Бірыңғай мүшенің тыныс белгілері

1.Жалғаулықсыз келген дара бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмайды.

2.Жалғаулықсыз келген күрделі бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.

3. Жайылма бірыңғай мүше-дің әрқайсысының өз іштерінде үтір кездесетін болса, бірыңғай мүшелердің жігіне нүктелі үтір қойылады.

4. Бірыңғай мұшелердің алдыңғысының жалғаулығы түсіп қалып айтылуы мүмкін. Ол күнде де ара-на үтір қойылады.

5. Егер алдыңғы сын есімтікелей зат есімнің сынын білдірмей,өзінен кейінгі тұтас тіркестің сынын білдіретін болса, ара-на үтір қойылмайды.

6.Бір деген белгісіздік есімдігі мен соған жалғас келген анықтауыштың ара-на үтір қойылмайды. Жиренше таңертең Құнанбай аулына бір әдемі тарғыл тазы ертіп келіпті.

7. Бірыңғай мүшелердің арасында қайталамайтын мен, және деген жалғаулықтар тұрса, үтір қойылмайды.

8. Да шылауы етістіктен болған екі бірыңғай баяндауыш ара-да қайталамай келсе, да-дан кейін үтір қойылады.

9. Бір мағынаны беретін, бірақ екеуі де ашық райда айтылатын күрделі етістіктердің ара-да келген да шылауынан кейін үтір қойылмайды.

10. Да, не, немесе, я, яки, әрі, әлде шылаулары қайталанбаса үтір қоцылмайды.

11. Бір сөз бірдей не әр түрлі тұлғада қайталап айтылса, ара-на үтір қойылады.

12. Екі ьірыңғай мүше-ң ара-да келетін бірақ, дегенмен, алайда, сонда да, сондай-ақ, сонымен бірге келсе, алдынан үтір қойылады.

13. Бірыңғай мүшеден кейін сұраулық шылау, болсын деген сөз қайталанса, үтір қойылады.

14. Үн жоқ, түн жоқ; ұзын арқан, кең тұсау; бір сырлы, сегіз қырлы

15. Жалпылауыш мүше б. м. кейін тұрса, алдынан сызықша қойылады.

16. Біпыңғай мүше мен одан кейін келетін жалпылауыш мүшенің арасында қыстырма сөз тұрса, қыстырма сөзден бұрын сызықша, соңынан үтір қойылады. Электр станциясының салынып біткен мерекесіне арналған митингіге жас та, кәрі де, оқушылар да, бөбектер де - қысқасы, ауылдың бар тұрғыны келді.

17. Бірыңғай мүшеден бұрын тұрған жалпылауыш сөзден кейін мысалы, атап айтқанда деген сөздер келсе, олардың алдарынан үтір, соңынан қос нүкте қойылады.

[жалп. сөз. , мысалы: бір. мүше].

18. Көбінесе бірыңғай мүшелерден кейін келетін т. б. , т. т.(тағысын тағылар) деген сөздердің толық не қысқартылған түрі келсе, бұлардан бұрын үтір қойылмайды.

«тағы» сөзі = және

№36

Құрмалас сөйлем – екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем.

Құрамына қарай:

Салалас құрмалас сөйлем Сабақтас құрмалас сөйлем Аралас құрмалас сөйлем
Өзара тең дәрежеде байланыды, баяндауыштары тиянақты болады. Бірі екіншіссіне бағынады, бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болады. өзара салаласып та. сабақтасып та байланысады.

Салалас құрмалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдер інің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлем.

Құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-қатыснасына қарай:

1 Ыңғайлас – жай сөйлемдердің біріндеайтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес,ғ бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуы.

Жал-қ шылаудың қатысуы-қатыспауына б-ты:

Жалғаулықты: әрі, және, да, де, та, те

Олар өздерінің сенімдері мен әдет-ғұрыптарына ескіден келе жатқан бір даяр дәлел тауып алады да, менікі дұрыс деп жүре береді.

Ж-сыз: Өзен жағасындағы шалғындар жемшөп пен шабындыққа бай екен.

2. Қарсылықты салалас – жай сөйлемдердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін салалас түрі.

Ж-ты: бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сөйтсе де, сөйткенмен

Көзіме түскен аяч қатты ұялып қалды, бірақ мұнысы ұзаққа созылмады.

Ж-сыз: Жол-жөнекей ауылдар үздіксіз кездесіп отырды, - адам атаулы көзге түспеді.

3. Себеп-салдар салалас – жай сөйлемдерінің бірі екіншісінің себебін не салдарын білдіретін салалас түрі.

Ж-ты: сол үшін, себебі, сол себепті, сондықтан, өйткені, неге десеңіз

Шашының ұзындығы - әйелдердің ең бірінші сұлулығы болып саналады, сондықтан әйелдердің бәрі жалған шаш қосып қояды.

Ж-сыз: Тау қырғыздары ноғайлы аңыздарынан хабарсыз емес: олар Едігені біледі.

себеп мәнді жай сөйлем, салдар мәнді жай сөйлем

салдар мәнді жай сөйлем: себеп мәнді жай сөйлем

4. Кезектес – жай сөйлемдегі іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдіретін салалас түрі.

Ж-ты: біресе, бірде, кейде

Кейде Абайлар Базаралы үйінде жиналады,. кейде Жиренше ауылында бас қосады.

5. Талғаулы– құрамындағы жай сөйлемдерде айтылған іс-әреккеттің біреуі ғана орындалатынын білдіреді.

Ж-ты: не, немесе, я, я болмаса, яки, әлде, не болмаса т. б.

Көкірек толған қайғы я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады.

6. Түсіндірмелі салалас – екінші жай сөйлемі бірінші жай сөйлемнің мағынансынтүсіндіріп тұратын салалас түрі.

Сілтеу есімдігі: мына, мынау, соншалы, сонша, сол т. б.

Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Қуанғаны сонша – жылап та жіберді.

Бірінші жай сөйлем баян+сонша, соншалық, сондай – екінші жай сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем– құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады.

Мағыналық түрлері:

1. Мезгіл бағыныңқы сабақтас – бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің мезгілін білдіреді.

1) ғанда, генде

2) ғанға, генге+дейін, шейін

3) ғаннан, геннен+кейін, соң

4) ғаннан, геннен + бері

5) ған, ген + сайын

6) ған, ген + кезде, сәтте, уақытта

7) ған, ген + ша, ше

8) ғалы, гелі

9) ма,ме + с + бұрын

10) арде, ерде

11)ысымен, ісімен

12) са, се + ж. ж.

Ұлықтар жүріп кетісімен, оразбай мен Жиренше Абайлардың сыртынан ентелеп, қарап тұрды.

Оразбай ауылға келсе, бір топ жігіт жиналып қалыпты.

2. Мақсат бағыныңқы сабақтас - бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді.

1) мақ, мек + шы, ші+ болып

2) у + үшін

3) шартты, қалау, бұйрық + деп

4) қалау рай (қы, кі) + тәу жалғ + келіп

Ақбаламен сөйлескісі келіп, әлденеше рет оқталды.

Өлеңді тез жаттау үшін, оның түпкі мағынасын түсіне білу керек.

3. Шартты бағыныңқы сабақтас - бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің шартын білдіреді.

1) са, се+ж. ж.

2) май, мей

3) майынша, мейінше

4) ғанда, генде

Үй ішінде шешесінің жылаған үнін естігенде, ол да күйрер еді.

Абай білгіш болса, біздің Мәніке келін одан да озған.

4. Қарсылықты бағ-қы сабақтас – бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойға қарсы болып келетін сабақтастың бірі.

1) са да, се де

2) а,е,й + тұра

3) ғанмен, генмен

4) ғанына, геніне + қарамастан, қарамай

5) ғаны, гені + болмаса

6) ғанша, генше

Жел ауаны тазартқаны болмаса, дауыл болып құтырмасын.

Қазір бөгелген түйііні осы болғанмен, оны балаларға айтудың да, айтпаудың да орайын таппады.

5. Себеп бағыныңқы сабақтас – бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің себебін білдіреді.

1) ғандықтан, гендіктен

2) ғаны, гені + үшін

3) ған, ген + соң

4) ып, іп, п

5) ма ме + й

6) үш шақтағы етістік + деп

Бұл шараларды жүргіізбей, Ертістен канал сағаксын алуға болмайды.

Омбының тұрғын қазақтарынан балаларын үйінде орысша оқитын адамдар табылып, Асқар пристаньға баруды қойды.

6. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас – бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс-қимылдың қалай орындалғанын білдіреді.

1) а, е, й, ып, іп, п

2) ма, ме + с + тан, тен

3) ған, ген, +күйі, қалпы

4) ған, ген + дай, дей + болып

Абай артына бірде-бір бұрылып қарамастан, жоқ болды.

Хакім кітапты ұстаған бойы, Әбілжанның сөзін қыбыр етпестен тыңдады.

Көп бағыныңқы сабақтас – құрамында екі я одан да көп бағыныңқы сөйлемі бар сабақтасты айтамыз.

Бағыныңқы сөйлемдердің басыңқы сөйлеммен байланысу сипатына қарай:

1) Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас – бағыныңқы сөйлемдердің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысқан сабақтас.

Баңғыныңқы сөйлемдердің басыңқы сөйлеммен қарым-қатынасына қарай:

а) Бірыңғай жарыспалы – егер бағыныңқы сөйлемдері басыңқы сөйлеммен тек бір сипаттағы қатынаста болып, ортақ бір сұрауға жауап беретін сөйлем.

Қараңғы тым ерте түсіп, аспанды сындырып жіберердей қалың бұлт құрмаулап,батыстан сүйекті шағар ызғырық еседі.

ә) Әр алуан жарыспалы – егер бағ-қы сөйлемдері басыңқымен әр түрлі мағыналық қарым-қатынаста байланысып, әр түрлі сұрауға жауап беретін сөйлем.

Бүкіл сыныбымыздағы ең үлкені де сол менің ағам болғандықтан ба, мен қанша сотқарлық жасағанымен, олар маған батып, ештеңе дей алмаушы еді.

2) Сатылы көп бағ-қы сабақтас- бағ-қы сөйлемдері басыңқымен тікелей байланыспай, өзара біріне-бірі бағынып барып құрмаласқан сабақтастың түрін айтамыз.

Ескендір мен Айша ұлына таңырқай қарап алып, Абылайдың тапқырлығына сүйсінгендей екеуі бірдей күлгенде, үлкен асханада отырған жұрт оларға қызықтай қарады.

Көп басыңқы сабақтас – бағыныңқы сөйлемі құрамындағы бірнеше басыңқы сөйлемге ортақ болып, олардың әрқайсысымен тікелей байланысқан сабақтас түрі.

Қырық бесінші жылы соғыс аяқталып, жұрт мәре-сәре болды, ел қайтадан бұрынғы қалпына келе бастады.

Аралас құрмалас сөйлем –құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысады.

Мысалдар:

1) Бағ., бас., бас.

Мен жеткізе алмасам, қалың қазақ елі бар, солар жеткізеді.

2) бас., бағ., бас.

Хатшы қыздың абыржығанына Ескендір назар аударған жоқ, басының ауырғаны жазылып, көңілі де сергек тартыпты.

3) бас., бағ., бас., бағ., бас.

Мен оларға еңбекақы төлеңдер және адам сияқты қылып ұстаңдар деп, сұлтандар мен байларға талай рет айттым, өйтпесеңдер болмайды деп, заңмен де қорқыттым.

№45

Наши рекомендации