Арнайы мектептегі сабақтан тыс жұмысы
Оқушылар қоршаған орта туралы білім мен икем, көзқарас пен ой пікірлерін тек сабақ арқылы ғана толык меңгере алмайды. Өйткені бала сабақтан шыққан соң өмірдегі басқа құбылыстармен кездеседі, қарым-қатынас жасауға үйренеді. Бұл аса маңызды міндетті арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмысы атқаруға тиіс. Сыныптан тыс жұмысы бір тұтас педагогикалық үрдістің белегі. Арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмысының ерекшелігі, ол сабақ сияқты қатты талаптармен шектелмейді. Сыныптан тыс жұмысты әр түрлі көріністе, еркін ынтамен , шығармашылық қасиеттер мен ұжым пікіріне сүйену арқылы өткізуге болады Бұл жұмыста оқушылардың сабақта байқалмаған ерекше қабілеттері оянып, дамиды.
Арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмыс келесі бағытта ұйымдасады:
- отан сүйгішті тәрбиелеу;
- білім беру, тәрбиелік жұмысы;
- көркем өнерпаз әрекет;
- дене шынықтыру мен сауыктыру жұмыс;
- үйірмелер жұмысы.
Ал сыныптан тыс жұмысын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың үш негізгі түрі тараған:
- жалпы мектептегі;
- топтық;
- жеке дара.
Бұл ажырату тәрбие процесіне қатысушылардың саны бойынша негізделеді.
Педагогикалық теорияда тәрбие жұмысының формалары туралы нақты аныктама жоқ. Тәрбие жұмысының формасын тэрбиенің мазмұны арқылы үйымдасқан мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас жүйесі ретінде көрсетуге болады. Тәрбие жұмысының негізгі міндеттері:
- ұйымдастырушы (түрлі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды білдіреді);
- реттеуші (тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынастарды реттеуді көздейді);
- ақпараттық (тәрбиеленушілерге бір жақты мәлімет беруден басқа да олардағы білімдеріне сүйенуді талап етеді, көмекші мектепге қиын мәселе).
Тәрбие жұмысының формаларын мақсаты мен бағыты бойынша және катысушылардың орны мен ролі бойынша ажыратуға болады. Тәрбие жұмысын өткізу уақыт мерзімі бойынша :
- қысқаша ( бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін);
- ұзақ (бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін);
- дәстүрлі ( жиі, үйреншікті) түрлерге бөліенді.
Ал келесі тәрбие сыныптан тыс жұмысын жетекші әрекет арқылы мегізделген: оқу, еңбек, спорт, көркем өнерпаз т.б.
Арнайы мектепте тәрбие жұмысын жоспарлау тәрбиелік мақсаттарға жетудің негізгі құралы. Жоспар - тәрбие жұмысының мазмұны, өткізу шарттарын, көлемін, уақытын белгілейтін құжат, оның қызметі:
4) бағыттау;
5) болжау беру;
6) ұйымдастыру мен реттеу;
7) бақылау мен қадағалау:
8) қайта жаңғырту ( яғни қажет болған жағдайда жоспар бойынша
тәрбие жұмысын қайта өткізуге болады).
Жоспарлау 3 кезенді қамтиды, олар:
1. Жоспар жобасын әзірлеу;
2. Ұжыммен талдау, ұсыныстарды жинақтау, қарастыру;
3. Өзгерістерді еңгізу, соңғы нұсқасын бекіту.
Жоспар мұғалімнің шығармашылык мұмкіндіктеріне және педагогикалық талаптарға сәйкес әзірленеді. Педагогикада жоспарлардың келесі түрлері кездеседі:
1. Мазмұны мен көлемі бойынша -
- кешенді (жалпы жоспар барлық бағыттар мен жұмыс түрлерін қамтиды);
- тематикалық ( нақты бір бағытта, мысалы: ата-аналармен жұмыс);
- нақты затты (бір іс-шара туралы жоспар, мысал:ы сынып сағаты)
2.Тәрбие процесінің ұзақтығына байланысты -
- ұзақ мерзімге (бір жылға)
- бір кезенге (бір тоқсан)
- қысқа мерзімге (бір айға)
- шұғыл жоспар (бір күнге).
Дәстүрлі мектептерде болашақ (перспективалық) жоспар (оқу жылына) және күнтізбелік жоспарлармен қатар ата-аналармен әдістемелік жұмыс жасау жоспары кездеседі.
Сыпыптағы тәрбие жұмысының жоспары
Тәрбие жұмысының мақсат-міндеттері | Негізгі шаралар | өткізу мерзімі | Жауап беруші | Орындау белгісі | |
Сыныптағы тәрбие жұмысынан ерекше мектептегі тәрбие жұмысының жоспары оқушылар, ата-аналар және мұғалімдермен жүргізілетін бағыттарды қамтиды.
Тәрбие жұмысының мақсат-міндеттері | Негізгі шаралар | Оқушылармен жұмыс | Ата-аналармен жұмыс | Мұғалімдер-мен жұмыс | |
Тәрбие процесінде сабақтан тыс жұмысы аса манызды қызмет атқарады. Бұл жұмысты мұғалімдер мен тәрбиешілер белсенді түрлі әрекеттер арқылы ұйымдастырады. Сабақтан тыс уақытында білім беру, түзету міндеттері кешенді түрде орындауға мүмкіндік туады.