Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек?

Бастауыш сынып мұғалімі

Тен Нұргүл Надыр-Әлиқызының есебі

Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек?

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарамын. Педагогикалық еңбек өтілім 20 жыл.

2013 жыл, 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтадым.

2013 жылдың қараша айында мектепке тәжірибеге келгеннен бастап мен өз жұмыстарымды бастап кеттім. Мектепке ең бірінші коуч, коучинг, ментор, менторлық ұғымдарын енгіздім. Коучинтер өтізген күннен бастап мұғалімдерге оқыту мен оқуды қалай жақсартуға байланысты әдіс –тәсілдер туралы айтып түсіндіруден жалықпадым. Сабақтарына қатысып, нұсқаулар беріп отырдым. Мен бұрынғыдай мұғалім ғана емес сонымен қатар өзімнің басқа адамдарға да қажет екенімді түсіндім.

Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек? - student2.ru Аз уақыттың ішінде мектепті түбегейлі өзгерту әрине қиын. Бірінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалімдердің негізгі функциясы – оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында өз мектептерінің дамыту бағдарламасын әзірлеу болып табылады. (МАН І деңг. 4-бет.) Мен өзгерісті неден бастау керек екенін анықтау үшін сауалнама алдым.

Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек? - student2.ru Сауалнама нәтижесін есептеп кесте мен диаграммасын құру тіпті қызық болды. Осы уақытқа дейін өзіңнің оқытудағы проблеманы анықтау үшін сауалнаманың маңызы зор екенін байқамаппын. Сауалнаманың нәтижесін саралай отырып, анықталғаны оқушылардың жетістіктерінің сабақта мұғалімнің бағалануы, топтық жұмыстың жүргізілмейтіні, кері байланыс алынбайтыны байқалды. Сонымен қатар мұғалімдерге сабақты түрлендіру мен жаңашылдандыруға көмек керек екенін анықтадым. Ал ата-аналар сауалнамасынан да оқушылардың ойларымен түйіскендерін байқадым. Бірақ, осы сауалнамаларынан туындаған сұрақ көңіліме толмады ол үшін директордың орынбасарымен кездестім, әдістемелік орынбасарымен кездесіп сұхбаттастым. 4-сынып оқушыларының жұмыс дәптерлерімен таныстым. Мұғалімдердің сабақтарына қатыстым. Бастауыш сынып болғасын сабақта көрнекіліктер қолданылады. Бірақ, сабақ дәстүрлі өтеді. Мұғалімнің өзі сөйлеумен шектеледі. Оқушылар тыңдаушының рөлін атқарады. Сұрағым анықталды. Сонымен мен мектебімнің даму жоспарын құру үшін, өзімнің өзгеріс енгізу үшін шығармашылық топ құрдым. Топқа екінші, үшінші деңгейді аяқтаған өз жұмыстарына жаңалық енгізе бастаған мұғалімдерден құрылды.

Аты-жөні Санаты Пәні Курстан өткен мерзімі Сыныптары Байланыс тел.
Оразбекова Г.А. Жоғары Бастауыш сынып 10.09.2012-26.11.2012
Архамбекова М.Х. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті 10.09.2012-26.11.2012 8,10
Сыздыкова Ж.Г. Ағылшын тілі 10.09.2012-26.11.2012 8-9
Боранбаева Э.С. математика 09.04.12-25.06.12
Мустафина А.К Музыка және өзін-өзі тану 25.03.13-16.06.13 5-7
Тұяқова З.С. Жоғары Орыс тілі және орыс әдебиеті .25.03.13-16.06.13
Рахлетова Ш.Т. Информатика 22.07.-22.10.13 8-9
Оспанәлі Г.А. Ағылшын тілі 09.04.12-25.06.12 бастауыш сыныптар
9. Өтен Н.Н. Бастауыш сынып 26.08.2013-26.12.14 бастауыш

Тобымыздың атын «Бастау» деп атадық.

«Үдеріс басталмас бұрын мектеп өзінің құндылықтарын, мақсаттарын,даму тұжырымдамасын қайта қарастырып, ұжым қандай жетістіктерге жеткісі келетінін шешіп алу керек». (МАН 74 бет). Мектеп лицейінің мақсаты: оқушыларға саналы да сапалы білім бере отырып, тұлға ретінде өмірде өз орнын табуға, қоғамда қалыптасуына, халқын, елін, Отанын сүюге тәрбиелейді. Бірақ осы сапалы білім мен саналы білім беру үшін мұғалімдерге кәсіби білім қажет. Сабақтар жаңаша түрлену қажет. Оқушылар білімі әділ, шын бағалануы керек.

Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек? - student2.ru Шығармашылық топтағы мұғалімдерді қатыстыра отырып, жұмыс жоспарын жоспарладым. Жоспарлау барысында мен 7 сұраққа сүйене отырып құрдым.

1. Мұғалімдерде педагогикалық стратегиялар ауқымы, оларды іске асыру жолдарын біріктіру қабілеті, сондай –ақ оларды тиімді және орынды пайдалану жөнінде жеткілікті білімі бар ма?

- Әрине біліктілік білімі жоғары, тәжірибесі мол, санаттары жоғары мұғалімдерде бар. Орта буынды және жас мамандарда бұл білім жоқтың қасы. Сауалнама мен сұхбаттар көрсеткендей «Сыныптағы оқу үдерісі оқушылардың өздеріне жауапкершілік алып, басқаларға ықпал ету қабілетін дамытуға әсері бар ма?» деген сұраққа, кейде дегендер 45%, Бұл жерде топтық жұмыстар, өзара бағалау болып табылады.

«Мұғалімдердің кәсіби даму мақсатындағы оқуы сыныптағы оқыту сапасына айқындаушы ықпал ете ме?» сұрағында да үнемі оқыту сапасына 45% кейде ғана қолданылып тұрғанын көрсетеді. «Оқушыларға өздеріне жауапкершілік алып, өз оқуының тәсілдері мен жолдарын өз бетінше таңдауға мүмкіндік беріле ме?» 67% кейде делінген. Осы мәселелерге түзету үшін тәлімгерлік дұрыс ерікті жағдайда құрылу керек. Мектептерде тәлімгерлік болғанымен керек кезінде қағаздарды тапсырса болғаны сонымен ғана шектеледі. Жас мамандармен сұхбаттасу барысында анықталғаны. Тәлімгерлер нағыз сабақтарына қатысып көмек тек пәндік онкүндікте, сонымен қатар құжаттарды дұрыс толтырумен шектелетін сияқты. Қалғаны жас маманның өзінің қателіктер жіберіп үйренгенімен толықтырылады. Және көбі мұғалімдер өздерінің нені білмейтінін айтудан қысылатыны. Мен де осы оқуға келмей тұрғанда солай болған сияқтымын. Бұл бағдарламаны оқып мен әріптестеріме де мектеп өміріне де басқаша көзқараспен қарайтын болдым. Кез келген жерде өз әріптестеріммен тіпті әр қайсысымен өз ойымды көзқарасымды, оқығанда білгенімді айтуға шаршамадым Жалғыз өзіме барлық жас мамандарға көмек беру мүмкін емес сондықтан бұл үдерісті жеделдету үшін тәлімгерлер тобын құрастырып, «тәлімгерлік циклын» қалай жүргізу керектігін үйрету. Сонымен қоса коучингке тарту. Жас мұғалімдер арасынан коуч мұғалім тағайындау керек.

2.Мұғалімдер бірлескен оқуға, оқушылардың «жаңалық» ашуына ықпал ететін, өздігінен оқуға және оқушының өз бетінше жасаған жеке «жаңалығын» ашуға көмектесетін стратегияларды пайдалана ма?

- Иә, арнайы технологияны оқыған мұғалімдер ғана қолданады. Бұл тек арнаулы таңдалынып алынған оқушылармен ғана шектеледі. Айта кетсек бұл әрекет міндеттеліп жасалынады. Бұл жағын оқушылармен, мұғалімдермен сұхбаттасқанымда аңғардым. . «Сабақ барысында топтық және жұптық жұмыс түрлері қолданыла ма?» деген сұраққа 64 пайызы сирек және 13 пайыз ешқашан деп жауап берген. «Ал мұғалім кері байланыс ұсынады ма?» деген сұраққа 22 пайызы сирек, ал 25 пайызы ешқашан деп жауап беріп отыр. Мысалы ғылыми жоба жазу кезінде. Сабақтарда бірлескен оқу мен бірлескен жұмыс ұйымдастырылмайды. Бұл жұмыстарды шын айту керек, ашық сабақта ғана мұғалім өз еңбектерін ғана көрсетуде қолданады. Мен өзімде білемін ғой, себебі мен де сол ортадан келдім. Өзімнің де әріптестерімнің де сабақтарын дәстүрлі, мұғалімнің жұмысын көрсету мақсатында ғана құрылады. Бұл да олқылықтың бірі. Бірлескен оқу - өзара іс – әрекет жасау философисы, ал бірлескен соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. (МАН І деңгей 36-бет) Сабақта оқушылар бірлесіп жұмыс жасағанда ғана білім сапасының артатынын мұғалімдерге түсінулеріне ықпал жасау керек. Осы жерде тәлімгерлік пен коучингтің әсері мол.

3.Мұғалімдер тұтастай алғанда оқу үдерісінің мәнін, жекелеген оқушыларды ынталандыру жолдарын, олардың эмоциональдық ахуалын және сыныптан тыс өмірін терең түсіне ала ма?

Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек? - student2.ru -Иә, мұғалімдер оқушылардың сыныптан тыс өмірі мен олардың жағдайлары туралы мәліметтер бар түсіне алады. Тіпті демалыс кездерінде де қайда болатынынан хабардар. Бірақ, жекелеген оқушыларды ынталандыру жолдарын немесе сабақ үстіндегі жағдайын түсіне бермейді екен. Оған көзім жеткені оқушылардан алынған сауалнама негіз болды. Атап айтсақ оқушының ұсынысында: «Мұғалім сабақта маған жеке көмек берсе екен. Мұғалім менің нәтижелерімді айтып мақтаса. Менің сабақта көңіл-күйімді байқамайды. т.б.» ұсыныстарын білдірген. ЭЫДУ-ның жүргізген инновациялық ортаның салыстырмалы талдауының қорытындысы көрсеткендей «Мұғалімде жалпы білім алу үдерісі қалай жүретіні туралы, жекелеген оқушыларды оқуға ынталандыру , олардың көңіл-күйлері, толғаныстары туралы және олардың мектептен тыс өмірі туралы барынша ауқымды мағұлымат болуға тиіс» делінген. (МАН І деңг. 6-бет). Мектепте барлық оқушыларға портфолио қолданылғанмен, онда оқушының толғаныстары туралы жоқ.

4.Мұғалімдер басқа мұғалімдермен, басқа білім беру ұйымдарының, кәсіби желілік қоғамдастықтардың және өзге де мүделлі серіктес ұйымдардың мұғалімдерімен бірлесіп жұмыс істей ме?

-Иә, пән бойынша бірлестіктер жұмыс жасайды. Параллель сынып және бір кабинетте жұмыс жасайтын мұғалімдер бірлесіп, көмектер көрсетіп жұмыс істейді. Басқа жоғарғы, орта арнаулы оқу орындарымен де байланысып жұмыстар жүргізіледі. Қалалық, республикалық, облыстық, аудандық оқулар мен семинарларға, конференцияларға қатысады. Онда алып келген жаңалықтармен әріптестерімен бөліседі. Әрине мектеп басшылығы барлық қоғамдастықтарды қолдап олармен араласуға мүмкіндік жасайды. Оған дәлел мектепте «Әлемдік серіктестік» қоғамы жұмыс жасайды. Сонымен қатар мектебіміз Финляндия, Англия, Чехия, Индия елдерімен білім кеңістігіндегі серіктестік құрған.

«Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» (Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан)

Мектеп серіктестігінің болашағының мақсаты:

Серіктестік арқылы мұғалімдер мен оқушылардың ақпараттық технологияларды еркін меңгеруін қамтамасыз ету, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Міндеттері:

· Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек? - student2.ru IT технологиялар саласында педагогикалық кадрларды дайындау және қайта даярлауда шетелдік озық тәжірибелерді пайдалану;

· Пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолдану.

Бұл серіктестікте жоғары сынып оқушылары мен ағылшын тілі мұғалімдеріне тілді үйрену және қолдану ға мүмкіндік берсе. Ал бастауыш сынып мұғалімдері мен басқа да пән мұғалімдеріне көмегі аздау деп ойлаймын. Бірақ мектеп аралық қоғамдастық жоқ. Сондықтан қазіргі таңда №67 мектеп лицейімен қарым қатынаста жұмыс істеуді бастадық. Мектеп аралық желілік желілік қоғамдастық құрдық. Сол қоғамдастық желіні болашақта дамытуға, ұлғайтуға жоспарлаймын. «Қазіргі заманғы ұйымдар желілерінің білім мен инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетуде» (МАН І деңгей 51-бет). Мектеп аралық қоғамдастықта өзіміздің жаңаша өткізіп жатырған іс-шараларымызбен тәжірибе алмасамыз деп ойлаймын.

5. Мұғалімдер білім беру технологияларын пайдаланудың дағдыларын, сондай-ақ оқушылардың оқу үдерісін бақылауды оңтайландырудың тиімді құралы ретінде ақпараттық менеджмент жүйелерін жетік меңгерген бе?

- Жоқ толық емес. «Cыныптағы оқыту туралы ойлау үдерісін жетілдіретін құралдар мен стратегияларды мектебімізде пайдаланамыз ба?»Кейде 67%жауап берген. Барлығы бірдей біле бермейді. Бірінші деңгей бағдарламасынан күтілетін нәтижелер мұғалімдерді оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастарды жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. (МАН І деңгей 7-бет) Алған білімді, бала өмірде пайдалана білу керек. Шамалы енді екі жылда мектептегі барлық мұғалімдерді деңгейлік бағдарламаны меңгерген мұғалімдердің көмегімен үйретуге болады. Оқуға барғанша дейін оларда бұл оқу туралы түсінік толық қалыптасады деп ойлаймын.

6.Мұғалімдерде оқыту ортасын әзірлеу, іске асыру, басқару және жоспарлауды әріптестерімен бірлесіп жүргізуге мүмкіндік бар ма?

- Әрине бар, сауалнама да сұхбаттар да себеп болды. Өйткені директор алдындағы отырыста мен өзімнің оқыған оқуым туралы айтуым керек болғанда жағдай болды. Мектеп әкімшілігі қолдау көрсетеді. Себебі оның айғағы менің І деңгейлік курсына барып оқығаным. Мұғалімдерге толық мүмкіндіктер жасалынған. Шығармашық тобымыздың жұмыс бөлмесін әдістемелік орынбасары Мейрамгүл Убайдоллақызының қолдауымен әдістемелік бөлмесінен ашып отырмыз. Сол жерде дөңгелек үстел құрып апта сайын кездесеміз. Коучингтер мен отырыстарды Кеңесу залында өткіземіз.

7. Мұғалімдерге өз тәжірибесінің негізінде шешім қабылдау үшін іс-тәжірибесін сыни бағалау қажет пе?

- Әрине керек. «Құндылықтарымызды және оларды күнделікті іс-тәжірибемізде қолдану сипатын талқылаймыз ба?» сұрағында да 67% кейде деп жауап берген. Мұғалімдер өз іс тәжірибесін бағалап есеп беріп отырса ғана келесі жұмыстарды қалай шешу жолдарын түсінер еді. Әрбір жасаған іс әрекетіңді бағалай отыру керек. Бұл жөнінде де мұғалімдерге білім қажет болады. Біз бұны коучинг, дөңгелек үстел аралығында бастап кеттік. Әрине әрбір мұғалім өз пәні бойынша, қолданылатын технологиясы бойынша есептер жазады. Бірақ есептеріміз әрқашанда бір жақты тек сипаттау ғана болатын сияқты. Ол жерде мұғалім мен оқушы толғанысы мен пікірі көрсетілмейді. Міне осы сұрақтарды қарастыра отырып шығармашылық топ мүшелерінің де қызығушылықтары артты. Өзгерісті тек қана коучинг пен тәлімгерлік, іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстары мен жаңаша құрылған сабақтар өткізумен енгізуге болатынын түсіндім.

Мектебіме өзгерістерді енгізу үшін мен оқуға байланысты жоба бастадым.

Жобаның тақырыбы:Оқу нәтижелерін жақсартудағы көшбасшылықтың ролі.

Мақсаты: Мектеп көшбасшылығы мұғалімдерге оқушыларды оқыту әдістерін жақсарту үшін қолайлы жағдай жасай отырып, оқушылардың оқу сапасын арттыруға ықпал ету. Қолдау көрсету, бағалау және оқыту сапасын арттыру.

Міндеттері:

1. Мұғалімдердің мониторингін жүргізу және бағалау.

2. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында Коуч мұғалімдер даярлау, коучингтер ұйымдастыру. Менторлық жұмысты дұрыс ұйымдастыру.

3. Бірлескен жұмыс мәдениеті. Мектепішілік және мектептер арасында қауымдастық құру.

Күтілетін нәтиже:

· Мұғалімдер өз сабағында көшбасшы екенін түсінеді.

· Мұғалімдердің шығармашылық жұмыстары артады.

· Оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін зерттеуді үйренеді.

· Мұғалімдер сабақтарында оқушы жетістіктерін бағалауды үйренеді.

· Оқушыларды оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау туралы мағұлымат алады, мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс орнатады.

· «Оқушы үнін» тыңдай отырып сабақты жоспарлауды үйренеді.

· Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуда бірлесіп жұмыс істеу арқылы білім алуды үйренеді.

· Әңгіменің түрлерін енгізу арқылы оқушылардың сөйлеу тілдері, ойлары артады;

· Топта бірлесе жұмыс атқарады;

· Қоғамдастықта ынтымақтастық қарым-қатынаста болады.

Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек? - student2.ru Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек? - student2.ru Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек? - student2.ru Сонымен мен бірінші коучинг тақырыбын «Педагогикалық қуатты құралдар: бағалау.», Бірінші коучингіде бағалаудың түрлері мен қолдану аясын қарастыратырдым, Себебі қандай да болсын іс әрекет бағалау болып табылады. Коучингіме қатысамын деп ниет еткен мұғалімдердің барлығын тарттым. Өзім де таныс емес сыныпқа сабақ беруді жоспарладым. Өйткені ол мұғалімдердің өтініші болды. Бірінші таныстырылымда өзіне тәлімгер болуымды өтінген бастауыш сынып Ж-бен тәлімгерлік жұмысымды жоспарладым. 3 және 4- сынып мұғалімдерінің қызығушылықтары артып сабақ беруде жаңалықты енгізуге дайын екендерін айтты. Аталған мұғалімдер мен іс-әрекеттегі зерттеу мен коучингіде алынған білімдерін сабақта қолданылуын жоспарлады. Сонымен қатар биылғы бастауыш он күндігінде мектеп әкімшілігімен келісе отырып мұғалімдер жұмысын жаңарту мақсатында Lesson study тәсілін енгізідік. Осы тақырыпта коучинг ұйымдастырдым.

Бірінші мұғалімдерді топтарға бөлдім. Кез келген еркін тақырыпқа суреттер салуға тапсырма бердім. Мұғалімдер қызыға тапсырмаларды орындады. Суреттері өте әдемі шықты. Мен суреттерге төмендетілген бағалаумен бағаладым. Мұғалімдер өздерінің бағаларымен келіспейтіндерін білдіріп жатты. Т. Деген мұғалім «барлығымыз шаршадық, тезірек үйге кеткіміз келіп отыр сондықтан, үйдің суретін салдым.» Бір кезде мен олардың төмен баға алғаннан кейінгі көңіл күйлерін сұрадым. Олар өз ойларын білдірді. Т. «менің көңілім түсті», Г. «реніш» деп айтты. «Егерде мұғалім оқушыларды осылай бағаласа, оқушы қандай күйде болады?» Әріптестерім мұғалім оқушыны осылай бағаласа оқушының қандай күйде болатынын сезінгендері туралы білді.. «Мұғалім бағалауда қандай қателіктер жіберді?» деген сұрағыма, әріптестерім: «Бағалау кретерийлері болмағанын, жұмыс талабы талқыланбағаны, оның бағаланатыны, тәртібі айтылмағанын» айта бастады. Мұғалімдер осы тәсілден кейін серпіліп, қызығушылықтары оянып, көз алдымда өзгере қалды Байқағаным, мұғалімдердің қызығушылықтары байқала бастады. «Сабақта сіз бағалауды қалай қолданасыз?» сұрағына пікірлесу болды. Сабақта мұғалімдер сабақ соңында ғана бағалайтынын, 1-сынып мұғалімдері «бағдаршам, смайлктар, жұлдызшалар» арқылы бағалайтындарын айтты. Сергіту кезеңінде билеттім. Слайд арқылы, таратылған рессурстар арқылы бағалау түрлері мен оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаумен таныстырдым. Оқыту үшін бағалау мен жиынтық бағалау туралы мәлімет алды. Сонымен қатар бағалау сабақ соңында ғана емес сабақ барысында да жүретінін білді. Қызу пікірлесу жүріп, өз ойларын айта бастады. Бастауыш сыныптарда қолдануға болатын бағалау түрлерін аштық, қай кезде қолдану аясын қарастырдық. Коучинг соңынды мұғалімдерден кері байланыс алдым. Мұғалімдердің қызығушылықтары артып, әртүрлі сұрақтар туындады. Барлық сұрақтарына жауап беруге тырыстым. Сол сұрақтардың ішінде: «Топттық жұмыстарды қалай ұйымдастырайық? Оқушылардың белсенділігін арттыруға болады? Көптеген оқушылар орыс тілді, қалай сөйлеу тілдерін дамытуға болады?» Кері байланыста мұғалімдер «Маған коучинг ұнады. Коучинг қызықты өтті. Бағалау туралы білім алдық.» т.б.

Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек? - student2.ru Мұғалімдердің барлығы алынған мәліметтерді өз сабақтарына қолданамыз деп айтты. Сабақтарына қолданғысы келетін мұғалімдердің сұранысы бойынша басқа (өз сыныбым емес) 4- «а» сыныбында ашық сабақ өткіздім. Сабақтың тақырыбы: Өнер жолында. Сабақтың мақсаты: Атақты әнші Жүсіпбек Елебековпен танысу. Жүсіпбектің өнерге келу жолы туралы мағұлымат алу. Күтілетін нәтиже: Оқушылар топпен жұмыс істей отырып, үй тапсырмасын пысықтайды. «Джиксо» әдісі арқылы мәтінді меңгереді. Сыныпты топқа бөлдім. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында топтар бір –бірлеріне сұрақтар дайындады. Сұрақтарды оқушылар керемет дайындады. Сұрақтарына толық жауап беруге тырысты. Үй тапсырмасын бағалаған кезде «сэндвич» тәсілін қолдандым. Оқушылар толық ат салысты. Ой толғаудан сурет бойынша жұмыстар жүргізілді топтар өз ойларымен пікірлерімен бөлісті. Өткен сабақпен байланыстыратын сұрақтар қоя отырып жаңа сабақты оқушылар «Джиксо» әдісі арқылы ашуға кірісті. Үйге «Өнерлі болғым келеді» тақырыбында эссе жазып келуге берілді. Сабақ соңында оқушыларды бағаладым. Кері байланыс алдым. Оқушылар: «өздерінің сабақтары қызықты өткенін, осы сабақ бітпесе екен» деген ойларымен бөліскен. Сабаққа қатысқан мұғалімдер өте жақсы әсер алды, сынып мұғалімі өзінің сөйлемейтін оқушыларының сабақта сөйлегендеріне таң қалды.

Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек? - student2.ru Қызығушылықтары басым мұғалімдер жеке - жеке келіп сабақта қалай топтық жұмыс түрлерін және бағалау түрлерін қолдану туралы көмек алды. 3- сынып мұғалімдері сабақтарында коучингіде алынған білімдерін қолдану үшін тағы кездесу ұйымдастырып сабақты жоспарладық. Айта кетсек олар Бүркітбай Гүлбаршын, Жанна Серікбайқызы, Гүлнар Мұхтарқызы. Мысалы Гүлбарша: «Сабақты топтық жұмыспен ұйымдастырдым. Өзін-өзін бағалау, Екі жұлдыз бір тілекпен бағаладым. Оқушыларымды танымай қалдым, барлығы ашылып еркін отырып өз ойларын айтып пікірталастар туындады. Сабақ барысында еркіндік берсең бір бірлеріне көмектесіп түсіндіреді. Неге бұлай жасадың десем: Ол менің досым дейді.» Ал, Жанна сабақтарын топтық жұмыс түрінде ұйымдастырды. 12 ұпайлық бағалау болды. Сабақтың соңында деңгейлік тапсырмалар бірінші деңгей бес тапсырма, екінші дееңгейлік екі тапсырма, үшінші деңгейлік бір тапсырма. Өзін –өзі бағалау. Балаларға сабақтың соңына дейін бағаларын түзетуге мүмкіндік болады. Бағалау кретерилері 3-5 «3», 6-9 «4», 10-12 «5». Математикадан үшке оқып жүрген оқушылар бағаларын төртке түзетуге кірісті. Балалар жарысып тапсырмаларды орындайды. Бәсекелестік басым болады. Ал Гүлнар өз сабақтарында «Ашық тақта» тәсілімен бағалай бастады. Оқушылардың нәтижелері сабақ соңына дейін көз алдарында тіпті барлық сабақтар бойынша қолдануға болады. Сабақ аяқталар кезде қорытынды бағасы шығып оқушы бұл жерде өзінің жетістігін көріп отырып төмен бағаны түзетуге тырысады.

Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек? - student2.ru Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек? - student2.ru Бірінші коучингіден кейін мұғалімдер сабақтарында бағалаудың түрлерін қолданып, кері байланыстың түрлерін қолданып одан болған өзгерістерді айтып менімен әрдайым ойларын бөлісіп жүрді. Мұғалімдердің өтініштері бойынша екінші коучингімнің тақырыбын «Диалогтық оқытуды» алдым. Өйткені мұғалімдер бірінші коучингіден кейін бірден топпен сабақта топпен, жұппен жұмыстарды бастап кетті. Оларға қалай топ жұмыстарында жұмыс істеу керек екені туралы білім қажет болды. Және диалогтық әңгіме дәстүрлі сабақтағы тек қана мұғалімнің сөйлеу ролін жояды деп санаймын. Жаңашыл сабақта мұғалім емес оқушы сөйлеу керек дейміз. Ол үшін не істеу керек екенін мұғалімдер біле бермейді. Өйткені менің де басымнан осы жағдай өтті. Құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды роль атқаратынын дәлелдеп шыққан. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс қимылға қарағанда мейлінше «симетриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша негізделген дәлелдер келтіріп, қадағаланатыноқиғаларға сипаттама беруде түрлі мүмкіндіктерге ие болады. (Мерсер 2005. МАН 26 бет). Ал Александар (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп ойлайды. (МАН І деңгей 26 бет). Коучингке барлығы 30 мұғалім қатысты. Барлық мұғалімдерді топқа бөліп, оларға бес оқушының сипаттамасын ұсынып, топ бойынша талдап флипчартқа сипаттап оларға «мұғалімнің қандай көмегі керек?» деп тапсырма берілді. Әріптестерім өздеріне берілген тапсырманы қызығушылықпен орындап, белгіленген уақытта қорғап берді. Топтарға постерлерін араластырып таратып, мұғалімнің көмегі үлгісін бердім. Әріптестерім бір бірлерін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалап шықты. «Осындай оқушылар сыныптарыңда бар ма?» деген сұраққа пікір алысып, сыныптағы осындай оқушыларын қалай зерттеп, қалай көмектесуге болатындарын айтты. Келесі фильм көрсету арқылы топта талқылауларын сұрадым. Әріптестерім әртүрлі пікірлер айтты, соның ішінде бұл диалог екенін айтты. Диалог туралы ойларымен бөлісті. Сол кезде слайд Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек? - student2.ru арқылы «Диалогтық оқыту» туралы мағұлымат бердім. Соның ішінде Нил Мерсердің диалогтық әңгіменің түрлерімен танысты, сонымен қатар сұрақ түрлерімен танысты. Мұғалімдер диалогтық әңгімені сабақта қалай қолдануға болатыны жөнінде пікірлесті. Коучинг өте тартымды өтті. Олар уақыт аяқталса да кеткілері келмей рахметтерін айтып кері байланыс алдым. Соңынан да жеке жеке келіп өз сұрақтарына жауап алды. Қаншама мұғалімдерге көмек көрсете алатыныма қуандым.

Тәлімгерлікті Айдарбекова Жұлдыз деген жас маманмен бастап кеттім. Жұлдыз бастауыш сынып мұғалімі. 2-сыныпқа сабақ береді. Жұлдыз таныстырылымнан кейін, өзіне менің тәлімгер болуымды өтінді. Бірінші Жұлдыздың сабағына қатыстым. Сабақ дәстүрлі түрде өтті. Жас маманмен

Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек? - student2.ru сұхбаттастым. Сабақты талдадық. Білгенім мұғалімге көптеген әдістемелік көмектерді қажет ететінін түсіндім. Жұлдызды бірінші сабақ барысында оқушылар жетістіктерін қалай бағалауға болатынын, бағалау тәсілдері мен түрлері қызықтыратынын айтты. Және сабақ барысында тартымды қызықты өткізу үшін көмек қажет екенін айтты. Сонымен Жұлдызбен жұмыс жүргізу жоспарымды құрдым. Жас маманмен тағы кездесіп бірге сабақ жоспарын жасадық. Жұлдыз өте жаңалыққа құмар, өз пікірін айта алатын, ізденімпаз екенін танытты. Сонымен Ж. сабақтарында бағалау түрлерін енгізді. Сабақты топтық, жұптық жұмыстарды қолданды. Басқа уақыттарды да күнделікті кездескен сайын бір сұрақ болса да қойып сабағындағы жаңа әдіс тәсілді қолданған сайын байқаған әсерлерімен бөлісуге асығады.

Биылғы оқу жылында бастауыш сынып онкүндігінде Lesson study тәсілін қолдануды жоспарланды. Бірінші әкімшілікке бұл тәсіл туралы түсінік бердім. Арнайы кітапшаларын әкеліп оқуға, танысуға бердім. Одан кейін талқылап, мұғалімнің жұмысына енгізу керектігін сөз етіп онкүндік аясына кіргізуге шешім қабылдадық. Ол үшін коучинг ұйымдастырып, сабақ сәтті шығу үшін дұрыс жоспарлауда оқушының іс-әрекетін зерттеу керектігін мұғалімдерге түсіндірілді. Сонымен қатар мұғалімдер Мұғалімдерге бұл іс-әрекеттегі зерттеу ұнады. Олар тәжірибеге қатысуға келісімдерін берді. Тәжірибеге Гүлназ, Айгүл, Жұпар деген мұғалімдер қатысты. Мұғалімдердің жас ерекшеліктері де тәжірибелері де әр түрлі. Бірақ үшеуі де 4-сынып мұғалімдері. Мұғалімдер бірге жоспар құрды. Бұл отырысқа менде қатыстым. Сабақ жоспарын құруда «Оқушылар жетістіктерін бағалау тәсілдерін», «топтық, жұптық жұмыс», «АКТ ны қолдану» тәсілдерін енгіздік. Әдебиеттік оқыту сабағын алдық. С.т: К.Құрманұлының өлеңі «Ата айтады» Сабақты Г. өзінің 4 «Ә» сыныбында өткізді. Сабаққа басқа екі мұғалім қатысты.Олар сабақтың өтілуін бақылап сыныптағы үш оқушыны бақылауларына алды. Мақсат А оқушы сабақта өте белсенді болды. Топтық жұмыста ол өзін ерекеше байқатты. Ал В оқушы Санжар эссені өте жақсы жазды. Эссе жазар алдында мұғалім жұппен жұмыс бойынша бір бірлерін тексеріп бағалайтындарын және өз жұбының жақсы жазылған эссесін жақсы болса жақсы жақтарын айтып ортақ оқуға ұсыну керек болатын. Бұған дейін Санжар өзінің ғана жұмысын ғана қорғап келген енді ол өзінің жұбының эссесін қорғауда тартыншақтап қосылғысы келмеді. Ал топтық жұмыс кезінде мақал –мәтелдерді аяқтау жұмысында С Аружан деген оқушы ешқашан сабақта сөйлемейтін, көбінесе өзімен өзі отыратын оқушы бұл жерде өзін байқатты. Сабақ өте тартымды өтті. Мұғалім өзінің сабағына таңқалды. Себебі балалар топпен де жұппен де жұмыс кезінде белсенді қатыса алды. Және үйге топтарға әртүрлі тапсырма берілді. Телефон диктафондарына « ата ақылы, ата батасы, ата туралы өлең, атасымен сұхбат» жазып келуге тапсырылды. Оқушылардан кері байланыс алынды

Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек? - student2.ru Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек? - student2.ru Мұғалімдер қайта жиналып, сабақты талдады. Сабақтағы үш оқушының іс әрекеті айтылды. Келесі күнге сабақ жоспары құрылды. Келесі сабақ әдебиеттік оқу. Тағы үш оқушының сабақтағы іс әрекетін бақылау. Сабақтың тақырыбы: «Атымтай Жомарт». Ой толғау кезінде тапсырылған топтық жұмыс кезінде «Мен бай болсам не істер едім» тақырыбында сурет салу, қорғау. С оқушы Аружанға көмек қажет болды. Ол қорғар кезінде өзінің тілі орысша болғандықтан қиналды. Бірақ бұрынғадай сөйлемей қалған жоқ. Керісінше жұмыстың қызығына түсіп өзін басқаша жағынан көрсетті. Ал, В Санжар өзінің суретті жақсы салатынын байқатты. А Мақсат қандай жағдайда да өзгерместен тіпті топ мүшелеріне де көмектесе білді. Сабақты бақылаған мұғалімдереге де сабақ берген мұғалімге де іс әрекеттегі зерттеуді мұғалімдер жұмыстарында тиімді екеніне ойларын бөлісті.

Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек? - student2.ru Lesson study тәсілі мұғалімдерге жаңаша жұмыс жасауға мүмкіндік берді. Біріншіден мұғалімдер үш-үштен топтасып шығармашылық топ құрып, бірлесе жұмыс істеуді, бірлесе жоспар құруды, өз көзқарастары мен ойларымен бөлісуді үйренді. Сонымен қатар мұғалімдер сабақтарын бақылағанда жанашырлық сезімде болып, жоспарларына өзгертулер енгізіп, ең жақсы деген сабақ жоспарларын құрды. Онкүндік аясында бұл тәсіл ұнап мұғалімдерде келесі оқу жылына жұмыстарын жоспарлауда ұсыныстар туып, осы тәсілді ары қарай жалғастыратындарын айтты. Сонымен қатар биылғы оқу жылында 2013-2014ж. Желтоқсан айынан сәуір айына дейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалында оқыту бағдарламалары мен жоспарларын даярлауға қатыстым . Әрбір сабағымды жаңаша құруға тырысамын. Сабақтарымда топтық жұмыс түрлерін енгіздім. 2-сынып оқушылары болса да топта жұмыс істеуге тез дағдыланды. Сабақтарымда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым.

Алдығы келесі оқу жылында да шағармашылық топпен жұмысты жалғастырып, Lesson study тәсілін қолдануды жалғастырып, қалалық форумдарға қатысып тәжірибе алмасамыз. № 67 мектеп-лицейімен қауымдастықты жалғастырып, тығыз жұмыстар ұйымдастырамыз деп жоспарлаудамыз.

Өтен Нұргүл Надыр-Әлиқызы

Астана қаласы №54 мектеп-лицейінің

Наши рекомендации