Бірге жазылатын сөздер

1. Кіріккен, біріккен сөздер. Мысалы: биыл, ақбөкен.

2. Біріккен сөз құрамындағы жеке сыңарлар түбірі сақтап жазылады. Мысалы: балқурай

3. Кіріккен сөзден ғана қалыптасқан қалпында жазылады. Мысалы: биыл, бүгін, әкел, белбеу.

4. Біріккен сөздің алдыңғы сыңары дауысты, үнді, қатаң дыбысқа аяқталип, қатың қ,к дыбыстан басталса, ұяң ғ,г дыбыстары жазылады. Мысалы: Нұрқожа – Нұрғожа.

5. Егер осындай біріккен сһздердің екінші сыңарының басқа дыбысы ұяңдалмаса, ол қатаң түрінде жазылады. Мысалы: Нурикамал,Қаламқас, т.б.

Қорыта айтсақ, сөйлеудің негізі – дыбыс, ал әріп оның жазудағы таңбасы ғана. Оқу арқылы біз дыбысты айтамыз. Дыбыс пен әріпті шатастыруға болмайды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Фонетика нені зерттейді?

2. Зерттеу мақсатына қарай фонетика нешеге бөлінеді?

3. Л.Б.Щерба тілдің дыбыс кезеңдерін неше аспект бойынша қарастырды?

Әдебиеттер тізімі:

1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –А., 1992

2.Мырзабектен С. Қазақ тілінің айтылым сөздігі. –А.,2001.

3.Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. Астана, 2001.

Дәріс. Қазақ тіл білімі салаларының құрылымдық жүйесіндегі кәсіби бағыт және интонациялық заңдылықтар

Дәріс жоспары:

Тіл білімі салаларының құрылымдық жүйесіндегі кәсіби бағыт

Дауыс үзілістері .Идеографикалық таңба.

Интонация туралы пікірлер

Қазақ пунктуациясының тарихы бойынша жазба мәтіндердегі алғашқы тыныс белгілері – дауыс үзілістері. Дауыс үзілісінің өзі мәтіндегі мағынаға қарай әртүрлі айтылады, яғни сөйлемдегі сөздердің арасында кідіріс түрліше болады. Ол кідіріс әрбір сөзден, сөз тіркесінен не сөйлемдерден кейін бірде аз, бірде көп тоқтауды қажет етеді. Бірақ олардың бәрі тыныс белгісі арқылы белгілене бермейді. Тыныс белгілерінің ережелері интонацияға немесе тілдің грамматикалық құрылысына ғана емес, айтылған ойдың мағыналық жақтарына да сүйенеді. Бірақ бұл жөнінде тыныс белгілерін зерттеуші ғалымдардың көзқарасы әртүрлі. Мысалы, А.Б. Пешковский пунктуацияның негізі көбінесе интонация мен паузаға баланысты болады деген пікір айтты.А.Б. Пешковскийдің бұл пікірін Л.А.Булаховский қолдамайды. Л.А.Булаховскийдің пікірінше сөйлеудің методикасын тыныс белгілерімен білдіру өте қиын.

Третьяковский, Грот және Буслаев пунктуацияны формальдық таңба етіп есептейді. Л.В. Щерба пунктуацияны идеографикалық таңба деп санады.

М.Н. Петерсонның пікірі бойынша пунктуация интонацияны, паузаны, мағыналық айырмашылықтарды білдіру үшін қызмет етеді.

С.И. Абакумов, М.Н. Иванов, А.В. Дудников, А.Ф. Ломизов т.б. ғалымдар пунктуацияны тілдің грамматикалық құрылысына, сөйлеудің мағынасына, интонацияға негіздеп қарайды. Қазақ тілі пунктуациясының негіздері жөнінде Ш. Сарыбаев қазақ тілі пунктуациясының негізі интонация деп дәлелдеді. Ол интонацияны мүлде асыра бағалады. Ш.Сарыбаев былай деп жазды: "Бірақ ол интонация дегендеріміздің бірқатары қазақтың кейбір облыстарында бар да, кейбіреулерінде жоққа тән. Сондықтан интонацияның мағынасына байланысты тыныстықтарды оқығанда, алдымен сөйлем мүшелерін интонациямен айтудың өзін үйретіп алуға тура келеді. Осы күнгі оқушыларымыздың тыныс таңбаларына шорқақтығы тіл мұғалімдерінің оқушыларға дер кезінде интонацияны дұрыс жаттықтыра алмауынан, қазақ тіліндегі интонациялық қалып ел арасында ала-құла болып, бір ізбен өріс алып келе алмағандықтан".

Ш. Сарыбавтің бұл пікірі туралы редакция мынадай ескерту жасаған: "Шамғалидың сөзіндегі жаңа мәселе – үтір қоюдың интонациямен байланыстылығы. Бірақ ол интонация жөнінде жергілікті мысал да келтірмеген, ұсынып отырған проекті де жоқ".

Тыныс белгілерін тек қана интонацияға негіздеуге болмайды. С.Жиенбаев тыныс белгілерінің қойылуын сөздердің синтаксистік байланысына негіздейді. Автордың өз сөзімен айтқанда "Тыныс белгісі негізінде сөздердің синтаксистік байланысына сәйкес қойылады".

М. Балақаевтың пікірінше, тыныс белгілерін дұрыс пайдаланудың негізі дауыс ырғағымен, интонациямен байланыста болады, кейде тыныс белгілерін дұрыс қойып жазудың шарты дауыс ырғағы, интонация болмай, грамматикалық белгілергу негіз болады. М. Балақаевтың тыныс белгілері дауыс кедергісі болған жердің бәріне бірдей қойыла бермейтінін өте дұрыс көрсеткен. Ол «Ауылға келе жатқан Амантай алыстан бір аттылыны көрді» деген сөйлемді айтқанда, "Амантай" деген сөзден кейін шамалы дауыс кідірісі болса да, үтірдің қойылматынын бұл сөздің сөйлемде бастауыштың болып тұрғандығынан деп орынды дәлелдеді.А.Ысқақов пен Ә.Хасенов сөйлемдердің грамматикалық құрылысын, сөйлемдегі сөздердің грамматкалық құрылысын, сөйлемдегі сөздердің мағыналық ерекшеліктерін және ауыз екі сөздегі ритмика -мелодиканы тыныс белгілерінің негіздері деп көрсетеді. Біздің пікірімізше, тыныс белгілері бірде сөйлемнің құрылысына қарай, бірде айтылуына қарай қойылады. Сондықтан тыныс белгілерінің қойылуы негізгі сөйлемнің құрылысына, мағынасына және интонациясына тығыз байланысты болады. Интонация мен пауза тыныс белгілерін қоюда қосымша қызмет атқарады. Ал бірсыпыра тыныс белгілері сөйлемнің мағынасына қарай қойылады да, бірқатары сөйлемнің құрылысына байланысты қойылады. Қос нүкте, нүктелі үтір, сызықша, үтір, жаңа жол синтаксистік құрылысқа сүйеніп қойылады. Жақша, сұрау белгісі, леп белгісі, нүкте, көп нүкте, тырнақша т.б сөйлемнің мағынасын білдіру үшін қойылады. Пунктуацияны дұрыс қоя білудің бір кретерийі – интонация. Мұнсыз ешбір мағына айқындығы болмайды. Пунктуация жазу тіліміздің құралы болса, интонация – ауызекі тіліміздің құралы. Бұл екеуі бір-бірімен байланысты. Сөйлеген сөзіміз екінші біреулерге түсінікті, құлаққа жағымды болуы үшін, сөздерді мәнеріне келтіріп айта біліп, тыныс белгісі дұрыс қойылған мәтіндерді айқын етіп оқи алатындай болуымыз керек, өйткені бір сөйлемді әртүрлі интонациямен оқу салдарынан сол сөйлемнен әртүрлі мағына туады, яғни адамның шындыққа, әр түрлі оқиғалар мен құбылыстарға қалай қарайтындығы сөйлеу интонациясынан ағңарылады. Қысқасы, сөйлеу интонациясы жазуда пунктуация арқылы беріледі. Бірнеше мысал келтірейік:

1. Мен білетін ауылдардан "қара қасқа сорлылардың" қатарына қосылатын Балғабайдың су мұрын Нұртазасы мен жылан көз Ыбырайдың Ахметі жүр. Осы сөйлемді оқығанда "жылан көз" деген тізбектен соң пауза жасасақ, Нұртаза, көзі жыланға ұқсаған адам және Ахмет үшеуі жүр деген ұғым туады, екінші ретте, яғни сол жерге пауза жасамай оқығанда, көзі жылан сияқты Ыбырайдың баласы Ахмет және Нұртаза екеуі ғана жүр деп түсінуге болады.

2. «Бес ауылда Әлтиде ақысы кетпеген кісі бар ма екен?» деген сөйлемдегі "бес ауылда" деген сөздерден соң пауза жасаса, "Әлти деген адамда бес ауылдың адамдарының барлығының ақысы кетіпті" деген мағына аңғарылса, "бес ауылда", "Әлтиде" сөздерін бірыңғай интонациямен оқығанда, "бес ауылда және Әлтиде ақысы кетпеген кісі болған жоқ" деген басқа ұғым туады.

3. «Әлжан, председатель ағайлар неге мұны қолға алмайды? Деген сөйлемде "Әлжан" деген сөзден кейін пауза жасаса, "преседатель ағайлар неге мұны қолға алмайды " деген сөздер Әлжанның айтқан сөзі болады. Немесе қаратпа сөз де бола алады. Екінші ретте "Әлжан председатель" дегенді бір интонациямен айтсақ, оның преседатель, екені аңғарылады. Үшінші ретте "Әлжан, председатель ағайлар " дегеннің әр сөзінен кейін пауза жасап айтылса, бұлар сойлемнің бірыңғай мүшелері болып табылады.

4. «Ол домалақ мұрын, өткір қара көз, дөңгелек, сұрғылт жүзді жас жауынгердің бет әлпетінен бір өжет, батыл мінездің барлығын байқады» деген сөйлемдегі "өткір" сөзінен кейін пауза жасасақ, онда ол адамның көзі емес, өзі жалпы өткір екенін байқаймыз. Бұл мысалдар сөйлем мүшелерінің және сойлемдердің айқын ұғынылуында интонацияны зор мәні бар екенін білдіреді. Адамның шындыққа әр түрлі оқиғалар мен құбылыстарға қалай қарайтындығы сөйлеу интонациясынан аңғарылады.

Ерекше интонациямен айтылған сөздердің бәрі бірдей пунктуациямен белгілене береді екен деуге болмайды. Мысалы: "Сен биыл курортқа барасың ба?" дегенде, логикалық екпін " сен" деген сөзге түсіп, курортқа баратын басқа адам емес, тек сен ғана баратыныңды ерекше дауыспен сұрап тұр. "Сен биыл курортқа барасың ба?" дегенде оның курортқа тап биылғы жылы баратын, бармайтындығын сұрап тұр. егер " Сен биыл курортқа барасың ба?" десе, мұнда оның тек курортқа баратындығын қадағалап сұрағандығын білдіреді. Төртінші ретте, "Сен биыл курортқа барасың ба?"деп сұраса, оның курортқа баратындығын, бармайтындығын ғана білгісі келіп тұр екен деп ұғынылады. Осы бір сөйлемдегі ерекше дауыспен айтылып тұрған әрбір сөз жазуда ешқандай тыныс белгісімен белгіленбейді, өйткені бұл интонацияның экспрессивті қызмет емес, ол бұл жерде сөйлем мүшелерін логикалық жағынан бөліп көрсетіп тұр. Екінші бір мысал келтірейік: Рас мектеп роялына жабулы тұратын үйреншікті сұр матаны аңғарады. Осы сөйлемнің бес жерінде дауыс үзілісі айқын айтылып тұр. Бірақ дауыс үзілісі болған соңғысы бес жердің бесеуіне бірдей тыныс белгісі қойылмайды, тек "Рас" деген сөзден кейінгі қойылған тыныс белгісі ғана дұрыс болады. Бұл интонацияның барлығы бірдей тыныс белгісімен белгілене бермейтіндігін және кейде интонацияның тыныс белгісін дұрыс қоюға да себепші болатындығын көрсетеді. Сонымен, сөйлеу интонациясы жазуда пунктуация арқылы берілгенмен, ол пунктуацияға үнемі сай келе бермейді, Интонацияны жазуда білдірудің ең басты құралы пунктуация болып табылcа да, интонацияның барлық құбылыстарын пунктуация түп-түгел бере алмайды. Тыныс белгілері қате қойылған сөйлемдердің интонациясы да, мағынасы да әртүрлі ұғынылады. Мысалы: "Ай, қандай десеңші!" деген мен "Ай қандай десеңші" деген сөйлемді тыныс белгісімен осылайша әр түрлі белгілесек, Ол сөйлемнің тыныс белгілерінің қойылуына байланысты интонациясы да, мағынасы да бірдей болмайтыны айқындалған. Егер "ай" деген сөзден кейін үтір қойсақ, бұл сөз таңдану одағайын білдіреді де, сөйлем "шіркін, қандай десеңші!" дегенге синонимдас болып, таңдануды, сүйсінуді білдіреді. Ал "Ай қандай десеңші" болып бір интонациямен айтылса, "ай" деген сөз аспандағы айды білдіріп, сөйлемнің бастауышы болады. Сондықтан да тыныс белгілерінің сөйлемдерде дұрыс қойылуы оларды шын мәнінде дұрыс, дәл ұғуға мүмкіндік береді. Ойды дұрыс беру үшін тыныс белгілері интонацияға ғана қарап қойылмайды, керісінше тыныс белгілерінің қойылуына қарай сөйлемді белгілі интонациямен оқимыз, өйткені интонациялы, паузалы, мағыналы өзгешеліктер тыныс белгілері арқалы белгіленеді. Сөйлемнің мағынасы оның айтылу мақсатымен, интонациямен тығыз байланысты болып келеді. осы үш принципке сүйенгенде ғана, тыныс белгілерін дұрыс қойып жазуға болады.Әрбір тыныс белгі – сөйлемнің мағынасын айқындаушы көрсеткіш. Сондықтан бір тыныс белгісінің орнына екінші тыныс белгісін қоя салсақ, бір сөйлемнен әлденеше мағына ұғынылатынын білдік. Тіпті кейбір оңашаланған айқындауыш мүшесі бар сөйлемдегі айқындауышты үтірмен бөліп жазсақ, оны қарсылықты жалғаулықсыз салалас деп қалуға болады. Бір ғана мысал алайық: Халықтың қалап ұсынған кандидаттары – әртүрлі кәсіптің, әртүрлі мамандықтың адамдары – ірі ғалымдар мен өндіріс жаңашылдары, жазушылар мен колхозшылар, тоқымашылар мен академиктер. Осы сөйлемдегі "кандидаттары" және "адамдары" деген сөздерден кейін сызықша қойып жазсақ қана мағынада дұрыс ұғынылады. Демек, әрбір тыныс белгісі - әр сөздің, әрбір сөйлемнің мағыналарын дәлелдеп дұрыс түсіндіруші шартты белгі, олай болса, аяқталған ойды білдіретін тілдің бір бүтін бөлшегі сөйлем болса, ол бір сөзден де, бірнеше сөзден де құралады. Сөйлем сазына қарай қойылатын тыныс белгілері сөйлемдегі айтылатын оймен тығыз байланысты болады. Осындай тыныс белгілерінің қатарына жататындар сойлем аяғанда қойылатын нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте. Сөйлем соңында қойылатын бұл тыныс белгілері ойдың біршама аяқталғандығын білдіреді.

Нүкте кейде сөйлемдерді бір-бірінен бөлумен бірге күрделі ойды білдіретін бірнеше сөйлемді біріктіреді. Сөйлемдердің жігін айырып көрсетумен бірге дауыс үзілісін де ажыратады. Нүкте кейде сұрау, леп белгілерінің орнына да қолданылады. Леп пен сұрау белгісі ойдың аяқталуымен бірге сұраулық, лептік мағынаны білдіреді. Ал нүкте аяқталған ойдың хабарын ғана білдіреді. Ойымызды жазба түрде бергенде, нүктені дұрыс қоя білмесек, кейде сөйлем түсініксіз боп шығады, не нүктенің қойылмауына байланысты басқа мағына туады. Мысалы: "Он бес жылға таяу әскери өмірінің денін ірі қалаларда, үлкен командирлердің маңында штаб қызметінде өткізген Кунцианов қатардағы командирлерді онша жоғары бағаламайтын" дегенде, "штаб қызметінде өткізген" деген жерде сөйлемді аяқтап, нүкте қоюға болады. егер нүкте қойылмаса, ол сөздер "Кунцианов"сөзінің анықтауышы болып кетеді. Кең түрде баяндау алдында келетін жеке сөйлемнен не сөйлемге татырлық сөздерден кейін нүкте қойылады. Мысалы:

Бекежан:

Қанды қолмын, жасырман.

Құс ұшырман басымнан

Қаны тамған қанжармын.

Қыз алданда бас ұрман.

Қасен:

Қарағым, сирақ емес Бақай едің,

Бақайға жақын бір мен топай едім.

Бақайды Топай қақса, қайтар еді

Жолыңа басты құрбан етер едім.

Момын:

Есдәулет-ау, асықпай, әр нәрсенің байыбына барып көрңізші. Сіз жас адамсыз, кейде ыстықтай қауып қаласыз.

Әріптер немесе цифрлар арқылы санамаланып айтылған сөйлемдерден кейін нүкте қойылады. Лев Толстой деревняда өткізген екі жылдың ішіндегі өзінің мынадай жоспарын келтіреді:1) Университеттегі емтихандарды тапсыру үшін, заң ғылымдарының толық курсын меңгеріп алу. 2) Практикалық медицинаны және теориялық медицинадан біраз үйрену.3) Француз, орыс, неміс, латын тілдерін үйрену.

Нүкте драмалық шығармаларда әр сөйлеуші кейіпкердің атынан кейін ремарка жабылған жақшадан кейін қойылады: Жұмат (есіктен басын сұғып). Уәй, жігітім, бері жақындашы! ( Есен жақын барады). Әне, келе жатыр, атышулы біздің Салпақбай.

Адамның қысқарған аты-жөнінен кейін нүкте қойылады:

А. Тоқмағанбетов, Қ.Аманжолов т.б.

Нүкте атаулы сөйлемдерден кейін қойылады: Абажадай кең қора. Қараңғы. Жұлдыздай жылтырап әр жерден қораның есігі көрінеді. Ленинград. Мәдени демалыс паркі.

Бірыңғай мүшелерді, біртектес сөздерді тегіс атап жатпас үшін, тағысын тағылар, тағысын басқаларсияқты сөз тіркестері басқы әріптерінен қысқартылып пайлаланылады. Олардың әрқайсысынан кейін нүкте қойылып, т. т., т. б. түрінде жазылады.

Егер "және" жалғаулығынан басталаған сөйлем дербес мағыналы болса, сол жалғаулық алдынан нүкте қойылады. Көп жерде мектептер салдырып, артынан шәкірт қалдырған. Және кітап та, өлең де жазған (М.Ә). Таңертенгісінен өзен жағалауында қабыршақ мұз пайда болды. Және мұндай түндерде ағаш та, далалық та, деревня да аппақ болып қырауланып тұрушы еді (Ә.Н).

Жаңа жол (абзац) да басқа тыныс белгілері сияқты қызмет атқарады, бірақ жаңа жолдың грамматикалық ерекшелігі болғанмен, стилистикалық маңызы бар, ол жаңа ойдың басталуын көрсетеді. Осылай деп А.М. Финкель, Н.М. Баженов және Л.В. Щерба да айтқан. Демек, жаңа жол ойдың ірілі - ұсақты логиккалық кезеңдерін бөліп көрсетумен бірге, логикалық жағынан аяқталған ойды жеке бөлшектерге бөліп айта білумен тығыз байланысты: Әскер кешкі сағат онда қозғалуға тиіс еді. Сегіз жарымда атыма мініп генералға бардым. қазір қолдары тимей жатқан шығар деп көшеде тоқтадым да, атымды дуалға байлап, генерал атына мініп шыққан кезде, артынан қуып жетермін деген оймен үйдің іргесіндегі қалама отырғышқа барып отырдым.

Көп нүкте(...) мағынаға байланысты қойылатын тыныс белгі. Көп нүкте түрлі себептермен ойдың аяқталмай қалғандығын білдіреді. Атап айтқанда:

1. Бір нәрсе жөнінде айтайын деген пікір, ұмытылып қалғандықтан, оны үзілді-кесілді еске түсіруде көп нүкте қойылады. Мысалы: - Аға! Әлгі бір журналда жазылған жетім бала бар ғой... Жетімге... ақша беріп... деп... деген журналдан оқып ем, мені сонда ала кетсең қайтеді, аға!

2. Айтылып келе жатқан кейбір пікірлерді айтып жатудың артық екендігін білдіру үшін қойылады. мысалы: Отын, су, пәтер... тегін беріледі.

3. Кездейсоқ болған іске таңдануды, назалануды көрсетеді. Аға, аға, осы сөздеріңізді жазып қалдырса да болғандай екен....

4. Үзіндінің түгел алынбағандығын білдіреді. Мысалы: Сауатсыз елде социализм жасауға болмайды...- деген Лениннің сөзін Еркін айта келді де, әңгімесінің бетін екінші жаққа аударды.

Көп нүкте кейде үш нүктеден артық көлемде бірнеше жол бойы да қойылады, бірақ ол қанша көлемде не себепті қалдырғаны белгісіз, қара сөз бен өлеңдерде кездеседі. Мысалы:

XIV

. . . . . . . . . .. . . . . . . . . .. . . . . . . . . .

XV

Қос нүкте сөйлем мүшелерінің грамматикалық және логикалық қарым-қатынасын білдіреді, оййдың жалпыдан жалқыға, жалқыдан жалпыға қатысын көрсетеді. Қос нүктенің сөйлемдегі негізгі қызметі – сөйлем мүшелерінің арасындағы түрлі қарым-қатынастарды көрсету. Жеке сөздерден кейін қойылған қос нүкте "былай деді", "мынадай оқиға" деген сияқты толып жатқан мағыналарды білдіреді. Мысалы:Ташкен: кездесу, танысу. София: Бірлік және татулық.

Біреудің айтқанынан жеке сөздер, сөйлемдер тырақшамен жазылады:Белгілі өлшеулі мезгілі жоқ бұл шығын анық қараңғы жолмен алатын жем болғандықтан, оның атын жұрт "қарашығын" дейтін.

Ойын, әдет салт аттары тырнақшаға алынады: Ұзақты сары күні балапан қуу, асық онаумен өткізген балалардың түнгі ермегі "ақ сүйек", "соқыр теке" сияқты ойындар.

Пьеса ,кино, газет, журнал, кітап т.б тырнақшаға алынады:"Ескендір", "Кім жазықты", "Абай" , "Жас гвардия" эпостық шығармаларға жатады.

Шығармалар ішінде алынған хаттар тырнақшамен ажыратылып белгіленеді: "Бір қазақтың бес ұлы болыпты. Олардың аты көл, қамс, қасқыр, қой және пышақ екен. Бір күні келіні суға барса, көлдің ар жағында, қамыстың бер жағында қасқыр қойды жеп жатыр екен. Сонда келіні ауылға жүгіріп келіп : "Сарқыраманың ар жағында сылдыраманың бер жағында, маңыраманы ұлыма жеп жатыр, тезірек жанығыш пен кескішті жеткізіңдер" - депті.

Ал төл сөз диалог ретінде келсе, әр адамның сөзі тырнақшаға алынып жазылады, мысалы: "Одан да айтқыңыз келмейді де" - деп, жәбірленген түр көрсеткен соң, "Әлі де неше рет кездесеміз", - деп, бұлтарып еді , оған Сюзанна: "кешіріңіз мен бала емеспін, айтпайтын сыр болса, қиналмаңыз, өз көзіңізбен көргеніңіз жөн болады да",- деп, дәмелендіргісі келді.

Драмалық шығармалар (автордың түсіндірмелері) жақшаға алынады: Нұрбала. Жанының тәттісін (Күледі).Қасен ағай өлгенше есінен қалмастай етіп қорқытқан екен. Қасен ағайдан ?Мырзалы бұрын келсе, Қайтемін келе берсін қорқамын ба?(Мырзалы келді, состиып аз тұрады, үйреткен сөзді бастайды).

Талас не күдікті пікірді көрсетіп, оқушының назарын соған аудару үшін, біреуден келтірілген үзіндінің ішіндегі жеке сөздерге немесес сөйлемге қойылатын леп, сұрау белгілері жақшаға алынады: Ақын поэманың арқау жібін босатып, ақау жіберіп ала береді, мысалы, "Өлімге күліп қарайды (?), Оллаһи жұрттың барлығы" деген жасанды пафостан туған жалған жолдар да жоқ емес...

Алынған мысал ішіндегі белгілі бір сөздерді не сөйлемдерді санамалап көрсету үшін қойылатын әріптер мен цифрлар екі жағынан жақшаға алынады: Оқушыларды мәнерлілікке үйретудегі жұмыстың негізгі кейбір түрлері мынадай болуы керек : (1) оқығанда оларды ойлауға, сезінуге үйрету, (2) оқыған шығармаларындағы кейіпкерлерді есіне түсіре білуге әдеттендіру.

Сөйлем басында жай дауыспен айтылған " иә", "жоқ","жә", "кәне", "рас"," қап" сияқты сөздерден соң үтір қойылады: Иә, шет жағасын естіген едім.

Бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлем арасында жақшамен бөлінген қыстырма сөйлем тұрса, үтірді қыстыома сөйлемді бөліп тұрған жақшаның екінші сңарынан соң ғана қою керек.

Сызықша - сөйлемнің мағыналық және грамматикалық жағын айқандаушы белгі. Мысалы: "Ревизор"- Гогольдің драматургиясының ең шыңы деген сөйлемдегі "Ревизор" деген сөзден соң айтуда дауыс үзілісін жасамай, жазуда ол сөзден кейін сызықша қоймай жазсақ, онда оқушы "ревизор" деген сөзді "Гоголь" деген сөздің анықтаушысы ретінде қабылдап, сөйлемді басқа мағынада түсінуі мүмкін.

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қыстырма сөйлем түссе, онда ол жақшаға алынады да, бастауыштан кейін тұруға тиісті сзықыша жақшаның екінші сыңарынан соң қойылады: Саудагерді біреуі (көздері ойнақшыған сақалды бір мұжық)- жуынгерлердің қасына жақындады.

Сөйлемде айтылмай қалдырылып кеткен мүше орнына сызықша қойылады: Мына бір шәкіртім Қарағандыдан жазады - шахтер.

Наши рекомендации