TALIS екінші талдауының 11, 18 және 24 сұрақтары
А) Қатысу% | Ә) Әсері% | |||||||
Иә | Жоқ | Әсері жоқ | Әсері аз | Әсері орта-ша | Әсері зор | |||
А) | Курстар/семинарлар (мысалы, пән бойынша,оқыту әдістері бойынша оқуға қатысты басқа тақырыпта) | 79% | 21% | 1% | 14% | 35% | 50% | |
Ә) | Білім беру саласындағы конферен-циялар/семинарлар (онда мұғалімдер және немесе ғалымдар өз зерттеу-лерінің нәтижелері мен таныстыра-ды, білім беру проблемаларын талқылайды) | 86% | 14% | 22% | 20% | 58% | ||
Б) | Біліктілік бағдарламасы (м, дәреже алуға бағытталған бағдарлама) | 45% | 55% | 20% | 10% | 23% | 47% | |
В) | Танысу мақсатындағы басқа мектептерге сапарлар | 55% | 45% | 13% | 28% | 13% | 46% | |
Г) | Мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін арнайы құрылған мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығына қатысу | 40% | 60% | 20% | 41% | 39% | ||
Ғ) | Сізді қызықтыратын тақырыптар бойынша жеке немесе бірлескен зерттеулер | 48% | 52% | 0% | 24% | 30% | 46% | |
Д) | Мектеп іс-шараларының ресми бөлігі ретінде жүретін тәлімгерлік немесе әріптесті қадағалау және коучинг | 45% | 55% | 10% | 27% | 24% | 39% |
Талис сауалнамасы жалпы мектеп бойынша 106 мұғалімнен алынды. Сауалнамадағы жалпы ақпараттар бөлімінің 11 сұрағы: Соңғы 18 айдың ішінде төменде көрсетілген кәсіби даму түрлерінің қайсысына қатыстыңыз, және де алған біліміңіздің мұғалімдік тәжірибеңізге әсері болды ма? Алынған сауалнама
қорытындысы төмендегіше:
Жоғарыдағы 11-сұрақ сауалнамасының қортындысындағы мәлімет бойынша мұғалімдердің өз таңдауы:
А) «Курстар/семинарлар (мысалы, пән бойынша,оқыту әдістері бойынша оқуға қатысты басқа тақырыпта)» қатысуы бойынша “Ия” деп 79%, “Жоқ” деп 21% мұғалім жауап берген. Әсері бойынша “Әсері жоқ” деп 1% мұғалім, “Әсері аз” 14%, “Әсері орташа” деп 35%, “Әсері зор” деп 50% мұғалім жауап берген.
Ә) «Білім беру саласындағы конференциялар/семинарлар (онда мұғалімдер және немесе ғалымдар өз зерттеулерінің нәтижелері мен таныстырады, білім беру проблемаларын талқылайды)» қатысуы бойынша “Ия” деп 86%, “Жоқ” деп 14% мұғалім жауап берген. Әсері бойынша “Әсері жоқ” деп 0% мұғалім, “Әсері аз” деп 22%, “Әсері орташа” деп 20%, “Әсері зор” деп 58% мұғалім жауап берген.
Бұл сауалнамадағы «А» және «Ә» бөлімдерінен шыққан қорытынды: курстарға, семинарларға, конференцияларға қатысып, тәжірибе алмасып, тәжірибе жинақтаған әрбір мұғалімнің өз тәжірибесінде кәсіби деңгейінің өсуі байқалып тұр.
Б) «Біліктілік бағдарламасы (м, дәреже алуға бағытталған бағдарлама)» қатысуы бойынша “Ия” деп 45%, “Жоқ” деп 55% мұғалім жауап берген. Әсері бойынша “Әсері жоқ” деп 20% мұғалім, “Әсері аз” деп 10%, “Әсері орташа” деп 23%, “Әсері зор” деп 47% мұғалім жауап берген. Мұғалімдерге өтілген коучинг, оқушылармен жүргізілген “Lesson Study” мен тізбектелген сабақтың өтілуі мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының артуына әсер етті. Дегенмен, мұғалімдердің 100%-ы әдіс-тәсілдерді игере алмағанын байқадым.
В) «Танысу мақсатындағы басқа мектептерге сапарлар» сұрағындағы «А» тармағы бойынша: “Ия” деген жауапқа 55%, “Жоқ” деген жауапқа 45% мұғалім жауап берген. Әсері бойынша “Әсері жоқ” дегенге 13% мұғалім, “Әсері аз” дегенге 28%, “Әсері орташа” деп 13%, “Әсері зор” деп 46% мұғалім жауап берген. Танысу, білісу, тәжірибе алмасу мақсатында басқа мектептерге сапарлар ұйымдастыруға мұғалімдер арасында жиі қолдану керек деп шештім.
Г) «Мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін арнайы құрылған мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығына қатысу» сұрағы бойынша «А» тармағындағы: “Ия” деген жауапқа 40%, “Жоқ” деген жауапқа 60% мұғалім жауап берсе, «Ә» тармағындағы “Әсері жоқ” дегенге 0% мұғалім, “Әсері аз” дегенге 20%, “Әсері орташа” дегенге 41%, “Әсері зор” дегенге 39% мұғалім жауап берген. Сауалнаманың “Әсері жоқ” деп мұғалімдердің 0% -ы, “Әсері аз” деп 20%-ның жауап беруі, ішкі және сыртқы қоғамдастықты құрудың негізгі мақсатын түсінбегендей. Сол үшін, түсінбеген мұғалімдерге мұғалімдерден құралған кәсіби қоғамдастықтың тиімділігін түсіндіруді қолға алу қажет.
Ғ) «Сізді қызықтыратын тақырыптар бойынша жеке немесе бірлескен зерттеулер» сұрағында қатысуы бойынша: “Ия” деген жауапқа 48%, “Жоқ” деген жауапқа 52% мұғалім жауап берсе, әсері бойынша: “Әсері жоқ” дегенге 0% мұғалім, “Әсері аз” дегенге 24%, “Әсері орташа” деп 30%, “Әсері зор” деп 46% мұғалім жауап берген.
Д) «Мектеп іс-шараларының ресми бөлігі ретінде жүретін тәлімгерлік немесе әріптесті қадағалау және коучинг» сұрағына қатысуы бойынша: “Ия” деп 45%, “Жоқ” деп 55% мұғалім жауап берсе, әсері бойынша: “Әсері жоқ” деп 10% мұғалім, “Әсері аз” деп 27%, “Әсері орташа” деп 24%, “Әсері зор” деп 39% мұғалім жауап берді. Бұл алынған жауаптардан түйгенім: танысу мақсатымен басқа да мектептерге іс-сапармен барған мұғалімдердің 24%-ы “Әсері орташа” деп жауап беруі, мектептер арасындағы кәсіби қоғамдастықтың іс-шараларына қатысудың пайдалы екенін көрсетіп тұр. Демек, ұстаздар кәсіби қоғамдастықтың маңыздылығын түсіне бастаған.
Әсері жоқ | 10% |
Әсері аз | 27% |
Әсері орташа | 24% |
Әсері зор | 39% |
Талис сауалнамасындағы 18-сұрақ: кәсіби даму саласындағы өз қажеттіліктеріңізді ескере отырып, төменде көрсетілген салалардың қайсысында даму қажет деп санайсыз? Нәтиже мынадай болды:
Қажет емес | Қажеттігі шамалы | Қажеттігі орташа | Өте қажет | ||
% | % | % | % | ||
А) | Сабақ беретін негізгі пән(дер)іңіздің мазмұны мен табыс критерийлері | ||||
Ә) | Оқушыларды бағалау әдістемесі | ||||
Б) | Сыныпты басқару | ||||
В) | Сабақ беретін негізгі пән(дер)і-ңіз бойынша білім және түсінік | ||||
Г) | Сабақ беретін негізгі пән(дер)іңізді оқыту тәжірибесі туралы білім және түсінік | ||||
Ғ) | Оқытудағы АҚТ дағдылары | ||||
Д) | Білім беруде ерекше қажеттілік-тері бар оқушыларды оқыту | ||||
Е) | Оқушылардың тәртібі және мінез-құлық проблемалары | ||||
Ж) | Мектепті басқару және әкімдеу | ||||
З) | Көп ұлтты ортада оқыту | ||||
И) | Оқушылардан кеңес алу |
А) «Сабақ беретін негізгі пән(дер)іңіздің мазмұны мен табыс критерийлері» “Қажет емес” деп 7%, “Қажеттілігі шамалы” деп 22%, “Қажеттілігі орташа” деп 36%, “Өте қажет” деп 35% ұстаздар жауап берген. Сауалнамаға берген жауаптарын қорытындылағанда білгенім, көптеген ұстаздар өздерінің пәндерінің мазмұны мен табыс критерийлерінің кәсіби даму саласында өте қажеттілігін айтады. Демек, мұғалімдер өз мамандығы бойынша пәндерінде табыс критерийлерін құру керектігін көрсетеді. Ә) «Оқушыларды бағалау әдістемесі» сауалнамасы бойынша “Қажет емес” деп 18%, “Қажеттілігі шамалы” деп 25%, “Қажеттілігі орташа” деп 28%, “Өте қажет” деп 29% ұстаздар жауап берген.
Б) «Сыныпты басқару» сауалнамасында “Қажет емес” деген жауапқа 10%, “Қажеттілігі шамалы” деген жауапқа 23%-ы, “Қажеттілігі орташа” деген жауапқа 41%-ы дауыс берсе, “Өте қажет” деген жауапқа 26% ұстаздар жауап берген.
Қажеттілігі емес | 10% |
Қажеттілігі шамалы | 23% |
Қажеттілігі орташа | 41% |
Өте қажет | 26% |
Б) «Сыныпты басқару»
В) «Сабақ беретін негізгі пән(дер)і-ңіз бойынша білім және түсінік» сауалнамасында “Қажет емес” деген жауапқа 9%, “Қажеттілігі шамалы” деген жауапқа 30%-ы, “Қажеттілігі орташа” деген жауапқа 35%-ы дауыс берсе, “Өте қажет” деген жауапқа 26% ұстаздар жауап берген.
Г), Ғ), «Сабақ беретін негізгі пән(дер)іңізді оқыту тәжірибесі туралы білім және түсінік» “Қажет емес” деген жауапқа 10%, “Қажеттілігі шамалы” деген жауапқа 33%-ы, “Қажеттілігі орташа” деген жауапқа 39%-ы дауыс берсе, “Өте қажет” деген жауапқа 18% ұстаздар жауап берген және оқытудағы АКТ дағдылары» “Қажет емес” дегенге 11%, “Қажеттілігі шамалы” дегенге 29%, “Қажеттілігі орташа” дегенге 30% дауыс берсе, “Өте қажет” деген жауапқа 30% ұстаздар жауап берді. Мұғалімдердің АКТ-ны қолданудағы дағдыларының қалыптасқандығы байқалады. АКТ дағдысы оқыту мен оқуда ұзтаздардың кәсіби біліктілігін көтерсе, оқушылардың сабаққа деген ынтасының артуына әсер етеді.
Қажет емес – 11% Қажеттілігі шамалы – 29% Қажеттілігі орташа – 30% Өте қажет – 30% |
Көпшілік ұстаздардың кәсіби дамуды өте қажет табуы қуантады. Білім берудегі 7 модульдің өз сабақтарында пайдалануына қолдау көрсету мақсатында тізбектелген сабақтар және коучингтер өткізу, оқушылардан, ата-аналардан сауалнама алу, сабақтарға қатысу, дәлелдеме жинау, рефлексия жасау арқылы көмек көрсету керек деп таптым.
Талис сауалнамасының мұғалімдерді бағалау және кері байланыс бөлімінің 24-сұрағы: Осы мектепте алған бағаңыз және/немесе кері байланысыңыз төмендегі салаларды қаншалықты өзгертті немесе өзгерістің орын алуына ықпал етті?Сауалнама нәтижесі төмендегідей:
Өзгеріс болған жоқ | Аз ғана өзгерді | Орташа өзгерді | Қатты өзгерді | ||
% | % | % | % | ||
А) | Сыныпты басқару тәжірибесі | 8% | 32% | 29% | 31% |
Ә) | Сабақ беретін негізгі пән(дер)іңіз бойынша білім мен түсінік | 30% | 35% | 25% | |
Б) | Сабақ беретін негізгі пән(дер)іңізді оқыту тәжірибесі бойынша білім және түсінік | 27% | 33% | 17% | |
В) | Оқыту тәжірибеңізді жақсартуға бағытталған кәсіби даму жоспары немесе оқу жоспары | 33% | 50% | 17% | |
Г) | Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту тәжірибеңіз | 36% | 29% | 21% | |
Ғ) | Оқушылардың тәртібі және мінез-құлық проблемаларын шешуде қолданатын әдіс-тәсілдеріңіз | 23% | 42% | 12% | |
Д) | Көп ұлтты ортада оқыту тәжірибеңіз | 13% | 27% | 38% | 22% |
Е) | Оқыту тәжірибеңізде оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға көңіл бөлуіңіз | 24% | 37% | 20% |
Осы мектепте алған бағаңыз немесе кері байланысыңыз төмендегі салаларды қаншалықты өзгертті немесе өзгерістің орын алуына ықпал етті? Сауалнамасынан байқалғандай: «Сыныпты басқару тәжірибесі» сауалында “Өзгеріс болған жоқ” 8%, “Аз ғана өзгерді” деп 32%, “Орташа өзгерді” деп 29%, “Қатты өзгерді” деп 31% ұстаздар жауап берген. Алдыңғы алынған сауалнамадан сыныпты басқарудағы тәжірибенің көрсеткіші көтерілген. Былайша айтқанда, мектептегі өзгеріске бет бұру жолға қойылып, атқарылған іс-әрекеттер нәтиже бере бастағаны анық көрінеді. Оқыту тәжірибеңізді жақсартуға бағытталған кәсіби даму жоспары немесе оқу жоспары сауалнамасында өзгеріс байқалмайды. “Аз ғана өзгерді” деп 32%, “Орташа өзгерді” деп 29%, “Қатты өзгерді” деп 31% мұғалім жауап берді.
А) Сыныпты басқару тәжірибесі
Аз ғана өзгерді – 8% Аз ғана өзгерді – 32% Орташа өзгерді – 29% Қатты өзгерді – 31% |
Ә) Сабақ беретін негізгі пән(дер)іңіз бойынша білім мен түсінік
Өзгеріс болған жоқ | 10% |
Азғана өзгерді | 30% |
Орташа өзгерді | 35% |
Қатты өзгерді | 25% |
Б) Сабақ беретін негізгі пән(дер)іңізді оқыту тәжірибесі бойынша білім және түсінік
Өзгеріс болған жоқ | 23% |
Азғана өзгерді | 27% |
Орташа өзгерді | 33% |
Қатты өзгерді | 17% |
В) Оқыту тәжірибеңізді жақсартуға бағытталған кәсіби даму жоспары немесе оқу жоспары
Өзгеріс болған жоқ | |
Азғана өзгерді | 33% |
Орташа өзгерді | 50% |
Қатты өзгерді | 11% |
Г) Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту тәжірибеңіз
Өзгеріс болған жоқ | 14% |
Азғана өзгерді | 36% |
Орташа өзгерді | 29% |
Қатты өзгерді | 21% |
Ғ) Оқушылардың тәртібі және мінез-құлық проблемаларын шешуде қолданатын әдіс-тәсілдеріңіз
Өзгеріс болған жоқ | 14% |
Азғана өзгерді | 36% |
Орташа өзгерді | 29% |
Қатты өзгерді | 21% |
Д) Көп ұлтты ортада оқыту тәжірибеңіз
Өзгеріс болған жоқ | 13% |
Азғана өзгерді | 27% |
Орташа өзгерді | 38% |
Қатты өзгерді | 22% |
Е) Оқыту тәжірибеңізде оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға көңіл бөлуіңіз
Өзгеріс болған жоқ | 19% |
Азғана өзгерді | 24% |
Орташа өзгерді | 37% |
Қатты өзгерді | 20% |
Оқыту тәжірибеңізді жақсартуға бағытталған кәсіби даму жоспары немесе оқу жоспары
Қорыта келе сауалнамадан түйгенім оқыту мен оқуда оқушылардың оқу үлгерімін жақсартудағы өзгеріске қатты көңіл бөлінгендігі, мұғалімдердің кәсіби дамуындағы алға ұмтылыс қадамдарының көрініс табуы. Жоспардағы барлық іс-шараларды көшбасшылармен бірлесе отырып, атқарылған жұмыстарға зерттеу, саралау, эвалюациялау үдерісінің болғанын байқадым.
Ұстаздардың кәсіби дамуында жоспар бойынша өзгеріс пен өзгеруге деген құлшыныстың барлығын, оқушыға деген оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің соншалықты құндылығы мен мазмұнын байқадым. Сондықтан ұстаздардың кәсіби дамуына қолдау көрсетіп отыру қажет. Кері байланыстың ықпалын күшейту үшін көрші мектептермен тығыз қарым-қатынас орнату, сыртқы қоғамдастық құру арқылы жұмысты жандандыру қажет. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда тиімді ақпараттық технологияларды енгізу, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы – сындарлы ойлауға көшкен мұғалімдерді дайындауымыз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы мен нұсқаулықтар.
2. Педагогикалық диалог-ақпараттық-әдістемелік журнал материалдары.
3. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. А. Әлімов.