Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі

Жоспары:

1. Тәрбие үдерісінің теориясы

2. Тәрбие жұмысының әдістемесі

Тәрбие – күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие сонымен бірге педагогикалық әрекетте:

- мәдени құбылыс;

- педагогикалық ықпал ету;

- балалардың әрекетін ұйымдастыру;

- қарым-қатынас құралы ретінде жан-жақты қарастырылады.

Тәрбие үдерісінің теориясы – тәрбиенің негізгі заңдылықтары, принциптері, ұғымдары туралы білімдердің жүйесін құрайды. Методика яғни әдістеме соған негізделіп оқытылады. «Әдістеме» - ол белгілі бір мақсатқа жетудің немесе жету үшін қолданылатын түрлі амал-тәсілдердің жиынтығы. Педагогика ғылымында методиканың немесе әдістеменің екі түрі бар. Олар оқыту методикасы және тәрбие методикасы болып бөлінеді.

Тәрбие әдістемесі – тәрбие процесін оның мақсат міндеттеріне сай ұйымдастырудың көптеген амал-тәсілдердің жиынтығы болып есептелінеді. Ондағы мақсат тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен тиімді амал – тәсілдері және түр пішіндерін анықтап, белгілеу. Соған сәйкес тәрбиешілерге оны меңгеруде нақтылы көмек көрсету.

Педагогика ғылымының жетілуі барысында тәрбие беру әдістемесі де өзіндік бет бейнесі, бағыт –бағдары бар ғылыми пән ретінде қалыптасып және дамып келеді. Соған сәйкес соңғы жылдары педагогикалық жоғары және арнаулы кәсіби педагогикалық оқу орындарында тәрбие беру теориясы мен әдістемесі жөнінде арнаулы курстар мен практикалық сабақтар кең етек жаюда. Ондағы көздеген міндеттер кеңейту және біліктерін тереңдетуді көздейді. Мұндай көзқараста осы бағыттағы педагогикалық талаптарды ескере отыра, оларды басқару өнерімен қаруландыру. Бұл, әрине өте күрделі өнер. Оны педагогикалық тәжірибеге ғана емес, сонымен қатар тәрбие беру теориясы мен әдістемесі жөніндегі терең де жан-жақты білімдер жүйесіне сүйене отырып меңгеруге болады.

К.Д.Ушинский «Адамға тәрбие беру әдістері» атты іргелі еңбегінде «Тәрбие беру өнері жұрттың бәріне дерлік таныс және түсінікті іс, ал кейбіреулерге тіпті оңай іс болып көрінетін ерекшелігі бар – бұл, адамның онымен теориялық немесе практикалық тыныстағы неғұрлым азырақ болған сайын соғұрлым түсініктірек және оңайырақ болып көрінеді. Жұрттың барлығы дерлік тәрбие беру төзімділікті талап ететінін мойындайды, кейбіреулер бұл үшін туа біткен қабілеттілік және іскерлік, яғни дағды керек деп ойлайды, бірақ төзімділік, туа біткен қабілеттілік пен дағдыдан басқа, арнаулы білім де қажет екеніне көз жеткізеді».Олай болса, ұстаздарға қажетті тәрбие беру өнерін меңгерту арнаулы кәсіби орта және жоғары педагогикалық оқу орындарында жүзеге асырылады. Педагогикалық оқу алғашқы кезеңі педагогика курсын оқып үйренуден басталады. Ол көп сатылы боп келеді. Соның ішінде тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесінің қызметі де айрықша. Соған орай бұл оқу-әдістемелік құралының мақсаты – педагогикалық оқу орындарының студенттеріне оқушылардың тәрбие жұмысының мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесінің негізгі мәселелерін оқып – үйренуге, бағыт – бағдар беруге көмек көрсету.

Мектеп жағдайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру сынып жетекшілеріне жүктеледі. Оны нәтижелі ұйымдастыру, сынып жетекшілерінің педагогикалық білім деңгейінің сапасы мен педагогтік шеберлігіне байланысты. Оған мектептің педагогикалық ұжымы мен балалардың ата-аналарын, тіпті жұртшылықты тарта білу қабілетін игерудің де маңызы ерекше.

Бала тәрбиесі – шығармашылық процесс. Ол әрбір мектептің, тіпті сыныптың ішкі өз жағдайына байланысты ұйымдастырылады. Сондықтан да бұл оқу-әдістемелік құралда мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруға сай барлық жағдайларды қамтып көрсету мақсат етіп қойылмаған. Ол үшін, сынып жетекшілерінің озат тәжірибелерді жинақтау және өз бетінше білімдерін жетілдіру міндетті.

Оқу құралы жоғары және арнаулы кәсіби білім беру педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастырушылары мен сынып жетекшілеріне арналған.

Қазіргі кездегі жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері.Кезінде орыстың әйгілі педагогы К.Д.Ушинский Европа халықтарының тәрбие саласында педагогикалық формаларының ұқсастығына қарамастан, әрқайсысының өздеріне тән ерекше ұлттық тәрбие жүйелерінің, ерекше мақсаттарының, сол мақсаттарға жетуде өздерінің ерекше құралдарының болғанын айтқан. «Тәрбие халықтық сипатқөа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді »- деген ол.

Халықтың тарихы, оның тіршілігі тәрбиенің мақсатын анықтайды. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысында оның бағытын, мазмұнын, формалары мен әдістерінтыңдауда көзсіз еліктеушілік оң нәтиже бермейді – деген өнегелі өсиеті бүгінгі таңда қазақ елінің тәлім тәрбие саласында ұстанып отырған бағытын анықтайды. «Халықтық тәрбиені бала құрсақта жатқаннан бастайды. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен іске асырылады». Олай болса жасөспірім бойына халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, имандылық пен ізгілік нұрын сіңіруге баса назар аудару, түгінгі таңда басты мақсат мұраттарымызға айналып отыр. Ол үшін, өз жерін, өз елін сүйетін, өз халқының тарихын, тілін, мәдениетін қадірлеп-қастерлейтін азаматты тәрбиелеу, ұлттық санасын дамыту – мектептердің басты міндеті болмақ. Өз ұлтының келешегі мен бүгіннен бейхабар азаматтан қандай жақсылық күтуге болады. Ұрпақ тәрбиесі келешек ұлт тағдыры, олай болса тәлім-тәрбиеде бүкіл халықтың қолдауы қажет. Ұлттық мәдениетімізді ұрпағымыздың санасына сіңіріп салауатты азаматтарды тәрбиелеген кемелді ел болып, өркениеттілігімзід көтеру үшін ең алдымен ұлттық тәрбиенің бүкіл халықтық бағдарламасын жасау қажет. Сол бағдарламаны үлкен де кіші де, зиялы қауым да орындауы міндетті болуы тиіс. Сонда ғана біз «бестігімізді» түзей аламыз. Оның алғашқы түрлері бар, олар «Атамектен», «Жұлдыз», «Кәусар бұлақ», «Алтын көмбе» бағдарламалары. «Әдеп әліппесі» /бастауыш мектеп/, Әдеп және жантану/орталау мектеп/, «Қазақ этнопедагогикасы» /жоғары мектеп/ пәндері арнайы бағдарламалар негізінде оқытыла бастады. Республикада білім беру мазмұнын жаңарту, жаңа буын оқулықтар мен кешендерін жасау жұмыстары да қатар жүргізілуде. Оқыту қазақ, орыс тілдерінде жүретін жалпы білім беретін мектептердің 1-7 сыныптарында жаңа оқу жоспарларымен, бағдарламаларымен және төл оқулықтарымен қамтылып, соның негізінде оқуға көшкен. Сондай – ақ, барлық мектептердің 1-11 сыныптарда «Валеологиядан» факультативтік курстар оқытылуда. «Жасөспірімдердің адамгершілік-жыныстық тәрбиесі негізінде бағдарлама әзірленуде».

Жас ұрпақты нашақорлық індетінен сақтау, бүгінгі күннің ең негізгі мәселесіне айналып отыр. Осы бағытта «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде зиянды заттарды қолдануды болдырмау» бағдарламасы 1999/2000 оқу жылынан бастап 1-11 сыныптарда арнайы курс ретінде енгізілді.

Бүкіл тәрбие процесі баланың жеке тұлғасын дамтыуға, ұстаздар мен оқушылар қарым-қатынасын демократияландыруға, ізгіліктендіруге, ата-аналар қауымымен ынтымақтаса жұмыс істеуге бағытталған. Еліміздің әлеуметтік-экономикасын жетілдіру кезеңі мен нарық жағдайында адам факторы жаңа негізде қаралып, жаңа адамды қалыптастыру тың мәселе болмақ. Келешекте кез келген техникалық білімді меңгертуде тірек болатын ең жалпы, іргелі политехникалық білімнің маңызы артпақ. Олай болса заман талабына сай компьютер тілін меңгерген білімді де білікті ұрпақты даярлау – бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі бола бермек.

Осы бағытта жаңа типті оқу орындары пайда болуда: лицейлер, гимназиялар, колледждер, жеке меншік мектептері.

Жалпы адамзаттық дамудың техникалық, экономикалық және мәдени-рухани қарқынды кірігулері әлемде ешбір ұлт, ешбір халық өзімен-өзі томаға-тұйық дамымайтындығын, оның есік терезесі әлемдік тәжірибеге әрқашан ашық болуы керектігі бүгінде еш дау тудырмасы керек. Осыған байланысты ұлттық мектебімізді халықтық педагогикаға негіздей отырып, оны әлемдегі басқа да озық педагогикалық идеяларымен байытып отыру – нағыз өркениеттіліктің белгісі. «Қазақстанның халық педагогикасы мен ұлт мәдениетінің озық дәстүрлерін батыс және шығыс үлгілерімен ұштастыра отырып, қазақтың ұлттық мектебін қалыптастыру мақсатында 1993 жылдан бастап норвегиялық Штайнер мектептері Ассоциациясының мұғалім-өкілдері Штайнер мектептері педагогикасын қассоциация, Алматы қалалық білім беру басқармасымен бірлесе отырып № 123 қазақ орта мектебінде 1993/94 оқу жылында 1 «а» сыныбы Вольдарф педагогикасының элементтерін пайдалана оқытатын сынып ашылды. Оқу жоспарларына мемлекеттік стандарттан тыс мүсіндеу, кескіндеме, қолөнер пәндері енгізілді және қазіргі уақытта 5 сыныпта, яғни орта буында Вольдарф педагогикасының әдістемесімен оқытуды одан әрі жалғастыруда және бастауышта 1 «а» сыныбы жаңадан ашылды. Вольдарф педагогикасының элементтерін сабақта пайдалану тәсілдері мектеп ұстаздарына және оқушыларға ұнайды. Оқушыларды адамгершілікке, жеке тұлға болуға тәрбиелеуге оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіруге көп көңіл бөлініп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде». Вольдарф жүйесінің ерекшелігі «Р.Штайнер антропософия негізінде танымдық күштерді, өнерге қабілеттіліктерді, сезімдерді адамгершілік бастауларын және діни сезінулерді біртұтас қарап, қамтитын педагогика жасаған. Антропософия – діннің бір түрі емес немесе дайын көзқарастар жүйесі емес, дүние мен адамды тану жолы». «Демек, ХХІ ғасырдағы мемлекеттердің ерекшелігін саяси немесе экономикалық жүйе белгілемейді, ең алдымен сол елдердің мәдени өркениетті төлтумалығы белгілейді.

Түптеп келгенде, білім мен тәрбие дегеніміздің өзі, кең мағынасында, мәдениет атты ұлы құбылыстың аясында көрініс табады. Мәдениет, негізінен, этностық жады арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мұндай киелі эстафетаны өміршең етуге біздің әрқайсысымыздың ең асыл мұратымыз болуы тиіс».

Негізгі әдебиеттер:1,2,3,6,7

Қосымша әдебиеттер:1,5,8,9

Дәріс

Наши рекомендации