А.С.Макаренконың ұжым туралы тағылымы.

Оқушылар ұжымының даму кезеңдерін А.С.Макаренко өзінің көп жылғы педагогикалық тәжірибелеріне сүйене отырып, оған терең педагогикалық талдау жасайды. А.С.Макаренко тағылымы ұжымды сатылы қалыптастырудың технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір заңын былай түсіндіреді: қозғалыс - ұжымның өмір сүру формасы; тоқталу - оның жойылу формасы. Әйгілі педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапкершілік, тәуелділік, перспективалық, бірлікті әрекет)

Ұжым болу үшін, топ сапалы жіктелу жолынан өтуі қажет. Осы жолда А.С.Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді.

Бірінші саты - ұжымның құрылуы (алғашқы бірігу сатысы). Бұл кезеңде ұжым педагогтың тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді, мұның өзі ұйымдасқан, белгіленген топты (сынып, үйірме т.б.) ұжымға айналдыруға талпыну, яғни оқушылардың ұжымға қатынасы бірлескен іс-әрекет мазмұнымен, мақсат-міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады.

Ұжымның ұйымдастырушысы - педагог, барлық талаптар осы педагогтан басталады. Ұжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады.

Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Енді белсенділер тек педагогтардың талаптарын қолдап қана қоймай, ұжым мүшелеріне ұжымға не пайдалы, не зиянды екенін байқатып, өз түсініктері бойынша басқара бастайды. Егер белсенділер ұжым қажеттілігін дұрыс түсінсе, онда олар педагогтың сенімді көмекшілеріне айналады. Бұл кезеңде белсенділер жұмысына педагог көп көңіл бөлуі керек.

Үшінші және одан кейінгі сатылар - ұжымның кемелденуі.Алдыңғы даму сатыларында қол жеткізген қасиеттер киелі тұлғалық ерекшеліктерді топтастырады: жолдастарына қарағанда өзіне жоғары талап қоюы, көзқарастарының, әдеттерінің, әрекет-қылықтарының тұрақтануы. Егер ұжым осы сатыға жетсе, онда толыққанды, адамгершілікті тұлға қалыптастыру үстінде деген сөз. Жалпы тәжірибе, болған оқиғаны бірдей бағалай білуі – үшінші сатыдағы ұжымның ең негізгі белгісі.

2.Ұжым жетілген сайын өзін-өзі басқару да жетіле түседі.

Өзін-өзі басқару – ұжым үшін маңызды мақсаттарға жету үшін шешім қабылдау мен оны жүзеге асыруда балалардың өз бетінділігін дамытуға негізделген ұжымдық іс-әрекетті ерекше ұйымдастыру. Жеке тұлғаға қатысты өзін-өзі басқару төмендегідей функцияларды орындайды:

адаптациялық (ұжым ішінде жеке тұлғаның үйлесімді өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді);

интегративтік(ұжымдық және жеке іс-әрекет түрлерін үйлестіруге мүмкіндік береді; нәтижелі іс-әрекет үшін ата-аналар, балалар және педагогтардың қызметін ұйымдастырады);

прогностикалық(диагностика және рефлексия негізінде ршыни перспективаларды анықтауға жәрдемдеседі);

басқарушылық мәдениетті меңгеру (өзі және ұжым үшін маңызды шешімдерді қабылдауда өз бетімен таңдау жасауды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады).

Балалар ұжымындағы өзін-өзі басқару іс-әрекетті анықтаудан басталады: басқарушылық құрылымды жасауда, міндеттерді бөлуде. Ұжымның жалпы жиналысы (оқушылар комитеті, кеңес, штаб т.б.) өзін-өзі басқару органдарын сайлайды және олардың міндеттерін анықтайды. Белгілі бір тапсырманы алғаннан кейін әрбір бала өз міндеттерін және ол жұмысты орындау жолдарын білуі тиіс. өзін-өзі басқару балалардың бостандық пен жауапкершіліктің қатынасын сезінуін талап етеді.

И.П.Иванов іс-әрекетті өз бетімен ұйымдастыру әдістемесін жасады: құрылған кеңестер көмегімен жұмыстарды дайындау, инициативалық топтың жұмысы, көсбасшылардың ауысуы, микроұжымдар арасындағы тапсырмалардың ауысып келіп отыруы. Бұл әдістерді кез-келген балалар ұжымында қолдануға болады. Педагог ұжым ішінде өзін-өзі басқаруды дамытпайынша, онда жеке тұлғаны дамыту мүмкін емес екендігін үнемі есінде сақтауы тиіс.

51. Табысты тәрбие жұмысынсыз ұжымды топтастыру мүмкін емес. Тек ұжым арқылы сынып жетекшісі мектеп оқушыларының оқу міндеттеріне, қоғамдық пайдалы еңбекке көзқарастарына игі ықпал етеді, олардың тәртібі мен үлгеріміне ықпал жасайды. Жақсы ұйымдасқан және топтасқан ұжымның әсерімен оқушылар саяси адамгершілік және мәдени жағынан өседі, ұйымдастырушылық дағдыларына ие болады. Ұжымда олардың шығармашылық белсенділіг дамиды, достық пен жолдастық байланыстары нығаяды, қоғамдық қатынастарға тән тәртіптің жаңа нормалары пайда болады. Ортақ іс үшін еңбекте, күресте ұжымның ынтымағы жеке адамның дамуы үшін ең маңызды алғы шарт болып табылады. Тату және мақсатты ұжым (оқу, еңбек, спорт) өз мүшелерінің өмірін бай да сұлу да етеді, тек сонда ғана адамның жағымды қасиеттері толық ашылады және одан әрі дамиды.

Мектеп тәжірибесі жас ұрпақ тәрбиесін ұйымдастырудың өте маңызды және ештеңемен алмастырмайтын түрі оқушылар ұжымы екендігін көрсетті. А.С.Макаренко көп жылғы тәжірибесін қорытудың негізінде ұжым тәрбие жұмысының ең басты формасы деп санады. Ол «дұрыс тәрбие бірлігі мол, күшті, әсері мықты ұжым құру арқылы ұйымдастырылуға тиіс» деп атап көрсетті.

Ұжымдағы тәрбие – тәрбиенің негізгі ұстанымдарынң бірі. Ол мектепте қалыптасқан жаңа тәрбиелік қатынастарды бейнелейді. Балалар ұжымын құру мен топтастыру - мұғалімдердің және, ең алдымен, сынып жетекшілерінің маңызды міндеті. Егер мұндай ұжым құрылса , кез-келген тәрбие міндеттерін шешу әлдеқайда жеңіл болады.

Дұрыс қоғамдық пікір, ашық жолдастық сын мен өзара сын мектеп оқушыларының қоғамдық белсенділігінің дамуына және олардың бағалы моральдық қасиеттерінің қалыптасуына көмектеседі. Оқушылардың әр түрлі мінездері, қабілеттері, мүдделері, бейімділіктері топтасқан ұжымда бір-бірін толықтырып тұрғандай болады, қуаныштары мен реніштері айқынырақ, қылықтары жауыптылау,ойлары тереңдеу симяқтанады. Тату және топтасқан ұжым қоғамдық пікір күшімен, иландыру әдісімен (ал кейде зорлау) жеке мүдделерін қоғамдық мүддемен ұштастыруды үйретеді.

Оқушылар ұжымын тәрбиелей отырып, сынып жетекшілері сонымен бірге әр оқушының жеке басын қалыптастырады. Оқушылардың лайықсыз қылықтарын тек педагогтар ғана емес, оқушылардың өздері де айыптайды. Әсіресе, оқушылар өз өмірлерінің көп бөлігін өткізетін мектеп-интернаттарда, ұзартылған күн мектептерінде және ауылдық орта мектептер жанындағы интернаттарда ұжымның рөлі зор. Бұл мектептерде ұжым тек оқу мен сыныптан тыс жұмыс процесінде ғана емес, сонымен бірге оқушылардың демалысын ұйымдастыру кезінде де тәрбие ықпалын жүргізеді.

52. Сонымен ұжым – бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс -әрекетімен сипатталатын адамдар тобы. В.А.Сухомлинский балалар ұжыммын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Мудрая власть коллектива», «Коллективтің құдіретті күші» т.б баяндалды. ВА.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым – қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым – қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым – қатынас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.

Біздің елмізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы – мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы — бұл іс - әрекеттермен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі. Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтары пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, сексиялар оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды. Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезендерін айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс - әрекеттің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара –қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.Бірінші кезенде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс - әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез – құлық нормасын үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдайларда бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін. Бірінші кезең аяқталуы үшін мына мәселелерді еске алған жөн: ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау; ұжым іс - әрекетінің дамуы; жеке адам арасындағы қарым – қатынас іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы; барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі;

Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі оқушылардың ұжымдық іс - әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс - әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру. А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.

Екінші кезенде ұжым өзін - өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарыно көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс - әрекеттерін бақылау т.б.

Мұғалімнің қызметі — коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш қуатын нығайту. Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципі қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші кезең – бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс -әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір — біріне ілтипатты болу сияқты болымды қасиеттер пайда болады.

Ұжымды ұйымдастыруды неден бастау керек? Ұжым әлеуметтік жанды тұлға. Сондықтан А.С.Макаренко: «Дұрыс тәрбиелеудің бірден – бір жолы жеке адамды тәрбиелеу деп санамаймын, бүтін ұжымды тәрбиелеу деп санаймын. Өзім де 17 жасымнан мұғалім болдым, өзімде көпке дейін ең жақсысы — жеке оқушыны ұйымдастыру, соны төрбиелеу, екіншісін, үшіншісін, оныншысын тәрбиелеу, бәрі де тәрбиелі болған кезде олар жақсы ұжым болады деп ойладым. Ал кейін мен жеке оқушымен сөйлеспей-ақ бәріне айту керек, әрқайсысы амалсыз көпшілікпен ортақ әрекетте болатындай форма жасау керек деген қорытындыға келдім. Міне сонымен біз ұжымды тәрбиелейміз, оны шыңдаймыз, оны мықты етеміз, сонан кейін оның өзі үлкен тәрбиеші күш болып алады.» — деп ұжымды ұйымдастыруды неден бастау қажеттігін түсіндірген.

Қандай болмасын ұжымды ұйымдастыру негізі оның мүшелерінің қоғамдық ортақ мақсатқа бағытталған ісі болады. Ұжым құруды мақсат ете отырып балалар ісін ұйымдастыруда ең алдымен педагогикалық міндеттерді шешу керек: іс - әрекетті тывдау және сол істің мақсаты мен мазмұнына балаларды қызықтыру. Оқушылар ұжымы іс - әрекеттің әртүрлі саласында қалыптасады.(еңбекте, ойында, оқуда т.б). Талап қою ережелерінің педагогикалық негізі — талаптың бір — бірімен байланыстылығы, талап қоюға дайындық, алдын — ала ұжым ережелерін зерттеп білу, бірінші күннің зор шешуші рөлін түсіну, талап түсінікті, нанымды балалар орындай алатын, нақтылы, жігерлі түрде айтылуы, біртіндеп қиындатылуы, әр талаптың орындалу жолдары жәнесенімді, дәйекті болуы өзделінеді. А.С.Макаренко талап қоюдыең алғашқы кездесуді жалпы оқушылар жиналысын бастаудың пайдалы,нәтижелі екенін көрсетті.

Өзін-өзі басқару – ұжым үшін маңызды мақсаттарға жету үшін шешім қабылдау мен оны жүзеге асыруда балалардың өз бетінділігін дамытуға негізделген ұжымдық іс-әрекетті ерекше ұйымдастыру. Жеке тұлғаға қатысты өзін-өзі басқару төмендегідей функцияларды орындайды:

адаптациялық (ұжым ішінде жеке тұлғаның үйлесімді өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді);

интегративтік(ұжымдық және жеке іс-әрекет түрлерін үйлестіруге мүмкіндік береді; нәтижелі іс-әрекет үшін ата-аналар, балалар және педагогтардың қызметін ұйымдастырады);

прогностикалық(диагностика және рефлексия негізінде ршыни перспективаларды анықтауға жәрдемдеседі);

басқарушылық мәдениетті меңгеру (өзі және ұжым үшін маңызды шешімдерді қабылдауда өз бетімен таңдау жасауды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады).

Балалар ұжымындағы өзін-өзі басқару іс-әрекетті анықтаудан басталады: басқарушылық құрылымды жасауда, міндеттерді бөлуде. Ұжымның жалпы жиналысы (оқушылар комитеті, кеңес, штаб т.б.) өзін-өзі басқару органдарын сайлайды және олардың міндеттерін анықтайды. Белгілі бір тапсырманы алғаннан кейін әрбір бала өз міндеттерін және ол жұмысты орындау жолдарын білуі тиіс. өзін-өзі басқару балалардың бостандық пен жауапкершіліктің қатынасын сезінуін талап етеді.

И.П.Иванов іс-әрекетті өз бетімен ұйымдастыру әдістемесін жасады: құрылған кеңестер көмегімен жұмыстарды дайындау, инициативалық топтың жұмысы, көсбасшылардың ауысуы, микроұжымдар арасындағы тапсырмалардың ауысып келіп отыруы. Бұл әдістерді кез-келген балалар ұжымында қолдануға болады. Педагог ұжым ішінде өзін-өзі басқаруды дамытпайынша, онда жеке тұлғаны дамыту мүмкін емес екендігін үнемі есінде сақтауы тиіс.

53. Өзін-өзі бақару ұйымының құрылымы негізінен 3 кезеңнентұрады:

1. Сынып жағдайында өзін-өзі басқару: оқу, еңбек, өпшілік-мәдени, спорт сеторларының жұмысы. Олардың жұмысына сынып кеңеінің төрағасы басшылық жасайды.

2. Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы. Мұнда әрбір сыныптың өзін-өзі басқару ұйымының төрағалары мүше болады.

3. Мектеп жағдайында тең төрағалық (сопредедатель) басқару жүйесі арқылы атқарылады. Оның құрамына оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының атқарушы кеңесінің мүшелері, кеңесші мұғалімдер, ата-аналар кіреді.

Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқаруда дамыту үлісін шартты түрде блай көрсетуге болады:

1. Әрекеттің мақсатын анықтау;

2. Ұжым болып мақсатты белгілеу (мақсатты ұжым болу талқылау);

3. Басқару мәселесін қою;

4. Шешімді ұжым болып талқылау;

5. Шешімді қабылдау;

6. Шешімді жүзеге асыру;

7. Ұжым болып нәтижесін қорытындылау.

8. Өзін-өзі басқару процесінің қозғаушы күші – ондағы мотивтің болуы. Сондықтан өзін-өзі басқарудың жоғарыда келтірілген әрбір кезеңі мотивті қалыптастыруға нақтылы ықпал етуі тиіс.

54.Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте ыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып елетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.

Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық ікерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбиие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған беленді қатыуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді.

Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді.

Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өтізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерңін, құралдары мен мазмұныны және бағытын таңдауда ерікті.

Алтыншыдан сыныптан ты тәрблие жұмыының нәтижесіне күнделікті бақылау мүміндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүміндік береді.

Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта ұйымдастырылады.

55.Педагогикалың ғылымда тәрбие жұмысының формаларын түсіндірудің бірнеше нұсқалары бар.Форма – бұл іщкі мәннің сыртқы пішіні. Тәрбие жұмысының формасы дегеніміз мұғалімдер мен оқушылардың белгілі бір қарым-қатынастыр арқылы көрінетін тәрбие жұмысының мазмұны. Тәрбие жұмысының формасы мына қызметтерге ие:

- ұйымдастырушылық. Кез-келген тәрбие жұмысы белгілі бір ұйымдастырушылық міндетті шешуге бағытталған. Ұйымдастырушы ролінде мұғаліммен қатар оқушылар да бола алады. Тәрбие жұмысының түрлі формаларын ұйымдастырудың жалпылама әдістемесі (алгоритмі) бар. Олар бүгінгі күні дәстүрлі формаларға (әңгіме, ұжымдық шығармашылық жұмыстар, конкустар және т.б.) айналып, көптеген педагогтардың тәжірибесінде қолданылады.

- реттеуші. Тәрбие жұмысының белгілі бір формасын қолдану педагогтар мен оқушылар, оқушылардың өзара қарым-қатынастарын реттеуге мүмкіншілік береді. Формалардың нақты түрін қолдану оқушылар тобын біріктіруге де өз әсерін тигізеді.

- ақпараттық. Бұл оқушыларға тек жаңа ақпаратты беру ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өздерінде бар білім мен тәжірибесін белсендендіреді.

Форма шын мәнінде балаларды тәрбиелеудің мақсатын, мазмұнын, ұстанымдары мен әдістерін белгілейді. Педагогикалық теория мен практикада тәрбие жұмысының формаларын жіктеудің бірнеше түрлері бар. Өткізілу уақыты бойынша барлық формаларды қысқамерзімді (ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін), ұзақмерзімді (ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше жұмаға дейін), дәстүрлі (әрдайым қайталанатын) түрлерге ажыратады.

Тәрбие жұмысының жеке формасы сабақтан тыс уақыттың бәрін алады, олар топтық және ұжымдық формаларға араласа отырып, басқа формалардың жетістігін белгілеп отырады. Жеке формаларға әңгіме, әңгімелесу, кеңес беру, пікір алмасу, біріккен тапсырманы орындау, жеке тапсырма беру, көмек беру, нақты проблеманы, міндетті шешуде ізденіс. Олардың әрқайсысына өзіндік әдіс-тәсіл, құралдар тән. Жеке жұмыс жасау формасындағы педагогтың басты міндеті – оқушыны танып-білу,оның дарынды қасиеттерін ашу, оқушыға тән қасиеттерді анықтау. Оқушылардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасау түрліше жүруі тиіс.

Топтық жұмыс жасау формаларына шығармашылық топтар, өзін-өзі басқару органдары, шағын үйірмелер және т.б. жатады. Жұмыс жасаудың бұл формасында педагог қатысушы немесе ұйымдастырушы ретінде танылады. Педагогтың басты міндеті – бір жағынан, әрбір оқушының өзін көрсетуіне жағдай жасау, екінші жағынан, ұжымның барлық мүшелері үшін маңызды болып табылатын дұрыс нәтиже алуға мүмкіндік туғызу. Топтық формада педагогтардың әсері балалардың өзара әрекеттесуі ізгіліктік тұрғысынан дамытылуына бағытталған.

Ұжымдық жұмыс жасау формаларына педагогтар мен оқушылардың түрлері шаралары, конкурстары, концерттері, қойылымдары, серуендері, спорттық жарыстары енгізіледі. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және басқа да жағдайларға байланысты бұнда педагог жүргізуші, ұйымдастырушы, қатысушы, кеңесші, көмек беруші рольдерін атқара алады.

Тәрбие жұмысының формаларын таңдауда педагог мына қағидаларды басшылыққа алғаны жөн:

- жұмыстың тәрбиелік міндеттерін есепке алу; жұмыстың формасы осы міндеттерід шешуге бағытталуы тиіс;

- міндеттер негізінде жұмыстың мазмұнын,іс-әрекет түрлерін нақтылау;

- тәрбие жұмысын ұйымдастыру ұстанымдарын, балалардың мүмкіншіліктерін, дайындық деңгейін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін, мектептің материалдық базасын, сыртқы жағдайларды, педагогтар мен ата-аналардың мүмкіншіліктерін есепке ала отырып белгіленген міндеттерді шешу үшін әдіс-тәсілдердің жиынтығын жасау;

- ұжымдық мақсат қою негізінде жұмыс жасау формасын таңдау.

Осылайша, педагог балалармен, ата-аналармен жұмыс жасау формаларын белгілей алады. Жаңа форманы құру былайша жүруі мүмкін: белгілі бір форма таңдалып, содан соң іс-әрекеттің мазмұны мен тәсілдері анықталады. Мысалы, сайыс немесе тақырыптық кеш өткізу идеясы пайда болса, олардың неге арналатыны, оның мазмұны қандай болатыны содан кейін белгіленеді. Немесе алдымен мазмұндық идея алынып, содан соң оны ұйымдастыру формасы ізделіп, жүзеге асырылады. Мысалы, педагогтар мен оқушылар сынып ұжымындағы қарым-қатынастар проблемасын талқылауды шешсе, оны өткізу формасы, құрылымы, ұйымдастыру ерекшеліктері соңынан белгіленеді.

Тәрбие жұмысының түрлі формаларын есепке ала отырып, ұжымдық шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістемесін меңгеру аса маңыздылыққа ие. Тәрбие жұмысының формасы егер ол оған қатысушылардың біріккен қызметі негізінде пайда болса, ұжымдық және шығармашылық сипатта бола алады. Онда

1. әрбір адамның қызығушылықтары мен қажеттіліктері есепке алынуы керек;

2. жеке мақсаттар топтың жалпы мақсаттарына қарама-қайшы болмауы тиіс;

3. ұжымдық жұмыс әрбір адамға жалпы істен өз орнын табуға мүмкіндік береді;

4. бұл форма орындалғаннан кейін қайталанбайды.

Ұжымдық шығармашылық жұмыс формалары басқа формалардан тәрбиелік міндеттерді қоюмен, оқушылардың тәжірибені меңгеруімен ерекшеленеді. Тәрбиелік шарада тәрбиеші нақты міндетті ашық түрде балаларға ұсынса, ұжымдық шығармашылық жұмыста тәрбиеші міндеттерді білдіртпей жасайды. Оқушылар бұл міндеттерді өздері «тауып, ашуы» керек, ересектермен бірге жаңа тәжірибе жинақтайды, алынған тәжірибені практикада қолдануға үйренеді.

Бұл әдістеменің негізі - ынтымақтастық педагогикасы, біріккен іс-әрекет. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет формалары – ұжымдық шығармашылық жұмыстар, дәстүрлі тапсырмалар, сюжеттік-рольдік ойындар, ұжымдық жоспарлау, ұжымдық талдау және .тб.

Ұжымдық шығармашылық жұмысты ұйымдастыру кезеңдері:

1. Алдын-ала жұмыстану. Педагогтар ата-аналармен, оқушылармен бірге жоспарланған ҰШЖ-тың орнын, мақсат-міндеттерін, өткізу ерекшеліктерін, уақытын белгілейді.

2. Ұжымдық жоспарлау. Бұнда балалар өздері ізденеді.

3. Жұмысты ұжымдық дайындау. ҰШЖ даярлау, өткізу жоспары нақыталнып, ұйымдастырылады.

4. ҰШЖ-ты өткізу, дайындықты қорытындылау.

5. ҰШЖ-ты ұжымдық қорытындылау.

6. ҰШЖ-тың жақын арадағы нәтижесі.

ҰШЖ-тар түрліше ұйымдастырлады, олардың әрқайсысы қайталанбайды.

56. Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерде көрсетілген:

1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету.

2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқараы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектеу білітілігі қалптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.

3. Балада көркемөнер әрееттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптатыру.

4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілі, эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру.

5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді.

Сыныптан тыс тәрбие мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің қызметіне ерекше сипат береді – білімдік, тәрбиелік және дамытушылық.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігіне сай анықтайтын талаптар:

1. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын дайындау және өткізу барысында, бірінші кезекте оның мақсатын анықтау міндетті. Мақатты белгілемеу немесе оның оның нақтылы жағдайға байланысты анықталмауы немқұрайлықты, жалғандықты тудырады.

2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде ондағы қол жеткізетін нәтижені алдын ала болжау.

3. Сабақтан тыс тәрбие жұмысына оптимисттік көзқарастың болуы.

4. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы мұғалім немесе сынып жетекшісі жоғары тұлғалық сапаға ие болуы тиіс.

5. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру жаңа формалар мен тәсілдерді үнемі ойластыру және оларды қолдануға бағытталған тұрақты шығармашылық ізденістің болуы шарт.

6. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруға оқушыларды түгелдей қатыстыру, әрқайсысының талап-тілектерін ескеру.

7. Оқушыларға белгіленген шараның тақырыбын, мақсат-міндеттерін алдын-ала таныстырып, оларға қажетті материалдар табу үшін тапырма берілуі тиіс.

8. Тәрбие жұмысының барлық түрінде оқушыларды қоғамдық пайдалы істерге белсенді аралауына, олардың қоғамдық беленділігі мен өздігінен жұмыс істеуге құштарлығын тәрбиелеу.

9.Мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттарын тиімді ұйымдастыру, олардың әрқайсысының тұлғалық қалыптастыруда, ең алдымен педагогикалық басшылықты дұрыс ұйымдастырған жағдайда және мұғалімдер мен оқушылардың ынтымақтастығына қол жеткізгенде мүмкін болмақ

Сыныптағы тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған. Соған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асатын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым терең ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Талаптарды практикалық әрекетте жүзеге асыру, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда белгілі бір жүйеліктің болуын қажет етеді. Ол жеке дара немесе көпшілік жұмыстарда қолданылуы мүмкін.

1. Тәрбие міндеттерін зерттеп тану және оны белгілеу.

2. Болашақта атқарылатын сыныптан тыс тәрбие жұмысын үлгілеу.

3. Үлгіні практикада жүзеге аыру.

4. Атқарылған тәрбие шарасын араптау, талдау.

Тәрбие міндеттерін зерттеп тану және оны белгілеу кезеңінің мақсаты – педагогикалық жағдайды шындық тұрғысынан бағалау және ең қажетті міндеттерді таңдауда және оны қалыптастыруда өзгеріс енгізуді қажеттігін анықтауға септігін тигізеді.

Зерттеп тану жұмыстары, бізге мәлім педагогикалық зерттеу әдістері арқылы жүргізіледі (бақылау, әңгіме, сауалнама, тәжірибе жүргізу т.с.с.)

Наши рекомендации