Сынау сабақтарының түрлері. Тексеру, рейтинг- тест сабақтары, анықтамасы мен құрылымы
Әдіс пен тәсілдің ұтымды пайдаланылуы, жүзеге асуы сабақтың типіне де байланысты. Қазіргі сабақ туралы көптеген монографиялық еңбектер, жекелеген ғылыми және практикалық сипаттағы мақалалар жарық көрді. Атап айтқанда, Ю.Б.Зотовтың "Қазіргі сабақты ұйымдастыру" (1984), М.Махмутовтың "Қазіргі сабақ" (1985), И.Д.Зверевтің "Қазіргі сабақ: ізденістер, проблемалар, шешімдер", "Сабақ: ол қандай болуы керек?" деген мақалаларын айтуға болады. Жанашыл-педагогтар В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова т.б. іс-тэжірибелерінен қазіргі сабақ кандай болуы керек деген сұрақтың жауабын табуға болады.
Жаңа сабақ. Қазақ тілінен өтілетін жаңа қалып жүйесі — сабак процесінің ішіндегі ең күрделісі. Біріккен сабақ.Оқушыларға теориялық білім беруде біріккен қалып үлкен қызмет атқарады. Лекция қалып. Мектеп окушыларына қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беру процесінде лекция қалпын өткізіп отырудың пайдасы мол. Түсіндіру лекциясы — басқа лекция сабактарға карағанда көлемі жағынан шағын жұмыс формасы. Баяндау лекциясы түсіндіру лекциясына қарағанда көлем жағынан кен, мақсаты мен айтылатын пікірлері жағынан күрделілеу болып келедіШолу лекциясы казақ тілі бағдарламасындағы өткен тілік салалар мен олардың құрамына енетін такырыптарды жинақтап қайталау мақсатында өткізіледі.
Бекіту қалпы. Бекіту қалпы окушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімін пысықтауда үлкен қызмет атқарады. Практикум сабағы. Практикум — жаттығулар жиынтығы деген сөз. Семинар сабағы. Қазақ тілінен өтілетін семинар қалып оқушылар білімін тереңдету мақсатында жүргізіледі. Қайталау сабағы. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен саналы да сапалы білім беруде қайталау калпын жүргізіп отырудың мәні мен маңызы ерекше.
Рейтинг тест сабағы. Рейтинг тест жүйесіі оқытудың сынау тобына кіреді. Окушылардың алған теоирялық білімі мен практикалық дағдысын білікке айналдыру мақсатында тексерудің бірден-бір тиімді түрінен саналады. Рейтинг жүйесі бойынша алған білімді тексерудің үш түрі бар. 1. Сұрақтарға ауызша жауап беру. 2. Койылған сұрақтарға жазба түрде жауап жазу. 3. Тест сұрақтарын анық шеш. Рейтинг жүйесі бойынша оқушы білімін бағалаудың үш түрі бар: 1. Күнделікті бағалау. 2. Аралық бағалау. 3. Қорытынды бағалау. Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы
Сабақ классификациясы (жіктелуі) - сабақтарды құрылысы жөнінен топастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз. Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерек-шеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшелік-теріне де байланысты болып келеді. Мысалы, И. Н. Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С. В. Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді. И. Н. Казанцев бойынша: Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар. Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ. Жаңа білімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалы өтетін сабақ. Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы. Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы. Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар. 7. Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары. 8. Тексеру сабағы - оқушылардың білімін тексеретін сабақтар. 9. Білім сапасын бағалау сабағы - оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары. 10. Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары. С. В. Иванов бойынша: Кіріспе сабақтар. Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы. Жаңа білімді меңгеру сабағы. Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы. Дағдылану сабағы. Қайталау, пысықтау және қорыту сабақтары. Бақылау сабағы. Б. П. Есипов бойынша: Аралас сабақтар. Жаңа оқу материалымен танысу сабағы. Пысықтау сабағы. Қайталап жинақтау, қорыту сабағы. Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы. Білім сынау сабағы. Сол секілді шет елдер тәжірибесінен, атап айтсақ, Чехословакия мектептерінен мысал келтірсек, ондағы сабақты жіктеуде біздің тәжірибемізге ұқсастығын байқаймыз. Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы. Жаттығу сабағы. Қорыту сабағы. 4. Қайталау, білім сынау сабағы. 5. Аралас сабақ. Қорыта айтқанда, қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрлеріне мыналарды жат-қызуға болады: Кіріспе сабағы. Жаңа білімді хабарлау сабағы. Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы. Жаттығу және тәжірибе сабақтары. Зертханалық сабақ. Қайталау-қорыту сабағы. Оқушылардың білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын тексеру және бақылау сабағы. Аралас сабақ өздігінен білім алу сабағы. Сабақты бұлай жіктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында белгілі бір заңдылықтар бар. Атап айтсақ, сабақтың мақсатына байланысты мұғалім оқушыларға жаңа білім беруді көздесе, осыған орай ''Жаңа білімді хабарлау сабағы'' деп аталса, сабақта оқушылардың қабылдаған жаңа білімін іс жүзінде пйдалана білу жолын қарастырса, онда ол ''Жаттығу немесе практикалық сабақ'' деп аталады. Сол секілді мұғалім өткен оқу материалын оқушы-лардың есіне салу, қайталау мақсатын көздесе, ол ''Қайта-лау-қорыту сабағы'' деп аталады. Ал сабақтың ''Аралас сабақ'' түрі оның құрылымына байланысты болып келеді. Мұғалім сабақтар жүйесінде дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге асырады. Демек, оқушыларға жаңа білім береді, оны өмірде, практикада пайдалану жолын үйретеді, өткен оқу материалын қайталап. қорытады, сонымен бірге оқушылардың білім көлемі мен сапасын сынап, оны бағалайды. Мұндай жағдайда көпшілік сабақ оның бірнеше элементтері (кезеңдері) арқылы аралас өтеді. Міне, осындай сабақ түрі ''Аралас сабақ'' деп аталады. Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Олар мынандай болып келеді: 1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау). Сабақта үй тапсырмасын тексеру. Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру. 4. Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жат-тығулар жасау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу). 5. Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы. 6. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болады. Сөйтіп, сабақ түрін жіктеу және құрылымын құру өзара байланысты, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгешелігі болады. Жоғарыда баяндағанымыздай сабақтарды топтас-тыру, оның құрылымын белгілеу негізінен дидактикалық мақсат пен міндеттерге және сабақтың кезеңдеріне байланысты болып келетіндігінде. Кіріспе сабағының құрылымы 1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Жаңа оқу материалын ендіру. Жаңа білімді пысықтау, бекіту. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру. Кіріспе сабағының ерекшелігі, оқу бағдарламасының жаңа тақырыптарын немесе тарауын оқып үйренуде қолданылады. Мұғалім тараудың немесе тақырыптың оқу-тәрбиелік мәнін ашып береді, алдағы сабақтарда оларды өткізу тәртібін оқушыларға түсіндіреді, ондағы жаңа оқу материалдарының мазмұнын оқып үйренудің тәсілдерін көрсетеді. 5. Жаңа білімді хабарлау сабағының құрылымы Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Жаңа оқу материалын ендіру. Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру. Алғашқы тарау немесе тақырыптық кіріспе сабақ-тарына қатысты мәселелерді шешіп алған жағдайда, ендігі жерде мұғалім ағымдағы әрбір оқу материалын меңгеруге сай сабақтар жүйесін ұйымдастырады. Сабақ үстінде жаңа білімдерді баяндау немесе түсіндіру жұмыстары оның өн бойында жүріп отырады. Сондықтан да ол сабақтың негізгі бөлімі болып есептеледі. Сабақта қойылған мақсатқа сәйкес және оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттеріне орайластырып жаңа білімдердің баяндалуына тиісті мөлшерде уақыт бөлінеді. Жаңа сабақты (білімді) хабарлау барысында мұғалім-нің оқу материалын түсіндіруі оқушылардың сабақ үстіндегі өздігінен істейтін жұмыстарымен ұласып отырады. Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымы 1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оқушыларды сабаққа әзірлеу. 2. Бұрын өтілген оқу материалдарын қайталау, пысықтау. 3. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығу-лар мен практикалық және лабораториялық жұмыстарын атқаруы. 4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, түсіндіру. Жаңа білімді оқушылардың қабылдап, меңгеруі барысында сабақтың пысықтау және бекіту кезеңдері де белсенді қызмет атқарады. Себебі жаңадан оқып үйренген білімдерді пысықтап отыру әр сабақтың елеулі элементі болып табылады. Алған білімді бекітпейінше, оны сапалы да берік меңгеру мүмкін емес. Сондықтан білімді бекіту сабағы өзінің құрылысы жөнінен әр алуан болып келеді. Мұғалімнің түсіндіруі жағдайында оның сөзімен бірге оқушылардың өз бетінше жаттығу істері және тәжірибелік-зертханалық жұмыстарында тәжірибелер жүргізіп, көрнекі құралдарын көрсету жұмыстары қоса атқарылады. Оқу жұмысының мұндай алуан түріне қарамастан мұғалімнің сөзі жетекші рөл атқарады. Мұндай сабақтарда бұрынғы ұғынған оқу материалдарын оқушылардың қаншалықты терең меңгергенін, көлемін, сапасын тексеру жұмыстары да кіреді. Жаттығу және тәжірибелік сабақтың құрылымы Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығу-лар мен практикалық және лабораториялық жұмыстарын атқаруы. 3. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру. Практикалық сабақ оқушылардың алған теориялық білімдерін практикамен байланыстыру, пысықтау және бекіту мақсатын көздейді. Практикалық сабақты жүргізу үшін түрлі жаттығу жұмыстары мен тәжірибелер қолданылады. Олар әр пәннің ерекшеліктеріне қарай атқарылады. Мысалы, тілден граматикалық түрлі ережелерге сәйкес жазбаша және ауызша жаттығу не талдау жұмыстары жүргізілсе, сызу пәнінен графикалық, ал физика мен химиядан лабора-ториялық-эксперименттік тәжірибелер жасалады. Яғни, практикалық сабақтарда оқушылардың білімімен қатар олардың біліктілік және дағдыларын пысықтау да көзделеді. Қайталау сабағының құрылымы Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Бұрын өткен оқу материалдарын қайталау, пысықтау, еске түсіру арқылы оларды жүйеге келтіріп, жинақтау және қорытындылар мен тұжырымдар жасау. 3. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру. Қайталау-қорыту сабақтың аса көп тараған түрі. Қайталудың мақсаты - өткен оқу материалдарының ең негізгі түйінді мәселелерін қайталап пысықтауды (қай-талау - оқытудың анасы), оқушыларды өздігінен қоры-тынды жасауға үйретуді көздейді. Бұған мұғалімнің аса жауапкершілікпен ой жіберіп, тыңғылықты әзірлігін қажет етеді. Қайталау сабақтары не сабақ үстінде, болмаса арнайы ұйымдастырылған сабақ арқылы өткізіледі. Ол оқу бағдар-ламасы бойынша көлемі жағынан ірі тақырыптар немесе тарауларды оқып үйренуге байланысты соңында, сол сияқты оқу тоқсанының және оқу жылының аяғында жүргізіліп отырады. Қайталау сабағына оқушыларды жақсы ұйымдастыру үшін оның сұрақтары мен пайдалануға тиісті әдебиеттерін оқу және сабақ барысында қолданылатын қажетті құрал-дарын әзірлеу жұмыстарын алдын ала белгілеу керек. Қайталау сабағын әр түрлі тәсілдермен (ауызша, жазбаша, графикалық, лабораториялық жұмыстары және саяхат жасау) ұйымдастыруға болады. Сабақ соңында мұғалім оның нәтижесін қорытын-дылап, оқушыларға қосымша тапсырмалар беруі мүмкін. Мұғалім оқушылар біліміндегі басты жетістіктері мен кемшіліктерді басымырақ көрсетіп, келешекте қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу қажеттігіне оқушылардың назарын аударады. Аралас сабақтың құрылымы 1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Оқушылардың орындаған үй тапсырмаларын тексеру. Жаңа оқу материалын ендіру. Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту. Қорытындылау, сабақтың аяқталуы. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. Аралас сабақ - мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрі. Мұндай сабақ барысында сабақтың барлық дидактикалық кезеңдері немесе буындары алма кезек өзара ұштасып жатады. Сабақ үстінде өткенді қайталау, жаңа материалды мең-геру, пысықтау және тексеру, бағалау жұмыстары оқушы-лардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады, назарын тұрақты етеді. Сондықтан, ол мұғалімнің оқу ісін ұйымдастыруында және оқушылардың оқу материалын жете түсінуіне өте қолайлы. Аралас сабақ әсіресе бастауыш және орта сыныптарда, сонымен қатар тілге қатысты пәндерде көптеп қолданы-лады. Сондай сабақтың бір вариантын профессор Р. Г. Лемберг өзінің ''Дидактикалық очерктер'' деген еңбегінде ұсынады. Оның ерекшелігі, дәстүрлі сабақта ұйымдастыру кезеңінен кейінгі ретте мұғалімдердің көпшілігі сабақты оқушылардың үй тапсырмасын тексеріп, бағалаудан бастаса, мұнда оған керісінше жаңа оқу материалын енгізіп, түсіндіру жұмыстарына айрықша мән береді. Мысалы, оның құрылымы мынандай болып келеді: Жаңа оқу материалын өткен материалға байланыстыра түсіндіру. Үйге тапсырма беру. Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру. өткен оқу материалын қайталап, оқушылардың білімін сынау және жаңа сабақты пысықтау. Р. Г. Лембергтің тұжырымдауы бойынша, егер сабақты өткен оқу материалын ұзақ уақыт сұраудан бастаса, оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдау, түсіну белсенділігі төмендейді. Сол үшін жаңа оқу материалын сабақтың бастапқы кезеңінде, демек, оқушылардың таным қабілеттерінің белсенділігі жоғары жағдайында, шаршамай, тың отырған уақытында өту ұсынылады. Бұл құптарлық ұсыныс. Осы үлгіні әсіресе, жоғары сыныптарда кеңірек қолданған дұрыс болар. Себебі, оқушылардың оқу жұмысы жоғары сыныптарда күрделі болып келеді. Сөйтіп, олардың оқу материалын тиянақты меңгеруінде түсіндіру және оны пысықтау, бекіту жұмыстарына айрықша мән берген жөн болар. Сабақта жаңа оқу материалын жақсы меңгерген оқушы әрине үй тапсырмасын дұрыс өз дәрежесінде орындап келуіне ешкім-нің де шүбәсі болмас деп ойлаймыз. Мұндай жағдайда үй жұмысын тексеруде арнайы уақыт бөлу, мүмкін қажет емес болуы шарт, оны басқадай жолдармен немесе оқушылардың өздеріне тапсыруды да қарастырған жөн болмақ. Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағды-ларын тексеру, бақылау сабағының құрылымы 1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақ-тың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Тексеру, бақылау жұмыстарын ұйымдастыру. Оқушылардың өзіндік жұмыстары. Оқушылар білімдері, іскерліктері мен дағдыларын бағалау. Қорытындылау, сабақтың аяқталуы. Сабақтың бұл түрінің көздейтін мақсаты - оқушы-лардың алған білімдері мен дағды көлемінің қандай дәрежеде екендігін байқап, тексерумен қатар, оның сапасын бағалау; олардың білетіндері мен білмейтін мәселелерін анықтап, оны болдырмау жолдарын қарастыру. Білімді тексеру және бағалау жұмыстары күнделікті сабақтар барысында, сонымен қатар арнаулы сабақтар түрінде де өткізіледі. Соның барысында оқушыларды оқу материалын терең ұғынуға және меңгеруіне мүмкіндік береді. Бұл жұмыстың білімдік және тәрбиелік қызметі жағынан маңызы зор. Біріншіден, оқушылардың біліміне бақылау жүргізу, олардың білімін толықтыру болса, екін-шіден, олардың жеке басын жан-жақты дамытып, тәрбиелеу жөнінен ойдағыдай рөл атқарады. Тексеру және бағалау жұмыстарын жүйелі атқару оқушыларды тегіс қамтып, олардағы білім, дағдыларындағы кемшіліктерді дер кезінде анықтап, болдырмау жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. |
17 сұрақ. Практикалық дағдыны қалыптастыру (пысықтау) сабақтарының түрлері, анықтамасы мен құрылымы. Түсіндіру сабақтары: жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу т.б.
Пысықтау сабақтары: бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс, конференция, талқылау т.б.
Сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын, сахналау, жұмбақ т.б.
Жаңа сабақ – жаңа білім беру мақсатында.Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында.Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында.Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында.Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау.Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту.Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету.Қайталау сабағы – пәндерден алған білімді толық қалыптастыру.Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау.Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.Сынақ сабақ – білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру.Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту.Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту.Талқылау сабағы – ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.