Бөлме өсімдіктер» үйірмесінің жоспары.
1 варианты
№ | Сабақ тақырыбы | Мерзімі | Жауапты |
Ұйымдастыру сабағы: секцияның жұмыс жоспарын талқылау; жеке және топтық тапсырмаларды құрастыру. | қыркүйек | Үйірме жетекшісі, секция старостасы | |
Бөлме өсімдіктерін күту | әрқашан | Секция стар-ты, кезекшілер | |
Барлық бөлме өсімдіктерін алдын-ала тексеру | айына 1 | Секция стар-ты | |
Жер қоспасымен және оны дайындаумен танысу | ІХ | Үйірме жетекшісі | |
Әртүрлі топтағы бөлме өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктерімен танысу | Х | Үйірме жетекшісі | |
Бөлме өсімдіктерінің жүйеленуі, таксондар туралы түсінік. Биология кабинеті өсімдіктерін анықтау және паспортизациялау (этикетаж) | Х | Үйірме жетекшісі старостасы | |
Бөлме өсімдіктерін күз-қыс мезгілдерінде күту | ХІ-І | Жетекші,кезекші | |
Бөлме өсімдіктерін орналастыру әдестері | қараша | Үйірме жетекшісі | |
«Бөлме өсімдіктерімен саяхат» атты кешті дайындау және өткізу | ХІІ | Секция старостасы | |
Үйірмеге қатысушылардың жеке тапсырмаларын орындау туралы есептері | қаңтар | Секция старостасы | |
Бөлме өсімдіктерін көктем-жаз мезгілдерінде күту | ақпан | Үйірме жетекшісі | |
Бөлме өсімдіктерінің жауларын анықтау және олармен күрес | ақпан | Үйірме жетекшісі | |
Пратикалық сабақ: «Бөлме өсімдіктерінің көбеюі» | ІІІ- V | Старостасы | |
Бөлме өсімдіктерін жаңадан отырғызу тәртібі және жер қоспаларын дайындау | сәуір | Үйірме жетекшісі | |
Бөлме өсімдіктерін жаңадан отырғызу | ІV-V | Старостасы | |
Ботаникалық саяжайға экскурсия | мамыр | Үйірме жетекшісі | |
Өсімдіктерді жаз мерзіміне дайындау, өсімдіктердің бір бөлігін ашық жерге отырғызу | маусым | Үйірме жетекшісі | |
Жаз мезгіліне кезекшілік кестесін құрастыру | маусым | Старостасы | |
Өсімдіктерді жаз мезгілінде күту | VІ-VІІІ | Кезекшілер | |
Өсімдіктерді мектеп рекреацияларына орналастыру | VІІІ | Үйірме жетекшісі |
2 варианты
№ | Сабақ тақырыбы | Сағ. саны | Өткізу мерзімі |
Ұйымдастыру сабағы. Жұмыс жоспарымен танысу. «Жетісу табиғатын ұрпақтар үшін сақтайық» атты облыстық эстафета және «Қысқы бақ» атты іс-шараға қатысудағы үйірме мақсаттары. | қыркүйек | ||
Бөлме өсімдіктері–тірі ағзалар. Бөлме өсімдіктерінің жүйеленуі. Бөлім, тип, класс, тұқымдас, түр, түр әртүрлілігі, сорт туралы түсінік. | қыркүйек | ||
Бөлме өсімдіктері, олардың тіршілігінің ерекшеліктері және оларды күту. Белсенді өсу және тыныштық кезеңдері туралы түсінік. | қазан | ||
Бөлме өсімдіктеріне арналған ыдыстар: олардың пішіні, көлемі, материалы. Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, түрлі жер қоспаларын дайындау. Тұқым дайындау. | қазан | ||
Өсімдіктердің өсуінің жағдайға байланыстылығы (жылу, ылғал, жарық). Өсімдіктер өміріндегі терең және мәжбүрлік тыныштық, оның бұзылуы. Пияз тамырлы бөлме өсімдіктерінің биологиясы, олардың пайда болуы және оларды күту. | қараша | ||
Бөлме өсімдіктерінің ауа және су режимі (күтудегі ылғалдық және жылу температурасы, суғару және бүрку, тазалық және орналастыру) | желтоқсан | ||
Өсімдіктерді қыс мезгілінде күту. Өсімдіктердің қоректе, ылғалда, жылуда, ауада қажеттіліктерінің азаюы. | қаңтар | ||
Бөлме өсімдіктіерінің көбеюі: тұқыммен, вегетативтік (бөліну, өсінді, тамырсабақ, жапырақтық және сабақтық ) | ақпан | ||
Бөлме өсімдіктіерін жаңадан отырғызу, олардың өсуін қадағалау (қысу, кесі, пішіндеу). Осы іс-әрекеттерді жүргізу жолдары. | наурыз | ||
Бөлме жағдайында өсірілетін өсімдіктер, олардың биологиялық ерекшеліктері, өсіру агротехникасы: көлеңкесүйгіш, күнсүйгіш, гүлдейтін, декаративті-жапырақты. | сәуір | ||
Бөлме өсімдіктіерін қоректендіру. Құрғақ, сұйық, тамыр үсті, өсу жеделдеткіштер. | мамыр | ||
Қорытынды сабақ. Жазға тапсырма. | маусым |
Бұл ретте жоспарға қоршаған ортаға саналы түрде қатынас жасауға бағытталған, топ болып және жеке істейтін тапсырмаларды кіргізуге болады. Орындалатын жұмсытың пайдалылығын жете түсінсе, оқушылардың ең қиын деген, мысалы, апатқа кесе көлденең тұру, сусыз жерлерге адамды шаттыққа кенелтетін гуүлзарлар өсіру; еліміздің суық аймақтарында жемісті бақ өсіру; тоғанға аса құнды балықтар жіберуге жәрдемдесу және т.б. жұмыстарды құлшына орындауына мүмкіндік туады.Табиғатқа топсеруен жасаған кезде патриоттық сезім, сондай-ақ тіған өлкеге деген сүйіспеншілік күшейе түседі. Жс натуралистер үйірме жұмыстарында топсеруен және жорықтар кезінде жинаған экспонаттарын мектептің өлкетану музейіне қоюға ыңғайлап, реттейді немесе биология кабинетіне көрнекі құралдар әзірлейді.
Жас натуралистер үйірмесінің жұмыс жоспары бір жылға немесе жарты жылға жасалады. Жылдық жоспар жылдың екінші жартысына белгіленген жұмыстарды жүргізуге дер кезінде даярлануға айтарлықтай мүмкіндік береді. Мысалы, егер «Табиғаттағы маусымдық өзгерістер» тақырыбы таңдап алынған болса, онда табиғатты бүкіл жыл бойы белгілі бір жүйемен зерттеу жоспарға енгізілуі керек.
Жоспар жасағанда мұғалім мына мәселеге ерекше көңіл бөліп: үйірме жұмыстарында және жас натуралистермен жеке жұмыс үстінде қандай істер атқара алады; бақылау үшін қандай объектілер таңдаған дұрыс; қарапайым тәжірибелер қою үшін қайсысын таңдаған жөн; Биологиялық кештер және де басқа көпшілік шараларды қалай жақсы ұйымдастырып, өткізу қажеттілігін ойластыру қажет. Дұрыс жасаған жоспар бойынша мұғалім кейбір жеке мәселелерді жеңіл шешеді және жас натуралистерді тақырып бойынша нақты тапсырмаларды орындауға дер кезінде даярлай алады.
Оқу жылы басында ортаңғы сынып жасындағы жас натуралистер үшін мынадай жоаспар жасалады: топсеруенде күзгі табиғатты зерттеу, тақырыптық кештер немесе көрме ұйымдастыру, күзгі маусымдағы өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі өте қызықты объектілерге фенологиялық бақылау жасау, топсеруен материалдарын көркемдеу және басқа жұмыс түрлерін атқару.
Жас натуралистер үшін қысқы кезеңде де табиғатты зерттеу едәуір қызықты болады.
Құстардың, қосмекенділердің және басқа жануарлардың, сондай-ақ өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға төзуге қалай бейімделгенін ең қарапайым бақылаулардан көруге болады.
Көктемгі және жазғы кезеңдердегі табиғатты да дәл солай зерттейді. Мұғалім объектілерді іріктеп алып, оқушылардың көз алдына өсімдіктердің қаулап өсуін, гүлдеуін, жеміс беріп салуын, жануарлардың мінез-қылығын және басқа да табиғаттағы маусымдық өзгерістерге тығыз байланысты көптеген жағдайларды көрнекі түрде аша алатын аса маңызды мәселелер шеңберін анықтауы керек.
Табиғат объектілерін ұзақ бақылау арқылы оқушылар тірі табиғаттың даму заңдылықтарын, табиғат құбылыстарының өзара байланысын және өзара тәуелділігін түсінуге мүмкіндік алады. Мысалы, мектеп жасындағы оқушыларға қиын тәрізді болып көрінетін құстың қайтуы мәселесі құстарға ұзақ бақылау жасаудан кейіг түсінікті болады. Сөйтіп, табиғаттағы маусымдық құбылыстарды зерттегенде және жануарлар мен өсімдіктерді ұзақ уақыт бақылау кезінде, жас натуралистер көптеген «неліктен» деген сұраққа жауап табады. Жас натуралистер үйірмесінің жұмыс жоспарына табиғатты тұтасымен алып және оның кейбір жеке компоненттерінің дамуын көрсететін мәселелер мүмкіндігінше енгізілуі керек.
Биологиядан ғылыми-көпшілік кітаптар бойынша өткізілетін конференциялар мен диспуттар үйірме жұмысының тақырыбы бола алады. Мысалы, Н.М.Верзилин мен В.М.Корсунскаяның «Лес и жизнь» атты кітабында ормандағы тіршіліктің күрделі айналымы терең ғылыми тұрғыда және түсінікті формада көрсетілген. Жоғары сынып үйірмесі мүшелерінің арасында кеңінен талқылайтын кітаптың бірі – И.Акимушкиннің «Занимательная биология» атты кітабы. Бұл кітап оқушыларды қызықтыратын қазіргі биология мәселелерін, мысалы, тіршілік микромеханикасы, тұқым қуалаушылық заңдары т.б. қамтиды.
Жеке берілетін тапсырмалардың тақырыбы алуан түрлі болып келуі мүмкін. Оқушылардың біреулері аквариум ісінің «шебері» болса, оған аквариум балықтары бойынша тәжірибе жасау тапсырылады, енді біреулері – кептер мен қояндарға әуес келеді, үшіншілері – бөлме өсімдіктерін өсірумен айналысады немесе мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде тәжірибе жасайды. Жеке өтілетін сабақтар үшін тақырып анықтауда және таңдауда жас натуралистерді мәжбүр етпей-ақ, олардың өзіне толық ерік беру керек. Тәжірибе жұмыстары үшін жазылған кітаптар жас натуралистерге жеке орындайтын тапсырмалардың тақырыбын, сондай-ақ тәжірибе және бақылау жасауға өсімдіктер немесе жануарларды таңдап алуға көмектеседі.
Егер жас натуралистер кант қызылшасын өсіруді таңдап алса, онда оған «Юным растеневодам» атты кітаптың кант қызылшасы туралы арнаулы бөлімін оқу ұсынылады. Ол қант қызылшасының агротехникасы, оның биологиялық ерекшеліктері туралы және мектептің оқу-тәжірибе учаскесіне қандай тәжірибе жасауға болатындығы жөнінде мағлұмат алады. Кітаптың соңында егістікте тәжірибені қалай дұрыс қойып жүргізу қажеттілігіне нұсқау беріледі.
Картоп жөнінде тәжірибенің көптеген варианттарын таңдауға болады, бұл туралы В.Пыльневтің «удивительные половинки» атты кітабында жинақталып, көңілдегідей етіп жазылған.
Балалардың көпшілігі мал шаруашылығына қызығады. Олар ірі қараның бұзауын күтімге алып, қояндарға қызықты тәжірибе жұмысын жүргізеді, тоспалар мен өзендерде балық өсіруге үлкендерге көмектеседі, пайдалы жануарларды жаңа аймақтарға жерсіндіреді. Жасөспірімдер жеке орындайтын жұмыстар үшін тақырып таңдағанда, үйірме жетекшісі оларға тапсырманы орындаған кезде кездесетін қиындықты түсіндіруі тиіс. Бұл орындаушының жұмысқа дайындығы жоқ кезде қиындығын ескерместен, оны аяғына дейін жеткізбей тастап кетуіне, сөйтіп, жұмысқа деген ынтасының жойылуына апарып соғатын жағдайлардан сақ болуына мүмкіндік береді. Енді бір жағынан алғанда, егер үйірме мүшесі бір жұмысты қатарынан бірнеше жыл атқарса, оған деген құштарлық жойылады. Сондықтан жұмыстың немесе тапсырманың түрін өзгертіп, күрделендіріп және көбейтіп отыру қажет.
Жас натуралистермен істелетін үйірме жұмысының алуан түрлілігін және кең ауқымдылығын ескере отырып, тек жалпы мәселелерді ұйымдастыруға ғана тоқталайық.
Биология мұғалімі нақтылы жұмыстарды мектептің мүмкіндеге мен жағдайы негізінде жүргізе алады. Натуралистік жұмыс қандай жағдайда болмасын тірі табиғатты зерттеуге мүмкіндік жасалуы үшін жетекші мыналарды есте ұстауы тиіс:
- Басталған жұмыс әр уақытта соңына дейін жеткізілуі қажет. Жұмыстың нәтижесі кейбір қиындақтарға кездескенімен түпкі мақсаты жүзеге асса, ол жас натуралистердің құштарлығын арттырады.
- Жас натуралистерге тапсырманы бекітіп бермес бұрын, алда тұрған жұмыстың мәнін ашып түсіндіру қажет. Бақылаудың қандай түрі болмасын, жүргізу қажеттігіне жасөспірімдердің көзін жеткізгенде ғана, ол оны құштарлықпен орындайды.
- Үйірме жетекшісі жас натуралистерге өзі үлгі бола алатындай болуы керек. Егер ол жас натуралистік жұмыспен айналысса, онда оқушылардың да оған еліктеп, құштарлығы артып, ынталана жұмыс істейтін болады.
Жетекші үйірмеде сабақ өткізген кезде материалды оқушыларда сөзсіз сезім пайда болатындай етіп іріктеп баяндауы қажет, сонда ол биологиялық заңдылықтарды танып-білуге қызықтыра түседі.