Зәр түзілу үрдісінің реттелуі
Зәр құыктан рефлекс түрінде шығарылады. Қуықта жиналған зәрдің қысымынан қуықтың кілегей қабығы мен ет қабатында орналасқан рецепторлар тітіркенеді. Тітіркеніс орталыққа тепкіш жыныс нервтері арқылы жүлынның қүйымшақ бөлігінде орналасқан зәр шығару орталығына беріледі. Орталықтан қозу импульсі орталықтан тепкіш симпатикалық және парасимпатикалық нервтермен қуық етіне, қуық қысқышына, зәр шығару каналының еттеріне бағытталады.
Зәр шығару орталығынан қуыққа импульс парасимпатикалық нервпен (жамбас нерві) бағытталса, қуық еттері жиырылғыш, қысқыш пен зәр шығру каналдары еттері босаңсиды да, зәр шығарылады Ал импульс қуыққа шажырқайлық түйіннен басталатын симпатикалық нерв (құрсақ нерві) арқылы бағытталса, қуық еттері босаңсып, қысқыш пен зәр шығару каналы еттері жиырылады да, зәрдің шығарылуы тоқтап, ол қуыққа жиналады.
Қалыпты жағдайда тәулігіне адам — 1-1,5 л, жылқы — 5-10 л, ірі қара — 6-20 л, қой-ешкі — 0,5 л, шошқа — 2-5 л, ит 0,5-2 л зәр шығарады.
Құстарда қуық болмайды, зәр ағар саңғуырға ашылады да, зәр нәжіспен араласып, организмнен қоймалжың зат түрінде шығарылады. Құс зәрінің құрамында көп мөлшерде зәр қышқылы болады.
Терінің құрылысы мен қызметі және бөлу жүйесінде алатын орны
Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері ағзадағы зат алмасу үдерісіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Сыртқы ортаның температурасы қаншалықты ауытқығанымен, адамның дене температурасы үнемі тұрақты болады. Дене температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістерді жылу реттелу дейді.
Тері арқылы сумен бірге түрлі тұздар (хлорлы), сүт қышқылы, азоттық алмасу өнімдері сыртқа шығарылады. Тері қанайналым үдерісінде қансақталу қоймасының да қызметін атқарады. Ересек адам терісінің қылтамырларында 1 литрдей қан болады. Теріде көптеген жүйке талшықтары, сезгіш жасушалар шоғырланған. Сондықтан тері сезім мүшесінің қызметін де атқарады. Адам тері арқылы бір заттың жанасқандығын, температураны, ауырғанды сезеді.
Терінің витаминдер алмасуына да қатысы бар. Теріде болатын ерекше заттардан күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен Д витамині түзіледі. Теріде аздаған мөлшерде газ алмасу үдерісі жүреді, яғни оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Адам терісіндегі тер, май және сүт бездеріарқылы ыдырау өнімдері бөлінеді. Теріде ағзадағы артық май қор ретінде жиналады
Тері — денені сыртқы ортадан шектеп тұратын жабынды қабық. Ересек адамда оның жалпы беткейі 1,5-2 м2 жетеді. Құрылысына, табиғатына және атқаратын қызметіне қарай ол үш қабатқа бөлінеді:
Терінің сыртқы қабаты - эпидермис (лат. ері - сырты, үсті, derma - тері), ортаңғы қабаты - нағыз тері(дерма), ішкі қабаты - шелді қабаты деп аталады. Соңғы кезде шелді қабатпен нағыз тері қабатын біріктіріп, бір қабат деп санауда.
Терінің эпидермис қабаты - көп қабатты жалпақ эпителий (жабын) ұлпасынан тұрады. Оның қалыңдығы атқаратын қызметіне сәйкес түрліше болады. Үнемі механикалық күш түсетін жерлерде (алақанда, табанда) эпидермис едәуір қалың (0,5-2,3 мм). Көкіректе, құрсақта, санда, білекте, мойында эпидермис қабатының қалыңдығы 0,02—0,05 мм-ден аспайды.
Эпидермистің өзі екі қабаттан тұрады. Оның сыртқы қабаты мүйізді қабат деп аталады. Бұл қабаттағы тіршілігін жойған жасушалар қайызғақтүрінде үнемі түлеп түсіп отырады. Қайызғақ көбіне шаштың арасынан айқын көрінеді. Эпидермистің мүйізді қабаты теріні сыртқы ортаның зиянды әсерлерінен қорғайды, ауру қоздырушы ағзаларды өткізбейді. Мүйізді қабаттан шаш, түктер, тырнақтар пайда болған. Эпидермистің ішкі қабатын - өсуші қабат дейді. Бұл қабатта бірқатар тірі жасушалар орналасқан. Ондағы жасушалардың үнемі бөлінуі арқылы тері қалпына келіп отырады. Өсуші қабаттағы жасушалардың бөлініп көбеюі тырнақтардың да, түктердің де өсуіне септігін тигізеді. Терінің екінші қабаты - нағыз тері қабаты (дерма). Дерма «тері» деген ұғымды білдіреді. Сондықтан да тері ауруларын емдейтін дәрігерді дерматолог деп атайды.
Терінің дерма қабаты дәнекер ұлпадан түзілген. Оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Дерманың эпидермиске жанаса орналасқан сыртқы қабатын -емізікшелі (сосочковый), ішкі жағын - торлы (сетчатый) қабат дейді. Дерманың емізікшелі қабаты тығыз талшықты дәнекер ұлпадан тұрады. Бұл қабатта қантамырлары, лимфа тамырлары, жүйке талшықтары өте жиі орналасқан. Эпидермисті қажетті қоректік заттармен осы қабат қамтамасыз етіп тұрады. Емізікшелі қабаттағы тарақ, емізік тәрізді өскіндерге байланысты әр адам терісінің сыртқы бедері түрліше болады. Қылмысты істерді анықтауда саусақ ұшындағы тері бедері көп пайдасын тигізеді. Дерманың торлы қабаты, тірек қызметін атқарады. Дермада май, тер бездері және түк түбірлері орналасады.
Теріде сүт бездері болады. Тер бездері де сыртқы секреция бездеріне жатады.
Тер бездерінің пішіні түтікке ұқсас, оның өзегі терінің сыртына кішкене тесікшелер - шұрықтар түрінде ашылады. Тер бездері алақанда, табанда, қолтықта, тақымда көп шоғырланған. Тер бездері арқылы термен бірге ыдырау өнімдері бөлінеді. Тер бездерінен бөлінген тер дене температурасының тұрақтылығын сақтайды. Балаларда тер бездері нашар дамыған. Тер бездері дененің әр түрлі беткейінде бірдей таралмаған. Адамда олар алақан мен табанда көп болады. Терінің жұқарған жерінде (құрсақ пен кеуденің вентральдық бөлігінде, қолтық пен шатта, құлақ қалқанында т.б.) олар көбірек. Адаммен салыстырғанда малда тер 2-3 есе аз бөлінеді, оның себебі тер бездері қанмен нашарырақ жабдықталады. Тәулігіне адам — 1 л (жазда 2-2,5 л), жылқы 2,5-3 л, сиыр — 4-5 л тер бөледі.
Майлы бездердің өзектері түктердің түбіріне ашылып, түктерге, теріге май бөледі. Майлы бездерден бөлінген май теріні құрғап кетуден сақтайды, теріге суды өткізбейді. Терінің жұмсақтығы мен серпімділігін қамтамасыз етеді. Майлы бездер баста, бетте көбірек болады. Теріде болатын ерекше жасушалар күнніңультракүлгін сәулелерінің әсерінен пигмент (меланин) бөліп, терінің түсі қараяды. Оның қорғаныштық мәні бар.
Тері шелмайы қабаты (гиподерма) да дәнекер ұлпадан тұрады, онда майлы қосылыстар көп болады. Мұнда жиналған майлы заттарды ағза қажет кезінде пайдаланады. Терінің бұл қабаты ағзаны суықтан және сыртқы ортаның механикалық әсерлерінен қорғайды. Шаш, түктер, тырнақ - эпидермистің қосалқы мүйізді түзілістері. Алақанда, табанда, ерінде түктер болмайды. Бас терісінде қалың өскен түктер - шаш деп аталады. Шаштың теріден сыртқа шығып тұрған бөлігі - сояуы (қылшығы), терінің астында түбірі мен жуашығы орналасқан. Түктің жуашығы мен түбірінің сыртын түк қалтасы қоршап тұрады. Түк жуашығымен қантамырлар, жүйкелер және түкті тікірейтетін бұлшықеттер байланысқан. Түк қалтасына майлы бездердің өзегі ашылып, шашты (түктерді), теріні майлап тұрады.
Құрылым ерекшеліктеріне байланысты тері бірнеше қызмет атқарады.
1. Қорғаныстық қызмет — серлімді берік құрылым болғандықтан
тері денені қысым, үйкеліс, сокқы әсерінен туындайтын механикалық зақымданудан сақтайды.
2. Тері организмді шамадан тыс су жоғалтудан, ультракүлгін сәулелерден, ауру тудырушы микроорганизмдердің енуінен сақтайды.
3. Теріде ультракүлгін сәуле әсерімен эргостериннен Д дәрмендәрісі
түзіледі.
4. Өзінде орналасқан қан тамырларының арнасын, тер бездерінің
әрекетін өзгерту арқыпы және шел майын жинауға байланысты тері
жылу реттеу процесіне қатысады.
5. Тері болу процесінде маңызды рөл атқарады, Тер арқылы денеден су мен минералды тұздардың артық мөлшері, азотты заттардың алмасуы нәтижесінде түзілген соңғы өнімдер бөлінеді.
6. Теріге тыныстық қызмет те тән. Таза теріде 1 % мөлшерінде газ
алмасу процесі атқарылады.
7. Теріде жанасу, ауырсынту әсерлерін, температура ауытқуларын
қабылдайтын сезімтал нерв ұштары орналасады.
8. Тері организмді сырткы орта құбылыстарына бейімдейтін маңызды мүше.
Тер және май бездерінің әрекеті нәтижесінде тері экскрециялау қызметін атқарады. Тер құрамында су, минералды заттар (хлоридтер, сульфаттар, фосфаттар), несепнәр, зор қышқылы, креатинин, май қышқылдары т.б. зат алмасу өнімдері бөлінеді.
Тері рефлекс ретінде жылылықты қабылдайтын сезімтал нерв үшта-рының тітіркенуіне жауап түрінде бөлінеді. Тер бөлуді реттейтін орталық жұлында орналасады. Тер бездері үшін симпатикалық нервтер секрециялық нерв болып табылады.
Тырнақ — саусақ ұштарының сыртында орналаскан жалпақ мүйізді түзіліс. Тырнақ та шашқа ұқсас үнемі өсіп отырады.
Терінің қызметі
Тері - ағза мен қоршаған ортаны байланыстырушы мүше. Терінің қызметі денеміздегі барлық мүшелер жүйесінің қызметімен тығыз байланысты. Мүшелердің, мүшелер жүйесінің қызметінің бұзылуы теріден айқын байқалады. Мысалы, терінің қызаруы, қышуы, бөртуі, т. б.
Терінің қорганыштық қызметі
Сыртқы ортаның механикалық әсерлерінен қорғайды. Суықтан, ыстықтан, ауру қоздырушы микробтардан, зиянды заттардан да қорғайды.
1-СОӨЖ тақырыбы:Балалар мен жасөспірімдердің өсу және даму заңдылықтары
Жоспар:
1. Бала ағзасының өсу мен даму үрдісіне түсінік беру
2. Онтогенез туралы түсінік беру
3. Дамудын гетерохрондылығы және үйлесімділігі
4. Акселерация және ретардация
Әдебиеттер:
1. Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негіздері. Алматы, АлМУ.1985.
2. Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, ифзиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. Алматы, РБК, 1993.
3. Жұмабаев С.Ж. Жас ерекшелік физиологиясы. Алматы, 1997.
4. Матюшонок М.Т.; Турик Г.Г., Крюкова А.А. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы. Алматы, мектеп, 1986.
5. Хрипкова А.Г., Андропова М.В., Фарбер Д.А. Возрастная физиология и школьная гигиена. М., Просвещение, 1990.
6. Сапин М.Н., Брыскина З.Г. Анатомия и физиология детей и подростков. М., Академия, 2000.
2-СОӨЖ тақырыбы:Жүйке жүйесінің физиологиясы және жас ерекшеліктері.
Жоспар:
1. Жүйке үлпасы
2. Жүйке үлпасының физиологиялық қасиеті
3. Нейрон және синапс
4. Жүйке орталықтары
Әдебиеттер:
1. Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негіздері. Алматы, АлМУ.1985.
2. Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, ифзиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. Алматы, РБК, 1993.
3. Жұмабаев С.Ж. Жас ерекшелік физиологиясы. Алматы, 1997.
4. Матюшонок М.Т.; Турик Г.Г., Крюкова А.А. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы. Алматы, мектеп, 1986.
5. Хрипкова А.Г., Андропова М.В., Фарбер Д.А. Возрастная физиология и школьная гигиена. М., Просвещение, 1990.
6. Сапин М.Н., Брыскина З.Г. Анатомия и физиология детей и подростков. М., Академия, 2000.
3-СОӨЖ тақырыбы: ОЖЖ анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
1. Бас миды зерттеудін казіргі кездегі әдісттері
2. ОНЖ тежелу.
3. Бас мидын қыртыс бөлігінің морфофункциональды құрлымы, оның балаларда даму ерекшеліктері.
4. Вегетативты жүйке жүйе.
Әдебиеттер:
1. Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негіздері. Алматы, АлМУ.1985.
2. Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, ифзиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. Алматы, РБК, 1993.
3. Жұмабаев С.Ж. Жас ерекшелік физиологиясы. Алматы, 1997.
4. Матюшонок М.Т.; Турик Г.Г., Крюкова А.А. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы. Алматы, мектеп, 1986.
5. Хрипкова А.Г., Андропова М.В., Фарбер Д.А. Возрастная физиология и школьная гигиена. М., Просвещение, 1990.
6. Сапин М.Н., Брыскина З.Г. Анатомия и физиология детей и подростков. М., Академия, 2000.
4-СОӨЖ тақырыбы: Баланың даму процессінде жоғары жүйке әрекетінің қалыптасуы.
Жоспар: 1.Мектепке дейнгі балардың ЖЖӘ
2.Мектеп жасындағы балалардың ЖЖӘ
3.ЖЖӘ балалар мен жасөспірімдерде әртүрлі факторлардың әсерінен өзгеру.
4.ОЖЖ әрекетін қадағалау принципы.А.А.Ухтомскидің доминанта тураыл ілімі. Педагогикалық іс әрекетте доминантанын маңызы.
Әдебиеттер:
1. Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негіздері. Алматы, АлМУ.1985.
2. Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, ифзиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. Алматы, РБК, 1993.
3. Жұмабаев С.Ж. Жас ерекшелік физиологиясы. Алматы, 1997.
4. Матюшонок М.Т.; Турик Г.Г., Крюкова А.А. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы. Алматы, мектеп, 1986.
5. Хрипкова А.Г., Андропова М.В., Фарбер Д.А. Возрастная физиология и школьная гигиена. М., Просвещение, 1990.
6. Сапин М.Н., Брыскина З.Г. Анатомия и физиология детей и подростков. М., Академия, 2000.
5-СОӨЖ тақырыбы: Оқу-тәрбие процесінің гигиенасы
Жоспар:
1 Балалар мен жасөспірімдердің жұмыс қабілеттілігі.
2 Сабақ ұзақтығы.
3 Сабақ кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар.
4 Жазу және оқудың гигиенасы.
Әдебиеттер:
1. Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негіздері. Алматы, АлМУ.1985.
2. Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, ифзиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. Алматы, РБК, 1993.
3. Жұмабаев С.Ж. Жас ерекшелік физиологиясы. Алматы, 1997.
4. Матюшонок М.Т.; Турик Г.Г., Крюкова А.А. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы. Алматы, мектеп, 1986.
5. Хрипкова А.Г., Андропова М.В., Фарбер Д.А. Возрастная физиология и школьная гигиена. М., Просвещение, 1990.
6. Сапин М.Н., Брыскина З.Г. Анатомия и физиология детей и подростков. М., Академия, 2000.
6-СОӨЖТақырыбы: Тәрбиелеу процесінің режимі және гигиенасы.
Жоспар: 1. Күн режимінің түсінігі.
2. Баланы дұрыс тәрбиелеу жолындағы
күн режимінің педагогикалық және
гигиеналық маңызы.
3. Оқушы режимінің ерекшеліктері.
4. Оқушының сабақтан тыс уақытындағы іс-әрекетін
ұйымдастыру.
5. Баланың жас мезгілін ұйымдастырып өткізу жайлы
іс-тәжірибесін мысалға келтіру.
Әдебиеттер:
1. Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негіздері. Алматы, АлМУ.1985.
2. Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, ифзиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. Алматы, РБК, 1993.
3. Жұмабаев С.Ж. Жас ерекшелік физиологиясы. Алматы, 1997.
4. Матюшонок М.Т.; Турик Г.Г., Крюкова А.А. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы. Алматы, мектеп, 1986.
5. Хрипкова А.Г., Андропова М.В., Фарбер Д.А. Возрастная физиология и школьная гигиена. М., Просвещение, 1990.
6. Сапин М.Н., Брыскина З.Г. Анатомия и физиология детей и подростков. М., Академия, 2000.
7-СОӨЖ Тақырыбы: Мектептің микроклиматы.
Жоспар: 1. Мектептің микроклиматы жайында
ұғым.
2. Мектептің ішіндегі микроклиматтың маңызы
мен құрастыру әдістері.
3. Ауа режимдеріне, желдетуге, жасанды, табиғи
жарыққа қойылатын гигиеналық талап.
4. Мектеп үйінің шаң- тозаңымен күресу
және мектептің жер учаскесінің микроклиматқа
әсері.
5.Сынып бөлмесінің жарықталуы мен
микроклиматына зерттеу жасау.