Есту қабілеті зақымдалған балаларға мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды бөлігі арнайы мектепке дейінгі мекемелер болып табылады. Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі және ерте жаста есту қабілетін жоғалтқан балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер қызмет етеді. Олардың әрекеті «мектепке дейінгі білім беру мекемелері туралы типтік жағдаймен» реттеледі. Естімейтін және нашар еститін балалар түрлі білім беру мекемелерінде оқытылады және тәрбиеленеді.
1. Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған компенсациялау түріндегі балабақша.
Бұл балабақша естімейтін және нашар еститін балалардың жеткілікті санының жағдайы кезіндегі білім беру органдарымен ашылады. Осы балабақша медициналық психолгиялық педагогикалық тексеру шешімі бойынша кешенделеді. Түзету түріндегі мектепке дейінгі мекеме 1,5-2 жастағы балаларды қабылдайды. Балабақшаға түскен уақыттан бастап оқыту және тәрбиелеу процесі бес немесе төрт жылға есептеледі. Мектепке дейінгі мекеме күндізгі және кешкі уақытта, снымен қатар тәулік бойы, мереке, демалыс күндері де қызмет етеді.
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған түзету түріндегі балабақшада күрделі кемістігі бар балаларға да топтар ашуға болады.
1. Комбинацияланған түрдегі балабақша. Бұндай балабақшаның құрамына есту қабілетінде бұзылыстары бар балалар да кіреді. Естімейтін және нашар еститін балаларды біріктіре оқытуға және тәрбиелеуге болмайды. Бір топтағы балалар жасты болуы қажет.
2. Жалпы дамыту түріндегі балабақша. Бұнда естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалған мектепке дейінгі балаларды еститін балалармен интеграциялап оқыту. Есту қабілеті бұзылған балалар үшін педагогтармен, дефектолог мұғалімдермен жеке түзете дамыту жұмыстары ұйымдастырылады.
3. Естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалған балаларға арналған мектеп интернаттар, арнайы мектептер бөлімі, мектепке дейінгі топтар. Осы балаларға арнайы мектепке дайындауға мақсат етеді. Мектепке дейінгі топтарға 2-3 жастағы балалар қабылданады. Қатер жағдайында ересек мектепке дейінгі жастағы топтар да ұйымдастырылады. Екі жыл уақытта жалпы дамыту және түзету жұмысы жүргізіледі. Ондағы мақсат мектепке дейінгі баланы бірініші сыныпта оқуға дайындау болып табылады. Бағдарлама түзете дамыту жұмысының екі жыл уақытына есептелген.
4. Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған түзету үлгісіндегі «бастауыш мектеп-балабақша», мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға арналған білім беру мекемесі. Осы білім беру мекемесінің құрамына мектепке дейінгі жастың алдындағы балалар, сонымен қатар естімейтін және нашар еститін балаларға арналған бастауыш мектеп сыныптары кіреді. Осы түзету жұмысының негізгі құрамы есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларды түзете оқыту және тәрбиелеудің педагогикалық технологиялар болып табылады.
5. Сурдологиялық орталықтар және кабинеттер. Психологиялық-медициналық-педагогикалық оңалту және түзету, диагностикалау, кеңес беру орталықтары.
Есту қабілеті бұзылған мектепке дейінгі оқушыларға психологиялық педагогикалық көмек көрсету сурдологиялық кабинеттермен орталықтарда өтеді. Сурдопедагогтар балалармен түзете дамыту сабақтарын өткізеді. Отбасында баланы оқыту және тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналарға кеңес береді.
Арнайы мектепке дейінгі мекемелер кешенді әлеуметтік міндеттерді шешеді. Балаларды мектепке дейінгі дайындаудың негізгі мақсаты баланың тұлғалық сапасын арттыру, толық гармониялық дамуы үшін жағдай жасау болып табылады. Осы арнайы мектепке дейінгі мекемелерде келесі міндеттер шешіледі: диагностикалық, тәрбиелеу-білім беру, түзете – дамыту.
Жетекші диагностикалық міндет болып баланы медициналық, психологиялық, педагогикалық зерттеу табылады. Білім бере тәрбиелеу міндеті мектепке дейінігі баланың жағымды тұлғалық сапасын арттыра тәрбиелеу, бала әрекетін пайдалану жағдайында дамыту болып табылады (жабыстыру, апликациялау, т.б.).
Түзете дамыту жұмысы есту қабілетін дамытуға ауызша сөйлей білуге және т.б. дағдыларға бағытталған.
Мектепке дейінгі естімейтін және нашар еститін баланы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы психикалық процестерінің дамуының сензитивті кезеңі және олардың дамуының жалпы заңдылықтары негізінде жасалады.
Бағдарлама мазмұны оқыту және тәрбиелеудегі келесі принциптеріне бағытталады:
· Баланың жас кезеңдік психофизикалық мүмкіндіктерін зерттеу негізінде есту қабілеті бұзылған мектепке дейінгі оқушылардың жалпы жан-жақты дамуын қамтамасыз ету;
· Баланың жеке ерекшеліктеріндегі бұзылуы құрылымының есебінен арнайы түзете дамыту жұмысын ұйымдастыру.
· Естімейтін және нашар еститін баламен тәрбие жұмысының барлық түрін жүргізу.
· Барлық жұмыстарда бағдарламаның оқу материалы тақырыбы бойынша түрлі тарауларға топтасқан.
Қаршаған орта туралы мағлұматтар және бағдарламалық талаптарды меңгеру үш әдіспен жүзеге асады: әрекетімен, бейнесімен, сөйлеу тілімен (ауызша, жазбаша, дактильді). Осы принциптер мектепке дейінгі есту қабілеті бұзылған балалардың дамуы мәселесі түсінігін және бұзылысты түзету жолдарын бейнелейді.
Бағдарламаның әрбір тарауында тұратын тәрбиелеп оқыту жұмысының нақты міндеттерін шешу дефектолог мұғалім, тәрбиеші, ата-ананың жұмысындағы тығыз байланыспен тәрбиелеудің кешенді жағдайы кезінде іске асады. Бағдарламаны орындауға жауапкершілік толығымен мектепке дейінгі мекемелерге түседі.
Бағдарлама түрлі бағыт бойынша педагогикалық жұмысты қамтамасыз ететін тоғыз бөлімге бөлінеді. Бағдарлама бөлімдері есту қабілеті бұзылған балаларды тәрбиелеу ерекшелігі есебімен белгілі кезектілікпен орындалады. Кейбір балалар мектепке дейінгі мекемелерде оқудың екінші жылынан бастап түседі.
Мектепке дейінігі оқыту және тәрбиелеудің негізгі міндеттерін қамтамасыз етуге бағытталған жоғарыда көрсетілген бөлімдерде дене даму, негізгі қозғалысты дамыту, балалардың денсаулығын сақтау және олардың тұрмысын арнайы мектепке дейінігі мекемеде ұйымдастыру. Ойындық, өнімділік және оңай еңбек әрекетін дамыту бойынша материал беретін бөлімдер ізімен мынандай бөлімдерге бөлінеді: «Қоршаған ортамен танысу», «Сөйлеу тілін дамыту», «Оңай математикалық түсініктерін қалыптастыру».
Музыкалық тәрбиелеу – бағдарламаның соңғы тарауы, бірақ ол балаларды дамыту және эстетикалық тәрбиелеу міндеті бойынша ешқашан мағынасы аз болып саналмайды.
Арнайы балабақшадағы оқыту және тәрбиелеу дамыту бағдарламасы толығымен балаларды әлеуметтік бейімдеуге, мектептегі жаңа оқуға дайындауға, даму жолдарының бұзылуын түзеуге бағытталған.
Есту қабілеті бұзылған мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу жетістіктері барлық мамандардың әріптестігімен өзіне түсінушіліктерімен, нәтижелілікпен педагогикалық әрекетті түзете дамытуды ойластыру арқылы ғана жүзеге асып, көрінеді.
Дамуында ауытқуы бар балалар «Білім беру туралы» заң және Конститутциямен сәйкес, басқа балалармен тең құқықты мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, оларға арналған арнайы түзете - дамыта білім беру ортасын құруды қарастырады.
Қазіргі кезеңде оқытудың түрлі ұйымдастырылған формасы қарастырылған есту қабілеті бұзылған балалар І және ІІ арнайы білім беру мекемелерінде интеграцияланған оқытудың түрлі жағдайында билингвистикалық сыныптарда, т.б. білім ала алады. Дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуға арналған арнайы мемлекеттік білім беру мекемесі мектепке дейінігі бастауыш, негізгі, орта, жалпы кәсіби білім берудің бағдарламасының түзете оқыту түріне байланысты нақтыланады.
Коррекциялық мекеме азаматтың тегін білім алу конституциялық құқығын шынайыландыра отырып, тәрбиеленушінің өміріне жауап береді. Арнайы мекеме әрекеті дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуға арналған арнайы білім беру мекемесі туралы типтік жағдайлармен сәйкес құрылады.
Қазіргі кезеңде біздің елімізде мемелекеттік емес арнайы білім беру мекемелері құрылуда. Арнайы білім беру процесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың адекватты жағдайы және олардың әлеуметтік оңалтуы құрылып, еңбекке және бастапқы кәсіби дайындау жалпы білім алуға дайындау, алдын алу, сақтандыру, түзету, емдеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл балалар үшін өзекті мәселе кейіннен даму мақсатындағы ауызша сөйлеуді қабылдаудың жаңа әдістеріне қосу қажеттілігі болып табылады.
Қазіргі кезде біздің елімізде есту қабілеті бұзылған балаларға коорекциялық көмек сәби кезден көрсетілетіні белгілі. Осы жұмыс арнайы мектепке дейінгі мекемеде, сурдологиялық, оңалту орталықтарында өткізіледі. І-ІІ түрдегі арнайы білім беру мекемелеріндегі оқытудың мазмұнын анықтау кезінде, оқыту және тәрбиелеудің жалпы міндеттері есепке алынады.
Оқу жоспарында және бағдарламаларында пәнаралық байланысты ұстау принципі бар. Бағдарлама қатары негізгі дидактикалық принциптерімен сәйкес келеді.
Педагогикалық процесс оқушы тұлғаның барлық жағының қалыптасуына бағытталған. Оқыту процесінде бала үшін маңызды психикалық қызметтер және оның сапасы , қасиеттері қалыптасады. Есту қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту арқасында ойлау, сөйлеу, т.б. қабілеттері дамиды.
Есту қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту білім беру мектебінде қолданылатын құралды пайдалануды қосады. Біріншісіне сөздің дыбыстық құрамын меңгеретін көмекші құрал сапасынында пайдаланатын дактилологияны қатыстыруға болады. Ерекше құралға сонымен қатар дыбысты күшейту аппараты, жеке есту аппарты жатады.
Құралдың екінші тобына жазбаша сөйлеу тілі жатады. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту және жазуға үйрету тек қана білімді меңгеру әдісі ғана емес, сонымен қатар сөйлеу тілін меңгерудің қайнар көзі болып табылады.
Көрнекі құралдардың рөлі өседі және өзгереді, олар бірінші кезекте оқу материалын иллюстрацияламауы қажет, керісінше оның мазмұнын көрнекі түрде ашу керек.
Еңбекке оқыту және тәрбиелеу оқыта түзету жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Еңбекке оқытудың белгілі талаптары бар. Мамандыққа дайындау өндірістік мекемелерде жүзеге асады. Күрделі кемістігі бар балаларға арналған көмекші сыныптар, ПДТ балаларға арналған сыныптар, есту, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған сыныптар, т.б. ұйымдастырылған.
Дайындық сыныбынан 7-ші сыныпқа дейін барлық бағдарламалар түп нұсқалы болып табылады. Осы кезең үшін негізгі жалпы білім беру аясы болып ана тілі, математика, жаратылыстану, тарих, бейнелеу өнері, сызу, дене шынықтыру, еңбекке дайындау табылады.
Нашар еститін және кейіннен естімей қалған балаларға арналған арнайы білім беру мекемелеріндегі бастауыш сыныптар бағдарламасы жалпы мектептің материал мазмұнының көлемі бойынша сәйкес келеді (1-4сынып). Бағдарлама өзіндік коррекциялық бағыттылығымен ерекшеленіп, тәжірибелік сөйлеу дағдысын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бірінші кезекте бұл «Орыс тілі», «Қоршаған ортамен танысу», «Дыбысты айтуға үйрету» сияқты бағдарлама бөлімдеріне қатысты. Осындай балаларды келесі екінші және үшінші сыныбында оқыту жалпы мектептің бағдарламасы бойынша жүзеге асады.
Бірінші және екінші түріндегі арнайы білім беру мекемелеріндегі оқыту жетістігінің деңгейі оқытудың барлық кезеңінде бағаланады. Осы мақсат үшін негізгі пән жұмыстары жүргізіледі.
Оқытудың барлық негізгі деңгейінде оқушылардың жетістікке жету деңгейі келесі параметрлер бойынша бағаланады: пән боынша бағдарламалық мазмұнды білу, білімді сөйлеу тілінен безендіріу деңгейі, т.б.
Оқушыны оқытудың келесі деңгейіне ауыстыру мектеп әкімшілігі құрған бақылау жұмыстары қорытындысы бойынша жүзеге асады. Мектеп бітірушілерге арнайы білім беру мекемелері дайындаған емтихан сұрақтары беріледі. Оқушылар негізгі мектеп пәндері бойынша емтихан тапсырады.
Есту қабілеті бұзылған балалармен арнайы коррекциялық жұмыс жағдайы өмірге бейімделуге үйретеді, есту қабілетін дамыту кабинеті, сыныптар, оқу кабинеттері музыкалық ритмикалық сабақтарға арналған зал, оқу шеберханалары, ойын бөлмелері, асхана, дум спорт зал, кинокласс, кітапхана, компьютерлік сынып, т.б.
Мектеп арнайы жобада құрылады. Оқудың міндетті жағдайы дыбыс күшейткіш аппараттар, жеке есту аппаратары, музыкалық құралдар, видеотехникалар, т.б техникаларды пайдалану болып табылады. Мектеп ауласында әр түрлі жасқа арналған спорттық ойындық құрал–жабдықтар болуы керек.
Мектепте балаларға жүйелі медициналық қызмет көрсетіледі. Мектептегі емдеу жұмыстарын ұйымдастыру балалардың келесі клиникалық ерекшеліктерінен шығатын жағдайлар негізігі кемістік жүйке жүйесі қызметінің жалпы жетіспеушіліктері: соматикалық әлсіздік және т.б.
Қазіргі уақытта ресейде психологиялық, медициналық, педагогикалық тексеру бөлімдері даярлануда.
Қазіргі кезеңде дамуында ауытқуы бар балаларда білім берудегі интеграциялық жолдың шынайылануын, арнайы білім беру жүйесін кейіннен дамыту мүмкіндіктері мен перспективті жоспарда қарастыру қажет.
Жалпы мектептегі дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту қоғамдағы олардың болашақтағы интеграциясынан бағытталғанының бірінің шынайылануы қиналтады. Мектептен кейінгі талапкерлердің арнайы кәсіби дайындау қажеттілігі туындайды.
Қазіргі кезеңде ҚР есту қабілеті бұзылған балалардың бір бөлігі жалпы мектепке барады. Бұл топтағы балалар қалыпты дамыған сыныптары ортасында түрлі себептер бойынша «интегрцияланған». Бұндай балалардың төрт тобы бар:
1.Дамуындағы ауытқуы әлі анықталмаған балалар.
2.Баланың кемістігін біле тұрып, түллі себептермен болатын жалпы мектепте оқытатын ата аналары бар балалар.
3.Ұзақ уақыт коррекциялық жұмыстардан нәтижесін берген балалар.
4. Жалпы мектеп пен балабақшалардағы арнайы мектепке дейінгі топтар мен сыныптардағы тәрбиеленушілер.
Бұндай балаларды оқыту және тәрбиелеу олардың даму ауытқулықтары есебінен жүзеге асады.
Қазірігі уақытта біздің елімізде есту қабілеті бұзылған балаларды интегрциялық оқытудағы түрлі формалары пайдаланылады: бала жалпы нұсқаулы мектеп сыныбында оқи алады, жекелеген балалар күннің бір бөлігін сонда өткізеді. Міндетті түрде түзету жұмысын жүргізеді. Қазіргі кезеңде естімейтін және нашар еститіндердің арнайы мектеп жағдайында цензді білім алуы олардың орта және жоғарғы мамандандырылған оқу мекемелерінде білім алуына мүмкіндік береді.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Андреева Л.В. Сурдопедагогика. - М., 2005.
2. Боскис Р.М. Глухие и слабослышащие дети. - М., 1963.
3. Шматко Н.Д., Пелымская Т.В. Если малыш не слышит… Книга для педагогов и родителей. – М., 2003.
4. Штрасмайер В. Обучение и развитие ребенка раннего возраста. – М., 2002.
5. Головчиц Л.А. Дошкольная сурдопедагогика. – М., 2000.