Эпикалық шығарманы оқыту, өзіндік ерекшеліктері
Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал,хикаят (повесть) жатады. Өзіне тән ерекшеліктері – олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композициясы, тақырыбы, көркем бейнелері, \яғни көркем компоненттерінің барлығы. Сондықтан оларды талдау барысында ең алдымен әдебиет теориясынан білім беріледі. Мысалы, әңгіме жанры деген не,оның хикаяттан немесе романнан айырмашылығы не? әдеби-теориялық білім бастауыш ұғымынан бастап, сынып жоғарылаған сайын оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты күрделене түседі. Эпикалық шығармаларды оқытуда мына мәселелерді басшылыққа алу қажет:Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы
Көркем образдары, образдар галериясы
Автор – көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы. Автор және көркем туынды.
Көркем шығарманы талдау оны оқудан басталады. Көркем туындыны толық оқымай, мазмұнын жетік меңгермей, оны талдау мүмкін емес. Әңгіме, мысал сияқты шағын жанрларды талдау роман, эпопеяларға жеңіл, қолайлы. Роман, эпопеяны бағдарламада көрсетілген аздаған сағаттарда толық дәрежесінде талдау мүмкін емес. Осындай көлемді шығармаларды оқыту үшін мұғалім көп еңбектенеді.ең бастысы, қандай мәселелерге көңіл бөлу керек, қандай тәсілдер нәтижелі болмақ, әдіс-тәсілдің қай түрі нәтижелі болмақ, осыларға мұғалім ерекше назар аударады. Көлемді шығармаларды талдауда мұғалім көркем мәтінмен жұмысқа ерекше ден қою керек, Эпикалық шығармаларды талдау әрбуында өзіндік ерекшеліктерімен дараланып талданады. Мысалы, Бастауыш буында (Ү-ҮІІ) сюжет,композициясы, кейіпкерлеріне назар аударылса, ҮІІІ-ІХ сыныпта ол тереңдей түседі. Авторлық тұрғда, оның негізінде жатқан проблематикаға көңіл бөлінеді, жоғары сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау, әдеби-ториялық негізде тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс. Эпикалық шығармаларды оқытуды ұйымдастыру. Шағын, орта, кең көлемді эпикалық түрге жататын эпикалық шығармаларды оқыту әдістемесіндегі өзгешеліктер. Проблемалық оқыту, оның эпикалық шығармаларды меңгертудегі тиімділігі. Проблемалық сұрақтардың қызметі. Проблемалық ситуация әдіс-тәсілдері. Оқытудың проблемалы түрінде іздену принципінің басым болуы, өздік жұмыстардың орындалады, оқушылардың ойлау қабілеті дамиды, шығармашылық қиял, әртүрлі болжамдар туындайды т.Көркем шығарманың көркемдік құндылығы мен тәрбиелік құнарының жан-жақты ашылатыны.
26.Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі
Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің дұрыс жасалуы мен ұйымдастырылуы және драмалық шығармаларды оқытудың жемісті болуы оқыту мазмұнын анықтаумен, оқыту принциптерін жүйелеумен тығыз байланысты.
Драмалық шығармаларды оқыту оқыту әдістемесінде мынандай әдістерді алуға болады:
Ø Әңгімелеу;
Ø Проблемалық баяндау;
Ø Шығармашылық оқыту (іздендіріп оқыту);
Ø Иллюстрация және көрнекілік;
Ø Жазбаша жұмыс;
Ø Өз бетімен жұмыс жасау;
Ø Оқушылардың шығармашылық жұмыстары;
Ø Деңгейлік тапсырмалар орындату;
Ø Өнер және мәдениет құралдарын қолдану;
Ø Техникалық құралдарды қолдану;
Ø Сабақтан тыс жұмыстар жүргізу т.б.
Жазбаша жұмыстарды орындату.
Жазбаша жұмыстардың мақсаты- оқушылардың тілін дамыту. Драмалық шығарманы оқыта отырып, оқушылардың тілі мен ойлауын дамыту жүйелі ету үшін жазбаша жұмыстардың түрлерімен тақырыптарын мұғалім алдын ала белгілеп,даярлап алады. Драманы талдауда оқушының сөздік қорын байытуға жазба жұмыстың «Сөздік дәптер»түрін қолдану дағдыға айналдыру өте маңызды орын алады. Одан кейін жазба жұмысының түрі-драмалық шығармада автор жасап шығарған ерекше сөз қолданыстарын іріктеу, іздеті, талдау. Жазбаша жұмыстың тағы бір түрі- драмалық шығарамада қолданылған халық тілінің байлығын талдау. Мақал-мәтелдер,фразалық тіркестер, нақыл сөздердің драмада қалай қолданылғаны мен автордың негізгі идеясын ашуға оладың қалай қызмет етіп тұрғанын көрсету арқылы оқушылардың ана тілін ойды білдіруден қолдана білу дағдылары қалыптастырылады.
Жазба жұмыс түріне сұрақтарға жазбаша жауап беру де жатқызылады. Мұның ерекшілігі – жазбаша жауап берілген кезде оқушының ауызша жауаптан гөрі ойлануға уақыты, мүмкіндігі мол болуында.
Жазбаша жұмыс жүйесінде шығарма жазу үлкен орын алады.Шығарма жазу барысында оқушының өзі оқырман,оқушының өзі сұрақ қоюшы,оқушының өзі жауап беруші, оқушыныңөзі төреші роліндеболып, нәтижесінде ойдың қаншама қабатынан сыналып, сығымдалып шыққан ой-толғаудан шығарма пайда болады. Сондықтан шығарма жазудың арнайы әдістемесінің мәні зор.
Негізінен монолгтық түрде келетін мазмұндау мен баяндама жасауда сөйлеу заңдылықтары мен тәртіптері де ескеріледі.
Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмысы.
Қазіргі уақытта оқушылардың өз бетімен ізденуіне баса назар аударылып отыр. Сондықтан драмалық шығармаларды оқытуда оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарын түрлендіріп отыру керек. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы олардың саналығына сүйенеді, әрі осы қасиетті қалыптастырады. Өз бетімен жұмыс жасауда оқушы мынандай алгоритімдерді орындай алады:драмалық шығарманы талдаудағы берілген тапсырмаға тікелей қатысты мақсатты нақтылау;мақсатқа жету үшін, соған қажетті материалдарды драмлық шығарма мәтінінен бақылау, ізденіп оқу;берілген тапсырманың, сұрақтың шешімін мәтіннен,белгілі бір абзац пен олардың байланысынан іздеп табу, өзінің болжамын нақтылап жазу;айтар ойының жоспарын жасау;жоспар бойынша өз ойын баяндау, басқа фактілермен салыстыру, өзінің шешімін ғалымдардың пікірімен салыстыра отырып дәлелдеу: өзіне берілген мәселені шешу үшін ұсынатын нақты көзқарасын айқын түрде көрсету.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Әдебиет сабағының оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мен дамытудағы үлкен ролі бұрыннан белгілі. Бірақ барлық әдістер бірдей оқушының шығармашылық қабілетін дамытады деп те түсінбеу керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту бағыты осыған арналған арнайы жоспардың талап етеді. Оқужылының басында жасалған пәндік жоспарда драмалық шығармаларға қатысты да орын беріліп, осы тақырыптың мазмұндық – құрылымдық болмысында оқушылардың шығармашылығын дамытуға потенциалды қандай мүмкіндіктер барын мұғалім алдын ала анықтап алады. Мысалы Ғабит Мүсіреповтың драматургиясын оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жоспарын мынандай элементтер қолдануға болады деп есептейміз.
Оқушылар «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» драмасын оқып шыққан соң,кейіпкерлер жүйесін өзіойлап тапқан мизансценаға орналастыру керек,яғни барлық кейіпкер сценаға шығатын болса, қайсысын қай жерде және қандай позада тұрғызу керектігі және сол ойын дәлелдеу керектігі тапсырылады.
Қарабай бейнесінің ең түйінді тұсын суретке салу тапсырылады.
Оқушылар арасында Қозы мен Баянға ескерткіш орнатуға авторлық конкурс жариялап,жеңімпазын қазылар алқасына анықтату керек.
Махаббат пен адалдыққа қарсы шыққан Қарабай мен Қодарды «Ар сотына» айыптау керек, соның сценарийін оқушыларға жазғыздыру тапсырылады т.б.
Мұндай мысалдарды көптеп табуға болады.Шығармашылық әдістерді қолдану арқылы мынадай мақсат-міндеттер шешіледі.
1.Оқушы әдеби шығарманы талдау теориялық әдістерін шығармашылық қызмет әрекетіне айналдырып, білімнің өмірдегі жетекші ролін тани алады.
2. Шығармашылық талдау әдісі арқылы эстетикалық білім алады.
3.Эстетикалық таным әдістері арқылы этикалық таным әдістері арқылы этикалық-моральдық норманың сабақтастығын сезіп біледі,эстетикалық білім ғана адамға этика нормаларын шынайы меңгеруге көмектеседі.
4. Білім мазмұнын шығармашылық қызметтің моделіне айналдыра алады, яғни драмалық шығарманың мазмұнымен таныса отырып,оны басқаша аспектіден түсіну әдістерін меңгереді.
5. Шығармашылық жұмыстарды орындау қабілеттерін үйренеді.
27.Лириканы оқыту.Мектепте лириканы оқытуға арналған әдіскерлердің еңбегіне шолу. Лириканы оқыту әдістемесі шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, эстетикалық-көркемдік қуатына, сабақтың оқу тәрбиелік міндеттеріне сай берілетіндігі. Лирикадағы ақындық тіл ой нақтылығымен, табиғи бояуымен, суреткерлік қуатымен сабақ көрнекілігін қамтамасыз етуі. Оқушы қызығушылығының лирикалық шығарманың азаматтық үніндегі, әлеуметтік мазмұнындағы астарларға, жеке сөз, сөз тіркесіндегі, тұтас сөйлемдердегі көркемдік бояуларды , эмоциялық реңтерді қабылдау қабілетін дамытуға бағытталатындығы. Лириканы оқытудағы басты мәселе мазмұн мен форма бірлігін сақтау. Лирикадағы философиялық-эстетикалық, поэтикалық ой арқауын түсіну, шығармадағы шынайы адамдық сезім биігін ұғу.
28)Шолу тақырыптарды оқытудың әдістемесі.Шолу тақырыптары 9-11сныптар бойынша беріледі.Бағдарламаларда берілетін сағат санының аздығы бірақ шолулардың ауқымдылығы маңзы оны оқытудың өзіндің күрделілігін көрсетеді.Шолуларда ең алдымен тарихи-саяси міселелелер,қоғам дамуының жалпы сипаты беріледі,әрі қарай мәдениет,әдебиет, өнереге олардың әсері сөз етіледі.Әдеби бағыттар, жанрлар, ағымдар туралы айтыла отырып, ақын-жазушылар шығармашлығы олардың негізгң жетістіктері әңгімеленеді.Шолу тақырыбында оны өтуге бөлінген уақыт тапшы.Әдебиетті оқытуда шолу тақырыптарының маңзы сол,ол бүкіл бір кезең әдебиеті туралы оқушыларға алдан ала хабар береді, жан-жақты түсінік жасайды.осы мол да маңызды материалдарды мұғалім іріктеп, саралап. Ең негізгі мәселелердің дәнін түйінін бөліп ала білу керек.сабақ алдында «Бүгінгі сабақтың ең маңызды мәселелері», «нені міндетті түрде білу керек?» деген кесте-плакатты пайдалануға болады.