Технологиялық картасы № 13.

Тобы:Ортаңғы

Білім беру саласы:Денсаулық.Таным.

Бөлімі:Дене шынықтыру.

Спорттық демалыс: Алақай! Ауылдағы атам мен әжемің үйіне қонаққа барамыз!

Мақсаты: 1.Үй жануарлары және үй құстарымен таныстыру; жануарлардың қимылдарын салып, жаттығуларды орындау. 2.Жылдамдық, ептілік және күштілік қасиеттерін дамыту.

3.Қимыл-қозғалыс ойындарын ойнау арқылы балалардың зейіндерін дамыту.

Өткізу орны: Спорт алаңы.

Құрал-жабдықтары: үй жануарлары мен үй құстарының бетперделері, үнтаспа.

Барысы: Жү ргізуші: Міне, жаз да өтті. Кейбір адамдар теңіз жағасында күнге қыздырынды, ал біреулер шетелге барып келді, көпшілігі ауылға барады. Бүгін біз ауылдағы жазғы демалысымыздың қандай болғанын еске түсіреміз. Енді ауылға саяхат жасайық. Ва­гондардан орын алыңыздар.

1.Балалар бір қатар тізбекке тұрып, баяу жүгіреді. Дөңгелек шеңбер құрып тұрады.

1-бала:

- Міне, балалар, атай мен әжейдің ауылына келдік. Кәне,бәріміз үй жанындағы шалғынға барып, гүл терейік.

Орындарында тұрып жүреді, «гүл теру» жаттығуын орындайды. 1-2 - алға иілу, 3-4 - бастапқы қалыпқа келу.

2-бала:

-Қошақаны қойдың, қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің, қай өрістен тойдың?

«Қошақан» жүрісі. Тізелерін жоғары көтеріп жүру.

3-бала:

- Секеңдеші лағым,

Құлап қалма, шұнағым. «лақ» жаттығуы: лақ сияқты секеңдейді.

4-бала:

- Ботақан-ау, ботақан,

«Момақаным», - деп мақтанам.

Айналайын өзіңнен,

Мөлдіреген көзіңнен.

«Ботақан» жүрісіне салып жүру.

5-бала:

- Шалғында торпақ жүр,

Басын шайқап, айналаны байқап тұр.

Бастарын шайқап, торпақтың қимылын келтіру.

6-бала:

- Құлыншақ-ау, құлыншақ,

Шапқылайсың күн үзақ.

Желбіреп сұлу тұлымың,

Желдей есер құлыным.

«Құлыншақ» жаттығуы: шеңберді айнала тоқырақтап жүгіру.

Жүргізуші: Енді ауылдың тынық ауасымен дем алайық. (Шалқадан жатып, көздерін жұмып, релаксация жасайды (2-3 минут) орындарынан тұрып, қайтадан шеңбер бойына тұрады). Қонаққа Кеша атты тотықұс келеді.

Кеша: Хай-ду-юду! Сәлем, балалар! Ал, міне, мен де келдім. Таитидан ұшып бара жатырмын. Мен де ауылға қонаққа келдім.

Жүргізуші: Кешіріңіз, сіз кімсіз?

Кеша: Мен тотықұспын. Менің атым - Кеша. Балалар, маған үй жануарлары мен үй құстарын атап беріңдерші.

«Дауысынан таны!» ойыны. Шарты: үй құстарының дауыстары жазылған үнтаспа тыңдатылады. Балалар құстардың атын атайды.

Балалар: Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі- үй жануарлары. Ал үй құстары мыналар: тауық, қаз, үйрек, күркетауық.

1. «Төрт түлік мал» қимыл-қозғалыс ойыны. Шарты: барлық балалар төрт түлік малдың бейнесі бейнеленген бетперделер киеді «Төлдер» әні (Өлеңін жазған: А.Асылбеков, музыкасын жазған: Д.Ботпаев). Әннің лақ туралы айтылған жерінде лақ сияқты секіреді, құлын туралы айтылған жерінде құлын сияқты ойнақтап секіреді т.б.

2. «Тауық пен қора» қимыл-қозғалыс ойыны. Шарты: ойыншылар үш топқа бөлінеді. Бірінші топ- қораздар, екінші топ- тауықтар, үшінші топ- балапандар. «Қораздар» балапандарға алақандарын тигізулері керек, «тауықтар» балапандарын қорғайды. «Қораздың» алақаны тиген «балапан» ойыннан шығады.

Тотықұс балалармен қоштасып, алаңнан кетіп қалады.

3.«Көрдік-көрмедік» қимылы аз ойын (Педагогтің сұрағына балалар «көрдік не көрмедік» деген жауап қайтарады).

- Шалғында жайылып жүрген қозыларды көрдіңдер ме?

- Көрдік.

- Ауладан Ақтөсті көрдіңдер ме?

- Тоғанда жүзіп жүрген үйректерді көргендерің бар ма?

- Қорада шөп жеп тұрған сиырды көрдіңдер ме?

Жүргізуші: Бүгін біз ауылда көптеген қызықтарды тама-

шаладық. Енді біз қайтуымыз керек. Кәне, вагондарға отырайық. (Балалар бірінің артынан бірі тұрып, «пуп-пуп» деген пойыздың дауысымен алаңды бір айналып жүріп, бөлмелеріне қайтады).

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің

технологиялық картасы Күні:

Тобы:Ортаңғы

Білім беру саласы:Денсаулық.Таным.

Бөлімі:Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Педагогтің белгісімен жүру және жүгіру.

Мақсаты:: 1. Нұсқаушының белгісі бойынша топтап жүруге және жүгіруге үйрету.

2. Лақтыру күшін және көзбен мөлшерлей білуді дамыту.

3. Көлденең тұрған нысанаға қапшықтарды лақтыруға жаттықтыру; заттар арасымен еңбектеп жүруге жаттықтыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: шығыршықтар (диаметрі 50 см). Шағын бала санына қарай әр балаға екі қаптан және 10 кегель.

Билингвильдін компонент: жүру – ходить, жүгіру - бегать

Іс-әрекет кезеңдері Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Бір қатар тізбекпен жүру және жүгіру. «Тоқта!» белгісі берілсе, сол жерде тоқтап қалу. Жалпы дамытатын жаттығулар жасау үшін балалар нұсқаушының көмегімен екі қатарға тұрады.
Ұйымдастыру- шылық ізденістік 1.ЖДЖ (затсыз орындау): Б.қ.: аяқты сәл алшақ қойып, қолды төмен түсіріп тұру. Қолдарын екі жаққа созып, алға-артқа 4 реттен айналдыру, төмен түсіру. Б.қ. келу. Б.қ.: сол сияқты, қолы артында. Отыру, қолдарын алға созу. Тұру, қолдарын артқа жіберу. Б.қ.: келу. Б.қ.: тізерлеп тұру, қолы белде. Солға, оңға иілу. Б.қ.: шынтағымен еденді тіреп, етпетінен жату. Аяқты кезекпен бүгу. Б.қ.: қолды белге қойып, аяқтарды біріктіріп тұру. 2.Жүруді секірумен алмастыру.   Көлденең нысанаға оң және сол қолмен қапшықтарды лақтыру (1-1,5 м қашықтық). Педагог шығыршықтарды бір-біріне қарама-қарсы тұрған балалардың арасына қояды және әрқайсысына екі қапшықтан таратады. Әуелі ол қапшықты қалай лақтыратынын көрсетеді. 3.Кегельдер арасымен еңбектеп жүру. Педагог балаларға іс-әрекеттерді қалай орындау керектігін түсіндіреді және оны іс жүзінде өзі көрсетеді. 4.«Секіріп айналу!» қимыл- қозғалыс ойыны. Ойынды музыканың сүйемелдеуімен орындауға болады. Ойынға кілем немесе алаша қажет. Кілемнің үстіне 8 жұп текшелер қойылған, текшелердің үстінде- жіңішке таяқшалар. Таяқшалар арасы - 30-35 см. Төртінші таяқшаның арғы жағында кішкентай жұмсақ кілем төселген.   Жаттығулар педагогпен бірге орындалады. Жаттығуларды 4—6 рет қайталап орындайды.     Белгі бойынша балалар қапшықтарды лақтырады.   Балалар бірінің артынан бірі кегельдер арасымен еңбектеп жүреді, одан соң тұрады, түзеледі, қолдарын жоғары көтеріп, шапалақ ұрады.   Белгі бойынша тізбекті бастаушы бала бірінші таяқшаның алдына барып тұрады және қос аяқпен секіре бастайды. Одан кейін тоқтаусыз соңғы таяқшаның жанынан өтіп ырғақпенен секіреді, кілемге жақын отырып, жылдам, жеңіл баспен алға аунайды, одан кейін аяқтарын жинап тұрады да, денесін түзу ұстап, өз қатарына барып қосылады.
Рефлексиялық- түзетушілік Шеңбер бойымен жүру. Ысқырық бойынша бағытты өзгерту.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: көлденең қойылған нысанаға қапшықтарды лақ- тыруды;

түсінеді: ойынның шарттарын;

қолданады: заттардың арасымен еңбектей білу дағдыларын.

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің

Наши рекомендации