Taқыpыбы: ӨНЕРДІҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ
Мақсаты:«өнер» күлдылығы туралы түсіндіру.
Міндеттері:
- «өнер» ұғымы туралы түсінік беру;
- өнерге деген қызығушылықтарын арттыру;
- өнерлі болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:дәптер, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: Өнерлінің қолы алтын,Өлеңшінің сөзі алтын.Мақал
Ic-әpeкeт бөлiмдepi | Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi | Бaлaлapдың ic-әpeкeтi |
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy | Шаттық шенбері Айгөлек Қазақтың халық әні Көлдей шалқып жас өмір, Тасып жатқан шағыңда, Кемерінен шалықтап, Асып жатқан шағында, Ойын ойнап, ән салмай, Өсер бала болар ма? Күміс күлкі көрмей ол, Кемеліне толар ма! Қайырмасы: Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Айдай толған кезімде Би билеймін дөңгелеп. Асыл сөздің ұстасы Ақын болар ұрпакпыз. Өнер, білім, еңбекке Жақын болар ұрпакпыз. Он саусағы майысқан Шебер болар ұрпақпыз. Тұла бойы толған бір Өнер болар ұрпакпыз. | |
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy | Әңгімелесу Педагог балалармен өнер, өнердің түрлері және өздері көрген өнер туындыларынан қандай әсер алғаны туралы әңгімелеседі. Соның ішінде бейнелеу және музықа өнері жайлы түсіндіреді. Балаларға сурет, музықа арқылы көктем мезгілін өнер арқылы қалай танытуға болатынын айтып, А. Дүзелхановтың «Көктем» атты туындысын көрсетіп, Ш.Ахметовтың «Бұл қай кезде болады?» деген әнін тыңдатады.. Сергіту сәті Балалар көңілді әуенге («Бөзжорға») немесе күйге сәйкес аттың шабысын келтіріп, билейді. Педагог балаларға кез келген «жылқылардың тұяғының дүбірін» бейнелейтін домбыраның әсем, сазды әуенін қойып (Д.Нүрпейісова «Тойбастар») тыңдатып, жылқылар бейнеленген суретті (М.С.Кенбаев «Асауға күрық салу») көрсетіп, әңгімелеседі. Қазақ халқы жылқы төлін ерекше кадірлеген. Оларға деген сүйіспеншілігін әр түрлі өнер арқылы білдірген. Олардың әдемі шабысын, айрықша сүлулығын, ерекшелігін, адамға тигізер пайдасын әдеби шығармалар, ән-күй, сурет, мүсін арқылы бейнелеген. Педагог балалармен бірге скрипка, қобыз аспаптарымен орындалған шығармаларды тыңдап, суреттерін көріп, музықадан алған әсерлерімен бөліседі. Ұсыныс: мүмкіндік болса, скрипка және қобызшыны қатыстыруға болады. Әңгімелеу Педагог балаларға «өнер» ұғымы туралы түсінік беру мақсатында «Қорқыт» туралы аңызды оқып беріп, талдайды. Қорқыт Аңыз Көрқыт жиырма жаска толғанда қырық жыл ғана өмір сүретіні жайында түс көреді. Ол өзініңтүйесі Желмаяға мініп, ұзақ өмір сүретін жерді іздемек болып, сапарға аттанады. Қорқыт адамдар ортасынан кетеді. Өлімнен кашып күтыла алмайтынын сезген Қорқыт Сырдарияға Сырдарияға кілем жайып, соның үстінде отырып, кобызын күндіз-түні ойнай береді. Қорқыттын кобызының үнін естіген барлық тіршілік иелері - жүгірген аң, жүзген балық, ұшқан кұс Сырдарияның жағасына келіп, тыңдап тұрады екен... Қорқыттың қобызы ғажайып әуенді төгіп тұрған кезде желге тербелген ағаштар, сылдырлап аққан су, қалықтаған мамықтай ақша бұлтттар сүйсіне тыңдап, тамсанып, үнсіз тына қалады екен...». • Қорқыттың тартқан күйін неге табиғат ұйып тыңдайды екен? Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог төмендегідей қорытындылайды. - Қорқыттың тартқан күйінің сиқырлы күшінің әсерінен барлық тіршілік иелері тіпті табиғаттың өзі де: жүгірген аң, ұшқан құс өнерге сүйсініп, бас иіпті. Қорқыт халықтың жүрегінде сақталып, қобыздың атасы болып аталды. Қорқыттың жасаған аспабы қазіргі күнде ұлттық аспаптардың бірі, музықа өнерінде ерекше орын алады. | Бұл қай кезде болады? Ш. Ахметов Бүршік шашып, жапырақ ашып, Жер гүл шашак тағады. Қар, мүз еріп, су көбейіп, Сай-салаға ағады. Қой маңырап, төл жамырап, Жайлауға мал толады. Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? Өнер адамдары өз өнерлерін түрлі жолдар арқылы береді. Суретші қылқаламмен, ақын өлеңмен, музыкант нотасы арқылы халықка өнерін танытады. Ақын Шеген Ахметов өзінің туған жеріне деген махаббатын өлең-ән арқылы сездіртсе, суретші А.Дүзелханов «Көктем» атты жұмысын сурет арқылы тарту етті. Олар өздерінің табиғаттан алған әсерлерін ән, сурет арқылы білдіртті. Айналасындағы әсемдікті, сұлулықты сезініп, өз көңіл күйін осы өнер туындылары арқылы суреттейді. Олардың бірі өлең шығарса, бірі ән жазады. Бірі сурет салады, әншілер ән айтады, күйшілер күй тартады, бишілер би билейді, мүсіншілер мүсіндейді. Өнердің ғажайып әлемі адамдарды шығармашылықка, әлемнің сүлулығын, нэзіктігін, әсемдігін сезінуге итермелейді. Дәйексөз Педагог «Өнерлінің крлы алтын, өлеңшінің сөзі алтын»- деген мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. Өнерлілер тек-қана әншілер-жыршылар, бишілер ғана емес, кез келген адамның қолынан қандай іс келсе, сол адамды өнерлі және оның қолы алтын деп айтады. Мысалы: зергерлер, мүсіншілер, суретшілер, т.б. Сондықтан халықта «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын» деп айтылады екен. Шығармашылық жұмыс. «Ұлттық ою-өрнектер». Педагог балаларды сурет, жапсыру, мүсіндеу, қол еңбегі бойынша 3-4 топқа бөліп, қалаулары бойынша жұмыс жасатып, балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастырады. Ғажайып сөздер • Өнер - адам бойындағы бір нәрсеге қабілеттілік, шеберлік, іскерлік. |
Қорытынды. Түзету жұмыстары. | «Өнердің ғажайып әлемі - адамды әлемнің сұлулығын, әсемдігін, табиғаттан алған әсерлерін сезінуге шақырады. Алған әсерлерін адамдар әр түрлі өнер туындылары арқылы білдіріп, айналасындағыларға көрсетеді. Кел, билейік! Сөзін жазған М. Әлімбай Әнін жазған Б. Байқадамов Кел, билейік, кел, билейік, Неге тұрсың билемей? Кел, билейік, іркілмейік, Неге отырсың үйренбей? Қайырмасы: Жалығуды білмейміз, Жабығуды білмейміз. Жауқазындай көзді тартып, Жайраң қағып билейміз. Біз өнерсіз баламыз ба?! Көрсін аға-апалар. Көрсін папа-мамамыз да, Ырза болсын аталар. | Жүректен жүрекке Балалар М. Әлімбайдың өлеңіне жазылған Б. Байқадамовтың «Кел, билейік» днін қимыл-қөзғалыспен орындайды. |
Kүтiлeтiн нәтижe:
Бiлyi тиic:«өнер» күлдылығы туралы
Tүciнiгi:«өнер» ұғымы туралы
Kөpceтe бiлyi: өнерлі болуды.
Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.
Бiлiм бepy салаcы:Таным.