Сөйлем. Сөйлем түрлері: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдер, тыныс белгісі

Сөйлем дегеніміз – әр алуан сөздердің өзара тіркесіп келіп, тиянақталған ойды білдіруі. Олардың құрамы да түрлі болады. Сөйлемді жеке сөзнемесесөз тіркестері құрайды.

Сөйлем болу үшін, оның грамматикалық негізі, яғни тұрлаулы мүшелері болу керек.

Сөйлем құрамына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып бөлінеді. Жай сөйлемде бастауыш та, баяндауыш та біреу болып, тиянақталған бір ғана ойды білдіреді. Мысалы, Тілек пен Әлішер аулада ойнап жүр. Ал құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді. Мысалы, Күз айы басталып, жер бетін сары ала жапырақ жапты. Сөйлем интонациясына, айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықтысөйлем болыптөрткебөлінеді.

Белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-әрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеумақсатында айтылған сөйлемхабарлы сөйлем деп аталады.

Хабарлы сөйлемге тән негізгі белгілер:1) хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады; 2) белгілі біршаққа қатысты болады (өткен шақ, осы шақ, келер шақ); 3) айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірінбілдіреді; 4) хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, соңына қарай бәсеңдейді; 5) хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады.

Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем сұраулы сөйлемдеп аталады.

Сұраулы сөйлемге тән негізгі белгілер:1) бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады;2) сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше (мы, мі, бы, бі, пы, пі, ші) сұраулық демеулік шылауларының қатысуымен жасалады; 3) сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен аяқталады; 4) сұраулы сөйлемнен соң сұрау белгісі қойылады.

Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақтыболып бөлінеді.

Негізгі сұрақтысұраулы сөйлем – бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты сөйлем.Мысалы: Бізбен бірге саяхатқа барасың ба? Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесің? Балаңыз мектепті қашан бітірген? Бұл сөзбен не айтпақсыз?

Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен жәнема, ме, ба, бе, па, пе, ше шылауларының қатысуымен жасалады.

Жетек сұрақтысұраулы сөйлем– негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланыстысөйлем.Мысалы:

– Іссапарға кімдер барады?

– Жас қызметкерлер барады.

– Біздер ше?

Жетек сұрақты сөйлем толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналысөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.

Анықтауыш сұрақтысөйлем– екінші жақтың сөзін анықтап алу үшінқойылған сұрақты сөйлем.Мысалы:

– Бұл ойды кім айтты?

– Тілек айтты.

Айтушыныңтүрлікөңіл күйін білдіру мақсатындаайтылған сөйлемлепті сөйлемдеп аталады.

Лепті сөйлемге тән негізгі белгілер:1)айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылады: күйіну, таңдану, өкіну, сұқтану, сүйсіну, қорқу, қуану, қапалану, наразылық білдіргенде, т. б. 2) лепті сөйлем ерекше эмоциямен, сезіммен айтылады.

Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:

1) сөйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы: Көзі мұндай өткір болар ма!

2) сөйлемге -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы: Балам, қонақтарға бір күй тартып бере ғой! Қарағым-ай, қатты тоңып қалыпсың-ау!

3) көңіл күйді білдіретін одағайсөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы: Пай-пай, дауыс деп осыны айт!Уһ, жеттім ғой ақыры!

4) Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады

Біреуге бұйыру не талап ету мақсатында айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады.

Бұйрықты сөйлемге тән негізгі белгілер:

1) біреуге бұйыру, талап ету мақсатында айтылады;2) бұйрықты сөйлем етістіктің бұйрық райының 2, 3-жағында айтылады; 3) бұйрық не шартты райға -шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалады;

4) бұйрықты сөйлемнен соң нүкте немесе леп белгісі қойылады.

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.

СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ  
ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМ ЛЕПТІ СӨЙЛЕМ БҰЙРЫҚТЫ СӨЙЛЕМ
Тоғай да бұл кезде кемеліне келіп толықсып тұрады. «Есіл тасып барады» деген әнді естіп пе едің? Шіркін, қарақат, тәтті де сұлу жеміс қой! Атаның баласы болма, адамның баласы бол.

Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша. Тұрлаусыз мүшелер:толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш

Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Сөйлем мүшесінің белгілері:1) толық мағыналы сөз болуы керек; 2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек; 3) сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беруі керек. Мысалы: Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сөйлемде толық мағыналы бес сөз бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұраққажауап беріп тұр. Жылы – қандай? – сындық ұғым атауы, желдің – ненің? – заттық ұғым атауы, әлсіз – қандай? – сындық ұғым атауы, ызыңы – несі? –заттық ұғым атауы, естіледі – қайтеді? – қимылдық ұғым атауы.

Сөйлем мүшелері құрамынақарай дара, күрделі және үйірлі мүше болып үшке бөлінеді.

Дарасөйлем мүшесітолық мағыналы бір сөзден болады. Мысалы: Аман жиналғандармен қысқа амандасты. Сөйлемдегі әрбір сөйлем мүшесі – бір ғана сөзден құралып тұрған дара мүшелер.

Күрделісөйлем мүшесі күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады. Мысалы: Еңбек Ері Ыбырай Жақаев екі рет Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған еді. Сөйлемдегі Еңбек Ері Ыбырай Жақаев – күрделі бастауыш, екі рет – күрделі пысықтауыш, Алтын

Үйірлі мүше – кемінде екіне одан да көп сөзденқұралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастантұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көптәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімшетұлғаларына аяқталады. Мысалы:

Білімі көп адам жерде қалмайды. Білімі көп– қандай? адам – үйірлі анықтауыш. Сөйлемнің бес мүшесідеүйірлі бола алады.

Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға негіз болады, сондықтантұрлаулы мүшелер деп аталады. Ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштар өздігінен сөйлем құрай алмайды, тек берілген ойдың шеңберін кеңейтеді, сондықтан бұлар тұрлаусыз мүшелер деп аталады.

Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы сөйлем мүшесі бастауыш деп аталады. Бастауыштың сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер?

Бастауышбаяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпшетүрдеқиыса байланысады. Мысалы: Сен оқыдың, білім алдың, ұстаз көрдің

Наши рекомендации