Орыс тілінен енген сөздерге қосымша жалғау ережелері

Ережелер Мысалдар Ескертулер
...й,ш + ев(а) (й түсіріледі) Жасыбаев, Тәжібаев, Әжібаев; Жұмашев, Мұқашев;  
д/ты дыб + ев(а) Мұсаев, Шараева;
...ы,і + ев(а) = иева Сары+ев=Сариева;Әбдікәрі+ева= Әбдікәриева;
...й,ш басқа + ов(а) Мұратов, Тасболатов, Какенов
...д/ты дыб + ин(а) Нұрал(ы)ин, Байдал(ы)ина
ұ,ү,ө,о + ин(а) = у + ин(а) Жұма+ин=Жумин; Абдолла+ина=Абдуллина; Түке-Тукина; Бөке-Букина
...ов(а) + қос.= баст түб-ң жуан-жің қарай Тәжібаевқа, Ацмановты, Бердиевке, Катреновты
...к,г + қос. = соңғы буын-ң д/ты д-ң әуеніне қарай аншлагта, налогты, критикті, начальникке ..ог,уг + жің. қос. (педагогке, округті)
-рк,рг -кт,кс -нк,нг,нкт + жің. қос. -лк -ск циркті,айсбергке,пактіге,факсті, танкіге,рингіге,пунктте,полкке, киоскіге  
...ь(көп буын. сөз)+қос =буын үнд. б/ша детальды, артельге, автомобильді, бандерольға ...ль+тәуел.ж.- (ь түсіп қалады) магистралі фестивалі
...кль,брь,бль ...ь(бір буын. + жің. қос. сөз) ноябрьге,биноклбді,артикльді, ансамбльге,оське,тканьді  
коммунальный коммуналды  
моральный моральдық  
-нд,нз,нк,нг -мп,мб,мт -кт + ы,і + қосымша -ск -вт,фт,пт фондыға,цензісі,танкіге,митингіге штампыға,ромбыны,экспромтыны, фактісі,киоскіні,фармацевтіге, ландшафтыны,рецептіге  
-нс,нт -рс,рт,рш,рд,рм + ы,і + қос. -фр финансқа,агентті,курспен,апортты, маршты,ярдқа,хлороформнан, цифрді  
-кк,лл,пп,сс,тт -ст,сть,кст -зд кросқа,металды,ватқа.грипі,атеиске, ведомосқа,текске,поезға  

№34

Бөгде сөздер

Бөгде сөздер –сөйлеушінің жақтық көрінісне бағынышты емес, ол өзіндік сипатқа ие синтаксистік категория.

Мағынасы мен қызметіне қарай:

1. Төл сөз

2. Төлеу сөз

3. Дәйексөз

Дәйексөз – біреудің сөзінен, жазған еңбегінен алынып, бұлжытпай келтірілген үзінді, мақал-мәтелдер.

Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады.

Асанқайғы.

Төл сөз – сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол айтылған күйінде беруін айтамыз.

Төлеу сөз – біреудің айтқан сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуі.

Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі.

-1 Төл сөз, - ав. сөзі -2 төл сөз!(?) – ав сөзі. -3 Дәрмен! Дәрмен! Шүйінші! Еңлік жыры сенікі, - деді Мағаш.
Ав. сөзі: «Төл сөз». Ав. сөзі: «төл сөз!(?)» Шұбар Дәрменді қағып: «Тек, аңдап сөйле!»
Ав. сөзі: «Т. с.», - ав. сөзі. Ав. сөзі: «Т. с. !(?)» - ав. сөзі. Екі жігіт: - Айт! Айтыңыз! – десіп кідіре қалды.
«Төл сөз, - ав. сөзі, - төл сөз». «Төл сөз!(?) – ав. сөзі. – Төл сөз» - Бізде жыны ұстап қалатын бақытсыз аяч бар, - деді олар. – Біз сол жынды төре тұқымы қуып шыға алады деп естідік.
Ав. сөзі: «Төл сөз?» - ав сөзі. – Төл сөз, - ав сөзі. - Т. с.!(?) – ав. сөзі: - Т. с., - ав. сөзі, - т. с. Есмұрат: «Мені қайтесің?» - деп жылап келіп еді. – Сен ит, өз қатыныңа ие болсаң жарамай ма, - деп Тұрлығұлдан бірлі-жарым қара әперіп, оның көңілін тапты.
Ав сөзі: - «Төл сөз», - төл сөз, - ав сөзі.   Әжесі: - «Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген Абай атамыздың өлеңдері көп, қарағым, - деді.
Ав, сөзі: -4 «Т. с.», - ав. сөзі: -5 Т, с., - ав сөзі. -6 Ол мені танып қояр ма? – деп күмәнденген Олжас: -7 Кешіріңіз, маған жол берсеңіз! – деп қаша жөнелді.

Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру

1. Төл сөздің баяндауышы ашық рай – есімше + дық, дік + тәу. ж. + табыс сеп. Сырлас, жақын жаны ашитын жеңгесі болғасын, қожаш бастан-аяқ сырын: - Дертім сол. Одан басқа ешбір аруым жоқ, не қыларымды білмей жүрмін, - деді. Сырлас, жақын жаны ашитын жеңгесі болғасын, қожаш бастан-аяқ сырын дерті сол екендігін, одан басқа ешбір аруы жоқ екендігін, не қыларын білмей жүргендігін айтып тастады.  
2.Баяндауышыбұйрық рай – тұйық ет. + таб, сеп. н/се бар. сеп.(туралы, жайында, жөнінде) Медғат Қасымға келіп: - Мәриямға енді жолаушы болма! - деп ескертті. Медғат Қасымға келіп, Мәриямға енді жолаушы болмауын ескертті.
Баян. есім сөз н/се тұйық ет. - екенін - Есіл бойындағы Қарасарт ауылының жиені Жүсіп баласы – Қожаш, - деп аман берді. Есіл бойындағы Қарасарт ауылының жиені Жүсіп баласы – Қожаш екенін айтып, аман берді.
Төл сөздегі баст. – баст+ілік сеп. - Әлгі бір кісі менің Бал әжемді өлтіре жаздады, - деп аузын томпайтты. Әлгі бір кісінің Бал әжесін өлтіре жаздағандығын аузын томпайтып айтты.
І және ІІ жақтағы сөздер – автор тарапынан айтылады. - Сен ең алдымен менен кешірімді сұрайсың! – деп желкуесінен ұстап алды. Оның ең алдымен өзінен кешірімді сұрауын желкесінен ұстап талап етті.
Сұраулы сөйлем Сұрау есімдігі – сұрау есімдігі қалады Ма, ме шылаулары - шылаумен айтылған сөз болымды-болымсыз түрде не/се антоним түрде қосарланып айтылады. Итбай үйіне келіп, мал жайлап жүрген Қрағұлдың даусын естіп: - Бүгін жылқыға бардың ба? – деп сұрады. Итбай үйіне келіп мал жайлап жүрген Қарағұлдың даусын естіп, бүгін жылқыға барған-бармағандығын сұрады.
Де етістігі – айт, сұра, ойла, бұйыр, талап ет - Бітірмесең де, бастағаныңды айт!- деді, Ббітірмесе де, бастағанын айтуын талап етті.

№12

Көмекші сөздер

Көмекші сөздер –нақтылы лек-қ мағыналары я әр түрлі дәрежеде солғындап, я бүтіндей жоғалып, сөйлегенде жеке-дара тұлға есебінде қолданылмай, тек толық мағыналы сөздермен тіркесіп қана жұмсалып, оларға жәрдемші болып қызмет атқаратын сөздерді айтамыз.

Көмекші сөздер

(мағынасы мен құрылысына)

Көмекші есімдер Шылау Көмекші етістіктер

Көмекші есімдер – лек-қ мағынасынан айырыла бастап, сөйлемде екінші бір зат есім сөздің легінде қолданылатын зат есімдер.: сырт, маң, аст, үст, арт, қас, жан.

Кейде көмекші етістіктер көптік, септік жалғ – да келіп, басқа сөзге тәуелді болмай, жеке тұрып та сөйлем мүшесі бола алады. Сыртын көріп, ішінен түңілме.

Сөйтіп жан-жағына қарап тұрса, ілгері алдында, бір биік қыр үстінде, үлкен мола көрінді.

Көмекші етістік- өзі тіркесіп тұрған етістікке демеу болып, оған қосымша абстракты грам-қ мағына үстейтін етістіктерді айтамыз.

Көмекші етістік

толымды толымсыз

Толымды ет-к – бір жағынан негізгі лек-қ мағынасын толық сақтап, дербес грам-қ функцияларын түгелдей атқарады, екінші жағынан аналитикалық етістік құрамында тиісті жетекші етістікке белгілі дәнекер арқылы тіркесіп, оған қосымша абстракты грамм-қ мағына үстейтін бір алуан етістіктер жатады.

Сен сырыңды көрсетпе, әйтпесе бәрін біліп қояр.

Сіздің ауруға ем етуіңіз күнә, құдайдың жіберген қаза-бәлесіне, себеп табамын, деу құдайға қарсылық болып табылады деп білемін.

Толымсыз етістік – тіркескен сөзге ешқандай да лек-қ мағына я реңк үстемейді, тек грамм-қ мағына ғана жамайды.

1) еді тарихи е(ед).

Жұма сайын Версальдағы үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді?

2) Екен

Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады.

3) Емес

Қуанарлық қыз емес,

Жылтырауық таққанға.

Өзгелерді біз емес,

Түсірмекші қақпанға.

Шылау – сөз бен сөздің сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздердің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға оротақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамм-қ мағынасы бар сөздер.

№24

Шылау(грамм-қ сипатына қарай)

Жалғаулықты Септеулік Демеулік

Жалғаулықтар - өзара тең бірыңғай сөздердің, бірыңғай сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемдердің араларындағы әр қилы қатынастарды білдіреді.

1) Ыңғайластық: мен бен пен, және, әрі, да, де

Тобықты аулында әрі ойшыл, әрі би болып атанған адам осы еді.

2) Талғаулықты: әлде, бірде, біресе, кейде, я, яки, мейлі, құй

Құй бай болсын, құй кедей болсын заң алдында бәрі бірдей тең дәрежеде тұрады.

3) Қарсылықты: бірақ, алайда, әйтсе де, әйтпесе, әйткенде, сөйтсе де, дегенмен, сонда да, әйтпегенде

Бірақ бұл жырақтан шапқан жаудан да жаман.

4) Себептік: себебі, өйткені

Өйткені, тағы бір сәт орақ сілтесе, анық қалың төбелес басталғалы тұр.

5) Салдарлық: сол себепті, сондықтан

Сондықтан Базаралыны қатты соққыға жықты.

6) Шарттық: егер, егер де, алда-жалда

Көздеріңді ашып қара, егер оны ұстайтын болсаң, өзің сезіп отырған бар пәлені қоздырайын.

7) Айқындағыш: демек, яғни

Қасына ерткен екі ғана жолдасы бар, яғни олар: Әбді мен Сарбас.

8) Ұштастырғыш: ал, ендеше, ал ендеше

Алтын садақ күннің шығыс жағынан батысына қарай, ал үш күміс жебе түн тарапқа қарай жатыр екен.

Септеуліктер – объекті мен объектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеретін тұрақты шылау.

Атау септігі: үшін, сайын, сияқты, туралы, арқылы, бойы, шамалы, шақты

Қазақтың тыныштығы үшін, бақытты болашағы үшін көптеген батырларымыз өз өмірлерін қиды.

Барыс септігі: қарай, таман, салым, тарта, жуық, таяу, шейін, дейін

атқосшы шауып кеткеннен кейін, әңгіме сол қалпымен жалғастырылды.

Шығыс: гөрі, бері, кейін, соң, бұрын, бетер.

Аз өмірін ұзатқан,

Ғылымға бойы толған соң.

Көмектес: қтар, бірге, қоса

Қалаға барсаңыз, мені қоса алып кетерсіз.

Демеуліктер - өздері тіркесетін сөздерге әр қилы қосымша реңктер жамайтын сөздер.

1. Сұраулы: ма, ме , ша, ше

Білмеймін тойғаны ма, тонғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашып, тай жарысқан.

2. Күшейткіш: да, де та, те, ақ, ау, ай

Құдай-ау сенің көргенің түс емес.

3. Нақтылық: қой, ғой, ды, ді, ты, ті

Азған елдің хандары,

Тақ үстінде отырғандары,

Жарлардан лаып байларға,

Сыйлар берсе керек-ті.

4. Шектік: қана, ғана, ақ

Кебек мұны естіп көп ойлады,

Асықпай біраз ғана еп ойлады.

5. Болжалдық: мыс, міс, ау

Танымаған қонаққа сыр білдірген

Көрсеқызар, жеңісқой ұрғашы-ау деп.

6. Болымсыздық: түгіл, тұрсын, тұрмақ.

Халқыма қарамастай қылдың мені,

Сен түгіл үлкендерге лайық емес,

Шығардың ойымда жоқ неменені?

7. Қомсыну: екеш

Мұнымен бөтен кісінің ісі жоқ ақылы кемел патша сол бала екеш балаға да көзін салып тұрған екен.

Наши рекомендации