Тақырыбы: «Қарапайым түсініктер» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын окыту технологиясы

Жоспар

1.«Қарапайым түсініктер» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын окыту' технологиясы.

2.Балалардың мектепке дейінгі тәжірибесін жүйелеу және жалпылау, математикалық нысандарды оқытуға база дайындау, заттарды санау, заттар мен олардың топтарын салыстыру; ұзындық және оны шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеу, кеңістік және уақыт аралығы, геометриялық фигуралар жайлы түсінік қалыптастыру; практикалық әрекеттер (біріктіру, бөліп алу, тұстастыру, бөліктерге бөлу, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеу) технологиясы.

Қарапайым түсініктерді қалыптастыру міндеттері төмендегіше:

1. Балалардың мектептік өмірге бейімделуіне,ұяң болмауға, тілін дамытуға көмектесу, мектепке дейінгі мекемелердегі дайындықтан өтпеуіне байланысты өз қатарластары және үлкендермен сөйлесуге тарту.

2.Әр оқушының мектепке дайындық деңгейін анықтау.

3.Мектепке дейінгі кезеңде алған білім, білік және дағдыларын айқындау, жүйелеу және толықтыру.

4.10 көлеміндегі заттарды санай алу және сандарды оқытуға дайындық ретіндегі заттардың реттік нөмерін анықтай алу біліктерін қалыптастыру.

5.Теңдік және теңсіздік ұғымдарына дайындық ретінде заттардың екі тобын салыстыру.

6.Қосу және азайту амалдарын оқытып үйретуге, сондай-ақ сан ұғымын анықтауға тірек білім болып табылатын заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алуға үйрету.

7.Шама және сан ұғымдарын оқытуға дайындық ретіндегі заттардың ұзындықтарын салыстыру, заттың, кесіндінің ұзындығын өлшеу және өлшем бірлігі 1-см-ді еңгізу сияқты ұғымдарды меңгеру.

8.Геометриялық фигуралардың қарапайым түрлері, заттардың бір-біріне қатысты орналасуы мен және амалдар мен әрекеттің өту ретімен кеңінен таныстыру.

9.Бүтін және бөлшек ұғымдарына дайындық ретіндефигураны бөліктерге бөлу және оны бөліктерден құрастыру біліктерін қалыптастыру.

10.Дәптермен жұмыс істеу: оның беттерін шамалай алу,жаза білуге дайындық ретінде қарапайым элементтерді жазуға үйрету.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі:

1.Әртүрлі заттарды санауды үйрену және соларға жаттығу.

2.Практикалық жұмыстарды орындау нәтижесінде заттардың тобын салыстыруға үйрету.

3.Заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алу.

4.Заттарды әртүрлі белгілеріне қарай (түсіне, пішініне,өлшеміне) қарай салыстыру.

5.Заттардың ұзындықтарын салыстыру және өлшеу.

6.Геометриялық фигуралармен таныстыру.

7.Кеңістік және уақыт туралы түсініктер қалыптастыру.

Қарапайым түсініктер: заттарды санау, заттардың және олардың тобын салыстыру, сандық және реттік сандар арасындағы байланыс, қарапайым кеңістік және уақыт туралы түсінік.Осы тақырып бойынша оқушылар тақырыпты оқытудың міндеттерін, мақсатын, мазмұнын, қолданатын көрнекіліктерді; осы тақырыптарға сабақ жоспарын құрастыра білуі тиіс.

Кеңістік бағдарларын зерттеу олардың бағдарлай білуінің негізгі өз дене мүшелерін айыра білуі екендігін көрсетті.Осы ерекшеліктерді ескеріп балаларды,өз дене мүшелерін,олардың атауларын айқын түрде айыра білуге үйрету және соларға сүйеніп балаларды кеңістік бағыттармен таныстыру өте маңызды.Оң қолы және сол қолын және өз денесінің оң жағымен сол жағын айыра білудің ерекше мәні бар.Балаларға бұл жөнінен едәуір қиындық келеді, егер балаларды екі қолының атауларымен және олардың түрліше функцияларымен бірден таныстырып отырса, ондай қиындықты жеңуге болады; оң қолымен бала қасық ,ал сол қолымен - нан немесе тарелка ұстайды ; оң қолымен бала қарындаш ұстайды; сурет салады, ол қағаз жылжымау үшін сол қолымен оны үстеп отырады.Осыны есте сақтап және әрқашан балаларға ескерте отырып, тәрбиелі балалардың өз дене мүшелерін айыра бөлуін , заттардың кеңістікте орналасу және кеңестіктегі қимыл-қозғалыс болатын анықты болуын қалыптастырады; алдында - алға қарай , артында артқа қарай оқ жоқтан оңға қарай сол жақтан - солға қарай.

Сондай-ақ уақыт түсініктерде (таңертең , күндіз кешке , түн ) режімдік мезеттерді өткізгенде күнделікті өсмірде қалыптасуы тиіс . Тәуліктің бұл бөлшектеріде, сондай-ақ кішкентайлар мен ересек балалардың іс- әрекетінің өзгеруіне қарай ажыратылады. Бірақ көрсетілген уақыт мезеттерінде ересек балалардың іс- әрекеті түрліше болғандықтан, белгілі бір жердің немесе белгілі бір географиялық болудың өзіне тене ерекшеліктері болатынын ескеру керек. Уақыт мезетін есептеу әр бала үшін нақтылы және толымды болуы тиіс, сондықтан түсіндіргенде көптеген белгілерді пайдалану керек.

Бастауыш мектепте қарастырылатын шмалардың бірі – уақыт аралығы . Уақыт туралы алғашқы түсінікті балалар мектепке дейінгі кезеңде алады.Күн мен түннің ауысуы , жыл мезгілдерінің ауысуы , сағат , минут , апта күндері , жыл , ай , баланың өміріндегі режимдік мезеттердің ауысуы –уақыт жөніндегі түсінікті қалыптастырады.

Уақыт туралы түсінік қалыптастыру ұзындық , масса туралы түсініктергі қарағанда оқып-үйренуі әлдеқайда күрделірек. Уақыт үздіксіз өтіп жатады . Сондықтан да уақыт туралы түсінік ұзақ бақылаулар , өмір тәжірибесінің жинақтауы барысында баяу қалыптасады. Бірлік ретінде алынған уақыт аралықтарын тек бір рет қана пайдаланады. Сондықтан уақыт бірқалыпты пайдаланылатын оқйғамен байланысты болуға тиіс . Сондай бірліктер ( тәулік , жыл , ай , ғасыр ) табиғаттан алынады , ал сағат , минут , секунд сияқты уақыт өлшем бірліктерін адамдар ойлап шығарған .

Күн тәртібін және табиғат күнтізбесін жасау , ертегі , әңгіме , кинофильм көргендегі оқиғаларды ретімен қабылдау уақыттың өзгерісін көруге , уақыттың өтуін сезінуге көмектеседі. Көрнекі құрал есебінде жылжымалы күнтізбе , сағат үлгісі болғаны дұрыс . Уақытты бағдарлай білу арқылы қабылдау сезімін дамытуға болады.Адамдардың жас шамасын салыстыру арқылы жас адам , кәрі , орта жастағы , бала , үлкенірек , жасырақ , жас шамасы бірдей-құрдас , т.б. маңызды ұғымдарды да меңгереді. Уақыт бірлігін саналы қабылдауға дайындау үшін күнтізбемен жұмысты жүргізу керек. Мысалы , бүгін 1 қазан , алдыңғы ай қалай аталады, келесі ай қалай аталады ? Күнтізбе арқылы айды ретімен атауды , әр айда қанша күн болатынын , ұзақтығы жөнінен бірдей айларды көрсетіп , жылдың ең қысқа айын ( ақпан) атап (28,29 күн ) көрсетеді. Күнтізбе бойынша айдың рет нөмірлері айтылады. Мысалы : жылдың 10-шы айы қалай аталады ? Санағанда қыркүйек нешінші ай ? Туған күндерің аптаның қай күніне және айдың нешесіне сәйкес келеді ? Тәулік туралы ұғым беру үшін балаларға кеше таңертеңнен бүгінгі таңертенге дейін не істейтіндерін жазып әкелу тапсырылады да , уақыт : таңертең , күндіз, кеш , түн пысықталынады . Осындай уақыт аралықтары тәулік делінетіні айтылады . Күн мен түн түн ауысты , тәулікті тауысты ,, деген мақалдың мағынасы түсіндіріледі.

Сағат пен минут туралы түсінік балалардың математикалық практикалық іс-әрекеті арқылы , бақылаулар арқылы қалыптасады . Бір сағат бір сабақ пен үзілістің ұзақтығы . Бір минуттың ұзақтығын білу үшін : 1 минут ішінде нешеге дейін санай аласың ? Қанша мысал шығарысың ? Неше сөз айта аласың? –сияқты сұрақтарға жауап берген жөн . Ал уақытты үнемді жұмсай білуге үйрету үшін Минут сағатты сақтайды деген мақалдың мағынасын түсіндіру қажет.

Қазақстанда 1 минутта , 1 сағатта , 1 жұмыс күнінде қанша өнім шығаратыны жөнінде сан мағлұматтарын келтірудің тәрбиелік мәні зор.

Ғасыр қарастырылатын уақыт бірліктерінің ең ірісі . Миллиметрлік қағазға 1 жылды 1 миллиметр деп алып ұзындығы 100 мм кесінді сызып , осы көрнекіліктің негізінде балалардың қаламыздың , астанамыздың , ауданның , ауылдың жасын ғасырмен салыстыруына болады . Осындай жүз жылдықтарды кескіндейтін уақыт лентасын пайдаланып , біз қай ғасырда өмір сүріп отырмыз , тарихи оқиғалар ( Отан соғысы , бірінші қазақтың космос сапары , Сырым Датұлының , Кенесары , Абай , т.б азаматтардың жасы ...) қай ғасырда болғаны , ХХ ғасыр қай жылдар және т.б. анықтайды . ( М-2.35 –бет ) Қандай да қайталайтын құбылысты сипаттайтын шамалардың бірі ретінде уақыт аралығы жайында түсінік беру және оның бірліктері сағатпен және минутпен таныстыру ; Сағат және минуттың ара қатынасын тағайындау.

Сағаттың қысқа тілі сағаттық тіл деп аталады. Ол үлкен екі сызықшаның аралығын 1 сағатта жылжып өтеді. Ұзын тілі минуттық тіл деп аталады . Ол кішкене екі сызықшаның аралығын 1 минутта жылжып өтеді . 1 сағатта 60 минуттар бар . Уақыт аралығын минутпен және сағатпен өлшегенде 60 минут 1 сағат құрайтыны есте болу керек . Ал 24 сағат 1 тәулікті құрайды . Уақыттың бұлардан басқа бірліктері де бар :

Тәулік , апта , ай , жыл , мүшел , ғасыр . Уақыт бірліктерімен және олардың арақатынасымен таныстыру .

Сағат үлгісінің көмегімен күннің шыққан уақытынан бастап , ұясына батқанға дейінгі және түнгі уақыттан күн шыққанға дейінгі уақытта бір тәулік өтетіні түсіндіріліп беріледі. Тәулік дегеннің ертеңгіліктен келесі ертеңгілікке дейінгі , кешкіліктен келесі кешкілікке дейінгі уақыт мерзімі екендігі түсіндіріледі . Тәуліктің басы түнгі сағат 12 , сондықтан күндізгі 12-де 12 сағат болады . Ал түнгі 12-де тағы 12 сағат болады , яғни 12+12=24 сағат немесе 1 тәулік .

Бақылау сұрақтары:

1.Біріктіру, бөліп алу, құрастыру, бөліктерге бөлумысалдар келтір.

2.Шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеу дегеніміз не?

3.Кеңістік және уақыт жайлы қарапайым ата.

Әдебиеттер:

Әдебиеттер:

1.Оспанов Т.К., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. - Алматы: «Атамұра», 2005.

2.Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.К.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, «Фолиант», 2007.

3.Кдырбаева А.А. и др. Внеклассная работа по математике в начальной школе. - Алматы, 2000.

4.Астамбаева Ж.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы. (Практикалык, лабораториялық сабақтар, СОӨЖ). - Алматы, 2008.

Лекция 12

Наши рекомендации