Ақыл - ойы кемтар балаларға арнайы көмек ұйымдастыру
Ақыл ойы кемтар тұлғаларды қоғам тарапынан арнайы көмек көрсету дәстүрі XIX ғасырдан басталған. Эскироль ақыл ой кемтарлықты жан-жақты зерттеп нақұрыстықты ауру емес екендігін дәлелде оны ақыл ой дамуы ешқашанда қалыптастаған жағдайымен сипатталатын күйі екенің түсінген. Эскироль еңбектері ақыл-ой кемтарлықтын клиникалық және психологиялық тұрғыдан зерттеулердің көз-қайнары болған.
Ақыл-ойы кемтарларды оқыту мүмкіндіктерін тексеру мен аңықтауға бір жағдай көмектесті. Авейрон орманында 11-12 жастағы жабайы ұл бала табылған, адам баласына ұқсамаған. Ж. Итар (1775-1838) сенсуализм ағымының екілі болғандықтан, сол баланы (Виктор деп ат қойып) оқыту барысында сезімдерін дамытуға сүйенген. Итар кезекпен түрлі сезім мүшелерін дамытқан және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға қадам жасаған. Викторды қалыпты жағдайға келтіре алмамағанына қарамастан нақұрыстардың оқуға қабілетгері бар екені туралы дәлелдер пайда болды.
Эскирольдің шәкірті Э.Сеген (1846 ) нақұрыстықпен шамалы ақыл-ойдың кемтарлығы атты түсінктерге анықтама берген. Ол өзінің түзету жұмысының емдік және педагогикалық жіктеуін кұрастырып, ең алғашында Францияда кейінен АҚШ-та ақыл-ойы кемтар балаларды оқыту тәжірибесін бастаған. Оның оқыту әдісінің негізгі алғаш қабылдауға қабілеттерін кейін ұғымдық функцияларын дамыту болған.
Б. Морель (1857) азғындау теориясынын негізін қалаушы нақұрыстықтын себебі ретінде қарастырып, оны тұқым дамуының кері кетуі деген. В. Магнан (1893) ақыл-ойы кемтарлықты кері кетудің көрсеткіші деп есептеген. Ақыл ой кемтарлыкты зерттеулердің бірінші кезеңнің қорытындысы, XX ғасырдың басында туа біткен ақыл ой кемтарлықты ес аусқан ауруларан ажырату туралы пікірлер қалыптасып тұқым қуалаушылық себептері анықаталған. Тәжірибеде туа біткен акыл-ой кемтарлықтын түрлері, деңгейлері баяндалған.
Ақыл ойы кем балаларды арнайы сыныптар мен мектептерде оқыту Еуропа елдерінде және АҚШ та біздің елімізге қараганда ертерек басталды сондықтан мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқытуды ұйымдастыруда отандық мамандар шет ел тәрбиесіне сүйенген.
Ақыл - ойы кемтар балаларды оқыту XIX ғасырдан бастап өзекті мәселенің біріне айналды, себебі қоғам мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға да оқудың қажеттілігін түсіне бастады.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында «ақыл - ойы кем» түсінігі психиатрияда қалыптасқанымен, бұл балаларды оқыту мәселесі үлкен күдік туғыза бастады Германия және басқа елдерде арнайы мектептің негізгі мақсаты - мектептегі үлгермеушілікке көмектесумен сипатталды. Осы арнайы сыныптарда 1 - 2 жыл оқығанан кейін балалар қайта жалпы мектепке ауысуы тиіс болатын.
Рейседе ақыл-ойы кемтар балалар үшін арнайы оқыту мекемесі дәрігер Ф.Пляцтің жетекшілігімен 1854-жылы Рига қаласында ашылған.
Кейіннен XX ғасырдың басында Мәскеу педагогтары мен дәрігерлері ақыл - ойы кем балаларды оқытуды ұйымдастыруда жоғары белсенділік танытты.
Ұзақ ізденістер мен өтініштердін көмегімен 1908 жылы алғашкы көмекші сыныптар ашылды. Бұл көмекші сыныптар Мәскеудегі, Үшінші Ольгинско - Пятницкий атындағы училищесінде М.П.Постовскаяның (1865-1953) жетекшілігімен ашылды. Осы кезден бастап ақыл - ойы кем балаларға арнайы сыныптар мен мектептердің қажеттілігін бүкіл қоғам мойындай бастады.
Бұл арнайы сыныптардың ашылуымен педагогтар шетелдегі арнайы білім беру жүйесін жан - жақты зерттей бастады. М.П. Постовская және оның інісі дәрігер Н.П.Постовский Германия, Швейцария, Бельгия т.б. қалаларда болды, осы қалалардың тәжірбиесін ақыл - ойы кем балаларды оқытуда пайдаланды.
Дефекгология тарихында ақыл - ойы кем балаларды оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, әдістерін ұйымдастыру жағынан терең із қалдырған мектеп - санаторий В.П.Кащенконың мектеп - санаторий болды.
Көмекші оқыту жұмысын ұйымдастыруда көптеген педагогтар мен дәрігерлер үлес қосты. Атап айтсақ, Е.К.Грачева, Г.И.Россолимо, В.П.Кащенко, Г.Я.Трошин, О.Б.Фельцман, А.С.Грибоедов, А.Ф.Даурский, А.В.Владимирский, Д.В.Фельдберг, Н.В.Чехов, Н.П.Постовский, М.П.Постовская, А.Н.Граборов, Е.Н.Баженова, Ф.Д.Забугин, С.Д.Рабанович, В.А.Селихова т.б.
Зиятында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбилеу мәселесін зерттеген озат ғалымдар Л.С. Выготский, Л.В. Занков, А.Н. Граборов, Г.М. Дульнев. Ақыл ойыдың кемтарлықты ғылыми тұрғыдан зерттегендер: А.Р. Лурия, Ж.И. Шиф, Б.И. Пинский,В.Г. Петрова, И.М. Соловьев, С.Я. Рубинштейн, В.И. Лубовский; Г.Е. Сухарева, М.С. Певзнер. Қазіргі уакытта зиятында ауытқушылықтары бар балаларга ерте жастан түзетушілік көмек көрсету мәселесін зерттеушілер Е.А. Стребелева, Ю.А. Разенкова, Б.С. Халыкова т.б. Мектеп жасына дейінгі зиятында ауытқушылыктары бар балаларды арнайы оқыту, тәрбиелеуді Л.Б. Баряева, О.П. Гаврилушкина, А.А. Аксенова, М.Н Перова зерттеуде. Ал зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу мәселесімен айналысатын ғалымдар Г.В. Цикото, А.Р. Маллер, А.А. Еремина.
Ерте жастағы зиятында ауытқуы бар балалар отбасында немесе денсаулық сақтау аумағындағы арнайы бөбекжайларда тәрбиеленеді. Ал түзетушілік көмек ерте жастан көмек көрсету кабинеттерінде, оңалту оратлықтарында және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде қамтамасыз етіледі. Ата-анасынын қамқорлынсыз қалган зиятында ауыткуы бар балалар ерте жастағы балалар үйлерінде, кейін 3 жастан толған соң зиятында ауытқуы бар балаларға арналған балалар үйлеріне аусады. Ол жерде жұмыс балалардың эмоциялық, тұлғалық дамуын белсендіруге, кеңейтуге бағытталған, сонымен бірге психомоторикасын дамыту, өз құрбылары және ересектермен карым-қатынас әрекет жасау, қоршаған ортамен танысу, оны зерттеу.
Жанұясындағы тәрбиеленетін балалармен түзету жұмыстары ата-анасының белсенді қатысуын талап етеді. Зиятында ауытқуы бар ерте жастағы балалармен олигофренопедагогтың жетекшілігімен түзету жұмыстары жүйелі жүргізілсе дамуында көптеген жақсы жетістіктерге қол жеткізуге болады. Бұл арнайы мекемелерде арнайы сақтаушы күн тәртібі ұйымдастырылады.