Тақырып-1. Оқытудың әдістері. Сабақ, оған қойылатын талаптар.

Азіргі мектептегі оқытудың интерактивті әдістері» пәні бойынша дәрістер кешені.

Тақырып-1. Оқытудың әдістері. Сабақ, оған қойылатын талаптар.

Дәріс тақырыбының мақсаты:Оқытудың әдістері және сабақ, оған қойылатын талаптар жайлы студенттерді таныстыру.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

Оқытуды ұйымдастыру түрлері.

Әдіс ұғымы, оқытудың әдістері

Сабақ, оған қойылатын талаптар.

Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. «Түрлері» деген ұғым латын тілінен аударғанда «fоrmа» сырқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық-белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде «түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады.

Яғни «түрлері» ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі-оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарга оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады. Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылармен мұғалімнің қарым-қатынасыі (Чередов И.М.). Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-эрекетін басқару жэне оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оку материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудын сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.

Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі. Оқушының саны мен құрамы,жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді:

- жеке ( бір ғана оқушымен жұмыс істейді);

- жеке-жұптық ( оқушы – оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым- катынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқындалады);

- жеке-топтық топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).

- өзара бірлесіп оқыту, (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, атауы-беланкастер жүйесі);

- саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне карай өтіледі (Мангейм жүйесі);

- бригадалық оқыту,тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші-бригадир оқытудың бұл түрі XX ғасырдың 20-жылдарына тән);

- американдык «Винетка-жоспар», «Трампа-жоспар» және т.б.

- оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс
және т.б.).

Оқыту түрлерінің сыныптық-сабақ жүйесі ХҮІІ ғасырда туысқан тәуелсіз мемлекеттердің Богемия, Украина, Белоруссия елдерінің мектептерінде
ең көп тараған және үш жүзжылдық уақыт бойы әлі дамып келе жатыр. Сынып дегеніміз-жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімінің тапсырмасын сабақ барысында жэне үйге берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын ХҮІІ ғасырда – атақты чех педагогы Ян Амос Коменский жасаған. Басқа оқытудың түрлерімен салыстырғанда, сыныпты-сабақ жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап өтуге болады: сабақ құрылымын тиімді етіп құру, барлық оқу тәрбие үрдісін тәртіптеуді қамтамасыз ету, оны қарапайым дәрежеде басқару, оқу мәселесін талқылағанда, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін пайдалану, белгілі міндеттерді шешу барысында ұжымдық ізденіс жасау, уақыт үнемдеу, сабақ үстінде әр оқушының рухани санасын арттыруға құлшынысының бәсекеге түсуі, жүйелілікті және кезеңдік реттілікті жүзеге асырып, оның одан әрі дамуына, білімсіздіктен білімділікке жетіліп отыруына ұмтылу. Бұл оқытудың түрінде де кемшіліктер кездеседі: сыныптық-сабақ жүйесі үлгерімі орташа деңгейдегі оқушыға бағытталған, сөйтіп, бір жағынан үлгерімі нашар деңгейдегі оқушының қабілеті жетпейтін күрделі тапсырмалар келсе, екінші жағынан өте талапты оқушылар үшін ыңғайланған оқу объектісі болмайды, әр оқушының жеке қабілеті ескерілмейді, нәтижесінде, мұғалім осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты ұйымдастыру амалын қарастыруы көзделеді және оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл межелей алу шеберлігі болуы талап етіледі.

Бәрін есептей келгенде, әрине сыныптық- сабақ жүйесі тұрақталып, жаппай озық іс-тәжірибелер жинақталады деуге дәлеліміз бар. Жастары бір шамадағы сынып оқушыларын бірге оқуының тағы бір жағымды тұсы- ол оқушылардың ұйымдасқан анықтықты және үзіліссіз оқу жұмысын, сонымен қатар міндетті оқу мен сабақтан тыс жұмысты қамтамасыз етеді.
Сыныптық – сабақ жүйесі өзіне көптеген оқу үрдісін ұйымдастырудың бірқатар кешендерін қосып алады. Оған жататындар: экскурсия, оқу шеберханасындағы сабақтар, тәжірибелер, еңбек жіне өндіріс түрлері, сыныптан тыс жұмыстардың түрлері (пән үйірмелері, студия, ғылыми қоғамы, олимпиада, байқаулар, конференциялар).
Оқытудың осы түрі ауқымында жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке даралап және саралап оқыту немесе қарапайым мазмұндағы түрлері ұйымдастырылады. Сыныптағы барлық оқушыларға бір тектес тапсырмалар берілгенде (жазбаша, зертханалық және тәжірибешілік немесе практикалық сабақтар), онда саралап оқыту жұмысы жүргізілмейді, ал сыныпта топтар эртүрлі тапсырмалар орындаса, бір мәселені шешсе, бірге отырып барлығы тақырыпты меңгереді, міне сол арқылы жұмысты әрі ұжымдық фронтальды, топтық түрлері іске асады.

Әдіс– оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.

Оқыту тәсілдерінің түрлері:

• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;

• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;

• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;

• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.

Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.

Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді.

XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.

Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар.
М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.
И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.
Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі әртүрлі.
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады.

Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді.
Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.
М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін і іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс.
Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар

1. Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі қажет. Сабақта белгілі бір білімді баяндай отырып, оқушылардың пайымдауын дамыту, олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету және оларды қоршаған дүниеге лайықты қатынасын қалыптастыру, оларға осы қатынастар негізінде мінез-құлық дағдысын сіңіру қажет. Тұлғалық қасиет қалыптасуы үшін алған білімнің оқушылардың мінез-құлқын айқындауына, оларда қажетті тұлғалық қасиеттің қалыптастыруына ұмтылу керек (жұмыс орнындағы мәдениеттілік, тапсырманы орындау сапасын жауапкершілікпен қарау, оларды орындаудағы қиындықтарды жеңу).

2. Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.Кез-келген оқу пәні бойынша кез келген сабақ - ол процестін бір бөлігі, сондықтан да оқып-үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі рөлін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде - оқуға ынталықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдан білу дағысын қалыптастыруға тиіс.

3. Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақтың тақырыбымен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипатталуы керек.Әрбір тақырып бойынша бірнеше сабақ өткізілуі мүмкін және олардың әр қайсысының өзінің нақты дидактикалық мақсаты болуы тиіс: оқушыларды ойлау операцияларымен қаруландыру (классификаиялау, көшіру, жалпылау, т.б.), білімін практикада қолдануға дағдыландыру, оқуды тақырып бойынша жекелеген фактілермен таныстыру, теориялық қорытындыларды өз бетінше тұжырымдау дағдысын қалыптастыру және т.б. Мұғалім белгіленген мақсатқа байланысты сабаққа дайындалу процесінде оқушыларға беретін оқу материалының мазмұнын, сабақтың құрылымын, оқыту әдістерін, құралдарын, т.б. - анықтау керек. Әрбір сабақтың айқын мақсатының болмауы оларды біржақты болуға, ал бұл оқуға дегеп қызығушылықтың жойылуына алып келеді.

4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану.Оқушыларға кез-келген бірыңғай ұзақ ықпал ету (мысалы: ұзақ ауызша түсіндіру) олардың ынтасының ыдырауына, енжарлыққа алып келуі мүмкін. Олар сабақта алаңдайды, мұғалімнің ақпаратын қабылдамайды. Сондықтан да әрбір сабақта оның әрбір кезеңдерінде оқушылар қызметінің түрлерін орынды өзгертуге ұмтылу керек. Ол үшін әлсін-әлсін әр түрлі сезім органдарына әсер ететін, тиімдірек танымдық қызметке жағдай туғызатын, оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет. Сабаққа дайындалғанда, қашан, сабақтың қай бөлімінде қандай әдіс, тәсіл немесе құрал пайдаланылатынын жеткілікті ойластыру қажет. Дегенмен, сабақта қызмет түрлерін ауыстыруда оқушылардың жас ерекшеліктері, сыныптың ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Себебі балалардың барлығы барлық уақытта қызметтің бір түрінен екіншісіне ауыса алмайды.

5. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі — оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті - жаңа білімді игеруге итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің қатты дауысы, қол сілтеуі, т.б.) және эмоционалдылық мұғалімнің сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін.

Оқушылар сергек болуы үшін сабақ эмоционалды болуы керек, бұл олардың белсенділігін арттыру тәсілдернің бірі. Сабақта әр түрлі проблемалық ситуацияларды пайдалану да эмоционалдылыққа жағдай жасайды, оқушылардың танымдық кызметін жеделдетеді.

6. Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жургізілуі керек.Оқыту процесі кез-келген сабақта тұрақты кері байланыс болған жағдайда тиімді болады. Сабақтың әрбір кезеңінде мұғалім, оқушының оқу материалын игеру деңгейін біліп отыруы керек, өйткені ол осы деңгейдің үнемі өсіп отыруына жағдай туғызуы керек. Сондықтан да оқушылардың білімін бақылаудың әр алуан түрлерін пайдалану керек. Осы мақсатта әр түрлі компьютерлік бағдарламалар, жазбаша тапсырмалар, сауалнамалар, перфокарталар пайдаланылуы мүмкін, олар білімді тексерудің нәтижесін бірден алуға мүмкіндік береді. Бұл жерде ең бастысы-әрбір мұғалімде оқушының сабақтағы танымдық кызметінің нәтижесін бағалау үшін байқағыштық қасиеті жақсы дамуы керек.

7. Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, оң нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек.Әрбір өткен сабақ мұғалім мен оқушыға алға басушылық сезімін туғызуы керек. Сабақ білім көлемінің елеулі өсуін қамтамасыз етуі немесе сапасын жетілдіруін, немесе осы екеуін де қамтамасыз етуі керек. Білімнің осындай елеулі өсуі (білік пен дағдының) қанағаттану сезімін туғызады, әрине оқушының оқуға деген белсенді көзқарасын туғызады. Әрбір сабақ оқыту процесінің тамандалған бөлігі болуы тиіс.

8. Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс.Қайталау ешқашан да жаттанды қайта айтуға алып келуі тиіс емес. Әрбір сабақтағы жаңадан оқылатын материал бұрын өтілгеннің тұрғысынан қарастырылуы керек. Мұғалім жаңа материалды баяндағанда мүмкіндігінше оны алдыңғы өткенмен байланыстыруы, оған сүйенуі керек.

9. Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақ-тандырылган болуы керек.Таным сезімдік қабылдаулардан басталады. Әйтсе де, көрнекілік, техникалық құралдарды орынды пайдалану қажет, бәрінің де шегі болуы керек. Мұғалімнің сабаққа дайыңдалуда көрнекі, дидактикалық құралдарды ойлап табуға және дайындауға кеткен уақыты оқытудың нәтежесімен ақталады.

10. Кез-келген пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы.Кез-келген сабақ басқалардан оқшауланып қарастырылмауы керек, ол сабақтың жалпы жүйесіндегі белгілі бір буын болуы керек. Мұғалім белгілі бір пән бойынша сабаққа дайындалғанда өткен сабақты жақсы елестете білуі керек. Әрбір мұғалім өз мүмкіндігіне қарай сабақтың материалын өткен материалмен байланыстыруға тырысады. Сондай-ақ алдағы сабақтың құрылымы меп мазмұнын да жақсы білуі керек. Бұл бастауыш сынып педагогтары үшін өте маңызды. Мұғалім кез-келген сабақта білімді қалыптастыра отырып, келесі (ертеңгі) сабаққа негіз қалауға міндетті. Оқыту процесін ұйымдастыруда осындай әдістің қажетігі теориялық түрде Л. С Выготскийдің зерттеулеріне негізделген. Бұл идеяны сабақта жүзеге асырудың нақты мысалына белгілі жаңашыл-педагог Лысенкованың кызметін жатқызуға болады.

11. Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану.Сабаққа дайындалғанда оқушылардың 45 минут бойы жұмысын ұйымдастыруды ойластыру керек. Сынып ешқашанда бүкіл сынып үшін жеткілікті мөлшерде тапсырмалар, сұрақтар жинақтаған мұғалімнің назарынан тыс қалмауға тиіс. Сабақта оларды дайындауға уақыт шығындамау үшін көрнекі құралдар, аспаптар, техникалық құралдар алдын-ала тексерілуі керек. Дәстүрлік құрылымның өзі де (сұрау, түсіндіру, бекіту) қызметтің бір түрінен екіншісіне көшкенде уақыт жоғалтуға алып келеді. Сондықтан да құрылымды көшіру оқушыларға елеусіз болып қалатындай етіп ойластыру керек. Жекелеген оқушылардың сабаққа кешігу, сабақтағы басқа да тәртіп бұзушылық себептерін аңықтауға мүмкіндігінше уакытты шығындамау керек, бұл туралы қоңыраудан кейін әңгімелесуге болады. Көптеген мұғалімдер оқушының орнынан тұрмай ауызша жауап беруін жақтайды, өйткені бұл да уақыт үнемдеуге септігін тигізеді.

12. Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу-еңбек тәртібін қамтамасыз ету.Алдыңғы айтылған талаптарды орындау сабақтағы тәртіпті белгілі бір деңгейде қамтамсыз етеді Әйтсе де, мұғалім тәртіпті үстау үшін әрбір оқушының жеке басын силай отырып, белгілі бір талап қоя білуі керек. Сынып ұжымы тәртіп бұзушылыққа төзбейтіндей болуға қол жеткізуі керек, өйткені сабақтағы тәртіп- олардың ынтасының орнықты болуына негіз салады. Көптеген мұғалімдер көбіне оқушылардың жалған ынтасымен ғана шектеледі, К. С. Станиславский "ынта объектіге көзін тігу ғана емес" деп атап көрсетті. Оқушылар тек мұғалімге жай қарап және тыңдап қана қоймауы керек, оқылатын материалға қатысты белсенді болуы керек, сабақта тиімді танымдық қызметке септігін тигізетіндей жұмыс жағдайы үстемдік құруы тиіс.

13. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады.Мысалы, мұғалім сабақтың айқын құрылымын, оның нақты мақсатын ойластырды, бірақ кейде сабақ белгіленген жоспар бойынша өтпейді. Бұл жағдайда мұғалім сабақ барысында қажетті түзетулер енгізе, оның құрылымын ауыстыра, қосымша тәсілдерді пайдалана білуі керек, бірақ мақсатқа жету керек. Сабақ - спектакль емес, оған көп дайындалғанмен де, ол ешқашан репетицияланбайды.

14. Сабақтың кәсіби бағыттылығы.Әрбір сабақтың оқу пәніне тәуелсіз, кәсіби бағыттылығы болуы керек. Мүмкіндігінше әр ретте оқу материалының болашақта қандай да бір мамандықты иемденудегі маңызын, алған білімнің алдағы бүкіл өмірдегі маңызын атап көрсету керек.

15. Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру. Мұғалім, үйге тапсырма бере отырып, оқушылардың барлығы оны орындай алатынына сенімді болуы керек. Кейде өте қиын тапсырма ұсынылады, бірақ кез-келген жағдайда мұғалім үй тапсырмасына, оның мәні неде екенін, мақсаты қандай, оны орындаудың негізгі ережелерін қайдан оқуға болатынын түсіндіре отырып, түсініктеме беруге міндетті. Оқушылар орындаған кез-келген үй тапсырмасы міндетті түрде тексерілуі, талдануы керек, әйтпесе оқушылардын өз бетінше танымдық қызметке деген қызығушылығы жойылады.

16. Қолайлы моральдық-психологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызу.Бұл жағдайлар көпшілігінде сабаққа қойылатын барлық жоғарыда аталған талаптардың орындалуымен анықталады. Әрбір сабақта, бәрінен бұрын, сыныптағы оқушыларды4 арасында, мұғалім мен оқушылардың арасында қалыпты қатынас орнату керек. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріп де ескеру керек.

Жоғарыда сабаққа қойылатын он алты талап қарастырылды, бірақ бұл тізімді (перечень) жалғастыруға болмайды дегенді білдірмейді. Әрине, мұғалімнің әрбір сабақта олардың барлығын орындауын талап етуге болмайды. Бірақ оларды білу міндетті, өйткені ол сабақтың жоғары тиімділігіне алып келеді.

Наши рекомендации