Сәндік қолданбалы өнер тарихына қысқаша шолу және
Кіріспе
Сәндік қолданбалы өнер және мектеп қабырғасындағы оқушыларға ықпалы. Сәндік қолданбалы өнерінен үйірме жұмыстарын оқытудың теориялық негіздері
1.1 Сәндік қолданбалы өнер тарихына қысқаша шолу және түсінік беру;
1.2 Қазіргі заманауи талапқа сай технология сабағын оқыту әдістемесі;
1.3 Мектеп қабырғасында үйірме жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы;
Кіріспе
Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени – ғылыми ой-өрісі озық етіп тәрбиелеу - біздің қоғам алдындағы борышымыз. Ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры демекші, ұлт болашағы оның білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.
«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапаларға адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеу керек» - деген Шәкәрім атамыздың терең ойын негізге ала отырып, жас ұрпақтың бойына адамгершілік рухани қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеу үшін жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуды тәрбиелеу ұстаздар міндеті болып табылады.
Мектепте оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастырудың бірден бір жолы ғылым негіздерінен білім берумен қатар сол білімді алуға ынталықты яғни, оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, шығармашылық белсенділікті өз бетінше ізденуді арттыру. Еліміз тәуелсіздік алып басқа елдермен иық теңестіру үшін келешек қоғам иелерін ұлттық болашағын тәрбиелеу құрметті де қадірлі міндет болғанымен оны іске асыру оңай іс емес. Ұстаз әр уақытта өзінің бүкіл болмысымен алдындағы шәкірттеріне бойындағы барлық қуатын жұмсай отырып оны еліміздің еңбеккері имандылығы мол шапағатты, зиялы азаматетіп тәрбиелеуде міндетті екенін естен шығармаған жөн. Оқушылардық танымдық қызығушылығын үйірме, спорттық секциялар (волейбол, футбол, тоғызқумалақ, эстафета, еркін курес, көңілді спорт. т.б) және қол өнер үйірмелері (бейнелеу өнері, мүсін өнері, қазақтың қол өнер үйірмесі және т.б.) әр шәкірттің ойына өзгеріс енгізіп, сапасына сілкіне туғызу ұстаздар қауымына байланысты.
Бір дана: «Бір жылдығын бұрын ойлаған күріш егеді, он жылдығын бұрын ойлаған ағаш егеді ал жүз жылдығын бұрын ойлаған оқытады» деген екен. Олай болса адамгершілігі мол, тіршілік атаулыға жаналықтар – үлкен жүректі адамды қалыптастыру үшін қызмет ететініміз әр ұстаз жүрегін тербетері сөзсіз.
Білім негізі мектепте қаланады, яғни әрбір оқушының мектеп қабырғасында жүріп ойлау қабілеті дамиды. Жаңа білімді алу қажеттілігін туындатыды, оқып отырған пәнге деген қызығушылығын арттырады, өзіне-өзі сенімді, жан-жақты дамыған оқушыны тәрбиелейді. Сондай-ақ өмірге бейімделген жоғары мәдениетті, білімді ұрпақ дайындайды.
Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына тәрбие үрдісінің ықпалы жан-жақты қамтылады. Яғни, оқушы бойындағы мәдени құндылықтарды: әлеуметтік қатынас, адамгершілік қатынас, әстетикалық қатынас, дене мәдениетін жетілдіру көзделеді.
Оқушыларды жан-жақты дамыту мәселелері – бүгінгі қоғамның негізгі міндеттерінің бірі. Оқыту арқылы оқушыны дамыту Л.С.Выготский, А.В.Занков, В.В.Давыдов, Ж.Асанов және т.б. еңбектерінде негізгі орын алады.
Оқушылардың дамуында іс-әрекеттердің негізгі себеп екені зерттеу барысында айқындалды. Оқушыны дамытуда тәрбиенің өзіндік ықпалы, яғни тәрбиелей отырып оқыту сыныптан тыс уақыттағы жүргізілетін іс-шаралар ғылыми-теориялық тұрғыда қарастырылуы тиіс.
Мектеп қабырғасындағы оқушылардың жеке басының қасиетін дамытуда отбасы, мектеп, тектептен тыс мекемелер сыныптан тыс уақытта жүргізілетін іс-шараларды кіріктіре ұйымдастыру арқылы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкіншілігі бар екені анықталып отыр.
Жалпы сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда В.А.Сухомлинский: «Балалар әсемдік ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруге міндетті» деп айтады.
Мектеп қабырғасындағы оқушыларға сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар негізінен: оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін ары қарай дамытуға мүмкіндік жасау; оқушының қоғамдық белсенділігін дамыту; оқушылардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыру; белгілі бір еңбекке баулу; оны дамытуға ықпал ету көзделді. Оқушыларды жан-жақты дамытуда сыныптан тыс тәрбие жұмысының тәлімдік мәні аса зор екені ғылыми-теориялық еңбектерде және мұғалімдердің іс-тәжірибесінде дәлелденіп отыр. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын және үйірмелерді бүгінгі әлеуметтік-экономикалық, нарықтық, ұлтаралық қатынастарға және ұлттық ерекшеліктерге байланысты қарастыруды қажет етеді.
Диплом жұмысының міндеті:
- Мектептегі технология пәні арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді жолдарын анықтау;
- Білім беру ордасы – мектепте эстетикалық тұрғыдан білім берудің тиімділігі мен маңыздылығын зерттеу;
- Мектеп қабырғасындағы жеткіншектерді тәрбиелеуде қол өнерінің алатын орнын анықтау.
Диплом жұмысының объектісі –жалпыбілім беретін орта мектептерде сыныптан тыс қол өнер ұйымдарын ұйымдастыруды анықтау.
Диплом жұмысының мақсаты –технология сабағын тірекке ала отырып, яғни сабақ барысында алған білімдерін сыныптан тыс үйірмелерде жетілдіруге, сондай-ақ қойылған мақсатқа жету үшін:
1. Қазақ қолөнер бұйымдарының түрлері және оның қысқаша тарихын зерттеу;
2. Сыныптан тыс қол өнер ұйымдарының оқушыға тәрбиелік және танымдық тұрғыда берер әсерін зерделеу;
3. Сыныптан тыс үйірмелерді ұйымдастыруға жоспар құрудың ерекшелігін талдау;
4. Біз кесте өнерінің халық өнеріндегі маңыздылығы. Оқушыларға біз кестені үйретуге арналған оқу-құралын құрастыру.
Диплом жұмысының нәтижесінде біз кесте технологиясын қолдана отырып, триптих композициясын жасау (өсімдік тектес оюларды стилизациялау арқылы).
Дипломдық жұмысының құрамы:кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде қазақ халқының жалпы қол өнер бұйымдарының түрлері, қысқаша тарихы және күнделікті тұрмыстағы алар орны, мектептегі технология пәнін оқытудың әдістемесі, сыныптан тыс қол өнер үйірмесін ұйымдастырудың маңыздылығы, тиімді жолдары мен әдістемесі қарастырылған.
Сондықтан, дипломдық жұмысты орындау барысында жалпы орта білім беретін мектептегі .........
Қорытынды: Оқушылардың өнерге деген ынталарын арттыруға және өнер деген лкен әлемнің кішкентай бір бөлігін жүректеріне ұялату үшін технология сабақтарында «біз кестені» үйрету. ін толық мүмкіндігі бар.
Сәндік қолданбалы өнері және мектеп қабырғасындағы оқушыларға ықпалы. Сәндік қолданбалы өнерінен үйірме жұмыстарын оқытудың теориялық негіздері
Сәндік қолданбалы өнер тарихына қысқаша шолу және
Түсінік беру
Халықтық қолданбалы өнері - ата-бабаларымыздан келе жатқан, ұлттық санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан өнер түрі. Бұл жерде, этнопедагогиканың озық үлгілерімен оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлтық тәрбие беруді жүзеге асыруда -технология сабағының орны ерекше. Қазақ халқының қолданбалы өнер туындылары мейлі, ол мұражайларда, мейлі көрмеде тұрсын, күнделікті тұрмыс қажетін өтеп жатсын, оны халқымыздың өткен тарихымен, мәдени құнды мұрасымен, салт-дәстүрімен жалғастыратын дәнекер күш деп қарауымыз керек. Себебі, онда ұлттық тәрбиені жүзеге асырудың амал -жолдары, талап-тілектері, үлгі-өнегелері, әдіс-тәсілдері орын алған. Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесі халық қанша өмір сүріп келе жатса, сонша сол халықтың көкейкесті мәселесі болып келеді.
Қазақ қолөнерінің даму жолының өзіндік тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан бастау алады. Оған Қазақстан жерінде жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілерін дәлел ретінде көре аламыз. Яғни, қазақтың қолөнері Республика жерінде бағзы замандарда мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы басқа көне түркі тайпаларының мәдениетінен бастау алып, бүгінгі күнмен ұштасып жатқанынының айғағы. Мәдениеттанушы ғалымдарымыз қазақ қолөнерін тарихи кезеңдермен байланыстыра отырып, мынадай топтарға бөліп көрсетеді: