Көлеміндегі сандардың жазылуы
Цифрдың жазылуына нұсқаулар және олармен таныстыру әдістемесі :
1. Барлық цифрлар торға толығымен, он жақ жартысында кабырғасын бойлай орналасуы қажет.
2. Цифрдың ені оның ұзындығынан шамамен екі есе кіші болуы қажет
3. Цифрды жазуды түсіндірмес бұрын алдымен балаларға үлгісін көрсетіп, мұғалімнің басшылығымен әр цифр қандай элементтерден тұратынын талдау қажет (таяқша, ирек, ирек сызық).
4. Мұғалім цифрдың жазылуын көрсетуі тиіс (тақтадағы арнайы дайындалған торға сызып көрсету), қысқаша түсіндірмелермен бірінші сызықтың қайдан басталатынын және қандай бағытта жүргізілетінін, қай жерде аяқталатынын, қаламның үзілісін, келесі сызық қайдан басталатынын айтып тұруы қажет.
5. Мұғалімнің түсіндірмесінен және бақылаудан соң балалар қаламды алып "ауада" қажетті цифрды қалай жазатынын сызып көрсетеді. Мұғалімнің келтірген түсіндірмесін қайталап еткен тиімді.
Цифрлардың жазылу үлгісі
1 цифрыбірі екіншісінен кіші 2 таяқшадан тұрады. 1 цифры үзіліссіз жазылады. Алдымен кіші таяқшаны жазады. Оны тор ортасынан сәл жоғарырақ бастайды да, тордың жоғарғы оң жақ бұ рышына дейін жүргізеді. Сонан кейін қаламды қағаздан көтермей, негізгі көлбеу таяқшаны жазады. Тордың жоғарғы оң жақ бұрышынан оның төменгі қабырғасының ортасына дейін.
2 цифрыілгіштен және толқынды сызы қтан тұрады, үзіліссіз жазылады. Ілгішін тордың жоғары қабырғасының ортасы нан сәл төменіректеу бастап, сызықты жоғары қарай жүргізеді де, оны оң жақ жоғары бұ рышта иеді және тордың төменгі қабырғасының ортасына дейін көлбеу штрих жүргізеді. Қаламды қағаздан ажыратпай, тордың төменгі қ абырғасын бойлай, оның төменгі бұрышына қарай толқынды сызық жүргізеді. (Бұл цифрдың жүзген аққуға ұқсайтынын балаларға айтуға және оның басын, мойнын, құйыршығын көрсетуге болады).
3 цифрыоң жаққа ығысыңқыраған жоғары және төменгі жарты сопақшадан тұрады. Жоғары жарты сопақша төмендегіден сәл кіші болуы тиіс. Цифрды жазуды тор қабырғасының ортасынан сәл жоғарыдан бастайды, жоғар жарты сопақшаны тордың ортасына дерлік жеткізеді және қаламды қағаздан ажыратпай төменгі сопақшан ы жазады.
4 цифрыүш элементтен - таяқшалардан тұрады. Алғашқы екі элементі үзіліссіз жазылады.Бірінші таяқшаны тордың жоғары қабырғасының ортасынан сәл әрірек бастап, тордың ортасынан сәл төменірек жеткізеді.Ортасынан бастап, қаламды қағаздан ажыратпай, кқлденең таяқшаны оңға қарай жүргізеді және тордың оң жақ қабырғ асына сәл жеткізбейді. Қаламды қағаздан ажыратпай 4 цифрының үшінші элементін ұзын таяқшаны жазады және ол тордың оң жақтағы қабырғасының ортасынан сәл жоғары басталып, оның төменгі қабырғасына қарай көлбеу жүргізіледі.
5 цифрыүш элементтен тұрады. Алдымен кішіректеу түзу таяқша жазылады. Оны тордың жоғары қабырғасының ортасынан сәл оңырақ бастап, тордың ортасына дерлік көлбеу жүргізеді. Әрі қарай (ажыратпай) оң жақ сопақшаны жазады. Ең соңында солдан оң қарай цифрдың жоғары элементін жазады.
6 цифрысол жақтағы үлкен және оң жақтағы кіші жарты сопақшалардан тұрады. Цифрды жазуды тордың оң жақтағы бұрышынан сәл төменірек бастайды. Көлбей орналасқан және тордың төменгі қабырғасының ортасы арқылы өтетін сол жақ тағы жарты сопақшаны жазғаннан кейін сызықты жоғары қарай жүргізеді және тордың ортасынан сәл жоғары оны сол жаққа қарай иеді.
7 цифрыүш элементтен тұрады: толқынды сызықтан, көл беу және кіші түзеу таяқшалардан. Толқ ынды сызықты тордың жоғары қабырғасының
ортасынан сәл төменіре к бастап тордың оң жаң жоғары бұ рышына дейін жүргіземіз. Қаламды қағаздан ажыратпай, тордың төменгі қ абырғасының ортасына дейін көлбеу таяқша жүргіземіз.
8 цифрыжоғары және төменгі сопақшалардан тұрады (жоға ры сопақша төменгісінен сәл кішіректеу). Цифрды жазуды тордың жоғары қабырғасының ортасынан сәл төменіректеу және оңырақ бастап, сызықты оңға карай және жоғары жүргізеді де, тордың жоғары және оң жақ қабырғаларын жанастыра иеді, сонан кейін сызықты (оңнан солға қарай) жүргізгенде де иеді және тордың төменгі қабырғасының ортасына таман солдан оңға карай жүргізеді. Әрі қарай сызық иіліп, жоғарыдағы бастапқ ы нүктеге дейін жеткізіледі.
9 цифрысол жақтағы кіші жарты сопақшадан және оң жақтағы үлкен жарты сопақшадан тұрады. Цифрды жазуды тордың оң жақ жоғары бұрышынан сәл төменірек бастайды да сызықты солға қарай жоғары жүргізеді, тордың ортасына таман иеді, сонан кейін оңға қарай жоғары жүргізеді де бастапқы нүктеге қ арай иеді. Қаламды ажыратпай, сол нүктеден бастап, оң жақтағы үлкен сопақшаны тордың қабырғасының ортасын жинақтайтындай етіп жазады.
10 көлеміндегі сандар
Тақырыпты окытудын міндеттері:
1) Санның натурал қатарының жасалу принципін түсіндіру.
2) Сандардың атауларымен сәйкес белгіленуімен таныстыру, цифрларды жазу дағдысын қалыптастыру.
3) Заттардың екі тобын біріктіру және ажыр ату арқылы « + » немесе «-»
таңбаларын, қосу және азайту амалдарын қолдануды, жазуды үйрету.
4) Көрнекілікке сүйеніп, сандарды салыстыру арқылы «>», «<«, « = »
таңбаларымен сәйкес теңсіздік, теңдік ұ ғымдарымен таныстыру.
5) 0 санының мағынасын, пайда болуы н, сандар қатарындағы орнын, жазылуын таныстыру.
6) Геометриялық фигуралардың әлементтерімен таныстыру, бұрыш, қабырға, төбелер, ортақ кабырғалары - сәулелер, төбелері - нүктелер болатынына назар аудару.
7) Сандарды және амал таңбаларын пайдаланып орындалғ ан жазу-өрнек, нәтиже өрнектің мәні болатынын түсіндіру.
8) Қосу, азайту амалдарының атауларымен, өзара байланысын, қосу амалының орын ауыстырымдылық қасиетімен таныстыру, пайдаланудың тиімділігін көрсету.
9) Бір санның екінші саннан қанша артық, қанша кем екенін білу үшін
үлкен саннан кіші санды азайту керектігін түсіндіру.
10) Әр санның сан қатарындағы орнын, құрамын анықтауға жаттық тыру.
11) 10 саны, оның 2 цифрымен жазылуы, 1 және 2 таңбалы сан.
Қолданылатын көрнекіліктер:
1) Қалталы полотно (10 қалта).
2) Нәрселердің суреті (он –оннан)
3) Геометриялық фигуралар (он -оннан).
4) Кеспе цифрлар.
5) Амал (+, -), қатынас (>, <, =) таңбалары.
6) Цифрлардың жазылу үлгісі.
7) Сан, баға туралы өлең, тақпақ.
8) Санның құрамын көрсететін үйшіктің суреті
9) Ертегі кейіпкерлерінің суреті.
10) Затқа санды және оған цифрды сәйкестейтін сурет.
11) Сандардың атаулары жазылған тірек -сызба.
Жалпы әдістеме бойынша он көлеміндегі сандармен таныстыру мынадай кезеңнен түрады:
I. Санның санау нәтижесі екенін көрсету.
II. Сан өлшеудің нәтижесі екенін көрсету.
III. Сан амалдың нәтижесі екенін көрс ету
IV. Санның жазылуы, цирмен таныстыру.
Математикалық диктант
1. Сандар қатарын жалғастыр: 3, 4, 5... .
2. 4-тен бұрын қандай сан аталады?
3. 5-тен кейін кандай сан аталады?
4. 6 санының көршілерін жаз.
5. 3-тен 1-і кем санды жаз.
6. 2-ден 1-і артық кандай сан?
7. 5 пен 3 сандарының арасында қандай сан бар?
8. Тиісті таңбаларды қой:
а)4*1=5, 6*1=5.
ә)3=2+..,
2=3-..
б) 8> .
Глоссарий
1. Сан — мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланылатын абстракт нәрсе.
2. Нумерация -нөмірлеу сандық қатар
3. Араб цифры — 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сияқты математикалық таңбалар.
4. Көрнекілік – педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға баулиды.
5. Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім
көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы.6. АБАКТАР- сандарды нөмірлеуді қарастырғанда, ондық арқылы өтіп сандарды қосқанда 10 санының құрамын қарастырғанда пайдаланылады. Олардың тараған түрі 2 немесе 3 қатар вертикаль қалталары бар бір жазықтықта орналасқан аспап.2 қатарлы абакқа 2 түсті есептеу материалдарын (көк түсті, оған керісі қызыл түсті) дайындайды.
Тапсырмалар
Деңгей
1. Есепте: 1 + 2 = 7 – 3 = 3 + 3 = 8 – 4 = 4 + 2 = 5 – 2 =
2. Салыстыр (>, <, =)
4+3*5 5+4*3 5*7-4 7-4*6 8+1*2 0*9-3
3. 6 см. кесінді сыз.
4. 8см * 6см 3см * 1см 2см * 5см 3см * 3см 7см * 8см 6см * 0см
5. Өрнектерді салыстыр
3+2 * 1+5 2+4 * 8-3 1+5 * 3+2 8-3 * 4+2
Деңгей
1. Санды қой:
Q–2 < 4+3 3+Q > 7-2 6-Q < 7+1 5+Q < 3+6
2. Есепте: 5+3-2= 1+5-3= 4+6-3= 4+6-3= 8-6+5=
3. Санды тап:
6 + Q = 7 Q - 2 = 4 8 - Q =4 5 + Q =9
Деңгей
1. (+, -) қой.
10 * 3 * 2 =5 6 * 2 * 2 = 2 8 * 1 * 6 = 3 7 * 2 * 1 = 6
2. Сандарды қой:
3 + 4 = Q + Q 4 + 4 = Q + Q 7 – 2 = Q - Q 6 – 3 = Q - Q
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Педагогика институты