Логопедиялық кабинетті жабдықтау
Жеке және топтап оқыту сабақтары арнайы логопедиялық бөлмеде жүргізіледі. Ондай бөлме (кабинет) оқу құралдарымен толық қамтамасыз етілуі қажет.
Логопедиялық кабинетте мынадай заттардың болуы қажет: арнайы әдебиеттер, оқулықтар қоятын шкаф, балалармен сабақ жүргізу үшін, ең кемінде 3-4 устел мен 4-6 орындық, логопедтің үстелі, тақта. Логопедиялық бөлмеде міндетті түрде түрлі айналар болуы керек. Топпен оқыту сабағына айнаның үлкендігі 70-100 см. Жеке балалармен жұмыс жүргізгенде кішкене 9х12 см айналар пайдаланады.
Логопедте логопедиялық зондтар, қалақшаларды ( шпатель) оларды сүртіп, тазалап отыру үшін мақта мен спирт болуы керек. Кабинетте таза орамал, қабырға сағаты, үстел шамы қажет.
Жұмыс барысында логопед балабақшада бар оқу құралдарын пайдаланады. Онымен қатар арнайы логопедиялық бөлмеде төменгі аталған заттардың болуы қажет.
Сөйлеу тілін тексеруге арналған кітапшалар. Әр түрлі дыбыстарға жинақталған суреттер, мазмұнды суреттер. Кеспе әліппе ( әр балаға жететіндей ) тақырып бойынша жинақталған ойыншықтар мен суреттер ( ыдыстар, киімдер ), түсін, көлемін, формасын анықтауға арналған заттар немесе ойыншықтар. Санауға арналған материалдар. Тіл ақаулықтарын түзету сабақтарында ойын түрлері кең қолданылады. Сондықтан арнайы оқу құралдарымен қоса жалпы балабақшаларында қолданылатын оқу құралдарын да пайдалану қажет. Оның ішінде әсіресе «домино», «лото», «жұмбақтар», геометриядық лото», «зоологиялық лото» және т.б. сияқты дайын құралдарды пайдалану өте тиімді. Ондай көрнекі құралдарды көбіне логопед өзі де дайындайды.
Логопедтің есеп беруі
Оқу жылының аяғында логопед жұмыс қорытындысы туралы мағлұматтар дайындап аудандық, қалалық оқу бөлімдеріне өткізеді.
Ондай төмендегідей деректер болуы керек:
1 Топты ұйымдастыру мерзімі
2 Топқа алынған бала саны
3 Жыл аяғында топта сабақ бітірушілер саны:
а) оның ішінде сөйлеу кемістігі толық түзелгені
б) біршама түзелгені
в) өзгеріссіз қалғаны
4 Жалпы мектепке жіберілген балалар саны
5 Көмекші мектепке жіберілген балалар саны
6 Балабақшаға жіберілгені
7 Тіл кемістігін түзететін арнайы: мектептерге жіберілгені
8 Жыл басында әр түрлі себептермен жетіп қалған балалар саны
Ескерту:
Ескертуде баланың екінші жылға не себептен қалғандығы көрсетіледі.
Сөйлеу тілінің фонетика, фонематикасы толық дамымаған балаларды
Оқыту жоспарының үлгісі
Сабақтың түрлері | Сабақтың апталық саны |
Оқудың бірінші кезеңі 1. Логопедиялық сабақ. Дыбысты айту және тіл дамыту ( қамтып оқыту). Шағын топтық және дербес оқыту ( алғашқы екі аптаны балаларды тексеру үшін пайдаланады). Оқудың екінші кезеңі Қамтып оқыту: дыбыс айту және тіл дамыту. Сауат ашу. Шағын топтық және дербес оқыту. Оқудың үшінші кезеңі Қамтып оқыту: дыбыс айту және тіл дамыту. Сауат ашу. Шағын топтық және дербес оқыту ( маусым айында тек шағын топтық және дербес оқыту сабағын жүргізеді). 2. Тәрбиешілердің сабағы ( жыл бойында жүргізіледі). Қоршаған ортамен таныстыру және тіл дамыту ( аптасына бір сабақ байланыстырып сөйлеу, тілін жетілдіруге бөлінеді. Қарапайым математикалық түсініктерін дамыту. Жазу. Құрастыру және ою-суреттер салу. Сурет салу және жабыстыру. Дене шынықтыру (қосымша) бір оқу сабағын серуендеуге бөледі. 3. Ән-күй сабағы. | күнде Күнде 2 1 1 1 2 2 |
Логопедиялық сабақтың бағдарламасы
Сабақтың алғашқы екі аптасында балаларды тексеру.
Есте сақтауын жыл бойында жетілдіру.
Ашық, анық, бір қалыпты көтеріңкі дауыспен , асықпай сөйлеп үйренуге жыл бойында тәрбиелеу.
Сабақтың бірінші кезеңі: ( қыркүйек, қазан). Қамтып оқыту сабағы; аптасына бес рет, дербес және топтық күнде.
Дербес және шағын топты оқыту сабағы:
1 Қ, к, х, й (шолақ и), ы, с, и, з, т, п, р, ш, л және басқа дыбыстарды дербес оқу жоспарының талабына сай қою және алғашқы рет тұрақтандырып бекіту.
1. Дұрыс айтылатын дыбыстардан тұратын құрылымы күрделі сөздердің айтылуындағы қиындықтарын жою.
2. Грамматикалық дұрыс сөйлеуін керектігіне қарай қалпына келтіру.
3. Талдау, оқу, керектігіне қарай жазу.
Амтып оқыту.
1 Дыбыс айту және тілін дамыту (аптасына 5 рет).
А. 1) а, о, у, е, п, т, к, қ, л, м, н, о, ә шолақ и, ы, с дыбыстарының дұрыс айтылуын тұрақтандырып бекіту ( балалардың барлығында да дыбыстардың айтылуы күні бұрын түзетілген болу керек).
2 Дыбыстарды естілуінде ажырату: баорлық дауыстыларды: ( у, ү, ұ, а, ә, и, э, ғ, о, ы, і ), дауыссыздарды п, т, к, м, д, к, қ, т, ғ, г, х, л шолақ и, р, с, с, з, т, т, ш.
3 Дыбыстардың дұрыс айтылуын ажырату.
4 Дыбыстардың дұрыс айтылуын тұрақтандырып бекітілуіне байланысты дыбыстық-буындық күрделілігі әртүрлі сөздерді меңгеру.
5 Сөздің дыбыстық құрамын талдауға дайындық ( «Сауат ашу» тарауын қараңыз ).
Б. 1) Сөздердің грамматикалық тұрғыдан өзгеруіне назар аударуға тәрбиелеу: мысалы, зат есімнің жекеше және көпше түрлерін салыстыру және теңестіру ( ат-аттар, бала-балалар), ілік септігінде тұрған зат есімнің әр түрлі көптік жалғаулары ( дәптерлеріміз, дәптерлеріңіз, дәптерлерің, дәптерлері), осы шақта тұрған етістіктердің зат есімдердің жекеше және көпше түрлерімен, есімдіктермен қиылысуы ( ит үріп тұр, иттер үріп тұр, мен отырмын, біз отырмыз, сен отырсың, сендер отырсыңдар), осы шақта тұрған етістіктердің жекеше және көпше түрлеріндегі жіктік жалғауларын салыстыру ( оқып отырмын, оқып отырмыз, оқып отырсың, оқып отырсыңдар, оқып отыр).
2 Сөздік жұмыс. Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы пайда болатын жаңа сөздерге назар аудару ( ат-ата, атан, атыс, аттым, аттан, атқыш), сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы, пайда болатын сөздер ( жат, жатады, жаттатқызады, жатталады, жаттанды, қос сөздің бірігуінен пайда болатын жаңа сөздер ( белбеу, алтыбақан, Амангелді ), мағынасы кішірейтіліп, еркелетіп айтылатын сөздер ( інішек, талшық, шалшық, балақан).
3 Сөйлем жүйелі сөз. Құрамында тура толықтауышы бар жайылма сөйлемге назарын аудару. Байсал ағашты кесіп жатыр. Сөйлемнің құрамындағы сөздерді Кім? Не істейді? деген сұрақтар арқылы ажырату, бастапқы тұлғасының толық немесе жартылай мағлұматтарына сөйлем құрастыру ( апа Асет дүкен барды), берілген сұраққа қысқа және толық жауап қайтаруға дағдылануын тәрбиелеу, бейнелі сурет, қимыл іс-әрекеттер, сұрақтар бойынша сайын, кейін, дейін, соң, үшін, бірге септеулік шылауларын қатыстыра отырып, жайылма сөйлем құрастыру.
Бірнеше сөйлемдерді біріктіріп, шағын әңгіме құрастыру.
Қысқа әңгімені жаттап алу.
Сауат ашу.
1 Дыбысты дұрыс айтуға дағдылануын және естуін, түсінуін, жетілдіруін, қалпына келтіруіне байланысты сөздің дыбыстық құрамын талдауға дайындалу.
Сөздің басындағы бірінші дауысты дыбысты ажырата білу.
( Айна, Әлия, Өркен), қатар тұрған екі-үш дауыстыларды жүйелі түрде атау.
«Ат», «Ит» сияқты кері буындарды талдау және топтау, «тон»., «қар» сияқты сөздердің соңғы дауыссыз дыбыстарын айыру.
«Мал», «Тұз» сияқты сөздердегі дауыссыздан кейін буын құрап тұрған дауысты дыбысты айыру.
Сөздің басындағы бірінші дауыссыз дыбысты айыру,. «Та», «Му» сияқты тура буынды талдау және топтау.
«Лақ», «Тал» сияқты сөздерді талдау және топтау.
Дыбыстық талдауға және топтауға дайындауды меңгеруге бағытталған жаттығуды қызықты ( назарын аударатын ойын түрінде, жарыс ұйымдастырып) түрде жүргізеді.
Буынға бөліп оқуына дағдылануын қалпына келтіру.
Сөйлеуін қалпына келтіру бойынша бағдарламаға сәйкес біртіндеп машықтандырылған қатаң және ұяң дыбыстарды анық етіп айтылуы негізінде У, А, Л, Ә, Т, М, Қ, О, Ы, С, Н әріптерімен жүйелі түрде танысу.