Педагогикалық шеберліктің компоненттері
Пед шеберлік
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік“педагогикалық шеберлік” болып таблылады. Орыс тілінің сөздігінде “шеберлік белгілі бір саладағы өнер” деп анықтама берілген. Ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман делінген (С.И.Ожегов, 1990). Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби қызметтік жеке тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми - әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халық комиссарыА.В.Луначарскийдіңмақалалары мен басылымдарда жарияланған сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде , ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан: “егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар - өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе күнәсіздіктің үлкен күнәсі. Бұл материалмен алдын ала не істейтініңді анықтап, нақты , айқын жұмыс істеу керек” дейді.
Н.К.Крупская 1932ж жарыққа шыққан “Мұғалім туралы” деген мақаласында “үлгілі мұғалімнің мерилі” ретінде төмендегі критерийлерді анықтады:
мұғалім өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек;
оқытудың әдістемесін меңгеруі;
оқу және тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі;
оқушының қабілетін оята білуі қажет.
Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С.Макаренконың пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік – бұл “тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы”. Бұл жөнінде ол: “Мен білік пен дағдыға шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім” дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, “дауысты келтіру - өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, күлу бәрі - өнер болып табылады”. Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек “мында кел” деген сөзді 15 – 20 түрлі етіп айта алатын, дауысымды, бет - әлпетімді 20 түрлі құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана” дейді.
Кеңес педагогикасы педагогикалық шеберлік корифейінің мәнін мінез-құлық білігінің кең ауқымында қарастырады.
В.А.Сухомлинский бұл түсінікке нақты анықтама бермейді, дегенмен, ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол: “идеалдар мен қағидалардың, көзқарастары мен талғамының, симпатия мен антипатияның, моральдық - әдептілік қағидаларының педагогтің сөзі мен ісіндегігармоналды тұтастығы – міне, осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады” дейді. Сондай-ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды, әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой санасын онсыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады. А.И.Щербаков педагогикалық шеберлік – мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының , жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп есептейді. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің басты атрибуты - өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді.
Ю.П.Азаров тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады: “педагогикалық шеберліктің негізі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады” дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын дамыта түседі:“сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтің жеке тұлғаға немесе ұжымға жаппай эмоционалды образды ықпал жасауына әкелетінін” айтады
Міне, шеберліктің құдіреті – осындай тұтасқан үйлесімде. Ю.П.Азаров қалың оқырман қауымына арнаған публицистикалық басылымында: “мен шеберліктің формуласын қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні: технология, қарым – қатынас, тұлға сияқты үштікте” дейді. Шеберлік... істейтін ісіміздің материалдық жағында болуы керек, мен технология деп атап отырған бұл технологияны кешіктірмей іске асырсақ, соның арқасында қарым-қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мені және мен қатысатын балаларды қалыптастырады деген екен.Н.В.Кузьмина шеберлікті маманның өз жұмыс жағдайын зерттеп, зерделей білуі, кәсіптік міндеттерін оңтайлы шешу үшін кәсіби біліктілікті, дағды мен білікті меңгеруі деп анықтайды.
Н.В.Кузьминаның пікірінше, педагогтың кәсіби шеберлігі тәжірибе мен оқу міндеттерін шеше білуді жоғары деңгейде меңгеру. Бұл жалпы еңбек пен жалпы интеллеутуалдық білік қалыптасқанда ғана жеткілікті биік дәрежеге ие болады (талдау, синтездеу, жалпылау, ауыстыру, нақтылау саласында).
Ю.К.Бабанский “мұғалім – кәсіби технологияны еркін меңгерумен, шығармашылығымен бала оқытуда және тәрбиелеуде ерекше шебер” деп көрсетеді. Сондай-ақ автор педагог еңбегінің қарапайым қырларын дұрыс талдау және педагогтық оптималды шешім жасау мен оқушының жеке басы сияқты қасиеттерге тоқталады.
Н.В.Кухарев мұғалімнің белгілі дәрежедегі педагогтық шеберлігін қарастырудың дұрыстығын айта келіп, оның шеберлігі психологиялық – педагогтік дайындығының жоғары деңгейіне негізделуі шарт дейді.
Павлютенкованың ойынша, мұғалімнің кәсіби шеберлігін төмендегі компоненттер құрайды:
а) тұлғаның қажеттілік – мотивациялық саласы;
б) операциялық – техникалық саласы (интегралдық бірігу, жалпы арнайы білім мәнділігімен сипатталады);
в) тұлғаның өзін-өзі тануы.
В.А.Сластениннің педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы Ю.П.Азаровтың пікіріне жақын, ол педагогтік шеберлікті педагогикалық технологиямен өзара байланыстырады, дегенмен, ол тек операциялық компоненттермен шектелмеуі керек, адамның жеке іскерлігі мен оның бойында педагогтік процестің жоғары тиімділігін анықтайтын қасиеттерінің сабақтасып жатуы керек деген пікір айтады. И.П.Адриади педагогикалық шеберлікті жеке тұлғаның рухани-әдеп және интеллектуалдық дайындығы, қоғамның әлеуметтік – мәдени құндылықтарын шығармашылықпен ұғындыратын қасиеті деп қарастырадлы және де теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруда кәсіби білік, дағдының болуы маңызды деп атап көрсетеді. В.А.Мижериков және М.И.Ермоленко педагогикалық шеберлік педагогтік қызметтің дамуының биік сатысын жасай отырып, педагогтің педагогикалық технологияны игеруін, кәсіби және азаматтық бағытын, тәжірибесін, бүтіндей тұлғасын көрсете алатынын айтады. Педагогтік шеберліктің мәні жоғары нәтижеге қол жеткізетін білімді, білік пен дағдыға ұштастыру арқылы жүзеге асқан қызметтің деңгейімен анықталады. В.П.Куравлеваның анықтамасында педагогтік шеберлік “... теориялық негіздемелер және мұғалім мен оқушының арасын жоғары ақпараттық дәрежеде байланыстыратын педагогикалық іс-тәжірибелер мен операциялардың тұрақты жүйесі” делінген. Осы анықтаманы өрбіте отырып, автор теориялық білім мен жоғары дамыған практикалық біліктің үйлесіп біртұтас болуы шығармашылықпен бекітіледжі деп ой қосады. Шеберліктің нақты көрсеткіштері оқытушының ісінде, оқу – тәрбие жұмыстарында, еңбек сапасында, міндеттерін жауапкершілікпен орындау кезінде көрінеді. А.А.Сидоров, М.В.Прохорова және Б.Д. Синюхин педагогтік шеберлік педагогикалық мәдениеттің тірек компоненті деп есептейді және шеберлік сан алуан оқу-тәрбие ісіне байланысты міндеттерді табысты шешуде педагогтің жеке басының қасиеттерімен қоса оның психологиялық – педагогикалық ойлауы, кәсіби білігі, дағдысы мен эмоциясы өзара сабақтастық табатын ерекшеліктері деп анықтайды. Педагогтің жеке-дара мәдениеті – тұлға әлемі. Мұғалім мәдениеті өзін-өзі жетілдіру үшін педагогикалық еңбектің мақсатын және оларға жету тәсілдерін еркін таңдауға мүмкіндік беретін кәсіби іс-әрекет пен өзіндік сана-сезім негізінде қаланады, іс-әрекеттің кәсіби және интеллектуалды тәжірибесін меңгеру жағдайында туындайды. Кәсіби мәдениет – еңбек нәтижесі мен адамзаттың жалпы мәдениетінің өнімі. Тұлғалық мәдениет дегеніміз, әлеуметтік іс-әрекеттің әр түрлі формалары арқылы әлеуметтік шараларды ережеге сәйкес өзін-өзі жүзеге асыруы, ал білім беру жүйесінде педагогтің қызметтік мәртебесіне барабар. Мұғалім-кәсіпкердің әлеуетті құндылығы осы мәдениеттің кірігуі мен тұтастығын қамтамасыз етеді. Мәдениет өзін-өзі реттеу негізінде әлеуметтік-кәсіби ортада қалыптасып дамиды.
Қазіргі ғылымда нақтылы мәдениеттің анықтамасы қалыптасқан жоқ. Себебі, мәдениет жан-жақты қарастыруды керек ететін ілім. Ал философияда бірнеше пікір қалыптасқан. А.Здравомыслов, А.Ядов, О.Дробницкий мәдениет тұлғаның іс-әрекетін қалыптастыратын әмбебап механизм деген анықтама берсе,мәдениет – материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы деген пікірді В.Пираринов, Ю.Ефимов, И.Громов, А.Арнольдов, Н.Чавчавадзе,т.б.білдірген. Ал мәдениет – қоғамдық өмірдің әлеуметтік және рухани ортасында тұлғаның шығармашылық қырын көрсетеді деген ойды В.Библер, Н.Злобин, А.Леонтьев, И.Ильясова айтып жүр. Э.Маркаряннің пікірінше, мәдениетті жасайтын - күш. Белгілі американ психолог-гуманисі А.Маслоу: “Мәдениет біздің психологиялық және биологиялық табиғатымызға өте жақын, сондықтан оқытудың негізі ретінде қарау керек” - дейді. Сонымен, мәдениет деген не?
Мәдениет пен өркениеттіліктің өзара байланысы қандай?
Мәдениет – адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, сол әрекеттің қызмет нәтижелері де мәдениет дәрежесін паш етеді. Мәдениет адамсыз жаралмайды. Адамның дамуы мәдениетке тікелей байланысты.
Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірді білу, сол қоғамдағы өндірістік қатынастардың қандай болғанын анықтау, өмір салты мен рухани дүниесі қандай ерекшеліктермен анықталатынын ажырата білу қажет. Ендеше мәдениетті адамның іс-әрекетін оның қоғамдағы қызметінен бөліп алып қарау мүмкін емес.
Л.А.Байкова, Л.К.Гребенкиннің дәлелдеулерінше, педагогикалық шеберлік – бұл мұғалімнің шығармашылығымен, оқыту өнерін үздіксіз жетілдіруімен пайда болатын педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейі деседі. Алғашқы анықтаманы нақтылай келе, олар педагогикалық шеберлік:
Біріншіден, педагогтің жеке тұлғасына, жеке басының қасиеттеріне байланысты, оның бұл қасиеттері кәсіптік қызметін өз бетінше ұйымдастырудың жоғары сатысына қол жеткізуіне жол ашады дейді. Яғни, шебер – педагог бойындағы жеке қасиеттер жиынтығы, оның оқу-тәрбие жұмысын жақсы жүргізуіне септігін молынан тигізбек. Олардың ішіндегі ең маңыздылары азаматтық және патриотизм, гуманизм және зиялылық, жоғары рухтағы мәдениеттілік пен жауапкершілік. Өте маңызды деп адамсүйгіштік және адамдармен тіл табысу атап айтылған.
Одан әрі авторлар педагогикалық шеберлік анықтамасына тоқталады және технологиялық негізгі компоненттері жалпы биік мәдениет пен ізгілендіру бағыты болатын көзқарастар жүйесі – кәсіби білім, қабілеттілік, шығармашылық технологиялық құзірет болып табылады деген тұжырым жасайды.
Сурақтың жаубы
Педагогикалық шеберліктің компоненттері
Гуманистік бағытталғандығы | Кәсіптік білімдер | Педагогикалық қабілеттері | Педагогикалық техника |
Қызығушылығы Құндылықтары Мұраттары | Өз пәнін, оны оқытудың әдістемесін, педагогиканы, психологияны білу | Коммуникативтілігі: Адамға деген оң қатынасы, тілектестігі, перцептивтілігі, кәсіптік байқағыштығы, педагогикалық интуициясы. Динамизмі: Ерікті әрекетке, логикалық сендіруге қабілеттілігі. Эмоционалдық орнықтылығы: Өзін-зі меңгеру, оптимистік болжау. Креативтілігі: Шығармашылық қабілеті | Өзін –өзі басқара білу іскерлігі, өзара әреке жасау іскерлігі. |
4. Мұғалімнің кәсіби білімі.Кәсіби педагогикалық қызмет-педагогтік шеберлікті қалыптастыру негізі. Жалпы педагогикалық және кәсіби-педагогикалық қызмет.Кәсіби-педагогикалық қызметтің мәні,оның құрылымы. Кәсіби- педагогтік қызметтегі мұғалімнің жеке басының қалыптасуы. .
Педагогикалық қызмет деңгейлері: репродуктивтік,бейімділік,қызмет пен мінез-құлық.
Педагогикалық іс – әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И. Непомнящая), мұғалімнін іс – әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс – әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс – әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс – әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды.
Диалектикалық – материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс – әрекеттің ролі жан — жақгы зерттелген. Адам іс – әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен, тек XX ғасырдың 60 — шы жылдарында ғана мұғалім іс – әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш.А. Амонашвили, В.А. Сухомлинский, А.С. Макаренко және т.б.>) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс – әрекеттің нақгылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу — тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді. Міне, сондықтан да мектептегі педагогикальгқ (оқыту — тәрбиелеу) процесте мұғалім және оқушы іс – әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс – әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұңдай бағыттың кажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:
-біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін емес (В.С. Ильин);
-мұғалім іс – әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға бағытталушылықпен жету мүмкін емес (Ю. К. Бабанский);
-егер оқушының іс – әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес (И.П. Радченко);
-мектеп әкімшілігі іс – әрекетінің тиімділігі тек қана біртұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру негізінде мүмкін болады (М.И. Кондаков);
-тұтас педагогикалық процестің теориясьш жасамайынша, басқару шешімдерін қабылдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру,одан әрі дамыту өте күрделі болады (Ю.А. Конаржевский);
Мұғалім іс – әрекетінің объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымына — мән бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.
5. Пед мамандығындығы актерлік шеберлік.Мектептегі оқу-тəрбие үрдісі өте күрделі, көпқырлы, өзгермелі құбылыс. Педагогикалық іс-əрекеттің өнермен ұқсастығы ежелден мəлім.
Өнердің дарындылық пен шеберліктің туындысы екендігі де баршаға белгілі, ал шеберлік бірнеше ұрпақтың дəстүрлерін жинақтаған мектепте қалыптасады. Мектеп оқушының табиғи нышандарын дамытады, оған қажетті білім, іскерлік жəне дағдымен қаруландырады, дарындылығын ұйымдастырады, оқушының кез-келген берілген шығармашылық тапсырманы орындауға дайындығын қамтамасыз етеді. Айта кететін жайт, педагогикалық өнер театр өнерімен көп ұқсас болып келеді. Педагогиканы бір актердың театры деп те атайды. Сондықтан да педагог
театрлық қызметтің ұстанымдарын, оның заңдарын білген жөн. бұл жағдайда пеждагогтарға К.С.Станиславскийдің жүйесі көмекке келеді. К.С.Станиславскийдің жүйесі шығармашылықты табиғатын жаратушы-адамның табиғаты арқылы қарастырады. Онда ең алғаш рет
шығармашылықтың санаасты, еріксіз сипаттағы үрдісін саналы түрде меңгеру, іс-əрекет барысында тұлғаның дарындылығын анықтау мəселелері шешіледі. К.С.Станиславский жүйесі – бұл тек актерлік шығармашылық жайындағы ғылым ғана емес, сонымен қатар, сахналық қабілеттермен бірге объективті заңдылықтарға сүйене отырып, басқа да түрлі қабілеттерді дамыту, байыту, кеңейту жайындағы ғылым. Бұл шығармашылық қызметтегі кез-келген дарындылықтың «пайдалы іс-əрекет коэффициентін» жоғарылату тəсілі.
6. Пед мамандығынды жеке шығармашылықты іске асыру... мұғалім болу өте оңай нəрсе деп ойлайтын адамдар баршылық. Бұл үшін арнайы педагогикалық оқу орнында оқу да қажет емес деп
санайтындар да бар. Əдетте былай ойлайды: мұғалім болу оңай, əсіресе, тарих, география, əдебиет пəндерінің мұғалімдері болу...Оқулық бойынша материалдың белгілі бір көлемін жаттап алып, сыныпқа балаларға бар да əңгімелеп бер. Бұндай адасушылықты өз уақытында К.Д.Ушинский сынға алған. Шынымен де, кімде-кімнің еске сақтау қабілеті жоғары болса, оқулықтың бірнеше бетін жаттап ала алады. Мүмкін, оның мазмұнын да жақсылап айтып
бере алар. Əрбір педагог оқушыларға ғылымның заңдылықтарын қол жетерлік деңгейде түсіндіре алады ма? Дамыта оқытуды жүзеге асыра алады ма? Оқу-тəрбие үрдісін ғылымилық ұстанымы негізінде ұйымдастыра алады ма? Тек арнайы білімге ие педагог қана бұл міндеттерді шешуі мүмкін. Педагогикалық шеберлікке қол жеткізудің алғашқы шарты ғылым мен білімнің əдіснамасын білу жəне соның негізінде арнайы жəне психологиялық-педагогикалық пəндерді меңгеру болып табылады. Болашақ педагог жоғары оқу орнында оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ кəсіби бағытталуды қалыптастыру үшін жұмыстанып, өзін оқыту-тəрбиелеу үрдісімен айналысуға жан-жақты əзірлеу керек. Педагогикалық университеттердің оқу жоспарларында мамандық бойынша педагогтарды даярлауға басым көңіл бөлінеді. Студент оқу барысында ғылымды меңгеріп, лның ұғымдық аппаратын білгені жөн. тек белгілі бір пəн бойынша білім алып қана қоймай, сол пəннің тəрбиелік мəнін де ұғынуы тиіс. Психологиялық-педагогикалық ғылым саласынан терең де жан-жақты теориялық жəне практикалық дайындықсыз оқыту-тəрбиелеу
міндеттерін шешу оңай емес. Əрі қарай қалыптасқан кəсіби іскерлік пен дағдының тексерілуі жəне
өңделуі педагогикалық сараман барысында жүреді. Педагогикалық сараманның əрбір кезеңі нақты міндеттерге ие. Шебер-педагог – бұл нəзік те ойлы мұғалім, жақсы тəрбиеші, оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастырудың соңғы əдістерін меңгерген адам. Мұғалім шеберлігіне жету өте қиын. Оған студенттік щақта қол жеткізу мүмкін емес.
7. К.С. Станиславскийдің пед дайындауда театрлық жүйесінің принциптері. Мектептегі оқу-тәрбие үрдісі өте күрделі, көпқырлы, өзгермелі құбылыс. Педагогикалық іс-әрекеттің өнермен ұқсастығы ежелден мәлім. Өнердің дарындылық пен шеберліктің туындысы екендігі де баршаға белгілі, ал ше\7хберлік бірнеше ұрпақтың дәстүрлерін жинақтаған мектепте қалыптасады. Мектеп оқушының табиғи нышандарын дамытады, оған қажетті білім, іскерлік және дағдымен қаруландырады, дарындылығын ұйымдастырады, оқушының кез-келген берілген шығармашылық тапсырманы орындауға дайындығын қамтамасыз етеді. Айта кететін жайт, педагогикалық өнер театр өнерімен көп ұқсас болып келеді. Педагогиканы бір актердың театры деп те атайды. Сондықтан да педагог театрлық қызметтің ұстанымдарын, оның заңдарын білген жөн. бұл жағдайда пеждагогтарға К.С.Станиславскийдің жүйесі көмекке келеді. К.С.Станиславскийдің жүйесі шығармашылықты табиғатын жаратушы-адамның табиғаты арқылы қарастырады. Онда ең алғаш рет шығармашылықтың санаасты, еріксіз сипаттағы үрдісін саналы түрде меңгеру, іс-әрекет барысында тұлғаның дарындылығын анықтау мәселелері шешіледі.
К.С.Станиславский жүйесі – бұл тек актерлік шығармашылық жайындағы ғылым ғана емес, сонымен қатар, сахналық қабілеттермен бірге объективті заңдылықтарға сүйене отырып, басқа да түрлі қабілеттерді дамыту, байыту, кеңейту жайындағы ғылым. Бұл шығармашылық қызметтегі кез-келген дарындылықтың «пайдалы іс-әрекет коэффициентін» жоғарылату тәсілі. К.С.Станиславский жүйесі бойынша жазылған әдебиеттерді зерттеу, жүйенің негізгі теориялық және практикалық ұстанымдарын талдау мынадай негіздеме жасауға мүмкіндік берді: оларды меңгеру педагогикалық қызметтің қыр-сырын жан-жақты танығысы келетін кез-келген тұлғаның педагогикалық қабілеттерін жан-жақты дамытуға және өзін-өзі дамытуға жол ашады. Педагогикалық мамандықты таңдаған кез-келген адам қызметке қажетті практикалық дағдыларды дамытуға арналған педагогиканың нақты саласы жоқ екендігін біледі. Сондықтан біз театр педагогикасына жүгініп отырмыз. Мұғалімге, актерге сияқты, К.С.Станиславскийдің айтқан сөзін есте ұстағаны жөн («Работа актера над собой»): «Алғашқы, бастапқы, содан кейінгі кезеңдерде жаңадан бастап жүрген, тәжірибесі жоқ оқушымен не істеуге болады?.. Оған сольфеджио сияқты қандай жаттығулар қажет? Шығармашылық сезімін және күйлерін дамыту үшін қандай гаммалар, арпеджио қажет болады? Оларды мектепте және үйде жүйелі түрде жаттығу үшін есеп жинақтарындағы сияқты нөмірлеу керек». Педагогикада «жалпы», жуықтау ештеңе болмауы тиіс.
Зерттеушілер К.С.Станиславский жүйесін ішкі және сыртқы өзін сезінудің элементтері ретінде де қарастырады. Бірақ Станиславский рольмен жұмыс жасау барысында өзін сезінуден емес, ерік пен санаға дұрыс бағынбайтын психикалық күйден емес, дене әрекеттерінің логикасынан шығуды ұсынады. Дене әрекеттерін дұрыс жүзеге асыру рефлекс деңгейінде қажетті сезімдерді оятады, психикаға әсер етеді.
Педагогты даярлау жүйесінің негізіне салынған дене әрекеті, қажетті сезім логикасы, санаасты саласы жайындағы Станиславскийдің тұжырымдамасы педагогикалық іс-әрекет жағдайында мұғалімнің қабылдау мүшелерін жаттықтыруды талап етеді. Кез-келген әрекет, соның ішінде педагогикалық әрекет қабылдаудан басталады. Бұл заңның бұзылуы педагогтың аудиториямен үйлесімділігіне кедергі келтіреді.
Станиславский іс-әрекетті дене және психикалықтың бірлігі ретінде түсіндіреді. Бұл түсіндірме педагог тәртібіндегі ішкі және сыртқы, денелік және рухани элементтердің өз алдына бөлек дамуына жол бермейді, бұл әдіс пен педагогикалық техниканың тығыз байланысын талап етеді.
Міне, сондықтан, педагогикалық шеберлік үш өзара байланысқан бөлікпен белгіленеді: педагогикалық теория, педагогикалық техника және сабақта жұмыстану әдісі және оны ұйымдастыру, өткізу.
Теорияны оқып білуге болатын болса, педагогикалық техника мен әдісті меңгеру қажет. Ал меңгеру үрдісі белгілі бір пратикалық дағдыларды қажет етеді. Бұған қол жеткізу үшін өте ұзақ және жүйелі жаттығу жүргізу керек.
8. Пед шебер қалыптастырудың негізгі кәсіби-пед іс-әрекеті. В.А.Сластенин педагогикалық шеберлікті тұлғаның кәсіптік бағытталуының жоғары формасы деп белгілейді. Ал кез-келген іс-әрекетте, оның пікірінше, шеберліктің көрсеткіші – бұл іс-әрекетте қажет болатын арнайы іскерліктер мен дағдыны меңгеру. Педагогикалық шеберліктің құрылымында өзара байланысқан элементтерді көрсетуге болады: гуманистік бағыттылық, кәсіптік білім, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника. Аталған элементтер педагогикалық шеберлік жүйесінде өзара тығыз байланысты, оларға өз бетімен даму тән. Педагогикалық шеберліктің өз бетімен дамуының негізі – білім мен тұлғаның бағытталуы; оның нәтижелілігінің маңызды шарты – қабілеттер; тұтастықты қамтамасыз ететін құрал – педагогикалық техника аясындағы іскерліктер.Кәсіптік білім – бұл педагогикалық шеберліктің негізгі іргетасы. Кәсіптік білімнің мазмұнына пән бойынша ғылыми және практикалық білім, оның әдістемесі, педагогикалық және психологиялық білім енеді. Педагогтың жас, педагогикалық, жалпы психология және педагогикадан жинақтаған білімі жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеудің теориялық және практикалық сипаттағы күрделі мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешуге мүмкіндік береді, педагогты мектепте білім, іскерлік, дағдыны меңгерту үрдісінің заңдылықтарымен қаруландырады, оқу-тәрбие үрдісін әрі қарай жетілдіру үшін қажетті әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Психологиялық-педагогикалық эрудиция әрекетті, фактіні немесе құбылысты дәл психологиялық талдау негізінде ықпал жасаудың дұрыс таңдалуын қамтамасыз етеді.
. Бүгінгі күні мұғалім болу өте оңай нәрсе деп ойлайтын адамдар баршылық. Бұл үшін арнайы педагогикалық оқу орнында оқу да қажет емес деп санайтындар да бар. Әдетте былай ойлайды: мұғалім болу оңай, әсіресе, тарих, география, әдебиет пәндерінің мұғалімдері болу...Оқулық бойынша материалдың белгілі бір көлемін жаттап алып, сыныпқа балаларға бар да әңгімелеп бер. Бұндай адасушылықты өз уақытында К.Д.Ушинский сынға алған.
Шынымен де, кімде-кімнің еске сақтау қабілеті жоғары болса, оқулықтың бірнеше бетін жаттап ала алады. Мүмкін, оның мазмұнын да жақсылап айтып бере алар. Әрбір педагог оқушыларға ғылымның заңдылықтарын қол жетерлік деңгейде түсіндіре алады ма? Дамыта оқытуды жүзеге асыра алады ма? Оқу-тәрбие үрдісін ғылымилық ұстанымы негізінде ұйымдастыра алады ма? Тек арнайы білімге ие педагог қана бұл міндеттерді шешуі мүмкін.Педагогикалық шеберлікке қол жеткізудің алғашқы шарты ғылым мен білімнің әдіснамасын білу және соның негізінде арнайы және психологиялық-педагогикалық пәндерді меңгеру болып табылады. Болашақ педагог жоғары оқу орнында оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ кәсіби бағытталуды қалыптастыру үшін жұмыстанып, өзін оқыту-тәрбиелеу үрдісімен айналысуға жан-жақты әзірлеу керек.Педагогикалық университеттердің оқу жоспарларында мамандық бойынша педагогтарды даярлауға басым көңіл бөлінеді. Студент оқу барысында ғылымды меңгеріп, лның ұғымдық аппаратын білгені жөн. тек белгілі бір пән бойынша білім алып қана қоймай, сол пәннің тәрбиелік мәнін де ұғынуы тиіс. Психологиялық-педагогикалық ғылым саласынан терең де жан-жақты теориялық және практикалық дайындықсыз оқыту-тәрбиелеу міндеттерін шешу оңай емес. Әрі қарай қалыптасқан кәсіби іскерлік пен дағдының тексерілуі және өңделуі педагогикалық сараман барысында жүреді. Педагогикалық сараманның әрбір кезеңі нақты міндеттерге ие. Шебер-педагог – бұл нәзік те ойлы мұғалім, жақсы тәрбиеші, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың соңғы әдістерін меңгерген адам. Мұғалім шеберлігіне жету өте қиын. Оған студенттік щақта қол жеткізу мүмкін емес.
9. Пед қызмет қоғамдағы құбылыс ретінде. Педагогикалық қызмет-негізгі мәселе мұғалімнің талаптары мен мақсаттарының оқушының мақсаттарымен, мүмкіндіктерімен, тілектерімен, сәйкестігі; едагогикалық қызмет сәтті жүзеге асыру мұғалімнің педагогикалық технологияны, педагогикалық техниканы игеруімен, оның кәсіби санасынын деңгейімен байланысты. Педагогикалық қызмет үш моделі:
мәжбүрлеу педагогикасы (авторитарлық педагогикасы), толық бостандық педагогикасы, серіктестік педагогикасы.[1] Адамзат баласы жер бетіне жаралғаннан бастап ілім іздеп, оқумен қатар, жер-жаһанның құпиясын ашып көрсетпек. Осы тұрғыда еңбегі өлшеусіз, өз баласынан артық көріп, қамқор бола білетін жан ол – ұстаз. Өз бойындағы жақсы қасиеттерді, алған білімін шәкіртінің бойына дарытып, аянбай еңбек ететін жандар. Таңнан қара кешке дейін барлық өмірін бала тәрбиесіне арнап, сапалы білім берумен қатар, өмірге дұрыс бағыт-бағдар бере білетін жан. Дүниеде көптеген мамандық иесі бар десек, солардың ең қиыны ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысты, сол ұрпақтың ертең қандай адам болып өсуіне ұстаздың тікелей қатысы бар. Осы орайда мұндай іс-әрекеттің жиынтығына ғылым тілінде мынадай анықтама берген: "Педагогикалық қызмет – педагогикалық процесте тәрбиеленуші тұлғасын тәрбиелеудің, дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға және өзін еркін шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кәсіби қызмет". Тәрбие ісі – мемлекеттік іс. Халық даналығына сүйенсек, "сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді" дейді. Яғни, тәрбие ата-ана тарапынан да беріледі, бірақ педагогикалық қызметтің маңызы мен ерекшелігі – тәрбиемен қатар, сапалы білімнің берілуінде. Абай атамыз айтқандай: "Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан" демекші, мен де ертеңгі күні жиырма бірінші ғасырға лайықты тәрбиелі, білімді де білікті шәкірт дайындап, ұлағатты ұстаз атанып, дүниенің бір кірпіші болып қаланғым келеді.
10. Педагогикалық қызмет - педагогикалық процесте тәрбиеленуші тұлғасын тәрбиелеудің, дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға және өзін еркін және шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кәсіби қызмет.
Педагогикалық қызмет-негізгі мәселе мұғалімнің талаптары мен мақсаттарының оқушының мақсаттарымен, мүмкіндіктерімен, тілектерімен, сәйкестігі; едагогикалық қызмет сәтті жүзеге асыру мұғалімнің педагогикалық технологияны, педагогикалық техниканы игеруімен, оның кәсіби санасынын деңгейімен байланысты.
Педагогикалық өмірбаян әр мұғалімнің даралығын көрсетеді. Кез-келген мұғалім бірден шебер болып кете алмайды. Кейбіреуі, өкінішке орай, орташа мұғалімнің қатарында қала береді. Ал кейбіреулерінде шеберлікке жетуіне жылдар кетеді. Шебер, өзгертуші, жасампаз болу үшін мұғалім педагогикалық үрдістің заңдылықтары мен механизмдерін игеруі қажет. Бұл педагогикалық жүйеде ойлауға, әрекет етуге мүмкіндік береді, яғни, педагогикалық құбылыстарды өздігінен талдауға, оларды құрамдас бөліктерге бөлуге, әр бөлігін ой елегінен өткізуге, оқыту және тәрбиелеу теориясында қарастырылып отырған құбылыстың логикасына сәйкес идеяларды, қорытындыларды, қағидаларды табуға, құбылысты дұрыс диагностикалауға, оның қандай педагогикалық-психологиялық санатқа жататынын анықтауға, негізгі педагогикалық міндетті (проблеманы ) және оны ұтымды шешудің тәсілдерін табуға көмектеседі. Кәсіптік біліктілікті игеру, жетілдіру және педагогикалық қызметтің құрылымын және онымен байланысты теориялық білімдер жүйесі мен практикалық білік, дағдыларды нақты көз алдымызға елестетуіміз керек.
Педагогикалық зерттеулер көрсетіп отырғандай (Н. В. Кузьмина, В. А. Сластенин, А. И. Щербаков және басқалары), оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің мұғалімнің педагогикалық қызметінің өзара байланысты төмендегі түрлері бар:
1. диагностикалық;
2. бағдарлы-прогностикалық;
3. конструкторлық-жобалау;
4. ұйымдастырушылық;
5.ақпараттық-түсіндіруші;
6. коммуникативтік-ынталандырушы;
7. талдау-бағалау;
8.зерттеуші-шығармашылық;
Кәсіптік шеберлікке мұғалім өз қызметінде тек теорияға сүйенген кезде ғана жете алады. Әрине, бұл жолда оған көптеген қиындықтар тосқауыл болады. Ең алдымен, ғылыми теория- бұл жалпы заңдардың, қағидалардың, ережелердің ретке келтірілген жиынтығы, ал тәжірибеде қолдану үшін теориялық ойлаудың кейбір дағдыларының болуын талап етеді, алайда, бұл дағды барлық мұғалімдердің бойынан бірдей табыла бермейді. Екіншіден, педагогикалық қызмет-бұл білімдер топтамасына (синтезіне) сүйенген (философиядан, педагогикадан, психологиядан, әдістемеден және т. б.) толық үрдіс, алайда, мұғалімнің білімдері «сөрелер» бойынша бөлінген, яғни, жинақталған білік деңгейіне жеткізілмеген, бұл педагогикалық үрдісті басқару үшін қажет. Бұл өз кезегінде төмендегідей жағдайға әкеледі: мұғалімдер көп жағдайда, педагогикалық білікті теорияның ықпалымен игермейді, оған тәуелсіз, педагогикалық қызмет жөніндегі, тұрмыстық, ғылымға дейінгі түсініктер негізінде игереді.
Педагогикалық қызметтің әр қадамын шығармашыл, қайталанбайтын және үнемі жаңа болуын талап етуге болмайды. Бірақ педагогикалық нормативтердің кері әсері де үлкен. Репертуарлық, жанама, педагогикалық теорияға деген жек көрініштілік, педагогикалық ойлаудың догмалылығы, педагогикалық ұстанымға жоғарыдан түскен нұсқау, өзгенің іс-тәжірибесін қабылдау-міне, келеңсіз құбылыстардың толық емес реті, бұл диалектикалық табиғатты білмей нормативтерді игеру деген сөз. Мұғалім қызметінде педагогикалық ғылымнан тартылған жіптер өзара түйіседі, ең соңында, барлық алыңған білімдер іске асады.
Педагогикалық қызметтің дамуының жоғары деңгейін, педагогикалық технологияны игергенін сипаттай отырып, педагогикалық шеберлік педагог тұлғасын, оның тәжірибесін, азаматтық және кәсіптік ұстанымын сипаттайды. Мұғалімнің шеберлігі- бұл тұлғаның тұлғалық- іскерлік сапасы мен ерекшеліктерінің синтезі, ол педагогикалық үрдістің жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.
11. Пед қызмет ерекшелігі..Мектептегі оқу-тәрбие үрдісі өте күрделі, көпқырлы, өзгермелі құбылыс. Педагогикалық іс-әрекеттің өнермен ұқсастығы ежелден мәлім. Өнердің дарындылық пен шеберліктің туындысы екендігі де баршаға белгілі, ал шеберлік бірнеше ұрпақтың дәстүрлерін жинақтаған мектепте қалыптасады. Мектеп оқушының табиғи нышандарын дамытады, оған қажетті білім, іскерлік және дағдымен қаруландырады, дарындылығын ұйымдастырады, оқушының кез-келген берілген шығармашылық тапсырманы орындауға дайындығын қамтамасыз етеді.
Айта кететін жайт, педагогикалық өнер театр өнерімен көп ұқсас болып келеді. Педагогиканы бір актердың театры деп те атайды. Сондықтан да педагог театрлық қызметтің ұстанымдарын, оның заңдарын білген жөн. бұл жағдайда пеждагогтарға К.С.Станиславскийдің жүйесі көмекке келеді. К.С.Станиславскийдің жүйесі шығармашылықты табиғатын жаратушы-адамның табиғаты арқылы қарастырады. Онда ең алғаш рет шығармашылықтың санаасты, еріксіз сипаттағы үрдісін саналы түрде меңгеру, іс-әрекет барысында тұлғаның дарындылығын анықтау мәселелері шешіледі.
К.С.Станиславский жүйесі – бұл тек актерлік шығармашылық жайындағы ғылым ғана емес, сонымен қатар, сахналық қабілеттермен бірге объективті заңдылықтарға сүйене отырып, басқа да түрлі қабілеттерді дамыту, байыту, кеңейту жайындағы ғылым. Бұл шығармашылық қызметтегі кез-келген дарындылықтың «пайдалы іс-әрекет коэффициентін» жоғарылату тәсілі.
12. Кәсіби қызмет мәні..Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі"
Ыбырай Алтынсарин
Адамзат баласы жер бетіне жаралғаннан бастап ілім іздеп, оқумен қатар, жер-жаһанның құпиясын ашып көрсетпек. Осы тұрғыда еңбегі өлшеусіз, өз баласынан артық көріп, қамқор бола білетін жан ол – ұстаз. Өз бойындағы жақсы қасиеттерді, алған білімін шәкіртінің бойына дарытып, аянбай еңбек ететін жандар. Таңнан қара кешке дейін барлық өмірін бала тәрбиесіне арнап, сапалы білім берумен қатар, өмірге дұрыс бағыт-бағдар бере білетін жан. Дүниеде көптеген мамандық иесі бар десек, солардың ең қиыны ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысты, сол ұрпақтың ертең қандай адам болып өсуіне ұстаздың тікелей қатысы бар. Осы орайда мұндай іс-әрекеттің жиынтығына ғылым тілінде мынадай анықтама берген: "Педагогикалық қызмет – педагогикалық процесте тәрбиеленуші тұлғасын тәрбиелеудің, дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға және өзін еркін шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кәсіби қызмет". Тәрбие ісі – мемлекеттік іс. Халық даналығына сүйенсек, "сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді" дейді. Яғни, тәрбие ата-ана тарапынан да беріледі, бірақ педагогикалық қызметтің маңызы мен ерекшелігі – тәрбиемен қатар, сапалы білімнің берілуінде. Абай атамыз айтқандай: "Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан" демекші, мен де ертеңгі күні жиырма бірінші ғасырға лайықты тәрбиелі, білімді де білікті шәкірт дайындап, ұлағатты ұстаз атанып, дүниенің бір кірпіші болып қаланғым келеді
13 сұрақ. Педагогикалық қызмет- педагогикалық процесте тәрбиеленуші тұлғасын тәрбиелеудің, дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға және өзін еркін және шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кәсіби қызмет.
Педагогикалық қызмет-негізгі мәселе мұғалімнің талаптары мен мақсаттарының оқушының мақсаттарымен, мүмкіндіктерімен, тілектерімен, сәйкестігі; педагогикалық қызмет сәтті жүзеге асыру мұғалімнің педагогикалық технологияны, педагогикалық техниканы игеруімен, оның кәсіби санасынын деңгейімен байланысты.
Педагогикалық қызмет деңгейлері:репродуктивті бейімділік, жергілікті үлгіленген, жүйелі үлгіленген, қызмет пен мінез – құлық. Жаңашыл педагог Ш.А. Амонашвили педагогтарға төмендегідей мінез-құлық талаптарын қояды:
педагог-тәрбиеші әріптестеріне мейірімді, жылы шырайлы, ықыласты болуы
керек, әріптестерімен қарым-қатынас жасаудың әдебін, дауыс сарынын, жылы үнін игеpyi керек, әріптестерінің табысына қызғанышпен, күншілдікпен
қарауға құқы жок, әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуге міндетті,
әріптестерінен үйренуге ұялмауы керек, әрәптестеріне жоғарыдан менсінбей
қарауға құқы жоқ, әрәптестерінің ар-намысын, атақ-даңқын сақтауы керек,
балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білуі керек, 6ipaқ оны ешкімге шашпауы тиіс.
Педагогикалық қызметтің әр қадамын шығармашыл, қайталанбайтын және үнемі жаңа болуын талап етуге болмайды. Бірақ педагогикалық нормативтердің кері әсері де үлкен. Репертуарлық, жанама, педагогикалық теорияға деген жек көрініштілік, педагогикалық ойлаудың догмалылығы, педагогикалық ұстанымға жоғарыдан түскен нұсқау, өзгенің іс-тәжірибесін қабылдау
міне, келеңсіз құбылыстардың толық емес реті, бұл диалектикалық табиғатты білмей нормативтерді игеру деген сөз. Мұғалім қызметінде педагогикалық ғылымнан тартылған жіптер өзара түйіседі, ең соңында, барлық алыңған білімдер іске асады.
14-сұрақ.Құзырлеттілік –жұмыскердің өз білімі мен, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті.
Адамның өз кәсібіне сай игерген әрекет пен өнімді қызмет түріндегі білім жиынтығын маңызды қасиеттермен біріктірілген білік және саналы дағдылар тәсілдері арқылы тәжірбиеде қолдана білу қабілетінің сапасы.
Эрудиция (лат. eruditio) жан-жақты, әрі терең бойлаған танымпаздық және білімділік.[1] Эрудит адам көптеген білім салаларынан хабардар, пән бойынша әдебиетпен етене таныс және кең интеллектуалдық ой өріске ие болып келеді.
Эрудиция-дегеніміз мҧғалімнің педагогикалық міндеттерді шешу барысында икемді пайдаланатын казіргі заманғы білім қоры.
Педагогикалық эрудиция – бұл тек педагогикалық ғылым, педагогикалық тәжірибенің негізін білу ғана емес, - бұл тек педагогикалық заңдар мен заңдылықтарды білумен тұйықталып қалмайтын жалпы педагогикалық эрудиция, жалпы мәдениет. Көбінесе ғылыми, аса педагогикалық кітаптарға немесе мақалаларға қарағанда газет, баспасөз мақалаларынан, әдебиет туындыларынан, театр орындалымдарынан, кинофильмдерден өте көп педагогикалық таным алуға болады. Көп нәрсе ізденушінің қабылдауына, өзінің танымына байланысты оқудың мәнін өзінің бойынан «өткізуіне», өзіне маңыздысын алуына, ең бастысын тауып бөліп алып ой-санасынан өткізуіне тікелей байланысты.
15-сұрақ. Педагогтың сөйлеу мәдениетінің ережелері:
1. Педагог қатты сөйлемеу қажет, бірақ оны бәрі де еститіндей болу керек, тыңдау процесі тәрбиеленушілердіңкүшпен зер салуын тудырмауы тиіс.
2. Педагог анық сөйлеу керек.
3. Педагогтың сөйлеу жылдамдығы минутына 120 сөз.
4. Мәнерлі сөйлеу үшін логикалық және психологиялық паузаларды қолдана білу керек. Логикалық паузасыз сөйлеу тілі-сауатсыз, ал психологиялықсыз – түссіз болады.
5. Педагог интонациямен сөйлей білу керек, яғни логикалық екпінді қоя білу керек , айтылғанды жеткізу үшін кейбір сөздерді бөле білген жөн.
6. Әуенділік педагогқа жеке дара түс беріп, баланың эмоционалды жағдайына жақсы әсерін тигізеді:дәрттендiрiп, қызықтырып, тыныштандырады.
Қарым-қатынас кезінде кейбір принциптерді ұстану қажет:
Бала қандай болса, солай қабылдау;
Әр адам қайталанбас екенін ескеру ;
Тәрбиеленушінің қабілеттілігіне сену ;
Олардың шығармашылық белсенділігін қолпаштау;
Бала тұлғасын сыйлау, әрқайсысына жетістікке жету жағдайын жасау;
Бала қадірін кемітпеу;
Балаларды бір-бірімен салыстырмау, іс-әрекет нәтижесін ғана салыстыру;
Әркімнің қателесуі мүмкін екенін ескеру;
Әркімнің өз ойын айтуға еркі бар, ешкімнің өз ойын айтқанына күлуге құқығы жоқ.
Педагогтың сөйлеу мәдениетінің компоненттері:
Фразаларды құрастыру кезіндегі сауаттылық.
- күнделікті өмірде сөздерді сауатты айту: сөздерде екпінді дұрыс қойып, жергілікті диалектіні қолданбау.
Баяндаудағы қарапайымдылық пен түсініктілік: аз сөйлеу.
Мәнерлілік - интонация және тональность;
- сөйлеу темпі, паузалар;
- дауыс ырғағының динамикасы; - сөздік қоры;
- сөйлеу бейнесі;
- дикция.
Арнайы терминологияны дұрыс қолдану:
- құлаққа ерсі естілетін фразеологиялық тіркестерді қолданбау;
- артық сөздерді қолданбау;
- «сәнді» сөздерді қолданбау.
16. Ғылыми эрудиция..Эрудиция-дегеніміз мҧғалімнің педагогикалық міндеттерді шешу барысында икемді пайдаланатын казіргі заманғы білім қоры. Құндылық- қоршаған ӛмірдегі обьектінің адам, топ, қоғам ҥшін , олардың қажеттілігіне, қызығушылығына байланысты бағалануы Педагогикалық мәдениеттің компоненттері: педагогикалық бағыт, қызығушылық, қажеттілік, жан-жақты даму деңгейі (адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық), педагогикалық шеберлік, ҥнемі жетілуге бағыт ҧстау,қарым -қатынас мәдениеті, тәртібі, педагогикалық әдебі, мҧғалімнің дербестігі, жалпы және педагогикалық эрудициясы және қҧзырлылығы, мейірімділігі, ақкӛңілдігі, қызметке берілуі.Осы жетекші компоненттер педагогтың кәсіби шеберлігінің негізі болып табылады. Сонымен, педагогикалық шеберлік дегеніміз – жҥйелі ҥрдіс, педагогикалық іс-әрекетте нәтижелі табысқа жеткізетін жол. Ол жҧмысқа жаңа сапалық мазмҧн береді. Кәсіптік позицияны қалыптастырады.
«Біз мҧғалімдерге былай істе, не болмаса былай істе, - деуден аулақпыз, бірақ басқаларды басқару ҥшін, оларға ықпал жасау ҥшін сол мәселеге қатысты психикалық қҧбылыстарды зерттеу заңдылықтарын білуі керек», - деген К.Д. Ушинский.
Кӛрнекті совет педагогы А. С. Макаренко ӛз шеберлігін жетілдірудегі тәжірибесіне сҥйене отырып, былай деп жазғаны тегін емес: «Менің педагогикалық талантым болған емес және де педагогикаға ешбір әуестенбей-ақ кездейсоқ келдім... Бірақ мен ҥйрендім. Мен ӛз ісімнің шебері болуға тырыстым. Ал әркім-ақ ӛз ісінің шебері бола алады, ол ҥшін оған кӛмектесу керек, ол ӛзі де жҧмыс істеуге ынталы болуы тиіс». Кӛрнекті педагог бҧл сӛзінде ӛзін тым сыпайы етіп кӛрсеткен болар. Бірақ, бір нәрсе айқын:
педагогикалық қабілеттілікті қалыптастыруға болады.К.Ю.Бабанский бойынша педагогикалық шеберліктің даму кезеңдері тӛмендегідей:
- кәсіптің негіздерін меңгеру, ғылымда, тәжірибеде белгілі тәсілдерді тиімді
пайдалана білу (кәсіби мҧғалім );
- мҧғалім жаңа бір идеялардың нәтижелігін бағалап, басқа мҧғалімдер
арасында тарата білуі (зерттеуші - мҧғалім );
- ӛзінің қызметінде, тәжірибеде белгілі әдістерді қолданумен қатар, жаңа бір шешімдерді тауып енгізу (жаңашыл мҧғалім). Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың ӛз еркімен дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жҧмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сҥйіспеншілікті арттыру, жҧмыс әдіс-тәсілдерін жаңаша жандандыра тҥсу
педагогикалық шеберліктің басты сипаты болып табылады. Бҧл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік мынадай жҥйелерге бӛлінеді: педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық,
кәсіби білгірлік, педагогтық іс-әрекетке бейімділік, педагогтық техника. Бҧл аталған педагогтық шеберлік жҥйелері бір-бірімен тығыз байланыста жҥзеге асырылады
17.Арнайы, әлеуметтік,жеке тұлға, дара Құзіреттілік – жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тєжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол жансыз жатт