Сурдопедагогтарға, тәрбиешілерге қойылатын міндеттер
Сөйлеу тілін қарым-қатынас құралы ретінде қалыптастыру, есту кемшілігімен байланысты ақыл-ой және дене дамуының ауытқуын игеру және т.б.
Тәрбие қағидалары – осы процестің өзара әрекетінің субъектісінің стилін және тәрбиенің жалпы бағыттарын, әдістерін, мазмұнын анықтайтын негізгі идея.
Қағидаларды келесідей бөліп көрстетуге болады:
· Оқушылардың жас және жеке ерекшеліктер есебіндегі қағида;
· Тәрбиенің өмірмен байланысу қағидасы;
· Педагогикалық оптимизм қағидасы;
· Ұжымдағы тәрбиелеу қағидасы;
· Белсенді және өзіндік негізінде баланы тәрбиелеу қағидасы;
· Эстетикалық зеректіліктерге тәрбиелеу, кереметтілікті түсіне және көре білу;
· Эстетикалық талғамды дамыту. Өйткені есту қабілетін жоғалтқан баланың ойлау және сөйлеу тілін дамытумен байланысты.
· Баланың шығармашылық қабілетін дамыту;
Эстетикалық құрамы сапасында өнер, айналадағы заттар, еңбек және спорт әрекеттері, ойын және т.б. қолданылады. Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектепте сөйлеу тілін дамыту сабағы жүреді. Оқушылар онда қоршаған ортаны ауызша және жазбаша түрде сипаттауды үйренеді. Аталған сабақтар оқушының сөйлеу тілін дамытады. Эстетикалық тәрбиеде үйірмелердің маңызы зор.
Дене тәрбиесінің мақсаты – адамның дене қабілеттері мен сапасын дамыту, дағды мен біліктіліктерді қалыптастыру, денсаулықты сақтау, тұлғаны жан-жақты дамыту болып табылады.
Дене тәрбиесінің негізгі құрамы – дене жаттығулары, табиғаттың шынайы факторларын пайдалану және гигиена сақтау.
Мектептің негізгі міндеті–есту қабілетін жоғалтқан балалардың денсаулығын күшейту. Ол педагогпен ата-аналардың біріккен күшімен шешіледі. Есту қабілетін жоғалтқан балаларға арналған мектептердің арнайы міндеті сөйлеу тілін қатынас құралы ретінде қалыптастыру. Дене тәрбиесі дене шынықтыру сабақтарында, әуенді-ырғақ сабақтарында жүзеге асады. Біздің мектеп үшін ерекше форма әуенді-ырғақ сабақтары болып табылады. Сонымен қатар, отбасында балалардың дене тәрбиесі – бала дамуындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Отбасында дене тәрбиесі жұмыстарының мазмұны мынадай:
· Негізгі қимылдарға үйрету;
· Заттар мен заттарсыз жалпы дамытатын жаттығуларды жасау;
· Кеңістікте бағдарлауын және үйлесімділік қимылдарын дамыту;
· Дұрыс мүмкіндігін қалыптастыру. Ата-аналар осы жұмыстарды әр түрлі ойын, жаттығу, серуендеу түрінде өткізулеріне болады.
Тәрбие әдістері – тәрбиенің өзара әрекетін жүзеге асыру, тәрбие міндеттерін шешудің жалпы тәсілдері.
Сурдопедагогикада тәрбие әдістерінің мәселесін А.И.Дьячков.,
С.А. Зыковтың және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде көруге болады. Есту қабілеті зақымдалған балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие әдістерін былай топтастыруға болады:
- ақпараттық (әңгіме, педагог әңгімесі, фильмді көру, оқу, педагогикалық талаптар);
-практикалық-әсершілдік (жаттығу, қоғамдық пайдалы әрекетті ұйымдастыру, ойын).
Есту қабілеті зақымдалған балалардың жас және жеке ерекшеліктері
Әрбір жас кезеңіне әрекеттің жетекші типі, сенсорикалық, интеллектуалды, эмоционалды процестерді дамытудың өзіндік деңгейі сәйкес келеді. Әрбір жас тобының жұмысында баланың сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып, тәрбиенің әдістері мен тәсілдерін қолдануға тура келеді.
Тәрбиенің өмірмен байланыс принципі адам әрекетін, мәдени құндылықтар және т.б. табиғат қоғаммен байланыстыра қалыптастыруға ұйғарады. Педагог баланың түрлі әрекетіндегі реакцияларды бақылай отырып, оны бекітеді.
Тәрбиедегі бірлестік, біртұтастылық принципі тәрбие процесінде мектеп, жанұя және қоғамдық мекемелерді, сонымен қатар сыныппен жұмыс жүргізетін барлық педагогтарды біріктіруді талап етеді. Осы принцип ақпараттың жеткіліксіздік, әлеуметтік байланыстарының жеткіліксіз жағдайында дамитынын ескере отырып, есту қабілеті жетіспейтін балаларды тәрбиелеу жүйесіне өте маңызды.
Тұлғаны құрметтеу принципі адамгершілік құндылықтардың пайда болуына қабілеттейтін тұлғалық құрметтеу сияқты өте маңызды. Адамға қойылатын талаптар – оның қоршағандармен мүмкіндіктері және қабілеттеріне қарай баға беру деңгейін көрсетеді. Бірақ бұл жайды барлық педагогтар ескере бермейді. Сондықтан соңында бала ересектің осындай баға бергеніне бағдарлана отырып, өз күшін адвекатты түрде анықтай алмайды. Осы кезде бала өзін төмен ұстап, өмірдегі жоспарларынан бас тартады.
Педагогикалық оптимизм принципі балаға өзінің потенциалды мүмкіндіктерін ашуға, қоршағандармен қарым-қатынаста нақты орын алуға мүмкіндік береді.
Педагог әрбір тәрбиеленушінің жағымды жақтарын белгілей отырып, бақылауы керек.
Ұжымдағы тәрбиелеу принципі тәрбиешіден оның тобындағы әрбіреуін нақты қанағаттандыртын орынға ие болуға жағдай жасауды талап етеді.
Бала қоршаған ортамен түрлі қатынасты ұстауды үйренеді, ақпаратпен алмасады, қатынас мәдениетін меңгереді. Ол өзін басқа адамдарға өзінің қабілеттерін көрсетуге тырысады.