Vi.сабақты пысықтау

Vi.сабақты пысықтау - student2.ru «Құдайы қонақ бөлімі»Есік қағылады,ішке көңілсіз қоян кіреді.

Vi.сабақты пысықтау - student2.ru -Балалар, қараңдаршы, қоян көңілсіз екен. Неге көңілсіз екенін сұрайықшы. Қоян кішкене қорапша береді. Балалар,қоян не жегенді ұнатады? Білесіңдер ме? Міне, біреулер қоянның сүйікті тағамы сәбіздің суретін бөліп – бөліп қиып тастапты. Суретті құрастырып берейік, мүмкін қоянның көңіл – күйі көтерілер.

Тапсырма: «Бөлшектерден бүтін құра».Қоянның сонда да көңіл – күйі көтерілмеді.

-Балалар ендеше қоянға сәбіздің жаңа суретін салып берерміз,мүмкін сонда көңіл – күйі көтерілер. Жапырақ жасыл түспен, сәбіз сарғышқызыл түспен салынады.Қоян суреттерді алып қуанып шығып кетеді.

-Қоянның сәбізі нешеу болды? (2)

VII.Бекіту

«Суретшінің қателігін анықта» ойыны

Балалар,мына суретке қарайықшы,көкөністер боялған ба? Әр көкөніс пен жемісті жеке – жеке атап,түсінің дұрыстығын салыстырамыз.Дұрыс болмаса, суретші қателігін дұрыстаймыз.Тақтаға қызыл,сары,сарғыш қызыл түсті жұлдызшалар ілінеді.Берілген көкөністер мен жемістерге сәйкес келетін түстерді жабыстырады.

Жеке жұмыс: «Қай пішінге ұқсайды»ойыны

-Балалар, енді көкөністеріміз бен жемістеріміз пішіні жағынан қандай пішінге ұқсайтынын анықтайық.Алдымен пішіндердің атауын атап шығайық.Мынау қандай пішін? (дөңгелек).Ал мынау ше? (сопақша,үшбұрыш).Балалар пішіндердің тұстарына ұқсас көкөністер мен жемістерді жапсырады.Қарбыз,қызанақ,қияр,қауын,қияр,сәбіз,қызылша беріледі.

VIII.Сабақты қорыту

«Ағашта не өседі»ойыны

Балалар үстелде жатқан көкөністер мен жемістердің ішінен ағашта өсетіндер мен жерде өсетіндерді аттарын атап тиісті жерлеріне орналастырады.

-Балалар жемістер қайда өседі? Ал көкөністер ше?

-Суреттер бойынша көкөністер мен жемістердің аттары мен түстерін,пішіндерін сипаттаңдар.

-Көкөністер мен жемістердің адам ағзасына қандай пайдасы бар?

Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru

IX.Үйге тапсырма

Өздеріңнің сүйікті жемістерің туралы және өз бау-бақшаларыңда өсетін жемістер туралы жазып келіңдер

Х.Бағалау

-Жарайсыңдар,балалар! Осымен бүгінгі сабақ аяқталды. Бүгінгі сабаққа барлықтарың белсенді қатыстыңдар.

Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru

Пәні:Айналадағы әлем
Сабақтың тақырыбы:«Ағаштар»
Сабақтың мақсаты:
1.Өсімдіктер тобына жататын ағаштар туралы мәлімет беру.Оның пайдасын,қоғамға қажеттілігін түсіндіру.
2.Балалардың ойлауын дамыту,сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру,зейінін шоғырландыру.Оқушыларды дұрыс отырғызу,сөздік қорын,есте сақтау қабілеттерін дамыту
3.Оқушыларға табиғаттың тамаша жаратылысын күтіп-баптауға үйретіп,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас, саяхат сабақ
Сабақтың әдісі:түсіндіру,көрсету, сұрақ- жауап, талдау, т.б
Көрнекілігі: көкөністер, көкөністерді бейнелейтін суреттер
Пәнаралық байланыс:ана тілі
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесіп,сыныпты түгелдеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық күнге
Шуақ шашқан елге,
Бәріміз де бірге!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушыларға «Бәйге»ойынын ойнау
Балалардан өткен сабақты білу үшін тест алу.

1.Өсімдік бөліктеріне жатады:
А.Тамыр,сабақ,жапырақ
В.Мысық
С.Көлік
Д.Терезе
2.Өсімдіктің өсуіне қажет:
А.Мұз
В.Аяз
С.Жарық,су,ауа
Д.Боран

ІІІ.Жаңа сабақ:
«Кубизм»әдісі арқылы бүгінгі тақырыптың атауын ашу.


А ғ а ш

Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru

- Йә оқушылар,бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы ағаштар.Балалар осы біз,көбінесе мектебіміздің ауласынан ұзын-ұзын нелерді көреміз?
- Ағаштарды,бұталарды........
- Дұрыс айтасыңдар балалар,біздің мектебіміздің ауласында ағаштарда бұталарда өте көп және олар наурыз айы енді басталғандықтан шөптер мен гүлдермен қосыла жапырақтарын жайқалтып,бүршіктерін атып көп ұзамай айналаға сән беріп көбейе бастайды.
«Білгенге маржан»
Ағаш- табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Орман - тоғай – жан - жануарлардың, құстар мен жәндіктердің өмір сүретін ортасы. Тоғай ертеде адамның негізгі тұрақ жайы.
Ағаштабиғатта өте жиі кездесетін өсімдіктердің бірі болғандықтан, адам өміріне тигізетін пайдасы көп, алар орны да бөлек. Ағашсыз құрылыс өз жұмысын бастай алмайды. Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттардың көбісін осы ағаштан жасайды. Емен, қайың, терек ағаштарын тұрмыста кеңінен пайдаланған.

ІV.Сергіту сәті.

Бойды бүкпей тік ұста,
Еркін тұрып тыныста.
Жай оң қолды оң жаққа,
Жай сол қолды сол жаққа.
Екі қолды белге ұста.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Қос аяқтап топ – топ,
Алақанды соқ – соқ.

V.Жаңа білімді бекіту:«Ғажайып сәт»

Балалар бір жылаған дыбыс шығады,сендерде естіп тұрсыңдарма?- Йә,естіп жатырмыз,бұл кім?
- Қане қарап көрейік...Мынау Алмабек қой?!Алмабек сен неге жылайсың?
- Оқиғаны басынан бастап айтайын.Өздеріңіз көріп отырғандай көктем келіп,қарлар еріп,аз күннің ішінде жер қарайып,құрғап шыға келді.Мектепте көшелерді көгертіп,ағаш отырғызу апталығы басталды.Оқушыларда, адамдарда қызығып көгалдандыру жұмысына кірісіп кетті.Басқа балалар секілді менде ағаш көшеттерін әкеліп үйімнің ауласына отырғыздым.Басқа балалардың ағаштары жапырақ жайып,өсіп жатыр.Ал менікі тамырланып кете алмай, шөжіп,шалажансар болып тұр.Оларды қалай өсіру керектігін білмеймін.Маған көмектесіңіздерші,сіздер оның жолын білесіздерме?
- Әрине,білеміз!Саған көмектесу үшін сен оқушылармен қосылып тапсырмалар орындауың қажет.Сонда оның жолын айтып береміз.
- Жарайды,балалар бірігіп тапсырма орындап,маған көмек көрсетіңдерші....
Балаларды 2 топқа бөлінеді.1-Жапырақ тобы.2-Сабақ тобы.

1.«Сен білесің бе?»ойыны
1-топ:Суреттерді пайдалана отырып, ағаштарды қалай отырғызу керектігін көрсетеді.
2-топ:Ағаштың өсуіне қажетті нәрселерді атап,олардың қайсысының неге пайдасы бар екенін айтады.
- Алмабек:-«Мен ағаштарды дұрыс отырғызбаппын ғой,енді түсіне бастадым»

2.«Өз жұбын тап»
1-топ: 2- топ:
Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru

 
Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru

 
Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru
- Өте жақсы балалар,жарайсыңдар!

3. Мақалды жалғастыр.Екі топ біріге жауап береді:
1. Ағаш.............. (жапырағымен), жер...........( топырағымен).
2. Ағашты.........( жемісінен) таниды,
Адамды ............(ісінен) таниды.
3. Қайқайып тұру .........(терекке) жарасар.
4. Сен бұтаны көтерсең сені .........(бұта) көтерер.
5. Ағашы аласа болса да .......(алмасы) тамаша.
VII.Қортындылау:
Алмабек:Барлығыңызға көп-көп рахмет!Барлықтарыңыз білімді екенсіздер.Екі топта бірінен асқан бірі білімді.Ағаштар туралы біраз мәліметтер жинадым,едім ағаштарымның тез,әрі дұрыс өсуіне әрекет жасап,баптап өсірем.Сау болыңыздар!!!
Мұғалім:Алмабек,сағанда рахмет.Сенімен сабақ көңілді өтті.Солай емеспа балалар?
Оқушылар:Солай.Алмабек тағы келіп тұрыңыз.Сау болыңыз!!!
IX.Үйге тапсырма беру: Оқулықтағы 150 бетті оқу.
VIII.Бағалау:Екі топта белсенділіккөрсеткеноқушыларды атап, еңбегін мадақтау.Сыныптағы қалған оқушыларды да өз деңгейлері бойынша бағалау.

Пәні:Айнала әлем
Сабақтың тақырыбы:«Өсімдік бөліктері»
Сабақтың мақсаты:
1.Айнала әлемі пәні бойынша берілетін материалды модульге бөліп, балаға берілген тақырыпты тереңдете, жан-жақты әрі жеңіл түрде игерте отырып, пысықтау.
2.Әр оқушының сыныптағы сабақтан тыс білім алуына мүмкіндік жасау. Осы мүмкіндікті беру арқылы баланың өздігінше ізденуін дамыта отырып, пәнге және жалпы білім алуға деген қызығушылығын арттыру.
3.Оқушыларды табиғатты аялауға,өсімдіктерді баптап өсіруге тәрбиелеу
Сабақтың түрі:топтық,жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, талдау, зерттеу,сұрақ-жауап,түсіндіру т.б
Көрнекілігі:өсімдіктердің,өсімдік бөліктерінің,топырақ,суды т.б суреттері,қима қағаздар,дәптер,қаламсап
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру :оқушыларды түгелдеп, назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келді, қонақтарға сәлем берейік.
-Жымиямыз! (Балар күліп, сәлемдеседі).
- Қонақтар бізге неге келген екен?
Қабағымызды көтеріп таңғаламыз.
- Күн де бүгін бұлтты болып, көңіл –күйімізді бұзып тұр ма?
-Кәне, қабағымызды түйіміз.
- Жоқ. Біздің көңіл-күйімізді еш нәрсе бұзбайды. Себебі бізді, алда тамаша бір сабақ күтіп тұр.
Кәне, жымиямыз, күлеміз!
-Ал, енді тағы бір рет қайталаймыз.:
Біз таңғалуды білеміз!
Біз күлкіні жақсы көреміз!
Біз қабақ түйюді білеміз!
Біз күлкіні жақсы көреміз!
ІІ.Жаңа сабақ
- Балалар,мен сендерге бір қызық ертегі дайындап келдім. Ертегі тыңдағыларың келе ме?
- Ерте, ерте, ертеде жер бетіндегі өсімдік атаулы бір - бірінен аулақта өмір сүріпті. Құлпырған ағаштар да, тырбиған бұталар да, жап - жасыл шөптер де Табиғат Ананың балалары екен. Ағаштар «Мен биікпін, адамға көп пайда келтіремін» деп мақтануға құмар екен. Ал, шөптер болса, тым ерке болады. Олар жыл сайын тұрақ айырбастап, ойға да, қырға да өсе береді екен. Балаларының бәрі мақтаншақ, ерке болмасын деп, Табиғат Ана бұталарды шөлге өсіреді.
Бір күні қатты жел соғып, дауыл тұрып, өсімдік атаулының бәрі опырылып, ағаштар сынып, шөптер жапырылып қалыпты.(Дауылдың дыбысы естіледі.)
Cонда Емен ағашы ғана аман қалған екен. Содан кейін Табиғат - Ана:
- Емен, сен бас болып, бауырларыңды ығыңа ал. Бәрің бір жерде өсіңдер. Сендерді орман - тоғай деп атайық. Аң, құс атаулыдан көмектеріңді аямаңдар. Менің ең жақын досым – Адам. Адамдар сендерге көмектеседі,- дейді.,
Міне, содан бері, Табиғат - Ананың балалары - ағаштар, бұталар, шөп текті өсімдіктер адамдармен мәңгілік дос болып, бір - бірінен ажырамапты.
- Балалар, ертегі ұнады ма?
- Өсімдіктерге не жатады екен?
- Олар қайда өседі,қалай бөлінеді?
- Ағаштар,бұталар,шөптер,гүлдер т.б жатады.
«Топтастыр»ойыны.Өсімдіктерді сурет бойынша әр қатарға топтастыр:
Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru
- Балалар айтыңдаршы,осы өсімдіктердің барлығын не топтастырады
- Оларды сабағы,жапырағы және тамыры
- Дұрыс айтасыңдар!
Ойын: «Өсімдіктің мүшелерін тап?»
Берілген сөздерден өсімдік мүшелерін тауып, орнына орналастыру.
Тамыр, шөп, сабақ, гүл, емен, шөп, жапырақ, ағаш.
- Ендеше Өсімдікті бөліктері бойынша бөліңдер?
Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru
Мұғалім оқушылармен сыныптағы бөлме өсімдігін табиғи бөліктерге бөліп,зерттейді.Олардың бөліктерінің маңыздылығын түсіндіреді.
ІІІ.Сергіту сәті
Қазақстан елім менің (өзін құшақтайды)
Таулары сондай биік (қолын көкке созады)
Даласы сондай кең (қолын алға созады)
Өзені сондай терең (қолын төмен созады)
Ақ бидайы жерден өсіп (қолын төменнен жоғары қарай созады)
Көк аспанмен таласқан (қолы жоғарыда)
ІV.Сабақты бекіту
Өсімдіктің негізгі бөліктеріне, тіршілігіне,оның өсуіне не қажет екенін түсіндіру үшін видео көрсету.
Дәптерлеріне өсімдік бөліктерінің суретін салғызу.
V.Сабақты қорытындылау
«Ой толғаныс»
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Сабақта не ұнады?
VI. Үйге тапсырма беру
Өсімдіктер туралы жұмбақтар жаттап келу.
VII.Бағалау
Оқушылардың әр қайсысын еңбектері бойынша бағалау.

Сабақ: Айнала әлемі
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға үй жануарларының түрлерін таныстыру. Олардың маңыздылық қасиеттерімен, ерекшеліктері туралы түсінік беру.

Дамытушылық. Оқушылардың терең ойлау, өз ойын еркін жеткізуге, ой ұшқырлығына баулу, ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Vi.сабақты пысықтау - student2.ru
Vi.сабақты пысықтау - student2.ru
Vi.сабақты пысықтау - student2.ru
Vi.сабақты пысықтау - student2.ru
Vi.сабақты пысықтау - student2.ru
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі:Түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап,Ассоциоция әдісі.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,кітаптар,плакаттар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан әр күнге.
2. Қызығушылықтарын ояту.
- Балалар мен бүгін мектепке келе жатып бір сандық тауып алдым. Ол жай сандық емес, сиқырлы сандық екен. Бұл сандықтың ішіне үй жануарларын сиқырлап салып қойыпты. Оларды құтқару үшін біз сендермен жұмбақтар шешуіміз керек. Егер жұмбақтардың жауабын дұрыс тапсаңдар,үй жануарларын сандықтан босатады.
(әрбір жауаптағы жануарлардың суретін шығарып тақтаға ілу)
1. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
2. Құлды екен әр шаруа,
қазығына құт байлап.
Қанша құйып алсаң да,
сарқылмайды сүт – қаймақ. (Сиыр)
3. Көкке шаншып құйрығын,
келеді шауып жүйрігім. (Жылқы)
4. Кішкене ғанад бойы бар,
айналдырып киген тоны бар. (Қой)
5. Желп – желп етіп сақалы,
қолыңнан дәм татады.( Ешкі) Vi.сабақты пысықтау - student2.ru
Балалар бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз.
Үй жануарлары.
Олар қайда мекендейді?
Үйде, қорада.
Оларға кім қарайды?
Адамдар.
Олар немен қоректенеді?
Жем, шөп, су.
Балалар, жануарлар сендерге көмектескендерің үшін рахмет айтып жатыр. Енді біз «Айнытпай сал» ойынын ойнап жіберейік.
Өте жақсы, балалар.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы үй жануарлары.
Сергіту сәті. Шип – шип шөжелерім. (Музыкамен).
Сонымен балалар үй жанарларына нелер жатады?
Сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі.
Өте жақсы балалар.
Енді үй жануарларының бізге тигізер пайдасы қандай екеніне тоқталып кетейік. ( үй жануарлары жайлы түсіндірілді )
«ТӨЛДЕРІН ТАП» дидактикалық ойын.

> >

 
Vi.сабақты пысықтау - student2.ru

    Vi.сабақты пысықтау - student2.ru
Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru
Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru
Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru
Vi.сабақты пысықтау - student2.ru   Vi.сабақты пысықтау - student2.ru


Балалар үй жануарлары мен үй құстарының бізге тигізер пайдасы өте көп екен. Енді балалар осы үй жануарлары тыйым сөздер де бар.
1. Малды ұруға болмайды.
2. Ақты төкпе.
3. Малға теріс мінбе.
4. Құстардың ұясын бұзба. Оларды үркітпе.
5. Кендірмен байлама,

«Өз орнын тап» ойыны

1) Иттің үйін тап?

Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru

2) Жылқы тағамын тап?

Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru

3) Мысық ізін тап?

Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru Vi.сабақты пысықтау - student2.ru
Қорытынды:
Жақсы, балалар. Сонымен бүгінгі сабағымызда не туралы айттық. Үй жануарларын атайықшы? Үй жануарларының пайдасы барма?
Осымен сабағымыз аяқталды.

Наши рекомендации