Студент-практиканттарға қойылатын талаптар
ЖҰМЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМА
Ндірістік тәжірибе
Мамандығы: 5В011400 «Тарих»
Оқу нысаны: күндізгі
Барлығы: 5 кредит 375 сағат
Курс ІV Семестр 8
Дайындаған: аға оқытушы Тулегенова А.Ж.
Бекітілді:
кафедра меңгерушісі м.а.: Есимханова Н.И.
Кафедра мәжілісінің хаттамасы № «» тамыз 2015 ж.
Арқалық-2015
Түсініктеме
Өндірістік тәжірибе бағдарламасы Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңына, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес педагогикалық тәжірибенің мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.
Педагогикалық мамандықтар бойынша оқитындар педагогикалық тәжірибе өтуге тиіс арнайы пәндер жиынтығы аяқталған соң немесе жалпы теоретикалық оқу курсынан соң өндірістік тәжірибеден өтеді. Өндірістік тәжірибенің базасы жалпы орта білім беру, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік білім беру ұйымдары болып табылады. Өндірістік тәжірибенің ұзақтығы және оның мөлшері мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары арқылы тиісті мамандықтар бойынша белгіленеді. Өндірістік тәжірибе бағдарламасы ҚР «Білім» туралы Заңына, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, оқу жоспарына сәйкес құрастырылған.
Педагогикалық тәжірибе мақсаты
Студенттердің жалпығылыми, мәдениеттілік, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерін тереңдету және сонымен қатар теоретикалық білім негізінде педагогикалық дағды мен құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады.
Ндірістік тәжірибе міндеттері
- Болашақ мұғалімнің практикалық дағдысын қалыптастыру;
- Теориялық білім негіздерін бекіту;
- Болашақ мұғалімнің кәсіби-педагогикалық және жеке-кәсіби біліктілігі мен іскерлігін қалыптастыру;
- Орта мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының қазіргі жағдайымен, негізгі бағыттарымен, педагогикалық озық тәжірибемен танысу;
- Педагогика, психология және арнайы пәндерден теориялық білім мен тәжірибе арасындағы өзара байланысты қалыптастыру және бекіту.
Студент-практиканттарға қойылатын талаптар
- Студент-практикант жоғары оқу орнымен тағайындалынған нысаны бойынша практика бағдарламасын толық орындайды, практика күнделігін жүргізеді;
- Практика базасына сәйкес ішкі тәртіпке бағынады;
- Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздікті және өндірістік санитария ережелерін оқып, қатаң түрде сақтайды;
- Кафедра тапсырмаларына сәйкес оперативтік қызметіне қатысады;
- Пән бойынша сабақ жоспарлары мен конспектілерін, тәрбие және сабақтан, сыныптан тыс жұмыстар бойынша әзірлемелерін, тәжірибе нәтижесі бойынша есеп беру құжаттарын дайындайды;
- Өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша тәжірибе жетекшісіне, практика базасы жетекшісінің барлық тәжірибе тапсырмаларының орындалғаны туралы қолы қойылған, тағайындалған нысаны бойынша есеп беру құжаттарын тапсырады.
РМК «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты»
Өндірістік тәжірибе бағдарламасының нұсқаулық картасы
№ | Жұмыс түрі | Жұмыстың мақсаты | Атқарылатын жұмыстың мазмұны | Тәжірибе нің өткізілетін орны | Сағат саны | Мерзімі | Есеп беру формасы | Ескерту |
1. | Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру | Өндірістік тәжірибе бағдарламасымен таныстыру. Жоспар- лау, оқыту мен тәрбие процестерінің негізгі компоненттерін талдау. | 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Мектеп әкімшілігімен, пед. ұжыммен, білім беру мекемесінің ішкі тәртібімен танысу. 3.Сыныптарға бөлу және сағаттық жүктемені белгілеу, сыныппен танысу. 4.Пән бойынша сабақтарға, бекітілген сыныптардағы оқу сабақтары мен сынып сабақтарына қатысу. | Қала мектептері және жеке сұраныстар бойынша | 25.01. – 30.01. 2016. | Күнделік | ||
Қазақстан Республикасындағы мектептерде тарих пәнін оқыту мәселесі жөніндегі нормативті құжаттармен танысу | Тарих пәнін оқыту мәселесі жөніндегі нормативті құжаттарды оқып білу | 1.ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасы. 2. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасы. 3.ҚР 2007 жылғы білім туралы Заңның негізгі ережелерін талдау. 4.ҚР 1995ж. тарихи сананың қалыптасу концепциясы. 5.ҚР 1997ж. орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелері. 6.ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 12 жылдық жалпы орта білімнің концепциясы | Қала мектептері және жеке сұраныстар бойынша | 25.01. – 30.01. 2016. | Күнделік | |||
3. | Тарих кабинетімен, оның құрал-жабдықтарымен танысу және жұмыс жасау тәсілдерін меңгеру | Техникалық және картографиялық көрнекі оқыту құралдарының дидактикалық мақсаты мен қызметі және оларды қолдану әдістерін меңгеру | 1.Тарих кабинетімен, оның құрал-жабдықтарымен танысу. 2.Тарих сабағындағы таңбалық көрнекіліктер: карталар, кестелер, сызбалар, диаграммалар. Картамен жұмыс істеу әдістемесі. 3.ОТҚ және компьютер мүмкіндіктерін пайдалану мен жұмыс жасау тәсілдерін меңгеру 4.Тарих пәні бойынша компьютерлік бағдарламаны әзірлеу, тарих сабағында компьютерлік модельдеу әдісін қолдану. | Қала мектептері және жеке сұраныстар бойынша | 01.02. – 06.02. 2016. | Күнделік Таңбалық көрнекіліктер Карто-графиялық тапсырмалар |
4. | Тарихты оқытудың әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеру | Тарих пәнін оқытудың әдістері мен әдістемелік әдіс-тәсілдері. Оқыту әдістерін топтастыру | 1.Тарих сабақтарында оқулықпен жұмыс жасау тәсілдерін меңгеру. 2.Оқу әдістері (сөздік, көрнекілік, практикалық) немесе оқу әрекетінің тәсілдерін (әңгімелеу, бейнелеу, тапсырма-ойындар) меңгеру, оларды оқу үрдісінде қолдану. 3.Педагогикалық озық тәжірибемен танысу, үйрену. 4.Тарихты оқытудағы жаңашылдық (тірек кон-спектілер, модульдік технология т.б.) оларды оқу үрдісіне енгізу. | Қала мектептері және жеке сұраныстар бойынша | 25.01. -02.04. 2016. | Сабақ жоспарлары Конспект Ашық сабақтардың әдістемелік әзірлемелері Тапсырма-ойындар | ||
5. | Тарих сабағы, оны дайындау және өткізу | Теориялық білімін тереңдету, жаңа білім негіздерін меңгеру. Кәсіби педагогикалық біліктілік пен іскерлікті қалыптастыру. | 1.Арнайы пәндер бойынша күнтізбелік жоспармен танысу. 2.Күнделікті сабақ жоспарларын әзірлеу. 3.Пән бойынша 16 күнделікті оқу сабағын, 2 ашық сабақ өткізу, олардың әдістемелік әзірлемелерін дайындау. 4.Жоспарланған оқу-тәрбие жұмыстарын орындау. 5.Өзара сабақтарға қатысу, оларды талдау. | Қала мектептері және жеке сұраныстар бойынша | 01.02. -02.04. 2016. | Күнтізбелік жоспар Сабақ жоспарлары Ашық сабақтардың әдістемелік әзірлемелері Көрнекі құралдары Сабақтарды талдау |
6. | Тарих пәнін оқыту барысында көрнекілік құралдарды дайындау және пайдалану | Тарих сабағында көр-некілік құралдарды пайдалану арқылы оқытуды жүзеге асыру, өткен тарих туралы түсініктер, бейнелі ұғымдар қалыптастыру. | 1.Оқытудың көрнекі құралдарының түрлерін анықтау, оларды мазмұнына қарай топтастыру. 2.Тарих сабағындағы оқу картинасы (тұрпаттық, оқиғалық, мәдени-тарихи картиналар) 3.Шартты-кескіндемелік көрнекіліктер (сұлба, кескіндеме, диаграмма, ап-пликация, тақтаға салынған сурет). 4.Картографиялық ойындар бойынша тапсырмалар әзірлеу. 5.Тарихты оқытуда техни-калық құралдарды пайдалану (экрандық құралдар, оқу кинофильмдері, компьютерлік бағдарламалар). | Қала мектептері және жеке сұраныстар бойынша | 01.02. -02.04. 2016. | Тақырыптық көрнекілік тер Сұлбалық карта Кесікндеме Оқу картиналары Ойындық тапсырмалар | ||
7. | Сабақтан тыс оқу жұмыстары | Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өздігі-нен білім алу дағды-ларын меңгеруіне ықпал жасау. Өлке тарихын оқып-үйрену | 1.Оқушыларды бағдарламада белгіленген, оқулықта мазмұн-далған тарихи тақырыпта жазылған әдеби, ғылыми-көп-шілік әдебиеттермен таныстыру. 2.Кітапты насихаттау, оның мазмұнын игеруге басшылық жасау. 3.Тарих үйірмесі жұмыстарын жүргізу. | Қала мектептері және жеке сұраныстар бойынша | 01.02. – 02.04. 2016. | Сабақтан тыс оқыту жұмыстары ның есебі Баяндама Рефераттар Конференция Тарихи кеш бағдарлама лары |
4.Дала өлкесі тарихы мұра-жайында, №2 облыстық кітапханада жұмыс жасау. 5.Торғай өлкесінің тарихы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу. 6.Ғылыми конференциялар мен тарихи кештер, кездесулер өткізу | ||||||||
8. | Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып, өткізу | Оқушылардың білімін тереңдету, кеңейту, олардың танымдық, еңбектік, қоғамдық, ойындық іс-әрекеттерін ұйымдастыру | 1.Тарих апталығын өткізу. 2.Пәндік олимпиада өткізу. 3.Ғылыми конференция ұйымдастыру. 4.Тарихи кештер өткізу. 5.Мектепшілік, қалалық қоғамдық-мәдени іс-шараларға қатысу, оқушыларды тарту. | Қала мектептері және жеке сұраныстар бойынша | 01.02.- 02.04. 2016. | Мерекелік және тарихи кеш бағдарламалары Тарих апталығының бағдарламалары, материалдары және көрнекіліктері | ||
9. | Сыныпқа жетекшілік ету және ұйымдастыру | Сыныптың оқу-тәрбие жұмыстарын, еңбектік, қоғамдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру және белсенділігін арттыру | 1.Сыныптың құрамын білу, олармен нақты танысу. 2.Пән бойынша оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу. 3.Өзге пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу. 4.Сабақтан, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. 5.Оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегін ұйымдастыру | Қала мектептері және жеке сұраныстар бойынша | 25.01- 02.04. 2016. | Күнделік, тәрбие жоспары, оқу-тәрбие жұмыс тарының материалдары мен әзірлемелері, есебі | ||
10. | Ата-аналармен және қоғамдық жұмыстар | Сынып оқушыларының жанұядағы жағдайы, денсаулығы, қарым-қатынасы және тәрбие барысын анықтау | 1. Ата-аналармен танысу. 2. Оқушылардың жанұя жағдайын, денсаулығын анықтау. 3.Жанұядағы қарым-қатынас, тәрбие барысын анықтау. 4.Ата-аналарға арналған бала тәрбиесі туралы дәрістер оқу. 5.СПИД, нашақорлыққа қарсы күрес, тәртіп бұзушылықтың алдын-алу туралы т.б. баяндамалар жасау. | Қала мектептері және жеке сұраныстар бойынша | 08.02.- 09.04. 2016. | Күнделік, дәрістер мен тақырыптық баяндамалар, атқарылған жұмыстар бойынша есебі | ||
11. | Өндірістік тәжірибе қоры-тындысы бойын-ша есеп беру құ-жаттарын әзірлеу | Өндірістік тәжірибе бағдарламасына сәйкес жүргізілген оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесі бойынша қорытынды есеп беру | 1.Тәжірибе бағдарламасында көрсетілген есеп беру құжаттарын әзірлеу. 2.Пән мұғалімінің студент-практикантқа мінездемесі. 3.Сынып жетекшісінің студент-практикантқа мінездемесі. 4. Өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша жалпы есебі, ұсыныстары. | Қала мектептері және жеке сұраныстар бойынша | 28.03. -02.04. 2016. | Есеп беру құжаттары, іс-қағаздары, көрнекіліктері. Мінездеме | ||
12. | Барлығы |
Әзірлеген: Тулегенова А.Ж.