Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы

Жоспары:

1. Сынып жетекшісінің оқушылармен жұмысының диагностикасы

2. Сыныптың педагогикалық үрдісінің негізгі сипаттамасы және олардың көрсеткіші.

3. Сыныптың педагогикалық үрдісінің сипаттамасы бойынша диагностикалық мәліметтер алудың зерттеу әдістемесі

4. Оқушылардың тәрбиелігі диагностикасы және сынып ұжымының даму деңгейі.

5. Оқушылар және оқушылар ұжымы диагностикасының шамамен алынған бағдарламасы мен әдістемесі

Сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының нәтижесіне талдау жүргізуі.Бұл сынып жетекшісі жұмысының ішіндегі нң күрделі кезеңі.Себебі ол педагогикалық процестің мәнін танып білуге аса зор ықпал етеді.Әрбір жағдайды талдау жұмысының нәтижесінде,оған дер кезінде дұрыс шешім қабыддап,түзетулер және толықтырулар енгізіп отыруға мүмкіндік туады.Ол сынып жұмысының мақсат міндеттері және оны жоспарлау жұмысымен тығыз байланысты болады.сондықтан да сынып жетекшісі үшін,оны атқарудың маңызы ерекше.

Талдау жұмысының мақсаты –оқу жұмысының соңында сынып көлемінде жалпы педагогикалық процестің нәтижесін бағалауды,келешекте оның жұмысын жетілдірудің жаңа нұсқасын жоспарлауды және жаңа оқу жылының мақсат міндеттерін анықтап,негіздеуді көздейді. Оның нәтижесі оқушылармен,ата-аналармен жәнқолданылады. пән мұғалімдерімен атқарылатын оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау барысында қолданылады.

Оқу жылының қорытындысына талдау жүргізу негізінен бір жыл бойы жүргізілген жұмыстардың мәліметтері, оларды талдау жұмыстары қорытындысы,сауалнама жүргізу және зерттеу нәтижесі барысымен байланысты атқарылады.Қорытындысында,педагогикалық әрекетті жетілдіруге сай нақтылы ұсыныс білдіру және біріңғай ортақ көзқарас алыптастыру жұмыстары жүргізіледі.Оны мамыр және маусым айларында атқару тиімді.

Оқу жылында атқарылатын жұмыстарға қатысты басқа да мәліметтерге және тоқсандық оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесінде талдау көлемі,сипаты жағынан күрделі болып келеді.сондықтан да ол комплекстік жұмыс болып есептелінеді.

Дегенменде оқу жылының нәтижесінде кең көлемде талдау жүргізудің өзіндік қиындықтары болады.Ол үшін,ондағы атқарылған жұмыстарды топтап,соның ішінде басымдық танытатын және жоспарда көрсетілген міндеттерге сай келетін оқушылар ұжымының оқу-танымдық,тәрбиелік әрекеттерін дерлік тұтастай қамтитын көлемді бөлігін бөліп көрсету қажет. Мұндай талдау жұмыстары негізінен 3 кезеңде атқарықалуы мүмкін.

1. Жалпы сынып ұжымының өміріне талдау жасау

2. Сынып жұмысындағы кейбір негізгі мәселелерді талдау.Қоғамдық –пайдалы әрекеттерді.Мысалы,сыныптағы ткезекшілікті ұйымдастыру,жалпы мектеп аралық істерге қатысу,оқушылардың сыныптағы өзін-өзі басқарудың дамыту т.с.с.

3. Жеке оқушымен жұмыс нәтижесін талдау.

Жоғары да көрсетілген бөлімдерге сәйкес,талдауға қатысты мәселелер оқу жылының басында белгіленген міндеттерді ескере отырып,сынып жетекшісінің басшылығымен анықталады.

Талдауға қатысты сұрақтар топтамасы шартты түрде мынандай болуы мүмкін.

1. Қаралып отырған мәселенің нәтижесі қандай?Алға жылжу барма,болса оның қозғаушы күші қандай?

2. Жоғарғы нәтижеге қол жнткізу мүмкіндігі немесе керісінше болудың себебі қандай?

3. Сынып өмірінде қандай о өзгеріс болды.

4. Біздің сынып басқа сыныптарға қарағанда қандай өзгешеліктерге ие?

5. Болашақта қол жеткізген жетістіктерді қа,жинақталған материалдарды сұрыптау және негізгі лай сақтап, дамытуға болады? Ол үшін біз не істеуіміз керек?

6. Сіздерді сынып өмірінде көңілдеріңізге қонбайтын қандай мәселелер толғандырады?

7. Біз өткен оқу жылымен салыстырғанда қандай жетістіктерге қол жеткіздік?

8. Келесі оқу жылын қандай негізгі мәселемен бастаған жөн деп ойлайсыз?

9. Сынып өміріндегі қандай негізгі кемшілікті жою басты мәселе деп ойлайсыз?

10. Оқу жылының қорыиындысына сай сынып оқушыларынан кімдерді ынталандыру қажет деп ойлайсыз?

Ата-аналардың қорытынды жиналысында:

- биылғы оқу жылында қандай жаңа оң нәтижеге қол жеткіздік деп ойлайсыз?

- пән мұғалімдерді,ата-аналар және мектеп әкімшілігі қандай мәселелермен айналысты?

- сынып жетекшісінің оқушылармен және ата-аналармен жұмысында қандай нәтиже болды?

- келесі оқу жылын қалай ұйымдастыру лайықты деп ойлайсыз?деген сұрақтарды талдау да өз нәтижесін берері анық.

Осындай жұмыстарды атқару барысында қажетті материалдарды жинау және оған талдау жүргізу қажет.Ол үшін жиналыстың хаттамсы жүргізу және арнайы топ құрып жинақталған материалдарды сұрыптау және негізгі ой-пікірлерді қорытындылау үшін ата-аналар және оқушылар белсенділерін тартқан жөн.

Міне,осындай талдау жұмыстарын атқару үшін уақыт тапшылығымен санаспай,жан-жақты ізденісті ұйымдастыру қажет. Тәжірибе көрсеткендей,ол болашақтағы атқарылар істерге қатысты нақтылы мағлұматтар алу үшін,әрқашанда өзінің жемісін берері анық.

Сынып жетекшісінің оқу жылының қорытындысына талдау жүргізуді ұйымдастыру жұиыстарының шартты түрде алған жоспары.

1. Талдау жұмыстарының мазмұны мен формасын белгілеу үшін оқушылар және ата-аналар белсенділерінің отырысын ұйымдастыру.

2. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының нәтижесін анықтау үшін «срез» тәсілін жүргізу.

3. Сынып ұжымымен талдау жұмысының әдістемесін ойластыру.

4. Сынып жұмысының қорытындылауға сай оқушылардың пікірін ескере отыра,оларға тапсырма беру.

5. Оқушылардың және ата-аналармен,пән мұғалімдерімен бірлесе отыра ұжымдық талдау жұмыстарын жүргізу.

6. Талдау жұмыстарының материалдарын өңдеу сарапау кесте,сызбалар сызу т.с.с.

7. Оқушылар және ата-аналар белсенділермен талдау жұмысының нәтижесін жазбаша қорыту.

8. Талдау жұмысының қорытындысын мектеп әкімшілігінің тәрбие жөніндегі орынбасарына тапсыру.

Әрине мұндай жұмыстарды атқару сынып жетекшісінен шыдамдылық пен төзімділікті,орасан күш-жігерді және кең көлнмді тәжірибе мен асқан ұйымдастырушылық қабілетті қажет етеді.Сондвқтан,талдау жұмысының нәтижесін қорытындылау барысында,оған қатысты барлық материалдарды ой елегінен өткізіп,негізгі кезеңдер мен ондағы шешімдерді бөліп көрсетіп,болашақта сыныпта,атқарлатын жұмыстарды сипатын,мазмұнын анықтау пайдалы болмақ.

Талдау жұмысының нәтижесімен сол сыныпта жұмыс ісейтін баолық пән мұғалімдері таныс болуы тиіс.

Бүгінде мектеп тәжірибесінде қолданып жүрген талдау жұмысының әр түрі бар.Олар көбінесе нысанаға,субъектіге,талданып отырған мәселенің мазмұны мен уақытқа сәйкестігіне байланысты қарастырылады.Дегенмен де әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.мұндай жағдайда сынып жетекшілері нақты жұмыс формаларына сай талдауды жүргізеді.

Сынып жетекшісінің оқу жылына талдау жұмыстарының шартты түрде алынған үлгісі.

1. Сыныптағы педагогикалық жұмысты талдаудың жалпы нәтижесі.

1.1. Оқушылардың тәрбиелік және әлеуметтік өзгеру сапасы әлеуметтік маңызы бар сапасының дпмуы,мінез-құлқы,әрекеті,белсенділігі.т.с.с.

1.2. Оқушылар ұжымының даму деңгейі,ұжымдағы оқушылардың,мұғалімдермен оқушылардың және ата-аналар мен оқушылардың өзара қарым-қатынасының сапалық көрсеткіші.

1.3. Педагогикалық тәсілдерді қолдану нәтижесі.

2. Сынып алдында қойылған міндеттердің орындалуына талддау.

2.1. Бүгінгі күн тұрғысында өткен оқу жылындағы міндеттердің дұрыстығы,өз уақытында қойылуы,уақытпен сәйкестігі.

2.2. Оқу жылының ішінде қандай міндеттер нәтижелі атқарылды? Оның көрсеткіші қандай?

2.3. Қандай міндеттер орындалмады және оның себебі?

Олай болса, сынып жетекшісі педагогикалық процестің нәтижесін талдау барысында анықтайды.

- сынып ұжымы мен өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін;

- сыныптағы атқарылған пед-қ жұмыстың мақсатқа сәйкестілігін;

- нәтижеге қол жеткізудің факторларын,қозғаушы күштерін,себептерін;

- пайдаланбай қалған мүмкіндіктер мен пед-қ құралдарын,болашақта сынып жұмысын жетілдірудің қосымша көздерін қарастыруды.т.б.

Сынып жетекшілерінің іс-әрекетіне жасалған әлеуметтік талдау нәтижесінде оның міндеттерін төрт топқа бөледі.

Бірінші топ – әлеуметтік міндеттер (балаға көмек, оны әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізу, жеке тұлғаның дамуы мен оның даралығының қалыптасуына тиімді жағдай жасауда жанұямен және тәрбие институттарымен әрекеттестік).

Екінші топ – диагностикалық міндеттер (сыныппен жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін оқушының жеке тұлғасы мен ұжымның даму диагностикасы).

Үшінші топ – адамгершілік міндеттер (баланың бойында қайрымдылық критерилерін қалыптастыру, баланы адамгершілікке бейімдеу жағдайына қою).

Төртінші топ – даралық-тәжірибелік сипаттағы міндеттер (оқушылармен жұмыстың нәтижелі педагогикалық тәсілдерін таңдау, өз жұмысын жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен түзету, рефлексия педагогикасы).

Педагогтардың, зерттеушілер мен мұғалімдердің оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесін ұйымдастыру үшін маңызды міңдеттерді бөліп қарау. Өйткені оқушы өмірінің барлық жақтарын сынып жетекшісі мен мектептің тәрбие жұмысы ықпалымен аяқталмайды. Ең маңызды міндеттер:

1. Денсаулық пен салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

2. Баладағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.

З.Оқушыда адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру.

4. Баланың бойына біткен қабілетілігі мен мақсат-мүдделерін жаңаша дамыту.

Е.Н.Степанованын ой туыншаа сыныптың тәрбиелік жүйесі-бұл сыныптағы әрбір мүшені тәрбиелеп және олардың өмір сүруші ұымдастыру тәссілі бұл біртұтас өзара әсерететін компонент, ұжымда және тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді -дейді. Осыған байланысты компоненттер тізімі;

1. Жеке топтық компонент тәрбиелік жүйе құрамы балалармен ересектер тобы.

2 Құндылық-бағдарлы компонент (тәрбиенің мақсат міндеті бірлікте, сыныптың болашағы, тәрбие жүйесін құрудың қағидасы).

3. Қызметтік-әрекет компоненті (жүйе құрушы турі, форма бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі, тәрбие жүйесінің негізгі қызметі, өзін-өзі басқару).

4. Уақытша-кеңістік компоненті (тәрбиелік орта, тәрбие жүйесінің қалыптасу кезені т.б.).

5. Диагностикалық-талдау компоненті (тәрбиелік орта,тәрбие жүйесінің тиімді өлшемі, ұжымды танып білудің әдіс тәсілдері, талдаудың формасы мен тәсілдері, алынған нәтижені бағалау).

Сынып жетекшісінің жұмысындағы ең қиын нәрсе сол оқушыларды адамгершілік жағынан қалыптастыру болып табылады.Диагностика деген ұғымға оқу-тәрбие барысында жетістік пен кемшіліктерді көре білу, соларды дер кезінде алдын алып болдырмау, жетістікті жетілдіре отырып ақырғы қортындыны көздеу. Мектептен кейін оқушының алған білімін тәжірибеде қолданып іске асыруын қадағалау, өзіне де, қоғамға да пайдалы адамды тәрбиелеп шығару.

Диагностика деген – оқушының ақыл-ой мүмкіншілігін, адамгершілігін, дене дамуын бағалай білу, олардың жеке басының психологиялық ерекшелігін көре білу, адамдармен тіл табысу қабілетін зерттеу, өзін оқушылар ортасында қалай ұстап, мұғалімдермен, үлкендермен қатынасын анықтауды белгілеу.

Педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің көрсеткіштерін бағалау /принциптері/. Педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің көрсеткіші жеке мұғалімдердің және оқу-тәрбие жұмысына қатынасы бар басқада адамдардың біріге, ынтымақтаса атқарған, бір бағытты іс-әрекетінің негізінде қалыптасқан мектеп жұмысының нәтижесі арқылы бағаланады. Педагогикалық ұжымның іс-әрекетін ғылыми бағдарлы жүйеге негізделген басшылық іске асырады. Бақылаудың қызметіне сабаққа қатынасу, тәрбие жұмысы, сыныптан тыс жұмыстар жатады. Олар:

а) жүргізген жұмыстың ғылыми-методикалық сапасын зерттеу;

ә) мұғалімдердің қажетті оқыту-тәрбиелік мәселені шешуге негізделген сабақ жүйесіндегі іс-әрекеті, соған байланысты олардың оқушы белсенділігін арттыра отырып білімді игеруге деген ішкі қажеттігін туғыза отырып, өз бетімен жұмыс жасау қабілетіне жетісу, сөйтіп бүгінгі ғылым мен техникаға негізделген қоғамда өмірдің бар саласынан хабары бар білімді адамдарды тәрбиелеп шығару, қоғамда болып жатқан құбылыстарды, саяси-идеологиялық бағдар-бағытты ажырата білетін жаңа типті азаматтарды тәрбиелеу т.б….;

б) алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені анықтап, оны тарату мақсатында;

в) оқушылардың білім сапаын анықтау, зерттеу …;

г) сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмұндылығын, әсерлігін бақылау, бағалау.

Әдебиеттер:

1. Зверев В.И. Диагностика и экспертиза педагогической деятельности аттестуемых учителей. Москва, 1998.

2. Коломинский Я.Л. Психология детского коллектива: система личностных отношений. Минск,1984.

3. Фридман Л.М., Пушкина Т.А., Каплунович И.Я. Иучение личности учащегося и ученических коллективов. Москва, 1988.

4. Караковский В.А., Новиков Л.И., Селиванова Н.А. Воспитание? Воспитание… Воспитание.

5. Кукушин В.С. Теория и методика воспитательной работы. Ростов на –Дону, 2002 г.

Дәріс

Наши рекомендации