Дәріс 2.Кәсіби этика түсінігі. Педагогикалық этиканың заты, міндеті, ерекшелігі.

Дәріс мақсаты: Кәсіби этика түсінігін қалыптастырып, Педагогикалық этиканың затын, міндетін, ерекшеліктерін анықтау.

Тақырыптың сұрақтары:
1. Кәсіби этика түсінігі.

2. Педагогикалық этиканың заты, міндеті, ерекшеліктері.

3. Педагог пен оқушы арасындағы жағымдықарым-қатынастың қалыптасуы..
Кәсіби этика –жалпы этика ғылымының саласы.Ол қайсыбір кәсіптің моральдық ерекшеліктерін, сол кәсіппен айналысатын адамдардың еңбек атқару барысындағы адамгершілік ұстанымдарын, оларды жүзеге асыру өзгешеліктерін қарастырады. Мысалы:

Басқару кәсібінің этикасы – басқару іс-қызметіне байланысты этикалық ұғымдар мен тәрбиелік нұсқаулар жүйесі;

Әскери кәсіп этикасы – армияның әскери күшін нығайту мақсатындағы оны ұйымдастыру, басқару деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған ұғымдар мен нұсқаулар жүйесі;

Медициналық этика – ол этикабойынша дәрігер әр жағдайда әділ, әдемі, кең жүректі адам болуға тиісті. Гиппократ анты.

Кәсіби этиканың атқаратын міндеттері: ұжымда жалпы адамгершілік талаптарға сай келетін тәртіп орнату; кәсіби борыш, кәсіби ар-намыс деген түсініктерді енгізу; ұжымның беделін көтеру; кәсіби қызметті кеңейту, ілгерілету, сол арқылы табысты морлайту, кәсіпке қатысы барлардың тұрмыс-жағдайларын жақсарту. Түптеп келгенде саяси –әлеуметтік тұрақтылықтың бекемденуіне қызмет ету.

1. Біз бен сіздің кәсіби мамандығымыз(сіз үшін болашақтағы) мамандығымыз педагогикалық мамандық. Енді осы бағыттағы этикаға кеңірек тоқталаайық.

Педагогикалық этика –этика ғылымының өзіндік тарауы. Ол:

- педагогикалық мораль ерекшелігін зерттейді;

- педагогикалық еңбекте адамгершілік ұстанымдарын жүзеге асыру өзгешеліктерін анықтайды;

- педагогикалық этиканың функциясын, мазмұндық принциптерінің өзгешеліктерін ашып көрсетеді;

- оқыту-тәрбиелеумен кәсіби түрде айналысатын адамдар арасындағы, яғни кәсіби ортада , адамгершілік қатынастар мен қалыптасқан өзгеше тәртіп пен мінез-құлықты, т.б. зерттейді.

Педагогикалық этика педагогикалық мораль мен моральдық құндылықтардың түпкілікті мәнін қарастырады.

Моральдеп–қоғамдағыадамдар арасындағы қалыптасқан адамгершілік нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтсақ,

Моральдық құндылықтар – адамдардың адамгершілік қасиеттері мен мінез –құлқына, іс-қимылына, өмірдегі алуан түрлі құбылыстарғаөзіндік баға беретінмейрімділік пен зұлымдылық, адалдық пен ар-намыс туралы түсініктер жүйесі.

3.Педагогикалық қызметте мораль, моральдық құндылық түсініктрінің бәрі кездеседі. Солардың ішінде педагогикалық әділдік, педагогикалық борыш, педагтогикалық ар-намыс, педагогикалық бедел, педагогикалық тәртіп,түсініктерін анықтап кетейік.

Жалпы алғанда әділдік дегеніміз – адамдардың құқықтары мен міндеттері арасындағы сәйкестілік.

Педагогикалық әділдік – мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы барысында оқушылардың тәртібін, қылығын, оқуға көзқарас-құлшынысын, адамгершілік тәрбиелік деңгейінанықтау мен бағалау барысындағы мұғалімнің объективтілігі мен өзіндік баға берудегі ерекше сипаты. Бұл жағдайда объективтіліктің өлшемі педагогтың қолында. Бағалауда кей кездерде түсініспеушіліктер туындап жатады, себебі педагог күткен педагогикалық қажеттіліктерді балалар жағының нақты түсіне білмеуінде.

Педагогикалық борыш – өз еңбегіне шығармашыл көзқарас, өз-өзіне қатаң талап қою, кәсіби білім-білігін, педагогикалық шеберлігінарттыруға деген құлшыныс, гқушыға, ата-анаға құрмет көрсету және талап қоюқажеттілігі, мектеп өмірінде кездесетін күрделі шиеленістерді шеше білу іс-қимылдары.

Педагогикалық ар-намыс – педагогтың өз кәсіби борышын орындау барысында айқындалатын моральдық сипаты мен сіңірген еңбегіне деген қоғамдық баға. Онда мінез-құлқы, басқа тұлғалармен ара-қатынасқа қойылатынталаптарды орындау деңгейі,адамгершілік сипаты ескеріледі.

Педагогикалық бедел – мұғалімнің оқушылар мен әріптестер ұжымындағы моральдық статусы. Оның деңгейібілімімен, зеректілігімен, шеберлік тереңдігімен, өз еңбегінедеген ерекше қатынасымен, т.б. қасиеттерімен анықталады.

Педагогикалық тәртіп – мұғалім қызметінде оның ойымен әрекетінің ұштасып жататын педагогикалық моральды іске асыру түрі.Педагогикалық тәртіп - іс қимылдың барлық объективтік әсері мен оның субъективтік қабылдануын көре білуді көздейтінадамгершілік көрінісі. Осы арқылы мақсатқа жетудегі барынша жеңілжол мен, керісінше, жағымсыз жағы айқындалады. Педагогикалық тәртіп түрлері – мұғалімнің тұлғаға деген құрмет сезімі, жоғары талап қоюы,әңгімелесіп отырған адамды тыңдай және түсіне білуі, ұстамдылығы, іскерлігі, сабырлылығы, зейінділігі, сезімталдығы, осылардың барлығы педагогикалық тәртіпке жатады.

Педагог тәртібі оның педагогикалық әрекеттерін адамгершілік тұрғыдан реттейді. Оның толыққанды кәсіби этикалық мәні мен мақсатқа сәйкестігі келдесі сипаттарда көрініс береді:

- талапшылдық, жеке бастың қасиетін қорламау, түртпектей бермеуінде;

- қарым-қатынас барысында табиғилық, қарапайымдылық танытып, мәймөңкелік пен өрескелдікке жол бермеуінде;

-бірбеткейліксіз ұстанымшылдығы және табандылығында;

- аса дабыраламайтын зеректік пен сезімталдығында;

-тұлғаның жеке басын қорламайтын әзіл-сықақ қолдана білуінде;

-иландыру, нандыру, ескерту, ұсыныс жасау және қысымшлық пен қорлықсық жазалай білуінде;

-өз білімі мен кәсіби даярлық деңгейіңнің артықшылығын атап айтпай-ақ білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу білу қабілетінде;

-білім алушыларды тыңдай білуі, оның және өзгелердің сұрақтарға берген жауаптарына тыңғылықты қарай білуінде;

Аталған педагогикалық тәртіп түрлері педагогтың түрлі оқу –тәрбиелік міндеттерін шешу барысында көрініп, олардың кәсіби қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.

Кәсіби әдеп сипаты келесі жағдайда көрінеді:

- педагогтың сыртқы келбетінен;

- кез келген орын алған жағдайды жылдам және дұрыс бағалай білуі, сондай –ақ өз тәрбиеленушілерінің тәртібі мен қабілеті туралы қорытынды жасауға асықпауынан;

- өз –өзін ұстай білу, қиын жағдайда сезімге жол бермей, салқынқандылық танытуынан;

- оқушыларына қоятын талаптарының ойға сыйымдылығы мен оларға деген сезімталдығынан;

- оқушылардың жас және жеке –дара ерекшеліктерін жақсы білуінен;

- өз еңбегіне сыни көзқараспен бағалай білуінен;

Әдепті педагог жұмысқа, іскери кездесулерге уақытында келеді; өзінің әріптестеріне, оқушыларына, олардың ата-аналарынан алған заттарын уақтылы қайтарады; айналасындағы адамдарға залал келтіретін, алып-қашпа сыбыс пен расталмаған фактілерді дауыстап қайталамайды;

Педагогикалық тәртіп қолданылатын педагогикалық әсер етудегі әдіс, тәсілдердің негізділігімен және икемділігімен сипатталады. «Тәртіп» түсінігі көптеген жиынтықтардан құралады, бірақ, олардың бәрі кішкентай адаммен және оған деген ерекше сезімталдықпен, қамқорлықпен байланысты. Мұғалім мінезі мен тактикасы икемділікті қажет етеді..

Сабақта — нақтылық, сыпайылық, ұжым сабаққа дайын болмағанда қаталдық.

Сабақтан тыс уақытта — жеке әңгімелесу, саяхат кезінде, серуен барысында шынайы болу, ақжарқындық таныту

Педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынас келесі жүйеде қалыптасуы қажет: сенімділік; баланы тыңдай білу; өзара түсінушілікті негізге алу; іскери қарым-қатынас;ықпал етуден біртіндеп өзара әрекеттесуге көшу.

Аталған қарым қатынас талаптарын қалыптастыру үшін топтағы балалар арасындағы әлеуметтік жағдайды ескеру керек.Сонымен қатар ынталандыру, жазалау және мадақтау тәсілдерін қолдана отырып, мұғалім әр балаға қатысты ерекше әдепті болуы тиіс.

Мұғалім сенімділік, сыйластық, сүйіспеншілік тәриізді сезімдерді тудыра білуі керек. Оларсыз мұғалім бойында шынайы ұстаз беделі болмайды.Әркез ол айналадағы адамдардың өзіне қалай қарайтындығы жөнінде және оның неге байланысты болып жатқаны ойланып жүргені дұрыс.

Сұрақтар: 1)Кәсіби этика дегенініміз не?2)Педагогикалық этиканың айналысатын мәселелері? 3)Педагогикалық этиканың құрылымы? 4) Педагогикалық мораль дегеніміз?5)Педагогикалық құндылық дегеніміз? 6)Педагогикалық қызметте кездесетін этикалықтүсініктер? 7)Педагог тәртібінің көрініс табатын сипаттары? 8)Кәсіби этиканың педагог бойындағы көрінісі? 9)Оқушыға білім мен әдеп негіздерін қалыптастыруда пайдаланатын әдіс-тәсілдер

Дәріс 3. Этикалық категориялар ұғымы және негізгі категориялардың сипаттамасы.Этика категорияларының әлеуметтік маңыздылығы.
Дәріс мақсаты: Этикалық категориялардың ұғымы және катеогриялардың сипаттамасы анықтап білу.
Тақырыптың сұрақтары:

1. Этикалық категориялардың ұғымы.

2. Негізгі этикалық катеогриялардың сипаттамасы.

3. этикалық категориялардың әлеуметтік маңыздылығы.

Наши рекомендации