- Мысық ........... сүтті жалайды .

- Ат ....................... сұлы жейді ..

2.6 Қарындаш арқылы саусақпен гимнастикасы.

2.7 Дидактикалық ойын «Аяқталмаған суретті жалғастырып сал»

Балаларға үй жануарларының аяқталмай бір бөліктері бейнесі бар қағаз беріледі. Балаларға жетіспей тұрған бөлігін салу керек.

2.8 «Лото» ойыны – жануарлар

3. Қорытынды сабақ.

Дидактикалық ойын «Кім не істейді?» (мамандықтар)

Мақсаты:ересектердің еңбегі, еңбек құралы туралы білімін анықтау

Міндеттері:

- мамандық атауын, еңбек құралы және олардың маңыздылығын нығайту;

- байланыстырып сөйлеуді дамыту, сөздік қорын кеңейту, қолдың ұсақ моторикасын, есту зейінін, дауыс ырғағын дамыту;

- ересектерді еңбекте ізеттілікке тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдық: сылдырлауық, аспазшы, дәрігер, жүргізуші және шаштараз бейнеленген иллюстрациялар, құрал-жабдық (кесетін тақтай, ожау, саған, қайшы, фен, тарақ, шприц, градусник, гайкалық кілт, машина).

Сабақ барысы:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№5 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Машина»

1.3 «Қайда звондады?» атты есту зейініне арналған жаттығу

1.4 «Эхо» дауыс ырғағына арналған жаттығу

2. Негізгі бөлім:

2.1 Ересектің еңбегі туралы әңгіме (иллюстрацияларды қолданып) Лото «Мамандық»

2.2 Дидактикалық ойын «Кім не істейді?»

2.3 Сергіту сәті «Менен кейін қайтала»

2.4 Дидактикалық ойын «Жұмыс істеу үшін кімге не қажет?»

2.5 «Шебер» саусақ гимнастикасы

2.6 Конструктормен жұмыс (ірі және ұсақ)

3. Қорытынды.

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№5 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Машина»

- Қане, машина жүрген кезде қандай дауыс шығарады?

В-в-в, в-в-в

1.3 «Қайда звондады» есту зейінін дамытуға арналған жаттығу

- Көзіңді жұм да, зейін салып тыңдаңдар.

- Қайда звондады?

1.4 «Эхо» дауыс ырғағын дамытуға арналған жаттығу

- Мен ақырын айтамын: а-а-а

- Ал сендер аналарыңмен бірге қатты айтасыңдар: а-а-а

2. Негізгі бөлім:

2.1 – Ерте, ерте, ертеде жүз бала

Барлық бала бақшаларға барды

Барлығы түскі тамаққа отырды

Жүз котлет жеп қойды

- Айтыңдаршы, жүз котлетті кім дайындайды? (аспазшы)

- Науқас адамның қасында кім отырады

Қалай емделеді, бәріне айтады (дәрігер)

- Біз ерте тұрамыз, себебі жұмысымыз

Таңертең барлығын жұмысқа апару үшін

Жұмысқа барлығымызды кім апарады, балалар? (жүргізуші)

- Егер менің шашым қатты өсіп кетсе,

Креслоға мен батыл отырамын

Шашымды шебер жақсылар батыл қияды.

Ол шебер кім? (шаштараз)

Лото «Мамандықтар»

2.2 Дидактикалық ойын «Кім не істейді»

- Шаштараз ....... (шашты қияды, шашын әсемдейді)

- Жүргізуші .............. (машина жүргізеді)

- Аспазшы .................. (пісіреді, тамақ әзірлейді)

- Дәрігер ................ (емдейді, рецепт жазып береді, тыңдайды)

2.3 «Менен кейін қайтала» атты физминутка

2.4 Дидактикалық ойын «Кімге жұмыс істеу үшін не қажет?»

Әртүрлі мамандықтары бар адамдарғы қажетті еңбек құралдары үстел үсіне қойылған: фен, тарақ, қайшы, өңдеу тақтасы, ожау, саған (кастрюля), шприц, сынап бағанасы, гайкалық кілт, машинка және т.б.

Балаға құрал-саймандарды таңдап, оның маңыздылығы туралы айтып беруді ұсынады.

2.5. Саусақ гимнастикасмы «Шебер»

2.6. Конструктормен жұмыс жасау

3. Қорытынды.

Жеңіл және жүк таситын машиналарды қарастыру (көлік)

Мақсаты: Ересектердің көмегімен сипаттайтын әңгіме құрастыруға үйрету.

Міндеттері:

- заттарды суреттеуді үйретуді, олардың атауына қарай дұрыс бөлшектерді ажыратуды, маңыздылығы бойынша көліктерді топтастыру;

- балалардың есту зейінін, дауыс ырғағын, қолдың ұсақ моторикасын, белсенді және пассивті сөздік қорын дамыту;

- қоршаған орта туралы құлақ салу іскерлігіне тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдықтар:

Жүк машинасы – өзі төгетін машина – ересектерде, балаларда - әртүрлі көлемді және маңыздылығы машиналар, гараждар – қызыл және өк түсті, геометриялық фигуралар жиынтығы.

Сабақ жоспары:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№6 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Көлік»

1.3 Сөйлеу демінің дамытуға арналған «Ұшақтар ұшады» жаттығуы

1.4. Дауыс күшін дамытуға арналған «Дыбыс» жаттығуы

2. Негізгі бөлім:

2.1 Ересектер жүк машиналарын қарастыру және суреттеу

2.2 Балалардағы машинаны қарастыру

2.3 Сергіту сәті «Жол жүру»

2.4 Дидактикалық ойын «Гараждар» (машиналарды топтастыру: жеңіл және жүк таситын)

2.5 «Саусақтар үйренді» саусақ гимнастикасы

2.6 Дидактикалық ойын «Машинаны істе»

2.7 «Бағдаршам» ойыны

3. Қорытынды.

Сабақ барысы:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№6 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Көлік»

Балалар көлік дауыс дыбытарына еліктейді: машина – В-В-В, поезд – ЧУХ-ЧУХ, кеме – ТУ-У-У.

1.3 Сөйлеу демінің дамытуға арналған «Ұшақтар ұшады» жаттығуы

Үстелдің үстіне ұшақтар қойылады (қағаздан жасалған).

Балаларға ұшаққа үрлеуді сұрайды, кімнің ұшағы жылдамырақ ұшады қараңдаршы? Беттіне үрлеуге болмайды, ұшақ бір шығудан ұшуы қажет, ұшаққа бірнеше рет үрлеуге болмайды.

1.4 Дауыс күшін дамытуға арналған «Дыбыс» жаттығуы

- Дыбыс алдымен тыныш у-у-у деп естілді

- Дыбыс қатты у-у-у деп естіле бастады

- Дыбыс қатты у-у-у деп естілді

2. Негізгі бөлім

2.1 Машиналарды қарастыру, суреттеу үлгісі

- Балалар қараңдаршы, менің машинам қандай.

Үлкен, оның кабинасы, шанағы (кузовы), көп дөңгелектері бар.

Дөңгелектері қара түсті, олар дөңгелек.

Менің машинам – жүк таситын. Ол жүкті шанақпен тасиды.

Менің машинам жүріп келе жатқанда в-в-в деп ән салады

- Менің машинам қандай ән салады? (ересектер және балалар в-в-в деп қайталайды)

2.2 Балалардағы машинаны қарастыру

- Балалар, қане, сендердің машиналарыңды зейін қойып, қарастырайық.

Олар бірдей немесе әртүрлі ме?

Сенің машинаң қандай? (үлкен)

Сенің досыңның машинасы қандай? (кішкентай)

- Ал түстеріне қарай машиналар бірдей ме? (жоқ)

- Демек олар әр түсті.

- Сенің машинаңның түсі қандай?

- Машинаңның нелері бар? (кабина, дөңгелек, шанақ)

- Сенің машинаңда шанақ бар ма? (жоқ)

- Демек, сенікі жеңіл машина

- Егер машинада шанақ болмаса, жүк таси алмайтын болса, - ол жеңіл машина.

2.3 Сергіту сәті «Жол жүру»

2.4 Дидактикалық ойын «Гараждар»

- Жеңіл машиналар гаражға кірулері керек – көк түсті.

- Жүк таситын машиналар гаражға – қызыл түсті.

2.5 «Саусақтар үйренді» саусақ гимнастикасы

2.6 Дидактикалық ойын «Машинаны істе» - конструкторлармен жұмыс

2.7 «Бағдаршам» ойыны. Жол жүру ережесін нығайту, бірлесіп ойнауға үйрену.

3. Сабақ қорытындысы.

Тақырыбы: «Жанұя»

Мақсаты:Педагогтың көмегімен сурет бойынша кішкене суреттеме әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру.

Міндеттері:

- суреттерді анықтап қарау, олардың мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге үйретуді жалғастыру, салыстырмалы сын есім құрастыру;

- есту зейінін, дауыс ырғағын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту

- жанұя мүшелеріне махаббаты мен сыйлауға тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдықтар:әртүрлі аспаптар дыбыс шығарғыш, «Жанұя» сюжетті суреті, жануарлар балаларымен бейнеленген иллюстрациялар, төртбұрышты қағаз парағы - әрбір балаға.

Сабақ жоспары:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№6 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Түгендеу Шақыру»

1.3 Есту зейінін дамытуға арналған «Кім не естиді» жаттығуы

1.4. Дауыс күшін дамытуға арналған «Жел соғады» жаттығуы

2. Негізгі бөлім:

2.1 «Жанұя» суреттін қарастыру

2.2 Дидактикалық ойын «Дұрыс жауап бер»

2.3 Сергіту сәті «Бірге жайдарырақ»

2.4 Дидактикалық ойын «Кімнің жанұясы» (үлестірме материалдарымен)

2.5 «Жанұя» саусақ гимнастикасы

2.6 Қағазбен жұмыс (оригами)

3. Қорытынды

Сабақ барысы:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№6 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Шақыру»

- Мен сендерді есімдеріңмен атаймын, өз есімдеріңді ести салысымен, Мен – деп жауап беріңдер.

1.3 Есту зейінін дамытуға арналған «Кім не естиді» жаттығуы

- Мен әртүрлі аспаптарда ойнаймын, сендер оны көрмейсіңдер, зейінді болыңдар. Сендер мен қандай аспапта ойнағанымды айтуларың керек.

1.4. Дауыс күшін дамытуға арналған «Жел соғады» жаттығуы

Даламен біз жүріп келеміз, бізге күн сәуле түседі

Міне самал жел ақырын-ақырын есті в-в-в-

Кенеттен күшті жел соқты У-У-У.

2. Негізгі бөлім:

2.1 – Суретте кімдерді көрдіңдер?

- Ана не істеп жатыр? әке? әже? Балалар? және т.б.

- Сендер қалай ойлайсыңдар, мына суретті қалай атауға болады?

2.2 Дидактикалық жаттығу «Дұрыс жауап бер»

Сендердің отбасында ең үлкені кім?

Ең кішкентайы?

Анаңа кім боласың?

Әжеңе кім боласың?

Ағаңа ше?

2.3 Сергіту сәті «Бірге жайдарырақ»

2.4 Дидактикалық ойын «Кімнің жанұясы»

Әрбір балада жануарлар балаларымен бейнеленген иллюстрациялар бар.

Әрбіреуіне иллюстрация арқылы, онда кімнің жанұясы екенін анықтау ұсынылады?

(мысықтың жанұясы, иттің жанұясы және т.б.)

2.5 «Жанұя» саусақ гимнастикасы

2.6 Қағазбен жұмыс (оригами)

3. Қорытынды.

Тақырыбы: «Үй көмекшілері»

Мақсаты:Тұрмыс техникасының маңыздылығы туралы білім нығайту.

Міндеттері:

- суреттеу арқылы заттарды тану, балалардың сөздік қорын белсендіру есімдікпен үйретуді жалғастыру, жұрнақ көмегінен бір түбірлі сөз құрастыру;

- қоршаған заттар туралы түсінігін, есту зейінін, дауыс күшін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту;

- еңбек ету тілегі, ересектерге шамаға шақты көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдықтар:тұрмыс техникалары бейнесі бар суреттер, заттардың бір бөлігі бейнеленген карточкалар.

Сабақ жоспары:

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№7 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Насос»

1.3 Есту зейінін дамытуға арналған «Алыс-жақын» жаттығуы

1.4. Дауыс күшін дамытуға арналған «Өзің қайтала» жаттығуы

2. Негізгі бөлім:

2.1 Балалармен қоршаған тұрмыс заттар туралы әңгіме

2.2 Дидактикалық ойын «Суреттеуі бойынша тану»

2.3 Дидактикалық жаттығу «Сөйлемді аяқта»

2.4 Сергіту сәті «Алдымен кішкентай боламын»

2.5 Дидактикалық ойын «Еркелеп ата»

2.6 Саусақ гимнастикасы

2.7 Карточкалармен жұмыс жасау. «Затты танып, оларды ата» ойыны «Лото»

3. Қорытынды

Сабақ барысы

1. Кіріспе бөлімі:

1.1 Артикуляциялық гимнастика (№7 кешен).

1.2 Фонетикалық жаттығу «Насос»

- Балалар, қане есімізге түсіріп көрейікші, велосипедтің дөңгелегін қалай үрлейміз.

- Насостан ауа С-с-с деп ысқырып шығады

1.3 Есту зейінін дамытуға арналған «Алыс-жақын» жаттығуы

- Мен қазір әртүрлі дыбыс тіркеулерін айтамын.

- Мынау кім немесе не, анықтаңдар?

- Ол жақын немесе алыс орналасқан ба?

1.4. Дауыс күшін дамытуға арналған «Өзің қайтала» жаттығуы

Наши рекомендации