Зиятында терең ауытқушылығы бар балаларға көмек көрсету
Зиятында терен ауытқушылықтары бар балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі әр елде өзгеше ұйымдастырылған, оның себебі: экономикалық тарихи қалыптасқан дәстүрлер, мәдениеттін даму деңгейі мен әлеуметтік саясаттын бағыты.
Батыс Еуропа және АҚШ елдері зиятында терең ауытқушылыктары бар балаларды оқи алатын, оқуға қабілетті, яғни жалпы мектептерде білім алуға қабілетті (жеке білім беретін оқу бағдарламасы бойынша) және арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінде машықтандыру арқылы кейбір жетістіктерге жете алады деп есептейді.
Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап аталмыш елдерде оқи алатын және оқи алмайтын көрсеткіші бойынша балаларды бөліп, ажыратып оқыту тәжірибесе тоқтатылды (дискриминацияға қарсы және демократия бағытын басшылыққа алу қозғалыстар әсерін тигізді).
Шетел мамандардың пікірі бойынша зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларға бірінші күннен бастап біріктіріп оқытуға қосу қажет, өйткені бала басқа балалар ортасында өзін ұстауға үйренеді, қарапайым оқу дағдыларын меңгере алады (басқаларды тыңдау, қарапайым өтініштерді орындау, өзіне қажетті қызмет көрсету дағдыларына үйрену сияқты). Ата-аналарын арнайы дайындау орталықтары және мектеп жасына дейігі топтарда тәрбиелеу мен оқыту арқылы зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды мектепте білім алуға арнайы шаралар ұйымдастырылады.
Батыс Еуропада қалыптасқан дәстүр бойынша ата-аналар мен қамқоршылар зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін мемлекеттік немесе жекеменшік білім беру мекемелерін тандауға құқылы.
Зиятында терең ауытқушылықтары бар тұлғалар бастауыш және кәсіби білім алуға құқылы. Бастауыш білімнің мазмұны - оқу, жазу, есептеудің қарапайым деңгейіндегі білім, икемділік пен дағдыны қамтиды. Аталмыш тұлғалар меңгере алатын кәсіби мамандықтар: автослесарь, көлік технигі, тоқымашы, үйді жинау, бақша күту, қойма ұстау, науқастарды күту, қарау т.бс.с. Бұл мамандықтарға зиятында терең ауытқушылықтары бар тұлғаларды арнайы кәсіби мекемелерде оқытады.
Шет елдерде зиятында терең ауытқушылықтары бар тұлғаларға арналған "қорғаушы еңбек жүйесі" еңгізілген, нақты жұмыс орнында табыс тауып, өз енбектерінің пайдасын көруге жағдайлар қамтамасыз етілген.
Біздің елдерде зиятында терең ауытқушылықтары бар балалар мен ересек тұлғалар Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігі қармағындағы арнайы интернат-үйлерінде өмір сүреді. "Ақыл ойы имбецил немесе нақұрыстық деңгейдегі, немесе дебилдік деңгейі тірек-қимыл-қозғалысындағы ауытқушылықтарымен күрделенген жағдайдағы балалар" атты ережелер бойынша балалар жоғарыда аталған мекемелерге жіберіледі. Зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ең шіғаш бағдарламалары 60-70 жж. әзірленген, олардың мазмұны психикалык нроцестерді жан-жақты дамыту, кемістіктерді түзету, сейлеу тілін дамыту, қарапайым өзін -өзі күту дағдаларын қалыптастыру.
Бұл жүйедегі қазіргі жетістіктердің бірі- ерте жастан көмек көрсету багдарламаларын әзірлеу.
Қазіргі күнде зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларға "Кеңес", "Алпамыс" атты арнайы мекемелерде кешенді психологиялық-нсдагогикалық қолдау көрсетіледі, жаксы нәтижелермен балалардың мүмкіндіктеріне сеңім тудырады. Ал арнайы интернат-үйлерінде аталмыш бшіалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру және қарапайым білім, икемділік пен дағдыларға үйрету тәжірибесі жоба ретінде жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, соңғы жылдарғы арнайы білім беру жүйесіндегі жегістіктердің бірі зиятында терең ауытқушылықтары бар балалар оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде арнайы көмек көрсету, ол үшін арнайы жағдайлар қамтамасыз етілген.
Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Ақыл ойдың кемтарлығы деген ұғымның мағынасын ашып көрсетіңіз.
2. Қандай білім беру мекемелер зиятында ауытқуы бар тұлғаларға арналған?
3. Зиятында шамалы, терең ауытқуы бар балаларды оқыту ерекшеліктері қандай?
Әдебиеттер:
1. Д.И. Исаев Умственная отсталость у детей и подростков. С-Пб. 2007.
2. Еременко И.Т. Олигофренопедагогика-М.- 1985.
3. Обучение детей с нарушениями интеллектуального развития (Олигофренопедагогика) /под ред. Б.ГІ. Пузанова . Учебное пособие - М. 2001.
4. Специальная педагогика /Под ред Н.М.Назаровой-М.- 2001.
Дәріс № 28-29