Бiлiм бөлімдері : Өзін өзі тану. Taқыpыбы: «МЫҢ АЛҒЬІС, САҒАН, "ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ӘЛЕМІ!"

Taқыpыбы: «МЫҢ АЛҒЬІС, САҒАН, "ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ӘЛЕМІ!"

Мақсаты:«Өзін-өзі тану» сабақтарында алған білімдерін бекіту.

Міндеттері:

- «Өзін-өзі тану» сабактарында алған білім, біліктерін көрытындылау;

- адамгершілік кұндылықтары мен адами кұнды қасиеттер туралы білімдерін дамыту;

- адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: Өзін-өзі таныған өзгені де сыйлайды.Халық даналығы

  Ic-әpeкeт бөлiмдepi Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy   Шаттық шенбері - Қайырлы таң, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-бірімізге жылы тілегімізді білдіріп, төмендегі өлең жолын бірге қайталайық. Ақылы бар баласың, Айтқан тілді аласың. Намысты болып өссең сен, Нағыз адам боласың!    
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy Әнгімелесу Педагог өткен сабактарды еске гүсіру үшін, «Өзін-өзі тану» әлемінін картасына балалардың назарын аударады. Балалар картаға қарап аялдамаларды атап шығады. Педагогтің көмегімен әр аялдамада не үйренгендерін еске түсіреді. Төмендегі өлеңді бәрі бірге қайталап, мазмұны бойынша әңгімелеседі. Өзінді тану Ө. Ақыпбекөв Жақсы болу - өзіңнен, Жаман болу - өзіңнен. Өзіңді өзің ая да, Өзіңнен үйрен, өзіңнен. Жақсылық көрсең біреуден, Мен қандаймын? -деп ойла. Жамандық көрсең біреуден, Мен қандаймын? - деп ойла. Өзіңді өзің қолыңа ал, Өзіңсің ақыл айнасы. Тиеді саған мәні бар «Өзіңді тану» пайдасы. • Жақсы, жаман болу өзіце байланысты деген сөзді қалай түсінесің? • Өзіңді қандай баламын деп ойлайсың? Балалардың жауаптары «Кім ойлап тапқан» Сөздерді ең аяулы, Жақсы көріп жаттадым. Енді білдім оларды, Кімнің ойлап тапқанын. Ә. Ысқақов «Күнім», «жаным» дегенді, «Құлыншағым» дегенді, «Ботақаным» дегенді, «Қошақаным» дегенді, «Айналайын» дегенді, «Толған айым» дегенді. Ойлап тапқан аналар. «Ана» деген сөзді де, «Аға» деген сөзді де, «Әке» деген сөзді де Ойлап тапты балалар. Отбасы -ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Отбасы мүшелері бізді жақсы көріп, бізге тек жақсылық тілейтінін білдік. • Біз доспыз! Достар қандай болуы керек? Педагог балалармен бірге төмендегі өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қөзғалыстар жасайды. Достар бірге жүреміз, (Қол ұстасып, айнала жүру) Бірге ойнаймыз, күлеміз. (Бір-біріне қарап, күлу) Бірге балық аулаймыз, (Қолдарын алға сөзу) Міне, біздер қандаймыз! (Қолдарын жоғары сөзу) Бөлінбейді іргеміз, Әрқашанда біргеміз. Достар қашанда бір-біріне қол ұшын беріп, қуаныштары мен реніштерін бірге бөлісетіндерін, тату ойнайтындарын түсіндік. • Біз табиғатқа қамқор болуымыз үшін қандай көмек бере аламыз? Педагог табиғат тақырыбында өткен ертегілерді бала-лардың естеріне түсіріп, «Кім жидекті өсірді?» ертегісін кейіптендіреді. Табиғат - бізді қоршаған орта. Табиғатқа адам, күн, су, ауа, тас, тау, қүм, т.с.с. жатады. Біз Табиғат-Анаға ризамыз. Әрқашан шексіз алғысымызды білдіреміз. Туған жеріміздің табиғатын қорғауға, аялауға, тазалығын сақтауға, қадірлеуге үйрендік. Туған жеріміздің табиғатын сүйейік, аялайық. • Біз Отанды сүйеміз. Отанымызды көркейту үшін не істеуіміз керекі Педагог балалармен «Менің Отаным - Қазақстан» атты өздері дайындаған шығармашылық жұмыстары арқылы әңгімелеседі. Өз Отаны туралы ойларын ортаға салады. Отанымызды кұрметтейміз. Айналамыздағы адамдарды жақсы істерімізбен қуантамыз. Білім алып, болашақта Отан үшін қызмет етеміз. Балалар Отан туралы ғажайып сөздерді естеріне түсіріп қайталайды. • Отан - ана, отбасы, туған жер, атамекен. • Отан - Қазақстан. • Мен Отанымды сүйемін! • Біз адамбыз! Сондықтан да біз қандай болуымыз керек деп ойлайсыңдар? Педагог балалармен бірге И.В. Стишеноктың «Қайырымды қыз» және К. Чилашвилидің «Қайырымды бала», «Көкек және оның балалары» атты ненеқ ертегісін және Т. Жарқынбекованың «Макұлжан» әңгімесін салыстырмалы түрде еске түсіріп, әңгімелейді. Біз адамбыз, сондықтан да біз әдепті, қамқор, шыншыл, адал, қайырымды, тілалғыш, ұқыпты, еңбекқор болуымыз керек.   Ойын «Әдепті сөздер». Балалар жартылай шеңберге отырып, допты лақтырып, қағып алу арқылы бір-біріне әдепті сөздер айтады. Рақмет. Сәлем! Қалың қалай? Сәлеметсіз бе? Амансыз ба? Қош келдіңіз! Сізді көргеніме өте қуаныштымын! Кешіріңіз! Кешірім өтінемін. Сау болыңыз! Қош болыңыз! Көріскенше! Жыл бойы өткен сабақтарды еске түсіру үшін төмендегідей сұрақтар қойылады: - Біздің отбасымыз бар. Отбасындағы жақын адамдарды қалай сыйлаймыз? «Мен отбасымды жақсы көремін...» деп әр бала өз ойын жалғастырады. Педагог төмендегі өлең жолдарын балалармен бірге қайталайды. Ойын «Жақсылық жасау үшін не істеу керек!» Педагог балаларға отбасы, достары, табиғат (құс, жануар, өсімдік), суреттерін таратып, сол суретке қарап, оларға жақсылық жасау үшін не істейтіні туралы әңгімелеп беруді ұсынады. Балалардың жауаптары төмендегідей болуы мүмкін: • Мен отбасына жақсылық жасау үшін отбасы мүшелеріне көмектесемін, айтқан тілдерін аламьш, жұмсағанда барамын... • Мен достарыммен ойыншықтарыммен бөлісемін, көмекке келемін, тату ойнаймын... • Мен табиғатқа камқорлық жасау үшін, құстарға ұя жасап, жем шашып, қамкөрлық көрсетемін, ағашка (гүлге) су қүйьш, топырағын копсытамын. • Мен Отанға жақсылық жасау үшін, өскенде Отаным үшін қызмет етемін, адал, шыншыл, еңбеккөр, ұқыпты. қайырымды боламын... Дәйексөз Педагог балаларға «Өзін-өзі таныған, елдің өтпес алдынан» деген халық даналығын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. Өзін-өзі таныған бала, айналасындағыларға құрметпен қарайды, сыйлайды, әрқашан әдептіліктанытады. Сондықтан, халық «Өзін-өзі таныған өзгені де сыйлайды» деп айтқан. Ғажайып сөздер • Мен адаммын. • Мен өз отбасымды жақсы көремін. • Достарымды сыйлаймын. • Табиғатты қорғаймын. • Менің Отаным - Қазақстан.  
Қорытынды. Түзету жұмыстары. Балалар, міне, біздің «Өзін-өзі тану» әлеміндегі саяхаты-мыз да аяқталды. Біз осы пән арқылы жан дүниеміз байып, рухани құнды қасиеттерді танып білдік. Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасауды үйрендік. Өзімізді тани бастадық. «Адамгершілік» деген сөздің мағынасын түсіндік. Адамның игі іс-әрекеті, еңбек, достық, татулықтың адамның адамгершілік қасиеттері екенін білдік. Біз өзімізді, отбасымызды, достарымызды, айнала көршаған табиғатымызды, туған жерімізді, елімізді, Отанымызды сүйіп, аялап, қамқор боп, жақсылық жасай білуге үйрендік.   Жүректен жүрекке - Қане, бәріміз бірге «Өзін-өзі тану» әлеміне ризашылығымызды білідіріп, алғысымызды айтайық. Мың алғыс саған, "Өзін-өзі тану әлемі" Мың алғыс саған, Дәптерім менің әдемі. Мың алғыс саған, "Өзін-өзі тану әлемі" Сүйеміз біз, Қоршаған бар әлемді.  

Kүтiлeтiн нәтижe:

Бiлyi тиic:«Өзін-өзі тану» сабақтарында алған білімдерін тиянақтай білуі тиіс.

Tүciнiгi:адамгершілік кұндылықтары мен адами кұнды қасиеттер туралы.Kөpceтe бiлyi: Адамгершілікті.

Наши рекомендации