Тергеу іс әрекеттерінің тәртібі, ұғымы мен түрлері
Тексеру эксперименті құрылымы және мазмұны бойынша күрделі тергеу әрекеті болып саналады. Сонымен қатар, ол дұрыс ойластырылып жүргізілсе, онда оның көрнекті және психологиялық күшті әсері болады, кей жағдайларда тергеуші ойының өткірлігін көрсетеді, мұның өзінің маңызы аз емес. Бұл жерде қарапайым мысалға сүйенсек жеткілікті: арызданушы сауда жайынан көп мөлшердегі тауарлардың ұрланғандығы туралы хабарлайды және қандай тауарлар ұрланғандығын көрсетеді. Тергеуші, ұрлықтын болғандығы мен арызданушы айтқандарына күмән келтіріп, көрсетілген көлемдегі және мөлшердегі тауарлармен тергеу экспериментін жүргізеді, кейде барлық қатысушылар осы үй жайға осынша мөлшергі тауарларды орналастыру тіптен мүмкін еместігіне көздері жетеді. Эксперимент нәтижесі ұрлықтын болмағандығы туралы версияны құптайды.
Тергеу экспериментін жүргізу туралы шешім қабылдау кезінде ескеру керек маңызды шартты атап өткен жөн. Егер тергеушіде пайда болған сұрақтарға жауап осы әрекет шеңберінде алынатын болса және қойылған сұраққа дәрежелі қорытынды беру үшін арнайы ғылымды қажет етпесе, онда экспериментті өткізуге болады. Қарама қайшы жағдайларда егер қойылған сұрақты шешу үшін арнайы ғылыми ілімді қажет етсе, онда экспериментті жүргізуге болмайды, сараптама тағайындау керек.
Тергеу экспериментінің заңдылығының маңызды шарты: жүргізу кезінде оған қатысушылардың және жанындағылардың ар-ожданы мен қадірін кемсітпеуін және олар үшін қауіпті жағдай тудырмауын қамтамасыз ететін талаптар.
Осы тергеу әрекетінің ерекшелігі ретінде келесілерді санауға болады, яғни қажет болған жағдайда қылмыстық істі жүргізушілердің барлығы осы тергеу әрекетіне қатыса алады. Бұл кейбір жағдайларда айтылған адамдардың қатысуынсыз тергеу экспериментін жүргізу мүмкін еместігіне байланысты болады. Тергеу эксперимент заңға сәйкес іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мен нақтылау үшін жүргізіледі. Дәлірек айтатын болсақ, тергеу тәжірибесі көрсеткендей оны жүргізген кезде тергеуші талнынуы керек бірнеше мақсаттарды бөлуге болады. Бәрінен бұрын жалпы мақсатын заңда көрсетілгеннен гөрі басқаша етіп қарастыру керек, бірақ бұлар арасында аса айырмашылығы жоқ. Бұл жерде, тергеуші өзінің немесе айыпталушының, не болмаса жәбірленушінің болжамдары мен күмәндарын тексеретіндігі туралы айтылған. Мұндай күмәндар белгілі бір фактілердің, оқиғалардың, құбылыстардың әр түрлі талқылануы үшін жағдайлар болғанда пайда болады. Сондықтан әдебиетте тергеу экспериментінің мынадай мақсаты бөліп айтылған, яғни болжамдары, атап айтқанда тергеу версиясын тексеру. Екінші жағдайларда тергеу эксперименті кезінде бұрын бар дәлелдемелер тексеріледі. Үшінші эксперименттің мақсаты болып жаңа дәлелдемелер табу болып табылады, бірақ бұл мақсат барлық жағдайда қойылады, өйткені нәтижелі тергеу эксперименті дәлелдеменің қайнар көзі болып табылады. Бірақ мынадай мақсаты болып айтылған, яғни болжамдарды, атап айтқанда тергеу эксперименті кезінде бұрын бар дәлелдемелер тексеріледі ( мысалы, куәнің берген жауабын тексеру ).Үшінші жағдайда эксперименттің мақсаты болып жаңа дәлелдемелер алу болып табылады, бірақ бұл мақсат барлық жағдайда қойылады, өйткені нәтижелі тергеу эксперименті дәлелдеменің қайнар көзі болып табылады. Бірақ мынадай да эксперименттер болуы мүмкін тәжірибелер өткізу кезінде расында да жаңа дәлелдемелер алынатын эксперименттер.
Оның көмегімен не тексерілетіндігіне байланысты бірнеше түрлерге бөліп айтуға болады:
1)Белгілі бір жағдайларда қандай да бір әрекеттерді жасау мүмкіншілігін тексеруді мақсат ететін эксперимент. Бұған мынадай жағдайлар, яғни белгілі бір уақыт кесіндісінде қандай да бір әрекетті ( жұмысты ) орында, белгілі мерзімде белгілі бір қашықтықты жүріп өту мүмкіншілігін тексеру де енеді.
2)Іс құжаттарын белгілі бір жағдайда қандай да бір оқиғаны, құбылысты, фактілерді қабылдау мүмкіншілігін анықтайтын тәжірибелік әрекеттер. Бұған белгілі бір жағдайларда есту, көру, заты немесе адамды тану мүмкіншілігін анықтау мақсатындағы эксперименттер.
3)Қандай да бір оқиғаның, фактінің, із пайда болу процесінің жеке бөліктері мен механизмін түсіндіретін тәжірибелік әрекеттер. Мысалы, ең бастысы, белгілі бір ыдыстың стандартты қаптамасын ( мөрін, желімін ) бұзбай ішіндегісін өзгерту (ауыстыру, нашарлату ).Мұның бір түрі ретінде қандай да бір құбылыстың, фактінің болу мүмкіндігін анықтау мақсатында жүргізілетін экспериментті санауға болады.
Тергеу эксперименттінің осы жіктелуімен бір қарағанда қамтылған басқа да түрлері болатындығы анық.
Экспериментті түрлерге жіктемей-ақ тергеу тәжірибесінде кездесетіндерді атап өтсек, олар:
1)Адамның дене мүмкіншілігін тексер.
2)Адамның кәсіби дағдыларын тексеру.
3)Адамның көру мүмкіндігін тексеру (мысалы, көру мүмкіндігі осындай адам немесе қараңғы уақытта, «тұман», «қар» сияқты ауа райының көруге қолайсыз жағдайларында оқиғаның жағдайларын толық көріп қабылдай алама? ).
4)Адамның есту мүмкіндігін тексеру (мысалы, осындай қашықтықтан немесе үй-жайдың ішіндегі басқада бөлмеде отырып естуі не естімеуі мүмкін бе?, басқа дыбыстар кедергі болғанда оқиғаға қатысты дыбыстарды естуі мүмкін болдыма? т.с.с. ).
5)Құбылыстардың және фактілердің болу мүмкіндіктерін тексеру ( мысалы, тергеу барысында белгілі болған заттардың бәрі осы шағын, олардың сиуы күмән тудыратын қоймада сақталғандығы, не болмаса көлемі үлкен заттардың өтуі күмән тудыратын саңлаудан, тесіктен ұрлануы, әр түрлі механизмдердің, агрегаттардың мүмкіндіктерін тексеру және толып жатқан басқалар ).
6)Құбылыстардың, фактілердің, әрекетердің белгілі бір уақыт аралығында болуын тексеру, егер бұлардың болуы күмән тудырмай, тек осындай уақыт аралығында болғандығы күмән келтіргенде жүргізіледі.
7)Іздің қалуын не түсуін тексеру ( мысалы, құлыпты аралап кескенде, одан темір ұнтақтардың түспейтінің тексеру және с.с. ).
Осы жерде тоқтала кететін маңызды жағдай, жануарларға қатысты жүргізілетін тергеу эксперимент. Елімізде мал шаруашылығының кеңінен дамығандығын және ауылдық жерлердегі азаматтарымыздың басым көпшілігінің жеке малы болғандықтан тергек тәжірибесінде осындай істер көптеп кездесіп жатады. Өйткені, мал қылмыс обьектісі болуы мүмкін ( көбіне, ұрлық істері бойынша ), сонымен қатар қылмыскерлер жануарларды қылмыс мақсатында қолдануы мүмкін. Мысалы, қылмыс орнына атпен келуі және т.б.
Жануарларға қатысты тергеу экспериментін жүргізгенде олардың өліміне не жарақат алуына әкеліп соғатын болса, ондай эксперименттерді жүргізбеу керек. Тергеу әрекетіне маман ретінде мал дәрігерін қатыстырған дұрыс болады. Жалпы малға қатысты тергеу экспериментін пайда болған күмәнді басқа жолдармен тексеру болмағанда ғана жүргізген тиімді.
Сонымен, тергеу экспериментінің түсінігін аша отырып, профессор Р.С. Белкиннің берген анықтамасын қолдануға болады. Тергеу эксперименті деген атауды арнайы тәжірибелерден, жаңа дәлелдемелер алу және бар дәлелдемелерді мақсатындағы тәжірибелерден, сонымен қатар іс үшін бар белгілі бір фактілердің болуы мүмкін немесе мүмкін еместігі туралы тергеу версияларын тексеру мен бағалаудан тұратын тергеу әрекеті ие болады.
Тергеу экспериментін жүргізу мыналарға бағытталған:
-бар мәліметтерді тексеру және бейнелеу;
-жаңа дәлелдемелерді анықтау;
-версияларды тексеру;
-қылмыс істеуге себебін тигізетін мән жайларды анықтау.
Эксперименттің мүмкіншілікті анықтау бойынша келесі түрлері белгілі:
-қандай бір фактіні, құбылысты қабылдап бақылау;
-қандай да бір фактіні, құбылысты қабылдап бақылау;
-қандай да бір қимыл-әрекетті орындау;
-қандай да бір фактінің, құбылыстың болуы;
-іздердің, оқиға бөліктерінің пайда болуы процесінің механизмі.
Қылмыстық істерді тергеу заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, қылмысты дер кезінде ашып керекті дәлелдемелерді кідіртпей жинап алу үшін тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу ережелерімен шектелмейді. Қай тергеу әрекетін жүргізгенде де ол осы арқылы неғұрлым көп және құнды дәлелдемелер жинап алу үшін қолайлы, ұтымды тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыруға бағытталып, заңға қайшы келмейтін әдістер мен тәсілдерді қолданады.
Мұндай әдістерді қолданудың негізгі мақсаты, ол қылмыскердің қылмыстың ашылуына кедергі жасау үшін қолданып отырған айла-әрекеттерін әшкерлеп, іс бойынша обьективті дәлелдемелер жинау.
Криминалистика ғылымының тергеу үстінде әрқилы ситуациялық жағдайларға байланысты қолайлы әдістер мен тәсілдерді қолдану және тергеуді ұйымдасқан түрде, жоспарлы жүргізу жөніндегі қағидаларды оқытатын негізгі бір бөлімін криминалистикалық тактика дейді.
Сонымен, криминалистикалық тактика дегеніміз – тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелігін арттырып, іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді ұйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығы.
Криминалистикалық тактиканың осы келтірілген жалпы ережелерін және түсінігін тұжырымдап, нақтылайтын болсақ, оны қамтитын тергеушінің тергеу әрекетін жүргізу үстінде осы сәтте туындаған тергеу ситуациясына байланысты дұрыс, ықшамды позиция ұстауы, ситуацияға байланысты нәтижелі және тиімді тәсілдерді қолдану, тергеуді ұтымды жүргізу үшін өз жұмысын дұрыс жоспарлау.
Криминалистикалық тактика криминалистиканың басқа да бөлімдерімен тығыз байланысты. Айталық, криминалистикалық құрал –саймандарды тергеу үстінде қолданы, пайдалану ерекшеліктері әр тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатынтактикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Жаңа криминалистикалық құрал-саймандар пайда болса, оларды тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолдану әдістері криминалистикалық тактикада қаралады. Сонымен қатар, тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде қолданылатын тәсілдер тергеліп жатқан қылмыстың түріне байланысты. Жалпы тактикалық тәсілдер әр қылмыстың тергеу әдістемесінің ерекшелігіне байланысты өзгертіліп, осы қылмысты ашуға, тергеуге бейімделіп қолданылады. Мысалы, оқиға болған жерді қарау тактикасы тактикалық тәсілдерді пайдалану ерекшелігіне, жасалған қылмыстың түріне байланысты. Айталық, жөл-көлік оқиғасы болған жерді қарағанда бір тактикалық әдіс қолданылса, керісінше, басқа тактикалық әдістер ұрлық болған жерді қарау үстінде қолданылады. Сондықтан әр тергеу әрекеттерінің тактикалық тәсілдері жеке қылмыстарды тергеу әдістемесі арқылы қылмысты ашу әдісі есебінде жүзеге асады.
Криминалистикалық тактика бөліміне тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тәсілдермен бірге, тергеуді жоспарлау, тергеу үстінде тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының арасында қалыптасатын қарым-қатынастардың түрлері, тактикалық операция, тергеу ситуациясы деген сұрақтар да кіреді.
Криминалистикалық тактиканың ең бір негізгі, түйінді сұрақтарының бірі-ол тактикалық әдіс.
Жоғарыда айтқандай, тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізгенде алдына қоятын негізгі мақсаты-тергеуді жүргізу арқылы неғұрлым көп және құнды дәлелдемелер жинау, тергеу әрекетінің нәтижелігін арттыру. Қойылған мақсатқа жету әр тергеу әрекетін жүргізгенде тергеуші нақтылы туындап тұрған тергеу ситуациясына орай қолайлы, тиімді әдістер, заңға сыйымды айла-әрекеттер қолдану арқылы обьективті және толық дәлелдемелер алуға тырысуы керек. Міне, осындай тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын әдіс-айланы тактикалық әдіс дейміз. Әрине, ақылға салмайтындай кез келген әдістерді қолдана беруге болиайды. Сондықтан қолданатын тактикалық әдістер белгілі бір талаптарға сай болуы керек. Тактикалық әдістерге қойылатын негізгі талап – оның заңға қайшы келмеуі, жеке адамның не заңды тұлғалардың құқығын бұзбауы және жалпы моральдық, этикалық қағидаларға сай болуы.
Тактикалық әдіске қойылатын талаптардың тағы бір – тактикалық әдістің обьективтігінің ғылыми тұрғыдан дәлелденгендігі, оның ғылымның бір саласына немесе логика, психология, педагогика т.б. ғылымдардың белгілі бір қағидаларына негізделуі ( тактикалық әдістің ғылымилық қағидасы ). Осы айтылғандығы тұжырымдайтын болсақ, тактикалық әдіс дегеніміз ол - заңға, этникалық талаптарға қайшы келмейтін, белгілі ситуациялық жағдайда, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру үшін тергеушінің қолданатын арнайы айла – әдістері. Тергеу әрекетінің шеңберінде қолданылатын тактикалық әдістердің бірнеше түрі болады. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде туындаған ситуациялық жағдайға байланысты тиімді және ыңғайлы әдіс қолданылады. Кей жағдайда бір тергеу әрекетін жүргізгенде, бір сұрақты анықтауға тактикалық тәсілдердің бірнеше түрі арнайы кезекпен қолданылады.Мұны криминалистикада тергеу әрекетін жүргізу үстінде қолданылатын тактикалық комбинация дейді.
Тактикалық әдістердің, олардың комбинациясының қолданылуы тергеу ситуациясына байланысты екендігі жоғарыда айтылды. Сондықтан ьергеу ситуациясы деген криминалистикалық санаттың ұғымына, түсінігіне тоқталайық. Тергеу ситуациясы дегеніміз – тергеудің белгілі бір кезеңінде айғақты мәліметтердің, дәлелдемелердің көлеміне және ерекшелігіне, істің мән – жайын анықтау мүмкіндігіне байланысты қалыптасатын жағдай. Тергеу әрекеттерін жүргізудің кейбір ережелері қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген, сондықтан оларды тактикалық әдістер деп санауға болмайды. Осыған байланысты айта кететін бір жағдай, ол заңда көрсетілген ережелердің көбі тергеу тәжірибесінде пайда болып, алғашқыда тактикалық әдіс есебінде қолданылғандығы. Тіпті, кейбір тергеу әрекеттерінің өзі де басында тергеу үстінде тактикалық әдіс есебінде пайдаланылған. Атап айтқанда: обьектілерді тану үшін көрсету, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау деген тергеу әрекеттері алғашқыда тергеу тәжірибесінде жауап алудың тактикалық әдіс есебінде пайдаланылған. Кейіннен ғана заң жүзінде бекітіліп, тергеу әрекеті есебінде жүргізілетін болды. Міне, осыған байланысты қазіргі жағдайда тергеу тәсілі есебінде қолданылып жүрген кейбір тәсілдер кейінгі мезгілде, заң жүзінде бекітілген жағдайда, олар заң талабы, процессуалдық ереже есебінде қолданылуы мүмкін. Әр тактикалық әдістің мағынасын талдасақ, оның түсінігі, табиғи негізгі қай ғылымның түріне, қандай ғылыми қағидаға негізделгендігімен сипатталады. Тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде қолданылатын тәсілдердің көбі логика, психология, педагогика еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру және басқа да ғылымдардың қағидаларына негізделеді. Айтылған ғылыми салалардың қағидалары тергеуге, атап айтқанда, тергеу әрекетін жүргізуге бейімделіп, модификацияланған. Белгілі бір ғылымның қағидалары пайдаланылғандықтан, бұл әдістер – логикалық, психологиялық, педагогикалық тактикалық әдістер деп аталады. Өзінің шешетін тактикалық міндетіне байланысты тактикалық тәсілдер: танымдық, басқарушы, ұйымдық – техникалық деп үш түрге бөлінеді.
Тергеп жатқан қылмысты ашуға керекті, былайша айтқанда, криминалистикалық, дәлелдемелі әдіс айларды танымдық тактикалық әдістер дейміз.
Тергеу әрекетін жүргізу барысында дұрыс басқарып отыруға, оның нәтижелігін арттыру үшін тиімді әдістерді қолдануға бағытталған тәсілдерді басқарушы тактикалық әдістер дейді.
Мысалы, беттестіріп жауап алғанда, беттестіріп отырған адамдар айтысып, сөз жарыстырып, тергеу әрекетінжанжалға айналдырып жібермеу үшін, оларды белгілі бір кезекпен сөйлетіп,жауап алу тактикасы қолданылады. Атап айтқанда, бірінші кеезекте ңске керекті фактіні қолдап, дәлелдеп отырған адамнан жауап алынса, екінші кезекте осы айтып отырған фактының, оқиғаның болуын, керісінше, жоққа шығарып, айтылғанды қолдамай отырған адамнан жауап алынады.
Тактикалық әдістер тергеудің ұтымды түрде жүргізіліп, тергеудің нәтижелі болуына мейлінше қолайлы жағдай туғызуға бағытталады.
Тергеудің бастапқы, кей жағдайда соңғы кезеңдерінде туындаған ситуациялық жағдайларға байланысты тергеу және жедел – іздестіру әрекеттерін белгілі бір кезектілікпен жүргізу тактикалық жағынан алып қарағанда тиімді. Сондықтан тергеу жоспары жасалғанда тергеудің ұтымдылығын қамтамасыз ететін тактикалық әдістер негізге алынады.
Қылмыстық істерді тергегенде тергеу әрекеттерімен қатар жедел-іздестіру шаралары және басқа да дайындық, ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Тергеудің нәтижелі табысқа жетуі, қылмыстың дер кезінде ашылуы, іске керекті дәлелдемелерді толық жинап алу тергеу барысында жүргізілетін тергеу әрекеттерін және жедел – іздестіру жұмыстарын кешіктірмей дұрыс кезектілікпен жүргізуге тікелей байланысты. Мұнымен қатар тергеу әрекеттерін жүргізгенде, жедел – іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде алынған мәліметтерді орынды жұмыстарды бәрін бірімен – бірі жалғасып жатқан бүтін процес деп есептеп, осы жұмыстардың жиынтығын тұжырымдап, оны бір ұғыммен тактикалық комбинация ( операция ) деп айтамыз. Комбинация дегеніміз қиыстыру, қисындастыру, немесе қиыстырудың айласы. Операция дегеніміз күрделі әрекет. Біздіңше тергеу үстінде жүргізілетін жұмыстарға келетін болсақ, оларды белгілі айламен қиыстырып жүргізу керек. Сондықтан бұл жұмыстарды тұжырымдап, оған толық сипат беретін болсақ, оны тактикалық комбинациялық операция деп атағанымыз дұрыс болар еді. Сонымен тактикалық комбинациялық операция дегеніміз тергеу үстінде ситуацияға байланысты қылмыстың мән – жәйын анықтау үшін жүргізілетін тергеу әрекеттерінің, жедел – іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстардың жиынтығы және оларды белгілі кезекпен, тактикалық айламен қисындастырып жүргізу әдісі.
Тактикалық комбинациялық операцияның түсінігін анықтап, айқындайтын болсақ, ол негізінен екі түрлі жұмыстардың жүргізілуімен сипатталады – тергеу әрекеттері және жедел – іздестіру жұмыстары. Сондықтан тергеу үстінде жүргізілетін мұндай операцияның табысты және нәтижелі өткізілуі операцияны жүзеге асырушы мен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың арасында қалыптасатын қарым – қатынастардың іскерлігіне тікелей байланысты.
Қылмыстық із жүргізу кодексінің талабы бойынша тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы әр қозғалған іс бойынша қылмыстың мән – жайын анықтап, жасалған қылмыстыдер кезінде ашуға тиіс. Бірақ тергеуші өзінің күшімен ғана бұл заңда көрсетілген міндетті орындай алмайды. Сондықтан тергеушінің жедел – іздестіру жұмыстарын орындайтын, анықтама жүргізетін органдардың қызметкерлерін көмекке алуға, оларға тергеу үстінде жасалған қылмыстың кейбір мән – жайларын анықтау жөнінде бұл органдардың қызметкерлеріне арнайы нұсқаулар беру жайындағы өкілеттігі заңда көрсетіліп, бекітілген. Жедел – іздестіру жұмыстарын жұргізу үстінде анықталған мәліметтерді және осы органның басқа да мүмкіншіліктерін толық пайдаланған жағдайда ғана тергеуші тергеп отырған қылмысты дер кезінде аша алады. Тергеуші мен жедел – іздестіру органдарының бірлесіп істеуі арқылы қылмысты тез арада ашуға, қылмыскерді дер кезінде ұстауға, керекті айғақтарды толық жинап алуға болады. Қандай қылмысты тергегенде болсын бұл екі органның алдында тұрған тағы міндет – ол қылмыстың алдын алу, қылмысқа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға арнайы жедел шаралар қолдану. Осындай ортақ міндеттері бар екі органның бір тергеу комитетінде шоғырлануы, атап айтқанда, бір мекеме шеңберінде болуы олардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы ұйымдық тактикалық жұмыстарын, әрине сөзсіз арттырады.
Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың тергеу үстінде қалыптасатын қарым – қатынасының түсінігі – қылмыстық істі тергегенде бір – біріне әкімшілік тұрғыдан тәуелсіз тергеу және жедел – іздестіру органдарының қылмысты ашуға, оны сапалы тергеуге, қылмыстың алдын алуға бірлесіп, іскерлікпен істейтін жұмыстары. Бірақ мақсаттары мен міндеттері бірдей,ортақ болғанмен аталған органдардың қызметтерінде өзіндік ерекшеліктері бар. Бұдан бұрынғы жедел – іздестіру жұмыстары жөнінде заңда өте қысқа, мәлімдеме есебінде ғана айтылған болатын. Қазір арнайы жедел – іздестіру жұмыстары жөніндегі заң қабылданғандықтан бұл органның өкілеттігі заң жүзінде толық бекітіліп көрсетілген. Заңға байланысты жедел – іздестіру органдарына жоғарыда айтылған жалпы міндеттермен қатар өзіне нақтылы жүктелетін міндеттері бар. Оның ішінде негізгісі – қылмыстың белгілерін, іздерін тауып, оған қатысқан қылмыскерлерді анықтап, оларды дер кезінде ұстау. Бұл өзінің алдында заң жүзінде қойылған міндеттерді анықтама жүргізуші органдар өзінің өкілеттігіне тән әдістермен, тісілдермен жедел – іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап орындайды. Тергеуші өзінің кейбір мән – жайларын анықтау жөнінде бұл органдарға нұсқау бере отырып оны қандай әдістермен, қандай жедел – іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы шешетіндігіне араласып кіріспейді.
Тергеуші мен анықтама жүргізуші органдардың арасында екі түрлі қарым – қатынас қалыптасуы мүмкін: тұрақты және бір жолғы. Тұрақты қатынас жағдайында тергеуші мен жедел – іздестіру органдарының қызметкерлері бір істі басынан аяғына дейін бірлесіп, бір жедел топ құрып тергейді. Қарым – қатынас қылмыс осы органдарға белгілі болған кезеңнен, тіпті іс қозғалмай тұрып – ақ қалыптасады. Мұндай жағдайда жедел – іздестіру органдары іс қозғауға негіз бола алатын фактілерді, мәліметтерді жинап, оны тергеушіге береді. Бұл мәліметтер тергеушінің қылмысты қозғауға кезеңінде дұрыс шешім қабылдануына көмектеседі. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жедел топ құрылып, оған тергеуші және қылмыстың түріне байланысты бірнеше жедел – іздестіру органдарының қызметкерлері кіреді. Жедел топқа кірген тергеуші және жедел – іздестіру органдарының қызметкерлері жалпы тергеу жоспарын жасап, онда көрсетілген іс – әрекеттерді нақтылы кім орындайтынын көрсетеді. Кей жағдайда тергеуші өз алдына жоспар жасап, жедел – іздестіру органдарының қызметкерлері өзінше жоспар жасаулары мүмкін. Мұндай жағдайда жедел топтың кеңесінде екі жоспарда көрсетілген іс – әрекеттер салыстырылып, екі жоспарға да белгілі бір дәрежеде өзгерістер енгізілуі керек. Анықтама жүргізуші органдар жедел – іздестіру жұмысын өткізгенде алынған мәліметтерді дереу тергеушіге хабарлап отыруы тиіс. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде алынған дәлелдеме фактілерді тергеуші анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлеріне хабарлап отыруы қажет. Бір біріне осындай мәлімет беріп, іскерлік қарым – қатынаста болғанда ғана тергеу дұрыс бағыт алып, жедел топтың жұмысы нәтижелі аяқталып, қылмыс дер кезінде ашылады. Мұны осы екі орган да өз – өзімен жеке жұмыс жасайды деген мағынада түсінбеу керек. Бір тергеу әрекетін бірігіп өткізетін де жағдай болады. Айталық, оқиға болған жерді қарау үстінде тергеуші оқиға болған жерді қарап жатқанда, анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлері қылмыскердің кім екенің анықтап, оны ұстауға, осы болған қылмысты көрген адамдарды табуға және басқа да қылмыстың мән – жайы жөніндегі мәліметтерді біліп, анықтауға бағытталған жедел – іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жедел топқа кіретін жедел – іздестіру органының қызметкерлеріне тергеуші кейбір жеңіл тергеу әрекетін өзі жеке өткізуді де жүктеуі мүмкін. Сонымен, тергеуші мен жедел – іздестіру органдарының тергеу үстіндегі тұрақты қарым – қатынасы жедел топты, сондай – ақ, жалпы тергеу жоспарын құрумен және кейбір тергеу әрекеттерін бірігіп өткізумен сипатталады.
Тергеу үстінде осындай тұрақты қатынаспен бірге, көбінесе жеңіл қылмыстарды тергегенде, эпизодтық, былайша айтқанда, бір жолғы қарым – қатынас қалыптасуы мүмкін. Мысалы, қылмыстық заңға сүйеніп тергеуші істің кейбір мән – жайларын жедел – іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы беру жөнінде осы органға нұсқау береді. Айталық, қылмысқа сезікті адамның тұрмыс жағдайын, кіммен қарым – қатынаста екендігін,кімнің үйіне және қай жерлерге жиі баратындығын, тағы да басқа мәліметтерді жинап беру жедел – іздестіру органдарының қызметкерлеріне тапсырылады. Осымен қатар тергеуші кейбір күрделі тергеу әрекеттерін өткізуге көмек беру үшін жедел – іздестіруші органның қызметкерлерін шақырып, тергеу әрекетін өткізу үстінде оларға арнайы тапсырмалар береді.
Күрделі тергеу әрекеттерін тергеуші жедел – іздестіру органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, іскерлікпен өткізуі бұл тергеу әрекетінің нәтижелігін сөзсіз арттырады.
Тергеу іс – әрекеттері ұғымы. Қылмыстық іс бойынша тергеудің негізгі мазмұны деп қылмыстық іс жүргізу дәлелдемесі танылады, себебі, тергеушінің қызметі заңмен белгіленген іс жүргізу нысанында жүзеге асады.
Тергеу іс – әрекеттері – бұл тергеушінің немесе анықтау органының қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес жүргізілетін іс жүргізу әрекеттері. Бұл әрекет қылмыстық істі обьективті және толық анықтау үшін маңызы бар дәлелдемелерді тексеру, қорыту, жинау жолымен фактілі мәліметтерді белгілеуге бағытталады.
Басқа іс жүргізу әрекеттерімен салыстырғанда тергеу әрекеттері мынадай белгілермен сипатталады:
а)олар анықтау, тергеу органдары, тергеуші, анықтаушы үшін танымдық сипатқа ие болады;
б)алдын – ала тергеу немесе қайтадан ашылған жағдайына байланысты қылмыстық істі тергеу сатыларында ғана тергеу әрекеттерін жүргізу;
в)бұл қызмет тек тергеу әрекеттері өндірісінің тәртібін реттейтін іс жүргізу заңы негізінде жүзеге асады ( жинау, қорыту, дәлелдемелерді алу );
Ережеге сай, заң әдебиеттерінде тергеу әрекеттері екі топқа бөлінеді:
а)дәлелдемелерді бекіту, тексеру, жинауға бағытталған тергеу іс – әрекеттері ( қарау, тінту, алу, тергеу эксперименті, тану, т.б. );
б)алдын ала тергеу ісіне қатысушы адамдардың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған тергеу іс – әрекеттері ( мысалы, айыпталушыға іс бойынша өтініштерді, шағымдарды қарау, жәбірленушінің іске қатысты барлық материалдармен танысу құқығын түсіндіру ).
Тергеу іс – әрекеттерінің түрлері. Тергеу әрекеттерінің түрлеріне мыналар жатады:
1) қарау;
2) күдіктіні ұстау;
3) жауап алу;
4) беттестіру;
5) тінту;
6) алу;
7) тану үшін көрсету;
8) куәландыру;
9) сараптама тағайындау;
10) тергеу эксперименттері;
11 )іс болған жерді көрсетуін көрсету;
12) салыстырмалы зерттеу;
13) мәйіт эксгумациясы;
14) телефон және телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау;
15) пошта және телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау;
16) мүлкін тұтқындау.
Келтірілген тергеу әрекеттерінің түрлері жеткілікті, толық деп саналады.