І ПДТ балалардың ойлау ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздері

МАЗМҰНЫ

Кіріспе .............................................................................................................

ІПДТ балалардың ойлау ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздері

1.1 Психикалық дамуы тежелген балалар мінездемесі ..............................

1.2 Психикалық дамуы тежелген балалардың ойлау ерекшеліктері .........

1.3 ПДТ балалардың ойлау ерекшеліктерін ойындар арқылы дамыту

.........................................................................................................................

II Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балалардың ойлау ерекшеліктерін дамытудың эксперименттік-тәжірибелік сипаты

2.1 Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балалардың ойлау ерекшеліктерін анықтау...................................................................................

2.2 ПДТ балалардың ойлау ерекшеліктерін айнала әлем сабағында ойындарды қолдану арқылы қалыптастыру.......................................................

2.3 Эксперименттік зерттеу жұмысының нәтижелерін талдау........................................................................................................

Қорытынды..................................................................................................

Пайдаланған әдебиеттер

............................................................................................................................

Қосымша....................................................................................................................

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Кез келген мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейімен және денсаулығымен бағаланады.

Қазіргі кезеңде арнайы білім беру саласындағы әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар жан – жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан оқушылардың дербестігін және танымдық қабілеттерін дамытып, өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білуге үйретудің қажеттілігі туындайды.

Соңғы жылдары психикалық дамуы тежелген балалардың ойлау ерекшеліктерін дамыту – тұзету жұмыстарын анықтау, арнайы мамандарды даярлау өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Жалпы орта білім беретін мектепте үлгерімі төмен балалар тобында елу пайыз психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалар кездеседі.Психикалық дамуы тежелген балалар тобын соңғы көрсеткіш бойынша 35% жуығын – нервтік психикалық сферасы зақымданған мектепке дейінгі балалар құрайды. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар категориясын 50-шы жылдардың аяғынан бастап зерттеу кеңінен қолға алына бастады. Проблеманы зерттеумен айналысқан ғалымдар: М.С.Певзнер, Т.А.Власова, К.С.Лебединская, В.В.Ковалев, П.Е.Сухарева, В.И.Лубовский т.б бала даму ерекшеліктеріне қарай өз пікірлерін ұсынды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2002 жылы11 шілдеде «Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары мен оларды әлеуметтік қамсыздандыру туралы» заң қабылданды. Бұл заңда «Барлық мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ерекше түрін ескере отырып, оларды арнайы мекемелерге орналастыру және жағдай жасау, білім алуына мүмкіндіктер туғызу» біздің басты міндетіміз деп анық атап көрсетті. [1]

Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ПДТ балаларға арналған инклюзивті білім беру жүйесі мен арнайы түзету сыныптары ашылды. Бұл орталықтарда балалармен жеке және фронтальды жұмыстар жүргізу арқылы олардың танымдық қабілеттерін дамытуға болады.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттеріне: білім бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен. Осыған байланысты қоғам алдына баланың жеке басын үйлесімді дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбір болашақ азаматын жан – жақты тәрбиелеп, білім беру арқылы дамыту ең жауапты іс. [2]

Қазіргі өркениетті заманымызда қоғамдағы алға қойылып отырған ең өзекті міндеттердің бірі – арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктерді дамыта отырып, оны жаңаша бағытта ұйымдастыру нәтижесінде жан – жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру болып отыр.

Педагогтар мен дефектологтардың пікірінше, біздің елімізде психикалық дамуы тежелген балалармен жұмыс жүргізетін жаңа, нәтижелі бағдарламалар мен әдістемелер жоқтың қасы. Демек, мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік – педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларға шешуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту - бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе.

Психикалық дамуы тежелген балалар тұлғасын зерттеу мәселесі қазіргі әлеуметтік жағдайда маңызды орын алады. Біздің қоғамыздың қазіргі дамуы кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен әлеуметтік – саяси және экономикалық қарым – қатынастардың өзгерумен сипатталады. Бұл қазіргі кезеңдегі оқушылардың әлеуметтік жағдайындағы дамуына үлкен өзгерістер келтіреді, яғни оның тұлғасының қалыптасу процесіне әсер етеді. Сондықтан да, зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты: психикалық дамуы тежелген балалардың тұлғасын зерттеу мәселесенің дамуының тарихы және қазіргі кездегі аспектілерінің дамуын айқынырақ көрсету болып табылады.

Балалар құқығы (1959 ж) Декларациясында былай деді: «Барлық балалар нәсіліне, ақ – қаралығына, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқа да түсінігіне, туған жері мен жағдайына қарамастан, төмендегі аты аталған мүмкіншіліктердің бәріне құқылы. Ерекше қамқорлықпен қорғалуға, сондай – ақ жақсы тамақ ішуге, баспана және медициналық қызметпен қамтамасыз етілуге, тәрбиелеуге, рухани және физикалық жағынан дамуға, денсаулығы әлсіз болса, емделуге, сырттан шектеу болса ерекше қамқорлыққа, ата – анасының және де басқа адамдардың сүйіспеншілігі мен түсінігіне, егер ағайын – туыстары жәрдемдесе алмаса,онда үкіметтің қарамағында қамқорлықта болуға құқылы...»

Жыл санап мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы оң тарапқа өзгеріп келеді. Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға тез бейімделуіне ықпал етеді және өздерін сол ортада еркін ұстауға мүмкіндіктер туғызады.

Психикалық дамуы тежелген балалардың тұлғасын қалыптастыруда және ойлау ерекшеліктерін дамытуда күнделікті сабақта ойындарды қолдану маңызды рөл атқарады. Балаларға әртүрлі ойындарды ойнату арқылы олардың ойлау ерекшеліктерін дамытамыз және олардың бойында Отанға деген патриоттық сезімге тәрбиелейміз және олардың танымдық қабілеттерінің дамуына және өз ортасындағы адамдармен қарым – қатынас орнатуына ықпал етеміз.

Бастауыш мектеп кезеңі баланың жеке басының ары қарай қалыптасуы үшін аса маңызды рөл атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын аттаған алғашқы күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болып, дамудың әлеуметтік, психикалық жағдайы түп – тамырымен өзгереді, бала үшін жетекші орын алатын оқу әрекеті қалыптасады. Осы оқу іс – әрекетінің арқасында болашақ өмірге көзқарасы, алдағы өмірі қалыптасады. Осы тұрғыда кездесетін қиындықтардың бірі – сабаққа үлгерімінің төмендеуі, оқуда қиындығының болуы. Қазіргі қоғам дамуында мұндай балалар саны көбейіп отыр.Осы мәселелерді шешу мақсатында ерте жастан анықтау жұмыстарын жүргізу үшін біз дипломдық жұмысымызды осы бағытқа арнадық.

Зерттеудің мақсаты: Психикалық дамуы тежелген балалардың ойлау ерекшеліктерін ойын арқылы дамытудың жолдарын анықтау.

Зерттеудің міндеті:

Ø Ойлау қызметінің қалыптасу мәселелері бойынша шетел және отандық зерттеуші ғылыми еңбектеріндегі тұжырымдарды қарастыру;

Ø Психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қабілеттерін диагностикалау, түзету жұмыстары кезіндегі әдістемелерді жүйелеу;

Ø Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, түзете – дамытудың жолдарын анықтау;

Зерттеудің нысаны: Психикалық дамуы тежелген бастауыш мектеп жасындағы балалар

Зерттеудің пәні: Психикалық дамуы тежелген балалардың ойлау ерекшеліктерін математика сабағында дамыту

Зерттеу жұмысының болжамы: Егер психикалық дамуы тежелген балаларды алдын ала диагностикалық тексеру шаралары ұйымдастырылса және ойын элементтерін қолданса психикалық дамуы тежелген балалардың ойлау ерекшелітерін анықтаудың мүмкіндіктері артады.

Әдіснамалық негізі: М.С.Певзнер, Т.А.Власова, А.Н.Леонтьев, К.С.Лебединская зерттеулері құрайды

Практикалық маңыздылығы: зерттеу жұмысының нәтижесінде жинақталған мәліметтерді психикалық дамуы тежелген балаларды дамыту, оқыту мен түзету процесінде қолдануға болады.Өйткені зерттеу жұмысынан жиналған мәліметтердің пайдасы зор

Теориялық маңыздылығы:

Зерттеу әдістері:

Зерттеу жұмысының базасы: «Қостанай түзету мектебі»

Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады

І ПДТ балалардың ойлау ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздері

Наши рекомендации