Жапсыруды үйрену барысындағы баланың алатын білімі

Жапсырмалау дегеніміз мүсіннің жұмсақ материалдан жасалу техникасы. Мүсін жасауда әр түрлі материалдар қолданылады және оларды ұқсату тәсілі де түрліше болады. Жапсырмалау процесі бас бармақ пен сұқ саусақ қимылдары арқылы істейді. Жұмыс барысында мүсінді айналдыра отырып, жан-жағынан сомдап, қадағалап, артық-кем жерлерін түзеп отыру керек. Жапсырмалаудың басты міндеті – бейнені айқын көру, көрген затты дұрыс елестете білу, жабыстыру, созу, жұмырлау, илеу сияқты тәсілдерін меңгеру. Балабақшада балалар жапсыру арқылы пішінін түсін жәнеде салыстыру, өлшеу, эстетикалық қабілеті артады.

Тәрбиешіге бейнелеу өнері саласындағы білімнің қажеттілігі

Яғни балаларға ең алғаш сурет салуды үйрететін тәрбиеші ал қалай үйретеді бұл тәрбиешіге тікелей байланысты болып келеді, тәрбиеші білімін қажет болуы бұл нақты балаларға сурет салу әдістерін білікті тәрбиеші үйрету керек.

Билет №6

1.Сөздік қорды дамытудың негізгі әдістері: құрастыру әдісі, еліктеу әдісі, әңгімелеу әдісі, практикалық әдіс

Балалардың тілін үйрету әдісі - сөйлеу әдісі, сұрақ - жауап әдісі, әңгімелесу деп те ататады. Әңгімелесу әдісі үйретушінің сұрауынан, ал үйренушінің жауап беруінен тұрады. Демек олардың екеуі де сөйлейді, бір-ақ бір сөзді емес еліктеу әдісіндегідей, әр түрлі сездер сейлейді, тәрбиеші немесе ата-ана өзінің сұрағымен баланың өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды немесе тақырыпты еске түсіруге және оны орнымен қолдануға итермелейді. Бұл әдіс заттармен немесе дидактикалык, логикалық ойындармен, ойыншықтармен шектеледі. Мысалы: ойын-сабакта белгілі бір ойынның ережесімен таныстырады. Содан соң балалардың өз беттерімен ойнауға мүмкіндік береді. Дидактикалық ойындарда баланын тілін дамытатын үлкен мүмкіндіктер бар, өйткені дидактикалық ойын аркылы берілетін кез келген білімді бала сөйлеу түріңде үйренеді. Бірақ баланың сөйлеу тілін дамытуға арнайы арналған дидактикалық ойындар да бар. Бұл сөйлеу тіліндегі дидактикалық ойындар. Мысалы мектенке даярлық топтарда балалар белгілі дыбысқа сөз ойлап табады. (О) - Отан, орак. ожау, ою т.б. сөздерді еркін ойлап тауып, сосын сөзге сөйлем ойластырады. «Менің атам орақпен шөп шапты. Әжем әдемі ою ойды» т.б, бұл жастағы балалар жұмбақтарды айтып немесе өздері жұмбақ ойлап табады. Бұл дидактикалық онйынның басты ережесі жұмбаққа арқау болған затты көріп, қолмен үстап, дыбыс шығаратын болса тыңдаулары керек. Байланыстыра сөйлеуге жаттығу үшін тәрбиеші белгілі бір тақырыпты белгілеп, осы тақырыпты дамытатын бірнеше сұрақтар қойып, балалардың тілін дамытуды ұйымдастыра алады. Балаға сұрактың бәрін бірдей қоймай, бір-бірлеп қойып оны екеу-ара әңгімеге шақыру керек.

Сөйлесу әдісі- балаға тәрбиеші өзінің сөздік қорын орынды пайдалануға және сол аркылы тілін жетіддіре түсуге үйрететін әдіс. Сөйлесу әдісі - сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу.

Еліктеу әдісіненкейін қайталап айту әдісімен сөйлесуге үйретеді. Қайталапайту әдісітәрбиеші балаларға көркем әдебиет шығарманы айтып береді немесе серуендегенде, саяхатта болғанда өздері көрген нәрселерді олардың есіне салады немесе белгілі бір тақырыпта жоспар бойынша айтып баяндайды.

Қайталау әдісі- еліктеу әдісіне ұқсас. Бұл әдістердің арасындағы айырмашылық мынада тәрбиеші тақырыптың кейбір жерін қайталайды, еліктейді, біршама уақыт өткеннен кейін қайталап айтады. Қайталап айту әдісі көбінесе керкем әдебиетпен байланысты. Өйткені кейіпкерлерді ойнау, ертегілерді, әңгімелерді айтқанда көп колданылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде ойдан құрастырып айту, әңгімелеп беру әдісіне көп көңіл бөлінеді. Монолог сөз түрлсрінің бірі, бұрын айтылғандай, қиялдаудан туған ауызша құрастырып айтуболып табылады. Оның мәні балалардың ертегілерді өз бетінше құрастыруып, олардың өз өмірлерінде кездескен накты жағдайларды әңгімелеп беруін, таныс көркем әдебиеттегі тақырыптарды байланыстыра айтуын, суреттерді, заттарды, жануарларды, өсімдіктерді сипаттап әңгімелесу кезінде тәрбиеші балаға міндетті түрде бағыттаушы сұрақтар қойып көтермелеп отыруы қажет. Балалардан серуенде, өмірмен байланысты әңгімелерді, ертегілерді, шағын әңгімелерді түсініктері бойынша өз сөздерімен, әдеби тілде айта білуге үйрету қажет. Қай жастағы балалар болмасын балалардың сөйлеу дағдысы тамақтанғанда, киіндіргенде, ойнаған кездерінде, көркем шығармаларды оқу үстінде, арнайы ойын-сабақтарда қалыптасады.

2.Математика оқу әрекетінде ұзындық ұғымын түсіндіру әдістемесі.

Балаларға ені ұзындығы биіктігі заттармен таныстырып ол "ұзындығы бойынша тең", "ендері тең" деген сөздерді қолдануды үйрету қажет. ол үшін "Ұзындығы дәл осындай қарыдашты тап" деген сияқты ойындарды ойнатуға болады. Егер балалар: "Ұарындаштар бірдей" - десе онда тәрбиеші "Ия, олар ұзындығы бірдей бойынша тең" деп түзетір отырады. Заттарлың ұзындығын, енін, биіктігін салыстыру үшін ойыншық құрылыс материалдарымен ойнаған балалар үшін өте тиімді болып келеді. Балалар ойын кезінде ұзын және қысқа жолдар, биік және аласа үлер, жуан немесе жіңішке жиһаздар т.б. жасап, оларды ажыратыпүйренеді. Естиярлар тобындағы балалар екі затты олардың ұзындығы, ені, биіктігі бойынша салыстыруға үйренеді. Одан сон бір заттан бірден екі өлшемді (ұзындығы, ені) табуға және оны салытыруға үйренеді. Бастапқы кезде бұл тапсырмалар арқылы жүзеге асады.

3.Сурет салу, мүсін жасау, жапсыру оқу әрекеттерінде балалармен жеке жұмыстың орны.

Бейнелеу өнері – мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықпен айналысатын іс –әрекеттерінің бірі. Бейнелеу өнерінің сурет салу, мүсіндеу, жапсыру бала үшін өзінше әр қайсысы қызықты. Бала бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса да өз көңіл күйін білдіре алады. Бейнелеу өнері ең алдымен балалардың эстетикалық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, ойлау қабілеттерін дамытады.

Сурет салу іс-әрекетінде балаларда эмоциялық көңіл-күй пайда болады. Сурет салу – көркемдік шығармашылық іс-әрекет. Өмірдегі алған әсерлерін бейнелеумен қатар, бейнеленген суретке деген қарым-қатынасын білдіреді. Суретті салған уақытта балалар салынған суреттің неге ұқсайтынын, оның нәтижесін айтып, өз көзқарасын білдіре алады. Салынған суретке деген көзқарастары эстетикалық баға берумен қатар танымдық қабілеттерін дамытады. Сурет салу оқу іс-әрекетінде балаларда бастаған істі аяқтау, ой тұрақтылығы, мақсатқа жету және қиындықты жеңе білу қабілеттері ашылады. Н.К.Крупская ойы бойынша, бейнелеу өнерінде балалар еңбекке, еңбектенуге деген көзқарас қалыптасады. Сурет салу өнері еңбек сияқты құралмен жұмыс жасауды талап етеді. В.А.Сухомлинский сурет салуды оқу еңбегінің үлкен зор құралы деп санаған. Бейнелеу іс-әрекеті кезінде ой және дене белсенділігі ұштасады. Сурет салу, мүсіндеу, жапсыруды орындау үшін еңбек жасалынады, сондықтан белгілі бір біліктер, дағдылар қажет. Бейнелеу іс-әрекетінде бақылай білу мен сурет сала білу маңызды рөл атқарады. Кейбір педогогтар өз міндеттерін тәрбиеленушілеріне тек қажетті техникалық дағдыны меңгерту, сурет салу тәсілдерін үйрету, қылқаламды ұстай білу, бояу, бор, қарындаш, фломастермен жұмыс істеуді меңгерту деп ұғынады. Сурет салу да баалар айналадағы қызықты құбылыстарды көре білу қажет. Бала үшін сурет салу – сезім, көңіл күйді берудің бірінші құралы. Педагог бала жұмысының нәтижесіне қарай отырып баланың ішкі сезімін, жан дүниесін көре алады. Сурет салу іс-әрекеттерінде балалардың қызығушылық сезімдерін дамыту мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Педагогтың мақсат-міндетіне сай балалар өнер жанырларын, стильдерін (сюжет, портрет, натюрморт, графика, скульптура) түсініп қабылдай білуі шарт. Сурет салу іс-әрекетінде суретшілер еңбектерімен таныстыру, ертегілер бойынша салынған суретшілер еңбектерімен таныстыру, ертегілер бойынша салынған суретшілер иллюстрацияларын көрсету, түрлі саяхат сабақтар өткізу (мұражайлар, жергілікті суретшілер үйіне) т.б. өткізген шарт. Осындай оқу әрекетінде балаларды өнерге деген қызығушылықтары дамиды. Сурет салу әдістерін меңгерту мақсатында дәстүрлі емес әдістерді пайдалану балаларға қызығушылықтарын дамытады. Дәстүрлі емес әдіс-тәсіл түрлері: мөр басу, кляксография, монотипия, ылғал бетте сурет салу, май шаммен, түрту, нүктемен, саусақпен т.б. дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану ойлау қабілеттерін, қиялын шығармашылық қабілеттерін дамытады. Әрбір оқу іс-әрекеттерінде түрлі әдісті қолдану балалардың сурет салуға қызығушылықтарын дамытып, өз беттерімен жұмыс жасауларына мүмкіндік береді. Бейнелеу іс-әрекеті балаларды мектептегі бейнелеу өнері сабақтарына дайындау үшін арнайы дайындықтан өткізуге мүмкіндік береді. Ол үшін төмендегідей практикалық материалдар болу керек.

Билет № 7

1.Көркем әдебиет сабақтары, оның мақсаты мен міндеттері, мазмұны

Көркем әдебиет сабақтарында қойылатын мақсат, міндеттер-балалардың көркем әдебиетке қызығушылығын дамытып, есте сақтау қабілеттерін, ой-өрісін, дүниетанымын, эстетикалық сезімін қалыптастыру. Шағын көлемдегі фольклорлық шығармалар арқылы жоғары адамгершілік қасиеттерді насихаттау, жалқаулық, қорқақтық, менмендік сияқты қылықтардың жағымсыз әсері туралы түсінік беру. Көркем шығарманы тыңдай білуге, оқылған шығарманың мазмұнын алған әсерін тыңдаушыларға жеткізе білуге үйрету.

2.Балалар бақшасында балаларға арифметикалық есептер шығаруды үйрету тәсілдері.

Балаларды есептермен, арифметикалық амалдармен және шешу тәсілдерімен таныстыру үшін ең алдымен есептер қандай сан мағұлұматтарға негізделуі тиіс екенін анықтап алу қажет.Балалар бақшасында арифметикалық қосу амалы үлкен санға кіші санды қосу, ал азайту амалы – азайтқыш қалдықтан аз болатын жағдайлармен шектелетіндігі «Тәрбие программасында» ескертіліп көрсетілген. Сол ескертуді түсіну үшін 10 көлеміндегі қосу таңбасын талдап осы жағдайларды атап көрсетуде не себеп болғанын анықтау қажет. Балалар бақшасында негізінен есептеудің бір ғана әдісі бар-бір-бірлеп қосу және шегеру әдісі берілетіндіктен, екі немесе үш санымен және тек кейбір жағдайларда ғана төрт санымен берілетін екінші қосылғыш немесе азайтқыш бірліктерге оңай ажыратылып бөлінеді және бір-бірден қосылып, бір бірден азайтылады. Есеп шығаруға ретімен екі кезең белгіленеді: 1 кезең: Балаларға есеп дегеннің не екені айтылады, оның қалай құрастырылатыны көрсетіледі, оның қандай компоненттерден тұратындығы түсіндіріледі, яғни оның құрылымымен таныстырады. 2 кезеңде: есептерге екінші қосылғыш пен азайтқыш ең алдымен екі саны, сонан соң үш саны болып келетін неғұрлым күрделі сан мағұлыматтары негізделеді. Бұл кезеңдегі басты міндет: бір бірден қосу және азайту жолымен есептеу әдістеріне балаларды үйрету.

3.Балабақша үлескесі, құрылымы, маңызы.

М.Ж.Д,Б-ды еңбекке баулу бала тәрбиесінің негізі болып табылады. Ал, сол еңбекке баулудың негізгі құралдарының бірі балабақша алңындағы балабақша үлескесі екені анық. Үлеске балабақша алңының негізгі элементі. Жаз мезгіліндегі еңбек әрекеттерінің басым бөлігі балабақша үлескесінде өтеді. Үлескедегі еңбектің негізгі ерекшелігі балалар біріншіден еңбекпен шұғылданса, екінші жағынан эксперементтік зерттеулерді (гүлдің бүршік атуы, сәбіздің жетілуі) де осында жүргізе алдады. Сонымен қатар, үлескедегі еңбекте балалар шынайы, тірі табиғатпен барынша тығыз байланыста болады.

Билет №8

1.Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастыру әдістемесі

Грамматиканы оқыту үшін, жалғаудың сөзге қалай жалғанып тұрғандығын түсіндіру керек. Ал ол сөздің мағынасымен, дыбыстық құрамымен байланысты. Айталық, барыс септігінің жалғауын түсіндіретін болсақ, жалғаудың мағынасын айтумен бірге оның дыбыстық нұсқаларының сөзге қалай жалғанатынын айтпауға болмайды. Яғни –қа, -ке нұсқаларының қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзге, -ға, -ге нұсқаларының дауысты, ұяң, үнді дыбыстарға аяқталған сөзге жалғанатыны айтылады. Сол сияқты -қа, -ке нұсқаларының соңғы буыны жуан сөздерге, -ке, ге нұсқаларының жіңішке буынға аяқталған сөздерге жалғанатыны айтылады. Бұл фонетика мен грамматиканың байланысын көрсетеді. Барыс септігін оқыту кезінде оның тілдегі қолданысын меңгерту үшін, оны сөз тіркесінде оқыту тиімді. Мысалы; үйге кел, қалаға бар, ауылға қайтты, көшеге шықты сияқты сөз тіркесінің үлгілері арқылы бұл септікті қолдануға студент жаттықтырылады. Сонымен бірге ол сөз тіркестерін сөйлемде қолдануға жаттықтыру жұмысы жүргізіледі. Кейін мәтінде, диалогтағы қолданысы болып, онымен жұмыс күрделене береді. Осының бәрі тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту болып табылады.

Демек, бұл – лексикамен, фонетикамен, морфологиямен, синтаксистің бір – бірімен байланысы болып табылады. Сондықтан қазақ тілін орыс тобында оқыту тіл салаларының осы байланысында негізделуі өте маңызды. Сабақта мәтінді оқытудың грамматикамен байланысты түрі – түсіндірмелі оқыту. Бұл салада студентке мәтінді белгілі грамматикалық көрсеткіштерді түсіндіру, табу мақсаттары, тілдің грамматикалық көрсеткіштерін тануға, олардың тілдегі қолданысын байқауға жаттықтырады. Әдетте, ол белгілі грамматикалық сабақты өткен соң қолданылады. Мәтінмен жұмыс кезінде тақырыппен де байланыстырып сұрақ қойып отырса, оқушыны жалықтырмайды. Мәтінмен байланысты жүргізілетін жұмыстан да ауытқытпайды. Бұл мәтін мен тақырыпты түсіну үшін пайдалы болып саналады. Қазақша сөйлеу үшін, ойын басқаға жеткізу үшін, адам сөйлем құрай білуі қажет, сөйлем құрау үшін, сөздерді бір – бірімен байланыстырып,оларды сөйлемде дұрыс орналастыру керек. Олай болса, тіл үйренушіге сөздерді байланыстыратын қосымшаларды үйрету, сөздердің сөйлемдегі орын тәртібін меңгерту, сөйлемнің жасалу жолдарын білдіру қажет. Өйткені сөйлемсіз ойды жеткізу мүмкін емес. Ал сөйлеудің бәрі сөйлемнен құралады.

2.Жылдам – баяу түсініктерін қалыптастыру

Өз уақытын басқару мүмкіндігі - өте маңызды өзін біліктілігін ғана емес, бірақ, әдетте, қоғамдағы , өмір . Егер сіз уақыт басқаруды үйрену бұрын Бірақ , бала оны түсіну бастау қажет . Сондықтан уақыт тұжырымдамасына баланы зерттеуге пайдаланылатын негізгі принциптері мен әдістері қандай?

Әрине , табиғаты бастапқыда оның қабылдау түсіну оқу уақытының біздің табиғи әдістерін енгізілген болатын. Біз кездейсоқ бапта аталған осы табиғи әдістердің бірімен туралы « өзі бар әңгімелесу ». Бірақ бала уақыт тұжырымдамасын түсінуге көмектесу және тиімді пайдалану , оны үйрену үшін арнайы әдістер бар. Оқу мерзімі терең ерте мектеп жасына дейінгі ретінде бастауға болады. Қазірдің өзінде жастағы балалар сияқты уақыт жанымда пайда бойынша , олар кейбір іс-шараға күтудің қажеті екенін түсінеміз , және кейбір туралы болып орын алады . Кейінірек , табиғи жолы ретінде , осы уақыт кезеңдері түсіну өткен бүгінгі болашағына ретінде бар . Қазірдің өзінде біз Сіздің балаңыз уақыт өңдеуге үйрену көмектесу үшін бастау алады осы нүктесінде болды .

Бастапқыда, балалар күні уақыты ретінде уақыт аралығы тұжырымдамасын қалыптастырды - таңертең немесе түстен кейін, кешке немесе түнде. Осы балалардың ара қашықтық белгілі бір ретпен өтіп жиынтығы белгілі бір іс-әрекеттерді түрі ретінде қабылданады. балаға осы кезеңде ата-ананың міндеті уақыт аралығы ұштастыра отырып, іс-қимыл айтылуын кіреді. Егер сіз балаға түсіндіруге болады, мысалы, таңғы таңертең,: - «Кім біз таңғы бар таң, таңғы ас таңғы деп аталады.» Біраз уақыттан кейін, сіз туралы ақпаратты кеңейтуге болады. Бала дәл Тәулік уақытын анықтау үшін білгенде Сайып келгенде, бұл уақыт тұжырымдамасын қиындатуы мүмкін. Келесі, «апта» тұжырымдамасын өтіңіз. Сіз, баламен сайын таңертең аптаның қай күні оқылады болады. бала түсіну және аптаның күн болады кезде, сіз оңай ай және жыл мезгілдеріне жылжытуға болады. Айтпақшы, мақаланы ертегі «он екі ай», сондай-ақ ықтимал оқу материалы ретінде бала үшін қолайлы болып табылады. Ол, бұл жылдың нақты уақыт табиғатта өзгерту балаға назар аудару, сондай-ақ пайдалы болады жылының кез келген уақытында қандай ай түсіну баланы үйрету маңызды. Сонымен қатар , бұл уақыт салыстырмалық сияқты ұғымдар нәресте танысу бастау үшін уақыт болып табылады : біріншіден, бұрын , кейін , содан кейін , баяу , тез . Осы ұғымдардың пайдалану тарихын жазуға тырысамын. Тез баяу ұғымдар , сондай- балалар жарыстардың немесе конкурстардың қабылдайды. Аға жасына дейінгі уақыт дәл бөлімшелерімен баланы таныстыру бастауға болады . Ол уақыт бала өзара бірлікті жеткізу маңызды болып табылады , ол анық уақыт бірлік басқа да бірінің тұрады көз жеткізіңіз. Құм сағаттар немесе секундомер көмегімен , сен балаңның берілген уақыт аралығын жұмыс істейді қанша үшін сезінуге бере алады - кейбір бизнес орындау және оған қажетті уақытты өлшеу үшін , немесе керісінше - екі , бес, он ... эксперимент Қорықпа, минут , балаға тапсырма беруге тырысамыз кейбір қарапайым іс-әрекеттер ойлап мен бала белгілі бір уақыт кезеңі үшін не істеу керек уақыт болады , не көруге . Мысалы, сіз дулыға сіздің тістері болады. Ал Мен бала білгім , және сіз екі жәрдемақы , сондай-ақ көп алуға : таза тістері және оқыту . Басты ең бала қызықты болды болар еді геймплей салып . Ол бала біртіндеп уақыт аралықтарының шамамен алынған ұзақтығын жаттап жатыр фактісі пайдалы. Сондай-ақ, бала белгілі бір іс-әрекеттер белгілі бір уақыт кезеңінде жүзеге асырылуы мүмкін екенін түсінуге болады . Бұл құнды шеберлігі мектебін пайдалы болады.

3.Мектепке дейінгі мекемелердегі бөлме өсімдіктері,түрлеріне шолу,тәрбие үрдісінде пайдалану,маңызы

Өсімдіктерді үйде өсіру үшін өсімдіктерді іріктеп алу керек, олардың өсуіне қажетті жағдайларды жарық, температура және ауаның ылғалдылығын жақсы білу керек. Гүл өсіретін бөлмемізді табиғат жағдайларына сәйкестендірген жөн. Өсімдіктің өсіп - өнуі және фотосинтез құбылысының жақсы жүруі үшін ең бірінші топырақтың құнарлығы мен жарық және су, ылғалдылық қажет екен. Бөлмемізде гүлдер жақсы өсу үшін гүлдерді дұрыс орналастыру да маңызды екен.

1..(Кактус)
Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы. (Кактус радиациялық сәулелерді жақсы сіңіреді, оларды компьютер және теледидар алдына қойса адамға зиянды сәулелерді өзіне қабылдайды.)
2..(Спатифиллум)
Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы.(Спатифиллум адамға көтеріңкі көңіл мен өзінің әсем жапырақтары арқылы таза ауа сыйлайды. Бұл өсімдік өз иесін жақсы көргендігі соншалық үнемі иесінің көңіл күйі жақсы болса өзінің әсем гүлдерін үздіксіз ашуға дайын екен. Бөлмедегі ылғал ауаны өзіне жинап бөлмені құрғатып тұрады.)
3.(Алоэ) Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы.( Алоэ өсімдігінің емдік қасиеті көп. Олардың жапырағынан бөлінген сөлді әр түрлі дене жараларына, асқазан - ішек жолдарын тазарту мақсатында, косметикалық заттар алуға пайдаланады)
4. (Қазтамақ)Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы.(Қазтамақ бөлме өсімдігінің емдік қасиеті көп. Жапырақтарынан шығаратын исінің өзі адамның иммундық жүйесін жақсартып, жапырақтарынан тымау, құлақ ауырғанда, мұрын бітелгенде таптырмас дәрі жасауға да болады)
5. (Колонхоэ)Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы.(Колонхоэ өсімдігінің жапырағының сөлінен дәрі жасауға болады. Дәріні асқазан жарасын, асқынған жараларға жағуға сонымен қатар қан қысымы көтерілгенде пайдаланады)
6. (Бегония)Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы.(Бегония өсімдігінің тұқымынан тыныштандырғыш және ауырған жерді басатын, аллергияға қарсы әсері бар формацептика саласында дәрі жасайды)
7. (Гардения)Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы.(Гүлінің хош исі жағымды болғандықтан ежелгі қытайлықтар шәйға салып ішкен, бауыр ауырғанда, ыстық көтерілгенде, тұмауда таптырмас емдік шөп, гүлінен бөлінетін эфир майлары шаршағанды басатын, парфюмериялық иіс сулар алуда пайдаланған)
8.(Лимон)Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы.(Лимон шырынында С дәрумені көп болғандықтан әр түрлі инфекцияларға және бактерияға қарсы тұру әсері күшті. Ұстамалы ауруларда, ауырып қалған жағдайда иммунитетті қалыпқа келтіреді. Тұрмыстық қолданыста кеңінен пайдаланады.)
9.(Фикус)Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы.(Жапырағының көлемі үлкен болғандықтан, бөлменің ауасын жақсы тазартады. Көмірқышқыл газын көп сіңіргендіктен жапырақтары тез шаң басады. Жапырақтарын тазартып тұру керек)
10. (Құрма)Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы. (Құрма өсімдігінде иод көп болғандықтан зоб ауруларында, әлсірегенді басатын әсері бар.)
11.( Антурим)Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы.(Жүрек айнығанды басатын, іш өткенде, тері ауруларын емдейтін қасиеттері бар)
12.(Амариллис)Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы.(Бұл өсімдіктің жуашығы бүйректің қабынуын басатын, жүрек айнуды емдейтін қасиеттері бар)

Билет №9

1.«Зерек бала» бағдарламасындағы тіл дамыту сабақтарының мазмұны, міндеттері

Тілдің дыбыстық мәдениеті

Ортаңғы топтан бастап ойындар мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сөздегі дауысты және дауыссыз, қатаң және ұяң дыбыстарды түсінікті, бірнеше рет қайталай отырып, балаларға түсінік беру.

Сөйлеу кезінде сөз қосымшаларын анық айту қажет.

Дауысты игеру үлгісін көрсету: сөйлеу қарқынын өзгерту: баяу және жылдам сөйлеу, дауыс ырғағының мәнерлілігіне көңіл бөлу (балалармен әңгімелесуде, диалогта, көркем әдеби шығармалар, өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар оқуда).

Әр балаға дыбыс артикуляциясын және олардың дұрыс айтылуын көрсету.

Балаға сөзді түсіндіре және түзете отырып, дұрыс айтуына мүмкіндік беру.

Ортаңғы топтан бастап баламен бірге бір дыбыстан басталатын және аяқталатын сөзді табу (сөз бен дыбыс туралы әңгімелесуде, ойында, мысалы, «Дүкенде», «Сөз ойлап тап» және т.б. ойындарында).

Күнделікті өмірде қоршаған ортадағы түрлі дыбыстарды анықтауға және балаларға айтуды ұсыну. Баламен бірге сөздік ойындар ойнау (мысалы, қоршаған ортадан бір дыбыстан басталатын затты көрсет).

Балаларға дыбыстарды қабылдауға, тыңдай білуді дамытуға бағытталған шығармалар оқиды.

Ұйқас өлең жолдары мен тақпақтарды тыңдағаннан кейін ұйқас сөздерді ойлап табуға жадай тудыру.

Қарапайым өлең жолдарын ойлап шығаруға көмектесу.

Ортаңғы топта жаңа сөздермен таныстыруда балалардың назарын сөздің негізгі бөліктеріне аудару.

Балаларға әліпбидегі суреттерді көрсетіп және жұмбақтар шеше отырып, кітаптар оқып беруге болады.

Сөздік қор

Балалармен сөйлескенде немесе қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейткенде тіл үлгісі ретінде (зат есім, етістік, сын есім, үстеу) әртүрлі сөздіктер қолдану қажет.

Баланы жаңа материалдармен және объектілермен таныстырғанда, аттарын атап, мағынасын түсіндіру қажет.

Қоршаған ортадағы және әдебиет мәтініндегі жаңа сөздерді тыңдауға, оларды бөліп көрсетуге мүмкіндік жасау.

Бала үшін маңызды және түсінікті олардың өмірі жайлы әңгімелерге қатыстыру қажет.

Ойында, тұрмыста заттардың (киімдер, ойыншықтар) бөліктерін, сапасы мен қасиеттерін дұрыс атауға және ажыратуға үйрету.

Балаға заттардың сапасы мен қасиетін суреттеуге қажетті сөздер таңдайтын, заттың тобын қолданатын, синоним және антонимдерді білдіретін сөздерді таңдай алатын жағдайларды құру.

«Бұл туралы не айтуға болады?», «Қандай сөз таңдап алуға болады?» сұрақтарына ойланып жауап беруге мүмкіндік беру.

Шығармалар оқу, әңгімелесу барысында жаңа сөздерді түсіндіріп, қызығушылықтарын тудыру.

Бала адамдардың көңіл күйі мен жағдайына байланысты сөздерді қолдануына жағдай құру (көңілді,

жабырқау, мейірімді адам).

Жаңа сөздермен эксперимент жасау үшін жағдайлар жасайды.

Бала тілін әзіл-оспақ, ұйқас сөздер, өлең-тақпақтар арқылы байыта отырып, сауатты болуына қол жеткізеді.

Тілдің грамматикалық құрылымы

Сөздердің көпше, жекеше түрде, септіктерде байланысу үлгілерін көрсету.

Бала өз тілінде жануарлардың және олардың төлдерінің атауларын (қой - қойлар, қошақан — қошақандар) білдіретін зат есімдерді жекеше және көпше түрде, сонымен бірге таныс заттар мен ойыншықтарды барыс септігінде көпше түрде (боталарға, текшелерге) қолдануы үшін ойын жағдайларын құру.

Сөз қосымшаларын дұрыс түсіну және қолдану үшін ойындар өткізу. Мысалы: «Не қайда жатыр (тұр, ілініп тұр)?».

Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін дұрыс пайдалана білуде сөздік ойын ұйымдастыру (Мен жейдені, шалбарды, шұлықты киемін).

Балаларды дұрыс грамматиканы қолдана отырып, жауабы бір немесе бірнеше сөзден тұратын, аяқталған ойды білдіретін сөйлемдер құрастыруға тарту.

Әңгімелесуде, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаға сұрақ қоя отырып, жауап беру үшін жеткілікті уақыт берген дұрыс, өйткені кейбір балаларға сұрақты түсіну үшін көбірек уақыт қажет.

Өз жауаптарында дұрыс грамматикалық құрылымдар жасап, жаттыға отырып, күн бойында баланы әңгімеге тарту.

Байланыстырып сөйлеу

Балалардың сөйлеген сөзді тыңдап, түсінуіне және әңгімені қолдап, сұрақтарға жауап беруі мен сұрақ қоюы үшін сөздік материалдар мен ашық, эмоционалды көрнекі ойын жағдайлары мен жаттығуларды қолдану қажет.

Ертегі және таныс әдеби шығармалардан үзінділерді сахналауға, ойыншықтар мен суреттің мазмұны бойынша әңгімелер құрастыруға балаларды қатысуға ынталандыру.

Сөздік ойын түрлері (әзілдер, жұмбақтар) мен күрделі сөйлемдерді түсініп, қолдануға мүмкіндік туғызу.

Білім беру процесіне ойын мен баланы қуантатын элементтер енгізіп, ойнақы, бұрмалап сөйлеуге, жұмбақтар жасыруға, бас қатырғыштар шешуге мүмкіндіктер жасау.

Балаларды пікір-сайыстарға қатысуға, әңгімелесуге, оқиғалар тыңдауға қызықтыру үшін уақыт табу қажет.

Баламен ата-тегі, қоғам және мәдениет туралы жиірек әңгімелесу.

Әңгімелеп отырған оқиға барысына әндер мен өлеңдерді біріктіруді көрсете отыра, баланы да сол оқиғаны әңгімелеп айтуға қатыстыру мүмкіндігін жасау.

Балаларды оқиғалар мен жағдайларды сипаттап айту үшін ашық, толық, арнайы сұрақтар қоюға ынталандыру.

Балаларды түрлі ойларды білдіретін әңгімелерге тарту (түсіндірмелі әңгіме, ғылым туралы әңгіме, күнделікті оқиғалар туралы әңгімелер және т.б.).

Баланы құрдастары айтқан оқиғаларды тыңдауға ынталандыру.

Ерсектер мен балалардың әңгімелесу үлгісін құру.

Баланың қызығушылығына сәйкес әрекеттерге арнайы уақыт бөлу.

Суретті кітаптар мен ертегілерді қолдану, ол суреттерге сүйене отырып, өзінің бастан кешкендерін әңгімелеп беруін сұрау.

Балаға сөйлем құрастыра білу, сөйлемді аяқтау, қысқа әңгімелер мен ертегілерді мазмұндау біліктерін қолдана отырып, жаңа сөздермен эксперимент жасауға жағдай құру.

Қатынас мәдениеті

Балалардың дұрыс және дұрыс берілмеген жауаптарын қоспағанда, өз бетінше жауап бере алатын ашық, аяқталған сұрақтар қоя білуге ынталандыру.

Ересектердің қойған сұрақтарына баланың берген кез-келген жауаптарын қабылдау.

Күні бойы баламен қарым-қатынас жасай отыра, қызықты да көңілді әңгімеге уақыт бөлу, мәдени және әлеуметтік тілдік орамды қолдана отырып, жаттығу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету, көрсету және түсіндіру.

Шығармашылық тілдік қызмет

Балаларға кітап оқу немесе оқиғаларды әңгімелеу барысында ойыншықтар қолдану немесе көрнекі материалдарды пайдалану қажет.

Бала сөздік және ұйқастырып сөйлеу ойындарынан рақаттануы, таныс ертегілерді сахналауға қатысу ниетін білдіруі, ойыншықтар жайлы шағын оқиғаларды ойлап табуы, таныс адамдар мен балалардың аттарын қолдана отырып, ұйқас өлең жолдарын құрастыруы үшін талпыныс жасау.

Үнтаспаларға жазылған оқиғалар мен ертегілерді тыңдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету немесе телефонмен «әңгімелесуге» және сөйлесушіні «тыңдауға» ынталандыру үшін ойын жағдайларының үлгілерін құру.

Оқиға немесе ертегі мазмұнын түсінгенін көрсету үшін баладан бір рөлді ойнап беруін сұрау, содан кейін кейіпкерді қалай қабылдағаны жайлы сұхбаттасу.

Баланың топқа хабарлап айтатын «Хабарды жеткіз» түріндегі шығармашылық ойындарын ойластыру.

Бала оқиғаны әңгімелеуде немесе ойын білдіруде денесін қолданатын мимикалық ойындарды ойнауына жағдай жасау.

2.Саусақ моторикасын дамытуға арналған сергіту сәтін ұсын

Саусақ ойын жаттығуларын орындауға бағыт.

Мақсаты:

Ән ырғағыменбаланың саусақ жаттығуларын, өз бетімен орындауына дайындап, танымдық қызығушылықтарын арттыру. Қол моторикасының қалыптасуын және саусақ қозғалысының еркіндігін меңгерту.

Тапсырмалар:

Саусақтардың көмегімен «Балықтар», «Қолғап», «Торайлар», «Құрттар», «Қозылар», «Маймыл», «Өрмекші», «Тук-ток», «Шағала», «Аралар», «Маймылдар», «Ұлу»өлең – тақпақ шумақтарын, әндетіп орындау арқылы қолдың негізгі қызметін жаттықтыру.

Саусақтармен әртүрлі позициядағы жаттығулар жасау , музыка тыңдау дағдыларын қалыптастыру.

Саусақ ойын жаттығулары мен тапсырмалары арқылы, баланың білім-білік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.

Саусақ ойындары

Тук-ток, тук-ток жұдырық балға сияқты соғады,

Тук-ток, тук-ток екі қолмен ұрамыз,

Тук-ток, тук-ток тақамен де соғамыз,

Тук-ток, тук-ток тақалармен тарсылдатып,

Тук-ток, тук-ток екі қолмен, екі аяқ.

Өрмекші

Өрмекші бұтақта өрмеледі,

Балалар да артынан ерді,

Жаңбыр жауып,

Өрмекшіні бұтақтан шайып жіберді,

Күн жылына бастап,

Өрмекші талға міне бастады,

Балалар ерді өрмекшімен,

Бұтақта серуендеуге.

3.Жаз мезгілімен балаларды таныстыру әдістемесі

Жаз-төрт мезгілдің бірі. Жаз айлары өте ыстық, әсіресе шілде айы. Балалар демалысқа шығып, қуанып, асыр салып достарымен таңнан кешке дейін ойнайды. Ал кейбіреулері жүктерін жинап алыстағы туыстарына жол тартады. ....

Билет №10

1.Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі

Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде мынадай мәселеге баса назар аударылады:бойынша әңгіме құрастыруда өз ойын жүйесін анық,түснікті жеткізе білуге үйретіледі; логикалық тапсырмаларды орындағанда баланың байланысып сөйлесуіне баса назар аудару қажет;оқылған шығарманың мазмұнын өз түсінігі бойынша ауызша баяндай білуге төселдіру керек.

Байланысып сөйлеуді дамытуда сөздік жұмыс ,сөйлем әңгіме құрастыру жұмысы жүргізіледі .Байланысып сөйлеу мәдениеті арнайы жоспарлаған сабақтарда ,сабақтан тыс ойын сәттерінде ,шығармаларды сахналауға ертеңгіліктерді өткізуде дамытылады.Тәрбиеші атқан ертеңгісі зейін қоя тыңдап , мазмұнын ауызша қайталап айтуда, әңгімелеп беруде ,грамматикалық тұлғада дұрыс байланысып сөйлеуге үйретіледі.

Тіл дамыту сабақтаң қызықты, әсерлі тірде ұйымдастырылуы баланың белсенді сөйлеуін қамтамасыз етеді,яғни балаға сөйлеу қажеттігін тудырады.

Тәрбиеші-педагогтар,ата-аналар баланың кез-келген уақытта берген жауыбының толық,дауысының анық ,ашық, мәнерлі болуын талап етуі керек.Күнделікті іс-әрекет сабақ,ойын ,серуен ,бос уақытта баланы ауызша сөйлеу білуге ,сұраққа толық жауып беруге ,сөйлемді дұрыс қарап айтуға өз ойын жүйелі жеткізуге, шығармашылығын әңгіме құрауға үйрету үшін жүргізілетін жұмыстар. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға негіз болады. Мысалы: берілген суреттер бойынша әңгіме құрастыру, отбасында, жолдастарымен қарым-қатынасында,қоршаған ортадағы адамды тыңдай білу,оларға дұрыс жауап беруде диалогтық сөйлеуге үйретіледі.Оқыған шығармаларды әңгімелеуде,оны өмірде көргендерімен салыстыруда монологтық сөйлеуге үйренеді.

Байланыстырып сөйлеудің екі типі диалог пен монолог.Баланың оларды үйренудегі ерекшеліктері.

Диалог- екі не одан да көп адамның әңгімесі;Әңгіменің мақсаты,әдетте бір нәрсе жайында сұрап,оқыған жауап беруге,белгілі бір әрекетке түрткі болуға шақыру.

Монолог-бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі.Монологтың мақсаты-белгілі бір факт жөнінде баяндау.

Диалог стилі жағынан негізінен ауызекі сөйлеу тіліне тән.

Байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістері.

1.Әңгімелесу, әңгімелету, әңгіме құрату.

2.Оқылған шығарма түрін әңгімелету.

3.Сурет,картиналар көрсетіп, әңгіме құрату.

4.Ойыншықтарды сипаттатып әңгімелету.

5.Өз тәжірибесі бойынша әңгіме құрату.

Әңгімелесу әдісі диалог түрде сөйлеуге үйрету мақсатын көздейді. Әңгімелесу баланың зейінін түгелдей қажетті объектіге аударып,оны өз ойын, көреген түйгенін жүйемен, рет-ретімен айтып беруге дағдыландырады.Әңгімелесу сабағы программа мазмұнын меңгерткге, баланың алған білімінің тиянақты, саналы болуына диалог түрінде сөйлеуге жаттықтырып,сұраққа толық сөйлем құрап жауап беруге негіз қалайды. Әңгімелесу сабақтарының тақырыбы,программа мазмұнына сәйкес белгіленеді.

Әңгімелету әдісі баланы монолог түрінде сөйлеуге үйретуді көздейді. Әңгімелету программада көрсетілген тақырыптарға сәйкес,барлық сабақта жүргізіледі.

Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелету.Мұндай сабақтарда алға қоятын мақсат-балалардың байланыстыры сөйлеу дағдыларын жетілдіру,оқылған шығарма мазмұнындұрыс түсініп,грамматикалық жағынан дұрыс байланыстырып жүйелі әңгімелеп беруге үйрету.Әңгімесін айтуға төселдіру әдістері баланың білімімен сөйлеу дағдыларына,оқылған шығарма мазмұнына,сабақтың мақсатына сәйкес белгіленеді.Әңгімелеп айтуға үйретуде мына мәселелер ескеріледі. Мысалы: жаз, күз туралы салыстыра сұрап әңгімлесу.

Байланыстыра сөйлеудің мынадай стильдері болады:

1.Толық стиль көпшілікке арналған стиль немесе оны кітаби стиль деп атайды.-лекция оқығанда,жиналыста сөйлегенде,радио және телевидениеде сондай-ақ сабақта.Толық стильді сөзге анық дикция болуы керек,орташа қарқын,дауыстың күші,үйдің көлемі мен дауыс тембрімен сәйкес келеді.

2. Толық емес стиль, тұрмыстық қарым-қатынаста пайдаланады. Мұнда сөздің дыбыстардың артикуляциясы және шапшаң сөйлеу немесе ұлықсат етіледі. Сөйлеу мәдениетін жеткілікті меңгерген әрбір адам жағдайға сай ешбір дайындықсыз екі стильді де пайдалана алады. Арнайы дайындалған сөз шешендік өнер немесе көркем оқу деп аталады.

Наши рекомендации