Білім беру нәтижелерін бағалау және оның инструменттері
Инклюзивті білім берудің тиімді жүйесі аясында, оқу бағдарламасын меңгеру бойынша барлық оқушылардың үлгерімін бағалау үнемі жүргізіледі.
Бағалау– бұл сыныптағы жұмыстың түрлері мен оқиғалардың көріну шамасына қарай ой тұжырымын және интерпретациясын қамтитын тұрақты үдеріс.
Бағалаудың мақсаты: жіктеу (топтастыру), диагностика, оқыту және тәрбие бағдарламаларын құрастыру, оқыту және тәрбие бағдарламасына мониторинг жүргізу, оқыту және тәрбие бағдарламасын бағалау.
Инклюзивті білім беруде бағалау жеке оқу жетістіктеріне және мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білімділік нәтижелеріне қатысты болуы қажет. Білімділік нәтижелерін бағалау әдістемесі, барлық балаларға өздерінің күшті қырларын және әлеуетін көрсетуге мүмкіндік беруі керек. Ата-аналар бағалау үдерісінің толық құқылы қатысушылары болып саналады, олар баланың мектепке дейінгі (мектеп) білім беру ұйымынан тыс өзін қалай ұстайтыны туралы ақпарат бере алады, аталған білім беру ұйымында оқыту үдерісінің алдындағы баланың дамуының деңгейі туралы айтып бере алады, бұл өз кезегінде педагогтарға аталған баламен жұмыстың тиімділігін объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Бағалау үдерісінің маңызды бөлігі ретінде, ерте сатыларда балалардың бастарынан өткеретін қиындықтарын анықтау алынады. Егер қиындықтардың аса күрделі сипаты болса, онда педагог арнайы дағдылары бар мамандармен жұмыс істеуі қажет. Мұғалімдердің мектептің өзінде арнайы мамандармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болған жағдайда, сонымен бірге әртүрлі типтегі арнайы (коррекциялық) ұйымдарда жұмыс істейтін мамандардың пәнаралық командасымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болған кезде, аса үздік нәтижелерге жетуге болады: реабилитациялық орталықтар, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, арнайы мектепке дейінгі және мектеп ұйымы және т.б.
Білім беру нәтижелерін бағалаудың инструменттері. Бақылау – деректерді жүйелеумен және тұжырымдарды құрастырумен байланысты, ақпаратты мақсатты бағытталған және жоспарлы түрде жинау. Бақылау – бұл психологиялық-педагогикалық диагностиканың ежелгі әдісі. Оның көмегі арқылы бала туралы ауқымды ақпарат алуға болады. Ол стандартталған процедуралар құрастырылмаған немесе танылмаған жерде баға жетпес әдіс болып саналады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды бақылаудың мақсаттары:
-Әрбір баланың қызығушылықтарын, біліктерін және қажеттіліктерін анықтау;
- Біршама уақыт аралығында баланың өсуі мен даму үдерісін бағалау;
- Қоршаған ортадағы өзгерістердің қажеттілігін анықтау;
- Мәселелерді айқындау;
- Проблемалық ситуацияларды шешудің оңтайлы жолдарын анықтау;
- Оқу жоспарын түзетудің қажеттілігін бағалау;
- Ата-аналар мен басқа мамандарға пайдалы болатын, бала туралы ақпаратты жинау;
- Ата-аналарға бақылаудың көмегі арқылы өз баласы туралы көбірек білуге көмек беру;
- Бақылаудың процедурасы бірқатар объективті және субъективті факторларға – бақыланатын адамдардың контингенті, зерттелетін құбылыстардың сипатына қарай, алуан түрлі болады.