Студент-практикант портфолиосы

Ж.

Бағдарлама ҚР Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты мамандық ҚР МЖМБС 6.08.073-2010, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенттерінің кәсіби практикасы туралы Ереже (21.11.2013 ж) талаптарына сай жасалды.

Бағдарлама құрушылар: Ғ.М.Ниязова , Ә.Ж.Ұлықпанова, Г.С.Обаева

Эксперт (тер):

Ф.ғ.к. доцент Т.Ж.Тоқсанбаева, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

Бағдарлама филология факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған.

ОӘК төрағасы________________ М.Т.Күштаева

Оқытуды ұйымдастыру басқармасының бастығы _______________А.У.Бекбауова

Практика жетекшісі_________________А.Ж.Карагулова

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АННОТАЦИЯСЫ

Практика болашақ педагогтардың педагогикалық білік , дағдыларын, педагогикалық танымдары мен педагогтардың негізгі кәсіптік сапаларын қалыптастыру дамытуға нақты көмектеседі.

Қоғамның жаңа әлеуметтік – экономикалық даму жағдайында, әлемдік мәдени – білім беру кеңістігіне шығу, дамыған елдердегі білім беру жүйесі мен педагогикалық ғылымдардың қазіргі даму тенденциясы, әлемдік педагогикадағы жинақталған тәжірибелерді талдау, т.б. қазіргі педагог мамандарды сапалы даярлауды талап етеді.

Бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, педагогикалық процесті жүйелі түрде алдын-ала болжай алатын, оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби психологиялық-педагогикалық қызметті дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы керек.

Болашақ мұғалім мамандығын дайындау жүйесінде педагогикалық практика негізгі рөл атқарады. Ол жоғары оқу орнының тұтас педагогикалық процестен бөлінбейтін бөлігі бола отырып, мұғалімді дайындаудың теориялық және практикалық бірлігін қамтамасыз етеді.

Үздіксіз педагогикалық практика: Тұжырымдаманың жетекші идеяларын іске асыруға; білім беруді ізгілендіру, демократияландыру және интеграциялау идеяларын ендіруге, оқу орнының педагогикалық процесіндегі болашақ мұғалімнің тұлғалық, белсенді-шығармашылығын, кәсіби құзырлығын қамтамасыз етуге жағдай жасайтын жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие іс-әрекетінің барлық жүйесін бағдарлауға; оқу-тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Педагогикалық практика мына талаптар арқылы өткізіледі:

- мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің объектісі – тұтас педагогикалық процесті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;

- студент оқу іс-әрекетінің біртіндеп күрделенуіне байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жүйелілігі, кезеңдері. Кәсіби дайындаудың әрбір кезеңінде оқыту міндеттерінің тереңдетілуі, теориялық жағынан қамтамасыз етілуі, студенттердің өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі және олардың дара ерекшеліктерін ескеру негізі болып табылады.

- Психологиялық-педагогикалық ғылымдарының және практикасының классикалық, сонымен бірге инновациялық жетістіктерінің интеграциясы.

- Бірінші курстан бастап бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканың барлық түрін өткізу процесінде болашақ мұғалімді ғылыми-зерттеу жұмысына бағыттау.

- Педагогикалық практиканың болашақ мұғалімнің нақты мамандығына қарай бағыттылығы;

Практиканы жүзеге асыру: оның құрамы, ұйымдастыру мен өткізудің негізгі типтік орындары, нәтиженің қорытындысы және презентация. Жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия, лицейлер. Ұйымдастыру және қорытынды конференциялар ұйымдастыру, фольклорлық және диалектологиялық, тіл-танымдық практикалар жергілікті жерде экспедиция барысында жүргізіледі.

Жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия, лицейлер.

Әдеттегідей, өндірістік тәжірбе ғылыми орталықтарда, кафедралар және кәсіпорындарында жүргізіледі.

Практиканы өтуінің мақсаты:

Педагогикалық практика мектептерде, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарында жүргізіледі.

Өндірістік және педагогикалық практика жетекшісін кафедра профессор-оқытушылар құрамынан тағайындайды.

Студент педагогикалық практикасын мектептерде, лицейде және гимназияда өткізе алады. Практикада мектептегі қазақ тілі және әдебиет сабақтарын және сыныптан тыс, мектептен тыс мекемелерде шараларды өткізу дағдыларын меңгеру ұйғарылады және де мектеп құжаттарын жүргізуді үйренеді. Педагогикалық практика 4 курста базалық мектептерде оқытушылардың жетекшілігімен өткізіледі.Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың базасы: жалпы білім беретін мектептер және инновациялық мектеп типтері (мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер, көркем-өнер мектептері және басқалар).

Практиканың өтуінің мақсаты білім нәтижесінің (БН) төмендегі жетістіктеріне қол жеткізеді:

білім:

· Тұтас педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің дайындығын қалыптастыру;

· Кәсіби-педагогикалық және тұлғалық-кәсіби іскерліктерін дамыту (сабақтың оқыту, дамыту және тәрбиелік міндеттерін, өз мамандығының пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттерін шешу және анықтай білуі).

· Кәсіби біліктілігін дамытуды жоспарлай білуді және оны нарық жағдайындағы білім беруде жүзеге асыру.

· пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің қызметін толық орындауға, оқушылармен оқу-тәрбие жұмысының жүйесін өткізуге дайындау.

білік:

· Дәстүрлі және жаңашыл технологиялардың оқыту әдістерін үйлесімдікте пайдалану.

· Педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық, зерттеушілік әдісін қалыптастыру;

· Тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру дайындығына өзіндік баға беруді қалыптастыру;

· Болашақ мұғалімдерінің педагогикалық жағдысы мен іскерліктерін, кәсіптік бейімділіктерін қалыптастыру, дамыту.

дағды:

· Мектептің, сыныптың тұтас педагогикалық процесс жағдайы және оқушы тұлғасын қалыптастыру және диагностикасын жүргізу үшін жалпыпедагогикалық және жалпыпсихологиялық білім, іскерлік, дағдыларды жетілдіру;

· Педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық, зерттеушілік әдісін қалыптастыру;

· Оқу-тәрбие мекемелеріне бала тәрбиелеу міндеттерін шешуде жан-жақты көмек көрсету

Аталған БН төмендегі компетенциялардың қалыптасуының негізі болып табылады: (ҚР МЖМБС 5.03.005-2009 (2009.09.01) (университеттің ПП 08.06/16) және негізгі білім бағдарламасын (НББ) игеру нәтижесіне сәйкес) жалпы мәдени компетенциялар (ЖК)

Ақпараттық– технологиялық құзыреттілік: Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша материалдарды ақпараттық-технологиялық тұрғыда талдай білу, білім мен ақпаратты игере білу.

Этномәдениеттанымдық құзыреттілік:

қазақ халқының ұлттық ерекшеліктеріне мән бере отырып, қазақ халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, халық ауыз әдебиетімен, мақал-мәтелдерімен, шешендік өнерімен, қанатты сөздерімен ұлттық ойындарымен, ұлттық кәсібімен қолөнер бұйымдарымен, ұлттық сазды аспаптарымен, ұлттық тағамдарымен, т.б. танысып, жаңа ақпараттар алуы .

Әлеуметтік - еңбек құзыреттілігі: Пән бойынша практикалық тұрғыда талдау жасай білу;

кәсіптік компетенциялар (КК)

Тілдік құзыреттілік:

Коммуникативтік құзыреттілік:

Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі: Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша теориялық білімді игеріп, практикалық дағды алу. Қазақ тілін оқыту әдістемесі мәселелері бойынша зерттеу жүргізе білу.

2. ЖКО НББ құрылымында практиканың орны.

Педагогикалық практиканың мазмұны

1. Меңгеру:

- құжаттар /мемлекеттік стандарт, оқу, тақырыптық, сабақ жоспары, пән бойынша сабақтан тыс жұмыстардың жоспары, тәрбие жұмысының жоспары т.б./;

- өзі бекітілген сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесінің деңгейі;

- жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері;

- оқу-тәрбие іс-әрекеттерінің психологиялық аспектісі / сабақтың психологиялық құрылымы, оқушылардың қызығушылығы, педагогтік этика, танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері, қарым-қатынас, сабақтағы микроклиматы/;

- пән бойынша оқудан және сыныптан тыс жұмыстар жүйесі;

- пән бойынша оқушылардың іскерлігі; білім деңгейі:

- сыныптағы тәрбие процесі /жоғары сынып оқушыларының даму заңдылықтарын есепке алу, субъект-субъекттік қатынас, жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділігі, қызығушылығы және мінез-құлық тәртібі/;

2. Іске асыру:

- пән мұғалімінің және сынып жетекшілерінің іс-әрекеті;

- жаңа технологияларды пайдаланып өткізілген сабақтан психологиялық-педагогикалық талдауы;

- оқытудың интерактивтік әдістері, қазіргі инновациялық технологияларды пайдаланылған оқыту әрекеттері;

- оқыту әдістерін және қазіргі комьпютерлік технологияларды пайдалану;

- ата-аналармен жұмыс әдістері мен жекеленген түрлерінің ынтымақтастық негізінде оқу-тәрбиелік үрдісін ұйымдастыру /ата-аналар жиналысына дайындық, сұқбаттасу, сауалнамалық сұрақ/;

- оқушылармен кәсіби бағдарлық жұмыстар;

- жалпы мектептік тәрбиелік іс-шаралардың психологиялық-педагогикалық талдауы;

- пән бойынша оқушылардың жалпы мектептік іс-шаралар өткізу және дайындық /пәндік кештер, апталық, олимпиада, конкурстар, білім күні/;

- ұжымдық шығармашылық іс-әрекет негізінде жалпы мектептік тәрбиелік іс-шаралар өткізу тақырыптар кештер, күзгі баллдар және т.б.

3. Қатысу:

- мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысы;

- пән-мұғалімдернің әдістемелік бірлестік жұмыстары;

- сынып жетекшісінің семинар жұмыстары;

- кіші педагогикалық жұмыстары /студенттердің/;

- оқыту іс-әрекетінің анализі және өзіндік анализі;

- оқушылармен тәрбие жұмыстарының анализі және өзіндік анализі.

Педагогикалық практика кезінде болашақ мұғалімдерде педагогикалық қызметтің құрамындағы төмендегідей біліктер мен дағдылар қалыптасуы тиіс.

І. Конструктивті-жоспарлау қызметі

1. Оқытудың мақсатына сәйкес түрлі тиімді әдістер мен тәсілдерді қолданып әр түрлі сабақтарды жоспарлау.

2. Оқу материалын таңдау және көлемін анықтау.

3. Оқушылардың қызығушылығы мен жеке танымдық қажеттілігін және дайындық деңгейін ескере отырып сөйлеу әрекетінің әр түріне үйрету үшін мәтіндерді таңдау.

4. Жаттығулардың түрлерін, олардың әдістемелік мақсатын, сөйлеу дағдысы мен білігін меңгеру кезеңдеріне сәйкес жаттығулардың орындалу бірізділігін, сонымен бірге оқу материалының қиындығын және оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып анықтау.

5. Оқу процесіне қажетті көрнекілік құралдарды жасау, ресімдеу.

6. Кластан тыс жұмыстарды жоспарлау.

7. Педагогикалық практика кезінде студенттердің жұмыстарының кестесін құру, жеке күнтізбелік жоспар құру.

ІІ. Ұйымдастырушылық қызмет

Студент істей білуі керек:

1. Сабақта жоспарланған жоспарды орындауды ұйымдастыру.

2. Жоспарланған сабаққа сәйкес оқушылардың коммуникативтік-білімділік іс-әрекетін ұйымдастыру.

3. Жұмыстың жаппай, топтық және жеке түрлерін үйлесімді бірлікте пайдалану.

4. Оқу процесінде оқушылардың аудиовизуалды техникалық құралдарын тиімді пайдалану.

5. Оқушыларға тілді үйретуде өзіндік жұмыстың барынша тиімді тәсілдерін үйрету.

6. Сабақта және сабақтан тыс уақытта тілдік ойындар, жарыстар мен конкурстар ұйымдастыру.

ІІІ. Коммуникативтік-білім берушілік қызмет

Коммуникативтік-білім берушілік қызмет оқушы мен мұғалімнің арасында дұрыс қарым-қатынас орната білуді білдіреді.

Бұл үшін студент-практикант үйренуі тиіс:

1. Мұғалім-класс, мұғалім-оқушы, мұғалім-класс, оқушы-оқушы қатынасында жұмыс істеу.

2. Оқушылардың тілдік әрекетін ынталандыру үшін жоспарланған тілдік жағдаяттарды пайдалану.

3. Оқушылардың сөйлеу біліктері мен білімдерін бақылауды анықтау және дағды мен біліктің қалыптасу деңгейін дұрыс анықтап, бағалай білу.

4. Оқушылардың тіліндегі қателердің сипатын, олардың себебін және болдырмау немесе алдын алу және жөндеу тәсілдерін анықтау.

5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру үшін әр түрлі жұмыстарды пайдалану.

IV. Тәрбиелік қызмет

Студент-практикант істей білуі тиіс:

1. Оқушыларды отансүйгіштікке, өз туған елінің және басқалардың мәдениеті мен салтын, дәстүрін құрметтеуге, дәріптеуге үйрету.

2. Оқушыларда адамгершілік, эстетикалық тәрбиелерді қалыптастыру.

V. Зерттеушілік қызмет

Студент-практикант істей білуі тиіс:

1. Студент-практикант өзінің, жолдастарының, пән мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибелерін бақылап, талдап, қорытынды жасауы тиіс.

2. Өзі жұмыс істеген класты зерттеу.

3. Пән бойынша оқулық, оқу құралдарына әдістемелік талдау жасау.

4. Оқушылардың білімділігі мен тәрбие деңгейін анықтау, олардың өзара қарым-қатынасын зерттеу.

№ қ/с Құзіреттілік аттары НББ-ның негізгі бөлімдері НББ-ның қосымша бөлімдері
Жалпы мәдени құзіреттіліктер
  Этномәдениеттанымдық құзыреттілік    
  Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі    
Кәсіптік құзіреттіліктер
  Тілдік құзыреттілік    
  Ақпараттық– технологиялық құзыреттілік    

Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінің педагогикалық тәжірибесі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және студенттердің теориялық білімдерін бекітіп, тереңдетуді мақсат етеді. Педагогокалық практика студенттерді мұғалімдік мамандыққа іс жүзінде дағдыландырып, озат іс тәжірибені игеруді үйретеді.

3. Практиканың құрылымы және мазмұны.

Практиканың жалпы көлемі _____диф.сынақ санынан, 4 және 6 кредиттен тұрады.

3.1. Практиканың мазмұны

Педагогикалық практика – студенттерге кәсіптік білім беру жүйесіндегі ерекше сана. Мұғалім кадрларын кәсіптік тұрғыдан даярлау жүйесінде педагогикалық практика маңызды роль атқарады. Болашақ мұғалімдерді теориялық жағынан оқыту мен олардың оқу-тәрбие мекемелеріндегі өздігінен атқаратын жұмысын байланыстырушы буын болып табылады, студенттерді педагогикалық қызметінің бастапқы тәжірибесімен қаруландырады.

І. Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері мыналар:

1. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық дағдысы мен іскерліктерін, кәсіптік бейімділіктерін қалыптастыру, дамыту.

2. Студенттердің болашақ мамандығына қызығушылығы мен сүйіспеншілігін оятып, педагогикалық қызметке шығармашылықпен қарауға тәрбиелеу.

3. Оқу-тәрбие жұмысындағы бүгінгі заман талабына сай алдыңғы қатарлы педагогикалық ізденістермен, озат педагогикалық тәжірибемен танысу.

4. Оқу-тәрбие мекемелеріне бала тәрбиелеу міндеттерін шешуде жан-жақты көмек көрсету. Педагогикалық практиканың негізгі мақсаты – пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің қызметін толық орындауға, оқытушылармен оқу-тәрбие жұмысының жүйесін өкізуге дайындау.

Өскелең ұрпаққа кәсіптік бағдар беру ісі еңбек тәрбиесінің құрамдас бөлігі ретінде оқушының жан-жақты дамуына ықпал етеді. Еңбекке дұрыс, жауапкершілікті қарым-қатынасты қалыптастыру, еңбекті ең маңызды іс ретінде қабылдата білу оқушыға болашақта қызметтің кез келген саласында қажет сапа. Сондықтан бұл шараға оқу-тәрбие саласында қызмет жасайтын әрбір азамат жауакершілікпен қарап, оқушыларға мамандықтар туралы маңызды мәлімет беретін түрлі оқу-тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастыруы парыз:

1. Сынып жетекшісіне көмек көрсету. Ол үшін кәсіптік бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын жасау, әдебиеттер жөнінде оқушылар алдында шолу жасау.

2. Мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін ұйымдастыру.

3. Әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты оқушылар үшін оқырмандар конференциясын, пікірталастар, тақырыптық кештер, нақты бір мамандық иелерімен кездесулер ұйымдастыру.

4. Жұмысты осы бағытта ұйымдастыру кәсіптік бағдар беру ісін жетілдіруге мүмкіншілік жасайды.

5. Кәсіптік бағдар беру жүйесіне байланысты студент- практикант білуі тиіс ұғымдар:

Кәсіптік диагностика кәсіптік бағдар беру мақсатына байланысты әрбір оқушыны зерттейді. Осының нәтижесінде мамандықты таңдауда оған баланың дайындығын, ынтасын және қабілетін анықтайды. Ол үшін мынадай әдістерді қолдануға болады: оқушылардың құжаттарын, іс-әрекеттерінің жемісін талдау; практикалық іс-әрекетін, жүріс-тұрысын (мектепте, қоғамдық орындарда, отбасында, еңбекте) зерттеу, анкета мәліметтерін зерттеу; әңгіме-сұхбат; педагогикалық эксперимент; тәуелсіз мінездемені жинақтау әдісі.

Тәуелсіз мінездемені жинақтау әдісін ұсынған профессор К.К. Платонов. Бұл әдістің мәні: мұғалімдерден, ата-аналардан, оқу-өндірістік практиканы басқарған нұсқаушыдан және дәрігерден түскен мінездеме мәліметтеріне сүйеніп, сынып жетекшісі оқушыға объективті мінездеме береді.

Кәсіптік білім беру –кейде кәсіптік ақпарат деп те аталады. Кәсіптік білім беру – бұл әртүрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде оқушыларды біліммен қаруландыру.

Мамандықты саналы таңдауда екі факторды еске алу керек:

1. Оқушылардың білім деңгейі.

2. Оқушылардың жеке қасиеттері.

Кәсіптік консультация-әрбір оқушыны өзінің мамандығын анықтауда жан-жақты зерттеп, оған консультация беру арқылы көмек көрсету.

Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Сынып жетекшісі үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді. Мұндай міндетті шешу үшін сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспарында:

- оқушылардың отбасын зерттеу;

- ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру;

- сыныптағы ұжымдық істерге ата-аналарды тарту;

- сыныптың ата-аналар комитетінің жұмысын педагогткалық басқару;

- ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу;

- ата-аналарды оқушылардың оқу, тәрбие үрдісінің нәтижелерімен, барысымен жүйелі таныстыру, хабардар етуді қамтамасыз ету жұмыстары міндетті түрде қамтылуы тиіс.

4. Бақылау формасы.

Ағымдағы аттестация студенттерге практика жетекшісінің төмендегі уақыт интервалдарындағы қойған баллдарына сәйкес жүргізіледі:

1. мектептегі қатысымды тексеру;

2.зерттеу жұмыстарының жүргізу барысын қадағалау.

3. жеке тапсырма/практикалық жұмыстарды орындауы;

4. студенттің жеке басының сапасына (ұқыптылығы, ұйымдастырушылығы, орындаушылығы, жаңашылдығы т.б.)

Аралық бақылау практика біткеннен кейін мына формада жүргізіледі:

портфолио материалдарындайындау,

практиканың есебін қорғау (аралық бақылау бітіртуші кафедра ұйымдастырған комиссиясы бойынша практиканың құжаттарын қабылдау, кәсіпорынның (ұйымның) берген мінездемесі мен бағасы, студенттің практиканың өтуі бойынша ауызша баяндамасы арқылы жүзеге асырылады).

5. Практиканың оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі.

Практиканың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі.

Негізгі:

1. Қ.Байтанасова. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. -Астана, 2011.

2. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. А., 2003.

3. Бітібаева Қ.Әдебиетті оқыту әдістемесі. – А., 1997.

4. Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., Мектеп,1979.

5. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., Мектеп, 1985.

6. Дайырова Ә.Қазақ тілі мен әдебиеті ,1994, №2.4. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., Мектеп,1993.

7. Қазақ әдебиетінің методикасының мәселелері. А. 1983.

8. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Рауан,1997.

9. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. А., Рес.баспа каб.,1997.

10. Жұмажанова Т. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-

әдістемелік негіздері.А.,1995.

Қосымша:

1. Мемлекеттік білім стандарты. А., 2000.

2. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдасы. А., 2000.

3. Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., 1979.

4. Дайырова Ә. Орта мектепте І. Жансүгіров творчествосын оқыту. А., 1969.

5. Қалиев С. Мектепте Ғ. Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары. А., 1974.

6. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., 1981.

7. Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. А., 1981.

8. Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. А., 1999.

9. Қазақ әдебиетін жаңа технологиямен оқытудың кейбір жолдары /методикалық жинақ/.

  1. Құсайынов А., Оқулықтану мәселелері. А., 2000.

11. Кәрібаев Ш.Әдебиет ,А.,Қазмембас, 1935 ж., 245б.

12. Сница Ұстаздық шеберлік пен педагогтік такт,М.,1978.

13. Бітібаева Қ. Сабақ тиімділігін арттыру. А.,Рауан,1991.

14. Сманов Б. Кейіпкер табиғатын таныту. Рауан.1992.

15. Дайырова Ә. Әдебиет әлемінде. Рауан. 1992.

16. Тілешова С. 6-кластағы әдебиет сабақтары үшін дидактикалық материалдар.

17. С.М. Алтыбаева Основные тенденций развития казахской прозы периода

Независимости. – Алматы: 2010.

11. Тәжібаев Т.XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ағарту жұмысы мен

педагогикалық ойдың дамуы А.,Қазмембас,1962 ,507б.

18. Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. 5-11 сыныптар. А., 1999.

5.Практиканың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі

Жеке тапсырмалар / Практикалық жұмыстар:

1.Компьютер класына арналған сабақ жоспарларын дайындау.

2. Интерактивті тақта бойынша слайдтар,сабақтардың тіл дамытуға арналған материалдары .

3. Электронды презентациялар/слайдтар;

4. Презентациялық техникалармен жабдықталған сыныптан жұмыс түрлері.

7.ЕСЕП ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

1.Мектеп педагогикалық кеңесінің педпрактикадан өткен студенттедің жұмысы туралы мәселе қараған хаттамасынан көшірме;

2.Педагогикалық практикадан өтуші студентке мектеп педкеңесінің берген мінездемесі.

3.Студенттің педпрактика кезінде жасаған оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі есебі;

4.Практика кезінде өткізген сабақтарының жоспары;

5.Жеке оқушыға жасаған педагогика-психологиялық мінездеме;

6.Студенттің жүргізген күнделігі;

7.Пән бойынша жүргізген сыныптан тыс жұмыстарының үлгісі;

8.Практика кезінде жасалған оқу-әдістемелік, көрнекі, дидактикалық материалдар;

9.Сабаққа талдау жасаған дәптері;

10.Студенттің әдістемелік жұмыстарға байланысты жұмыстары.

7. ПРАКТИКА БАРЫСЫН БАҚЫЛАУ ГРАФИГІ

Мерзімі Бақылау мазмұны Бақылау жасаушы Бақылау түрлері мен әдістері
1-апта Практикант-студенттердің тәртібі, практикаға қатысымы Әдіскер Бақылау, қадағалау
2-апта Практикант-студенттердің сабаққа дайындығын бақылау Әдіскер Сабақтарға кіру, кеңес беру
3-апта Практикант-студенттердің сабаққа дайындығын бақылау Әдіскер Сабақтарға кіру, кеңес беру
4-апта Практикант-студенттердің сабаққа дайындығын бақылау Әдіскер Сабақтарға талдау жасау
5-апта Бұған дейінгі бақылау барысындағы ұсыныстар мен ескертулердің нәтижесі Әдіскер Сабақтарға талдау жасау
6-апта Практика нәтижесі бойынша есеп алу Әдіскер Құжаттарды тапсыру
  Курс компоненттері Бағалауы Максимальды баға
Мектеп жетекшісінің бағалау критерийлері  
Педагог –психолог бағалауының критерийлері  
ЖОО әдіскері бағалауының критерийлері  
ЖОО комиссиясы бағалауының критерийлері  
  Барлығы  
І. Мектептің бағалауы
Инновациялық технологияны қолдаңған сабаққа психолог- педагогикалық талдау жасау
Инновациялық технологияны, интерактивті әдістерді қолданып сабақ өткізуі
Компьютер технологияны қолданып сабақ өткізуі
Ынтымақтастық формалары мен әдістердін қолдана жұмыс жүргізуі
Жалпы мектепішілік тәрбие шараларына психологиялық-педагогикалық талдау жасауы
Пән бойынша мектепішілік шаралар өткізуі
Мектепішілік тәрбиелік шаралар өткізуі
  Зерттеу жұмыстарының атауы Материал саны Балл
Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі деңгейін зерттеуі  
Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу  
Оқу-тәрбиелік қызметтің психологиялық аспектілерін зерттеу
Сабақтың психологиялық құрылымы
Оқушылар мотивациясы
Педагогикалық этика
Таным белсенділігін ерекшеліктері
Қарым -қатынас
Микроклимат
Сыныптың тәрбиелік үдерісін зерттеу
Даму заңдылықтарын ескеру
Тұлғаның әлеуметтік белсенділігі 0.5
Оқушылардың мінез-құлқы 0.5
Барлығы
         
Оқу процесінде оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білімінің мазмұнын білу: -оқу материалын таңдау және көлемін анықтау; -оқушылардың сөйлеу біліктері мен білімдерін бақылауды анықтау және дағды мен біліктің қалыптасу деңгейін дұрыс анықтап, бағалай білу.
Қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқытудың әдіс-тәсілдерін білу: -оқытудың мақсатына сәйкес түрлі тиімді әдістер мен тәсілдерді қолданып әр түрлі сабақтарды жоспарлау; -оқушылардың тіліндегі қателердің сипатын, олардың себебін және болдырмау немесе алдын алу және жөндеу тәсілдерін анықтау.
Оқу процесін ұйымдастырудың түрлерін білу: -сабақта жоспарланған жоспарды орындауды ұйымдастыру; -жоспарланған сабаққа сәйкес оқушылардың коммуникативтік-білімділік іс-әрекетін ұйымдастыру; -жұмыстың жаппай, топтық және жеке түрлерін үйлесімді бірлікте пайдалану.
Оқу процесінде инновациялық технологияны қолдану: -оқу процесінде педагогикалық технологияны тиімді пайдалануы; -сабақта және сабақтан тыс уақытта тілдік ойындар, жарыстар мен конкурстарды ұйымдастыруы.
-қазақ тілі және әдебиет пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстардың білімдік, дамытушылық, тәрбиелеушілік міндеттерін анықтай, ұйымдастыра және өткізе білуі.
-оқушылардың білімділігі мен тәрбие деңгейін анықтау, олардың өзара қарым-қатынасын зерттеу; -өзі жұмыс істеген класты зерттеу.

ОСЫМШАЛАР.

Сабақты бақылауға және оны талдауға арналған тапсырмалар

Тапсырма

Оның мақсаты - сабақтың кезеңдік арақатынасы мен іс-әрекетіне, студенттердің назарын сабақ құрылымына, сонымен қатар, сабақтың басты мақсатына қалай жетіп, мұғалімнің қазақ тіліне деген қызығушылықты қалай дамытатындығына аударту. Практика басында студенттерге сабақтың мақсаты түсіндірілуі тиіс. Кейін сабақ барысында студенттер өздері сабақ мақсатын анықтауға міндетті.

1. Сабақтың кезеңдерін бірізді бөліп, оны сабақтың басты мақсатында іске асырылуын көрсету.

2. Мұғалім сабақтың бір кезеңнен екінші кезеңіне өтіуі қалай орындалатындығын көрсетуі қажет.

3. Әр кезеңдегі іс-әрекетті айқындау.

4. Қолданған әдістердің сапасы мен санын көрсетіп, олардың мақсатқа сәйкестігін көрсету.

5. Мұғалімнің жұмысы, қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықты қалай арттырады және дамытады, соны көрсету.

Тапсырма

Оның мақсаты - оқушылардың сабақтағы белсенділігін, яғни мұғалім мен оқушының сөйлеу қарым-қатынасын анықтау .

1. Сабақ басындағы мұғалім мен оқушының сөйлеуі;

2. Жаңа материалдармен таныстыру кезіндегі мұғалім мен оқушының сөйлеуі;

3. Үй жұмысын сұрау кезіндегі мұғалім мен оқушының сөйлеуі;

4. Ауызша, жазбаша, оқу кезінде және шығармашылық жаттығуларды орындау кезіндегі мұғалім мен оқушының сөйлеуі;

5. Қателерді түзеу кезіндегі мұғалім мен оқушының сөйлеуі;

6. Үй жұмысын беру және түсіндіру кезіндегі мұғалім мен оқушының сөйлеуі.

Тапсырма

Оның мақсаты – әр жанрдағы әдебиет туындыларын оқыту.

1. Эпикалық туындыны оқытуда проблемалық оқыту, ізденушілік қызметтің мол болуының қарастырылуы. Драмалық шығарма ны оқытуда акт, көрініс, шегініс

,монолог,диалог, ремарка, драмалық образ,оның көркемдік сипатына зер салу,сахналық қойылым, драматург, режиссер,актер, суретші еңбегі,декорация,музыкалық көркемдеу, т.б. ұғымдардың қатыстырылуы мен жүзеге асуы.

Драмалық шығармалардың мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлері,сценарий жазуды үйрету. Прозаны оқытуда әр түрлі талдау әдістерін қолдану мүмкіндігі.Т.Ақшолақов «Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту»кітабы.

Лирикалық жанрды оқытуда лириканың ақындық тіл, сезім, авторлық пафос, суреткерлік қуат ,ой нақтылығын, табиғи бояуды есте ұстау арқылы ,Лирикадағы азаматтық үн,сөз астарына үңілу,жеке сөз,сөз тіркесі мен сөйлемдегі көркемдік бояуды,эмоциялық реңкті аңғару,мазмұн мен форма бірілігін сақтау заңдылығын , бейнелеу көрнекілігін ескере отырып оқитындығы.

Тапсырма

Оның мақсаты - Оқушылардың дайындық деңгейін тексеру.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:мәтінді өз бетімен оқып талдау,пайымдап оқу,көркем шығармаларды жатқа оқу,туындыдағы оқиға мен кейіпкерлерге

өз пікірін білдіру, мәнерлеп оқу,шығарманың тектік, жанрлық сипатын білуі,туындыдағы автор позициясын, бейнелеу құралдарын практикалық түрде қолдана білуі,өлеңнің құрылымдық элементтерін ажыратуы,мәнерлеп оқудың партитурасын білуі,кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме жасауы,әдеби сыниматериалдарға реферат, мақала жаза білу. Білім, білік, дағдылар.Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау қабілеттері бойынша психологиялық тест, сауалнама алып, талдама жасау.Көкем мәтінмен жұмыс жасаудың методикасын ұғындыру , аудиторияда іс тәжірибелік, психологиялық тренингтер жүргізу.

Тапсырма

Оның мақсаты - сабақ кезіндегі әдеби-теориялық талдау жұмыстарын тексеру.

1. Мұғалім оқушыларды жаңа теориялық материалды игеруге қалай дайындайды.

2. Әдеби-теориялық ұғымдарды түсіндіру барысында нақты мысалдарды пайдалану.

3. Теориялық материалмен жұмыс істеу кезінде қандай көрнекіліктер қолданылады.

4. Тапсырмалардың бекітілуі (сипаты: бірізділік, сөздік материал, сөйлеу бағытындағы жаттығулар т.б.) қалай іске асады.

Тапсырма

Мақсаты - көркем шығарманы оқыту барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.

Мектептегі оқу мен тәрбие, сыныптан тыс жұмыстардың барлығы да оқушылардың жас ерекшелігі, психологиясына байланысты ұйымдастырылады. Сондай-ақ, балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту мектептерде әдебиетті оқыту, одан білім берудің аса маңызды, әрі күрделі жұмыстарының бірі болып табылады. Бұл мәселелерде де оқушылардың психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы ескеріледі. Тиімділік идеялары, саралап – даралап оқыту, оқушылардың бүкіл ой еңбегін, оқу еңбегін оған ерекше күш түсірмейтіндей, қонымды, қолайлы, нақтылы, белгілі бір уақыттарда нәтижелі, жемісті болатындай етіп ұйымдастыру, жүргізу туралы сөз етеді. Көптеген ғалымдар, психологтер, мұғалімдер зерттеулері, пікірлер бойынша, оқушыларды көркем шығарманы оқытуға баулу, оны оқырман ретінде қалыптастыру бірнеше сатыдан тұрады.

1. Кіші жастағыларға 5-7 сыныптардағы 10-12-дегі жасөспірімдер.

2. Ересек жастағыларға 8-9 сыныптардағы 13-14-дегі жасөспірімдер.

3. Үлкен жастағыларға 9-11- сыныптардағы 15-17-дегі жастар жатқызылды

Тапсырма

Мақсаты - кітапты қалай оқу керек, оқып отырып, неге назар аудару керек, яғни оқырмандық мәдениетін дамыту мақсатында үнемі басшылық жасау, ақыл-кеңес беру. Төмендегі үлгіде көменкші-нұсқау жазып, оны кабинетке іліп қою (үлестірме қағаз түрінде де қолдарына беруге болады).

Мына мәселелерге көңіл бөл

А – Кітапты ұқыпты, асықпай-саспай, жыртпай, кірлетпей оқы, бүктеме, белгілеме.

У – Басты кейіпкерлерін, оқиғаларын ұмытпау үшін дәптеріңе жазып ал.

П – Оқып отырғаның көркем шығарма екенін, оны белгілі бір адам жазғанын ұмытпа.

П – Шығарма не айтпақшы, нені үлгі етпекші, жазушы оны жазуда нені мақсат еткен, соны үнемі ойла. Өзің қандай үлгі алдың? Жолдастарың қандай үлгі алады деп ойлайсың?

А –Әр оқыған кітабыңның тек қызықты оқиғасын, қуанышты, қайғылы жерлерін, не кейіпкерлердің басынан өткендерін ғана еске сақтамай, ең бастысы, кітап саған ұнады ма, соған ой жүгірт. Неге ұнады, неге ұнамады, дәлелдеуге тырыс. Жазушы осы кітапта оқырмандарға не айтпақшы болған, соған үңіл.

Тапсырма

13-14 жастағы балалар 10-12 жастағы балаларға қарағанда көркем шығармаға басқаша көзбен қарай бастайды. Тек оқиғасын қызықтап оқу, соған бар жан-тәнімен сену, кітаптағы дүниенің барлығын өмір шындығы деп қабылдау, барлығына күйіну, қуану бұл балаларда да болғанымен, ол басқадай сипат алады. Көркем туынды оқып отырып, жүрегіне жақын нәрселерді еркін қабылдайды, әдеби талдау кезінде өз пікірлеріне көбірек жүгінеді. Кітаптағының барлығына бірдей сене бермейді, барлығына бірдей қуана да, қайғыра да бермейді. Авторға келіспеушіліктерін білдіреді, «дұрыс емес, былай болу керек қой” деген сөздерді олардан жиі естуге тура келеді. Оқушының қызығатын дүниелеріне тоқтау салу – кешірілмес күнә. Олар осылай толқып жүргенде, әсіресе, сыныптан тыс оқитын кітаптар жайында жиі тексеру, жазалау педагогикалық әдепке, білімділікке сәйкес келмейді. Керісінше, шыдамдылық көрсетіп, көркем әдебиетті оқудың бала айналысып жүрген дүниелерге кедергі келтірмейтінін, әр түрлі кәсіп, өнер саласындағы ұлы адамдардың барлығы әдебиетті сүйгендеріне, өйткені әдебиет рухани азық, көл-көсір байлық, білім көзі екндігіне сендіре білу керек.

1.Бұл жастағы балалармен жұмыстың ең бір маңызды түрі — әдеби, көркем тілдерін жетілдіру: «жазбаша, ауызша”.

2. Оқыған шығармаларын талдай білуге баулу.

Тапсырма

Жоғары сыныптарда оқушылардың көркем туындыны қабылдаулары да жас ерекшеліктеріне байланысты болады. Бұл жаста көркем туындыға деген олардың көзқарасында да даму айқын көрінеді. Әр баланың өз сүйетін жанры, тақырыбы айқындалады. Мұғалім жетелеуінсіз – ақ, өзі сүйетін тақырыптағы шығармаларды өз беттерімен оқи береді. Төменгі сыныптардағыдай, бар оқығандарына сеніп, қабылдай бермейді, қиял-ғажайып оқиғаларды қумайды, өзіндік талғамы, эстетикалық сезімі қалыптасқан оқырманға айнала бастайды. Оқығандарына сынмен қарайды, көркем туындыны тұтастай алып қарастырады. Оны өмірді түсінудің бір құралы деп қарайды, сондықтан одан «жоғын” іздейді. Міне, осындай жастағылармен мұғалім қандай жұмыс жүргізуі керек?

1. Әдеби шығармаларды талдауда, ең алдымен, оқушылардың өз пікірін, ойын, әсерін білу.

2. «Сенің пікірің, ойың қате” деп, кесіп айтудан сақтану, керісінше , талдау барысында олардың пікіріне ден қоя отырып, сенімді, ділелді түрде, шындыққа жетелеу.

3. Әдеби шығармалар айналасында жиі-жиі пікір таласын өткізу, тілдерін дамыта отырып, пікірлерін қорғай білуге де баулу.

4. Бұл жастағы оқушыларға «алдындағы бала” деп қарамай, оқырман ретінде қарым-қатынас жасау, тең дәрежеде әңгімелесу, өз пікірін, не оқулық пікірін тықпаламау. Өздеріне қорытынды жасауға жағдай туғызу. Ол үшін қосымша материалдардағы жазылған дүниелерді, ғалымдар пікірін, оқулықтағы мәселелерді ортаға салу. Осылар арқылы шындықтың, құбылыстың бетін ашуға еңбектендіру.

Тапсырма

Мақсаты - әдебиет сабақтарында көркем шығармалармен жұмыс істеуге дағдыландыру. Көркем шығарманы жеткізуде мәнерлеп оқудың атқарар рөлін таныту.

Мәнерлеп оқуды үйрету үшін әр мұғалім оқу сабағына немқұрайлы қарамай,жан-жақты дайындалуы керек. Ол үшін мұғалім қандай мәселені жете білуі тиіс.Мәнерлеп оқуды дұрыс ұйымдастыру үшін, оқушы шығарманы оқығанда,қалай демала білу керек,дауыс қалай шығуға тиіс,дикциян қандай болуы қажет-осының барлығын мұғалімнің өзі айқын білгені жөн.Өйткені,мәнерлеп оқу үшін кеуде қуысына толған ауаны орынды пайдаланып,дұрыс дем ала білудің мәні зор.Өкпедегі ауаны сарықпай,оқу үрдісіндеүнемі дер кезінде дем алып,ауаны керегінше жұтып отырған оқушы мәнерлеп,дұрыс оқи алуына жағдайы бар.

Тапсырма

Мақсаты - көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастыру.

Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асс, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.

1. Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану,
2.Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу,
3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,
4. Ең бастысы – көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгерту /тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде қарастыру/.

Көркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек. Оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі – проблемалық талдау.Ол көркем туынды негізіндегі проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті т.б. негізінде туындайды

Біздің ойымызша, жоғарыда берілген тапсырмалар студенттерге сабақтың жекелеген қырларына сын көзбен қарап, әдебиетті меңгерту процесіне тереңірек үңілулеріне мүмкіндік жасайды. Бірақ біз студенттер осы берілген тапсырмалармен ғана сабақты талдауы қажет деген ойдан аулақпыз. Топтың әдіскері студенттерге сабақты толық, дәйекті түрде талдау жасауы үшін бағыт-бағдар беруі тиіс.

СТУДЕНТ-ПРАКТИКАНТ ПОРТФОЛИОСЫ

СТУДЕНТ-ПРАКТИКАНТ ПОРТФОЛИОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

І.Практикаға дайындық туралы мәліметтер тарауы

- титульдық беті ( студенттің фото суреті, аты –жөні, туған жылы ,мекен жайы,телефоны, ЖОО, факультеті, кафедрасы, тобы, әдіскері, портфолионың жасақталған уақыты);

- студенттің практикаға дайындығының диагностикасы

- студенттің жеке жоспары

- практикаға жолдама.

ІІ. Ақпараттық тарау

- мектеп туралы мәлімет

- сынып туралы

- сабақ кестесі

- сынып жетекшісі мен пән мұғалімінің жұмыс жоспарлары.

III. Әдістемелік тарау

- есеп құжаттарының рәсімделуі туралы әдістемелік нұсқаулар

- пән бойынша және тәрбиелік жұмыстардың күнтізбелік жоспарлары

-сабақ жоспар-конспектілері(дидактикалық, көрнекіліктері), тәрбиелік іс-шаралар.

VI.Психолого-педагогикалық тарау

- психологиялық зерттеудің бағдарламасы (мамандықтың ерекшелігіне, қажеттілігіне орай)

- оқушыға мінездеме

- сынып ұжымына мінездеме

V.Рефлексия-бағалау тарауы

- сабақтар талдауы

- өзіндік талдау

- әдіскерлер мен курстарының талдауы

- күнделігі

- практика бойынша есеп

- студенттің кәсіби өсуінің мониторнигі

- курстастары мен оқытушыларының пікірлері

VI. ресми қорытынды тарау

- студентке берілген мінездеме

- ектептің пед.кеңесінің хаттамасынан көшірме

- практика қорытынды бағасы тізімдемесінің көшірмесі

- алғыс хаттар

- практикадан өткені туралы анықтама

1-14 қосымшалар-педагогикалық практикадан есеп құжаттарының үлгілері.

Қосымша 1

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Қазақ әдебиеті кафедрасы

КҮНДЕЛІК

__________________________________________ практика бойынша

( практика түрі)

________________________________________________

( практика атауы)

__________ курс студенті _______

мамандығы _____________________________________

(шифр, атауы)

________________________________________________

(студенттің аты-жөні)

Ақтөбе

Ж

Қосымша2

ЖОЛДАМА

Студент________________________________________________

(мамандығы, факультет)

._______________________________________________________

(студент Т.А.Ә.)

Педагогикалық практикадан өту мақсатында

(білім беру мекемесінің аты, номері)

Өту мерзімі«_____» «______»2015 ж.

Факультет деканы _________________________________

Практикадан өту туралы анықтама

Студент

(Т.А.Ә., практика атауы)

практикадан. өтті

«______» «____» 2015ж. .

(практикадан өткен мекеме)

Практика жетекшісі______________________________

Қосымша3

«Бекітемін»

педагогикалық практика

жетекшісі .

«___» __________ 20 15 ж.

Студент-практиканттың жеке жұмыс жоспары

Наши рекомендации