Мақсаты: Жеке тұлғаны дамытуға, тәрбиелеуге, қалыптастыруға әсер ететін факторларға сипаттама беру, талдау жасау.

Негізгі ұғымдар:жеке тұлға, индивид, даралық, даму, тәрбие, қалыптастыру.

1.Тұлға туралы ұғым. Адам – биологиялық тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін заттарды өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. Әлеуметтік ортаға бейімделуі, адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде болады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.

Психологияда “жеке тұлға” деген ұғымның әртүрлі түсініктері бар: жеке тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік қызметтерді атқаруы. Жеке тұлға темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделерге, яғни психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие.

Жеке тұлға – бұл интегративті, кіріктірілген жүйе. Жеке тұлғаны зерттеумен айналысқан ғалымдар бұл кіріктірілген жүйенің “өзегі” бар деп мойындайды, олар оны “Мен – жүйе” немесе жай ғана “Мен” деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.

Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері: оның саналылығы, жауап-кершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және арнайы көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда “адам”, “жеке тұлға” деген ұғымдардың қатары “даралық” деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері, шығармашылық іс-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. “Даралық” ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпы және жеке сипатардан тұрады.

“Индивид” сөзінің қазақша баламасы – “жекелік”, яғни адамзат тұқымының әлеуметтік қасиеттері ескерілмеген биологиялық жан иесін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады

Адамның жеке тұлғалық қасиеттері біртіндеп дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның “дамуы”мен “қалыптасуы” ұғымдарының мәнін түсіну маңызды болып табылады.

Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму– төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы. Бұл қозғалыс, өзгеріс жеке тұлғаның дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама-қайшылықтар күресі арқылы жүзеге асады.

Жеке тұлғаның дамуы - ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Адамның жеке тұлға ретінде дамуының негізін – оның бойындағы сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлік т.б.) көрсетеді. Мінез-құлық - белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды.

Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, содай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің орны ерекше.

Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның “қалыптасуы” термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру – бір нәрсеге пішін мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақтылық бір түр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтыңмәні өте зор – баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктің тарихы және белгілі бір түрдің, яғни адам өмірінің тарихы анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамға тән ерекшеліктер (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер).

Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі нәрселерден тұрады: морфологиялық белгілері (сыртқы бейнесінің ерекшеліктері); функционалды ерекшеліктер (мысалы, қан тобы); адамға тән бейімділіктер (тік жүріп-қозғалу, сөйлеу қабілетінің дамуы, ойлау, еңбек ету қабілеті т.б.); жүйке қызметінің түрі (жүйке процестерінің күші, олардың қозуы мен тежелуі, шапшаңдық-ширақтылық); әрекеттіліктің қандай да бір түрінің анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер; есту мүшелері, ойлау құрылымы, сезім мүшелері құрылысындағы ерекшеліктер т.б.

Жеке тұлғаның қалыптасуына айналадағы орта, адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар ықпал етеді. Қоршаған орта макро және микро болып бөлінеді. Макро-орта – адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы. Микро-орта – баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол – адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта, табиғат жағдайлары әсер етеді.

Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет, ал тар мағынада тәрбие – өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.

2.Тұлғаны педагогикалық тұрғыдан түсінудің әдіснамалық негізі.Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының биологиялық және әлеуметтік факторларының ара қатынасы туралы пікірталас ғалымдар арасында толастаған емес. Бірінші көзқарасты жақтаушылар, адамның дамуын, оның табиғи негізі анықтайды деп түйіндейді де, тәрбиенің ықпалына мән бермейді. Жеке тұлғаның биологиялықнегізін жақтайтын бағыттың өкілі Платон (427-347 ж.ж. б.з.б.) мен Аристотель (384-322 ж.ж. б.з.б.), адамдардың қоғамдық міндеттерін олардың табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдің пікірінше, адам дүниеге келген сәтінен бастап-ақ, кейбір адамдарға бағыну үшін, ал кейбіреулері билік ету үшін жаралған.

Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық негізін жақтайды. Осы бағыттың негізін салушы американдық психолог және педагог Э. Торндайктің (1874-1949 ж.ж.) пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін, соның ішінде сана-сезімін, қабілеттілігін тек тектілік, тұқымқуалаушылық қана анықтайды. Оның ойынша, балаға ақыл-ой қабілеті табиғи бітімімен беріледі

Прагматизм (гр. – прагма) – іс-әрекет, тәжірибе. Бұл бағыттың негізін салушы – Джон Дьюи (1859-1952 ж.ж.).

Екінші бір көзқарастың негізін салған ағылшын философы Джон Локк (1632-1704 ж.ж.). Бұл бағыт бойынша жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы - адам өміріндегі жағдайлар мен тәрбие болып есептелінген. Д. Локк пайымдауы бойынша, балан жаны дүниеге келген сәтінде таза тақтаға ұқсас болып келеді және тек оның өмір жағдайлары мен тәрбиесі ғана жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің пайда болуына себепші болады. Осыдан кейін бұл көзқарас социологиялық бағыт болып қалыптасты. Оның өкілдері жеке тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік ортаның ықпалын бірінші орынға қойып, оның дамуының табиғи заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар адамның биологиялық табиғатын төмендетті.

Жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалын бірінші орынға қойып, тәрбиенің күшін жоққа шығаратын бұл теориялар XІX ғасырдың аяғында психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі ерекше бір бағыттың пайда болуына себепші болды, бұл бағыт “педология”, яғни тура аударғанда “балалар туралы ғылым”. Қазіргі уақытта ғалымдардың көбісі педологияны индивидтің сәби, жас өспірім, жастық шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырады. Педология баланы барлық жағынан және жанама зерттейді, бұл туралы өз кезінде К. Д. Ушинский айтып кеткен болатын: “Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оның адамды барлық жағынан тануы да керек”.

Жеке тұлғаның даму факторлары туралы философиялық және психологиялық-педагогикалық ойдың тарихы материалистік ілімде және оның бір бағытында – материалистік диалектикада өз жалғасын тапқан. Бұл бағыттың өкілдері жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларды тереңірек зерттеп қана қоймай, сонымен қатар ол факторлардың өзара байланысы мен олардың адамның даму процесіне ықпал ету механизмдерін де ашып көрсетті. Қоғамның тарихын талдай отырып, олар адамдардың шығармашылық-қайта құру әрекеті өндірістің дамуы мен көркеюіне, әлеуметтік қатынастардың қалыптасуына, ғылыми білімнің молаюына, рухани өмір мен өнегелілік-эстетикалық мәдениеттің баюына себепші болды деп көрсетті.

Осылайша қоғамдық игілікке ие болып және оны дамыта отырып, адам әлеуметтік тіршілік иесі ретінде, жеке тұлға ретінде қалыптасады.

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына сыртқы, қоршаған орта ықпалының мәні зор екендігіне сене отырып, философ-материалистер адамның биологиялық табиғатын жоққа шығармады. Олардың ойынша, адам тікелей табиғи тіршілік иесі, сондықтан ол бойына біткен бейімділіктер ретінде көрініс тапқан табиғи күштерге ие деп сенді. Алайда ол бейімділіктер оның бойында тек лайықты орта мен мақсатты тәрбие бар кезде ғана дами алады.

Сонымен қатар, адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп қарастыра отырып, философ-материалистер тұқымқуалаушылық бағдарламасымен еш байланысы жоқ индивидтің “әлеуметтік тұқымқуалаушылығы” туралы ойды ұстанады. Егер биологиялық бейімділіктер адамға да, жануарларға да тән болса, әлеуметтік тұқымқуалаушылық тек адамға ғана тән.

Материалистік философия қоршаған орта мен биологиялық бейімділіктер қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледі, тәрбие – жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының үшінші факторы. Бұндағы айта кететін жағдайдың бірі – материалистік түсінікте жеке тұлға тек объект ретінде ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, тәрбиенің субъектісі ретінде, өзіндік қайта құру қызмет-әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады.

1.Тәрбие – жеке тұлғаны қалыптастырудың ең маңызды факторы .

2. Субъектінің іс-әрекеті – жеке тұлғаның дамуының факторы ретінде.

Негізгі ұғымдар:жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының факторлары; қозғаушы күштер, жеке тұлғаның қалыптасуының заңдылықтары; субъект және объект.

Тәрбие – жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы ретінде.Тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие - жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады. Бұл орайда тұқымқуалаушылыққа (биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен қатар жеке адамға тән қасиеттер жатады. Іс-әрекеттің кез-келген түріне деген анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ерекше орын алады. Олар баланың қабілеттілігі, дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады. Кейбір жағдайларда бұл бейімділіктер өте ерте, кейбір жағдайларда кешірек, ал енді бірде, ер жеткен кезде ғана көрініс бере бастайды.

Биологиялық бейімділіктер мен қасиеттердің дамуы адамның ағзасының жетілу мен қалыптасу процесі арқылы сипатталады, содан кейін оның сүйектері, бұлшық еттері, сонымен қатар ішкі мүшелері мен жүйелері дамиды. Адамның биологиялық жетілу мен өзгеру барысында, оның дамуы мен мінез-құлығының жас шамасы кезеңдерінде пайда болады. Табиғи ерекшеліктердің дамуындағы ең маңыздысы, отбасында болсын, қоғамдық тәрбиелік-білім беру орындарында болсын, оларға дер кезінде сауатты диагностика беру болып табылады. Баланың қызмет-әрекеттің қандай түріне бейімділігі бар екенін анықтайтын алуан түрлі әдістер бар. Олардың ішінде тест әдістері кеңінен қолданылады.

Тәрбие мен білім беруде адамның табиғи қасиеттерін ескеру қажет, оның бейімділігі мен қабілеттілігін анықтай отырып, олардың ары қарай дамуының амал-тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау керек. Қызметтің қандай да бір түріне деген анатомиялық-физиологиялық бейімділігінің одан ары жемісті дамуы үшін баланың оған деген ықыласын арттырып, оны сол іс-әрекетке араластыра отырып, сол салада тәжірибе жинастыруға жағдай жасау қажет.

“Жеке тұлға” деген ұғымда адамның қоғамдық мәні ашылады.

Қоршаған ортаның адамның дамуына әсерін зерттей отырып, философиялық және педагогикалық ағымдардың көбісі адамның жеке тұлға боп қалыптасуы үшін, сөйлеу, ойлау, тік жүру секілді адамға ғана тән бейімділіктердің дамуы үшін адами қоғам, әлеуметтік орта қажет дейді.

“Әлеуметтік орта” - қоғамдық өмірдің материалдық жағдайлары, әлеуметтік және мемлекеттік құрылыс, өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесі және олар анықтап отырған әлуметтік жүйе сипаты мен қоғамда пайда болған әртүрлі мекемелер қызметін қамтиды. Шынында да, жеке тұлғаның әлеуметтік бейнесі, белгілі бір мөлшерде, оның қай мемлекетке жататыны арқылы көрінеді, адам дүниеге келгеннен соң қандай да бір қоғамның азаматы болады. Адамның дамуына барынша әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе қазіргі уақытта, ең алдымен, экономикадағы өзгерістер, идеологияның өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары, көшіп-қону және демографиялық процестер, сәбилердің дүниеге келуіндегі, өмір ұзақтығындағы өзгерістер, т.б. жатады. Географиялық орта жеке тұлғаның қалыптасуында ерекше рөл атқарады.

Отбасы ортасының – баланың ең жақын айналасының аса зор маңызы бар.

Қоғамдық мекемелерде білім беру-тәрбиелік процестерді ұйымдастырғанда мұғалімдер мен тәрбиешілер балаға кең әлеуметтік ортамен қатар, мектептен тыс ең жақын айналасының әсерін ескерулері тиіс, өйткені кейде аулада, көшеде, оқушыларға, әсіресе жасөспірімдерге белгілі бір мөлшерде әсер ететін жағымсыз топтар пайда болуы мүмкін. Бұл орайда, оқушыларды жақын айналасының қоғамдық-экономикалық өмірінің әртүрлі саласына белсенді әлеуметтік іс-әрекетке араластыру қажеттілігі туындайтынын ескеру керек. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі, түрлі әлеуметтік рөлдерге ие болуы жоқ.

Тектілік, қоршаған ортамен қатар, тәрбие - үшінші шешуші фактор болып табылады, тәрбие – педагогтардың басшылығымен әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі баланың саналы мақсатты басқарылмалы қызмет-әрекеті.

Тәрбие – жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі, бұл процесте тұқымқуалаушылық бейімділік пен микро-ортаның өзгерістері жөнге келтіріледі. Барлық балалар тәрбиелік-білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты қызмет-әрекетін жемісті ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады.

Тәрбие - жеке тұлғаның тәрбиелілігі нәтижесінің белгілі бір эталонының болуын талап етеді. Тәрбие мен білім беру адамның қоғамдық қажетті білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қарулануын, оның қоғам өмірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтік институттармен ара қатынасын қарастырады. Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның бейімділігі мен қабілеттілігін жетілдіретін шешуші күш.

Тәрбиенің оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешеліктерінің бірі - оның осы бір әлеуметтік қызметті орындау үшін қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемісті болуы тарихи тұрғыдан анықталған және әрдайым өзгеріп отыратын үш фактордан - тума қасиеттері, қоршаған орта және тәрбие тұрады.

Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешуші мән бере отырып, өзара күрделі байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мәнін дұрыс түсіне білу керек.

Психологиялық-педагогикалық теорияда бұл мәселеге қатысты әр түрлі көзқарастар бар. Олардың бірі - баланың дамуы тәрбие мен білім беруі тәуелсіз, яғни тез түрде жүзеге асады дейді (Э. Мейман. А. Ф. Лазурский, Ж. Пиаже). Бұл орайда тәрбие мен оқыту дамуға бейімделеді, “баланың дамуының соңында бірге жүреді” (Л. С. Выготский). Келесі бір көзқарас бойынша даму іс-әрекеттің тарихи қалыптасқан формаларын меңгеруі арқылы яғни оқыту мен тәрбие көмегімен жүзеге асырылады, бұл орайда оқыту мен тәрбие баланың дамуының қол жеткізген деңгейінде ғана тоқтап қоймай, сонымен қатар алдағы міндетін шешуді көздейді (К. Д. Ушинский, П. П. Блонский, Л. С. Выготский).

Л.С. Выготский оқыту мен дамудың ара қатынасын зерттей отырып, оқытуды ұйымдастыруда баланың “дамуының ең жақын болашағына” сүйену керектігін айтқан. Ол былай деп жазған: “Дамудың алдында болған оқыту ғана жақсы болып табылады”. Сондықтан, тәрбиенің ең маңызды тәсілі – табиғи бейімділіктердің жиынтығын мұқият айқындау, сол арқылы оларға және қоршаған орта жағдайларына сүйене отырып, баланың соған сай қызметін арнайы ұйымдастыру.

“Баланың дамуының ең жақын аймағы” туралы сөз ете отырып, Л. С. Выготский оқушының тапсырманы өз бетінше орындауға әзірлігінің дәрежесін айтқан болатын. Осылайша ол бұл әзірлікті екі деңгейге бөлген болатын: оқушы тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайды (ол осы кезеңдегі өз дамуының деңгейіне жетті), ары қарай оған мұғалімнің көмегін қажет ететін қиынырақ тапсырма беру керек, яғни жаңа танымдық мәселе қойылады (қиындық, қарама-қайшылық), бұл оқушының ақыл-ойының дамуына дем береді.

Субъектінің әрекеті – жеке тұлғаның дамуының факторы ретінде.Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды қоршаған орта мен тәрбиенің әсерінің пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды. Кей кездерде қолданылатын педагогиканың “дәрменсіздігі” деген сөздің астарында тәрбие туралы кейбір еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердің әр түрлі формалары мен әдістері туралы айтылып, осы әсерлердің арқасында пайда болатын баланың ішкі дүниесі ескерілмей келетіні туралы мағына жатыр. Жеке тұлға өзінің қалыптасу барысында өзіндік дамуының объектісі ғана емес, сонымен қатар субъектісі де екенін ескеру керек.

Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ең маңызды заңдылығы болып есептелінеді. Жеке тұлғаның белсенділігі, оның шығармашылық-қайта құру іс-әрекетінің мәні зор.

Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттіліктерінен туады.

Белсенділіктің өзіне және жеке тұлғаның қоршаған орта мен тәрбиелік әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда қалыптасуы мүмкін.

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын барлық әсерлер мен ықпалдар– ішкі және сыртқы екі топқа бөлінді. Қоршаған ортаның әсері мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы факторларына жатады. Табиғи әсерлер – бейімділік пен әуестік, сонымен қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ықпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттіліктері – барлығы ішкі факторларға жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады.

Тәрбие жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі белсенділігіне деген іштей ықпалына әсер ететін болса, онда оның жеке тұлғаның дамуында шешуші рөл атқара алады. Осы бейімділік пен өсіп келе жатқан адамның жеке тұлға ретінде жетілуіне деген өзіндік ынтасы ғана түбінде оның дамуын анықтайды. Осылайша бұл процесс, шын мәнісінде, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу сипатына ие болады. Ал өзіндік даму өзінің ішкі заңдары бойынша жүреді.

Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта мен тәрбие секілді сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер еткенде ғана және оның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігіне дем берген жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып қалыптастыра алады. Осы бір аса күрделі процесс тәрбиенің персонификациясы (лат. – жеке тұлға) деген атауға ие болды. Тәрбиенің персонификациясы дегеніміз – информациялық мазмұндағы, адамның тұтас модусын (модус – қажеттіліктер, мақсат-мүдделер, наным-сенімдер, бағалау критерийлері, ынта-ықыластар) құрайтын саналық-психологиялық және идеологиялық поцестердің, қасиеттер мен қатынастардың әралуан түрлері бар жеке тұлғалық факторлардың мінез-құлығын әлеуметтендіріп, реттейтін өзара қатынас-әрекеттің күрделі де қарама-қайшылыққа толы болады. Персонификация әлеуметтенудің антиподы ретінде оған қарама-қайшы емес, ол әлеуметтенудің бар болуының ішкі механизмі болып табылады. Осылайша, жеке тұлғаны әлеуметтендіретін сыртқы факторлар, соның ішінде тәрбие де, жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігінің ішкі механизмдерімен, яғни оның қажеттіліктерімен, наным-сенімдерімен, мақсат-мүдделерімен өзара тығыз байланыста болғанда ғана оның дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.

Оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әралуан түрлерінде көрінетіні психологияда дәлелденген. Өмір барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды.

Қарым-қатынас – балан белсенділігінің ең ерте белгісі. Адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі ерекшеліктері осы қарым-қатынаста көрінеді. Онда адамдарға деген қатынастың көптеген алуан түрлі қырлары бар: ата-анаға, мұғалімдерге, таныстарына, таныс емес адамдарға, құрдастарына, өзінен кішкентайларға, достарына. Бала өзіне дос таңдайды, ол адамдардың белгілі бір шеңберімен қарым-қатынас іздейді, ол басқаларға ықпал етеді. ғжымда ол кейде ұйымдастырушы, кейде орындаушы болады. Қарым-қатынас белсенділігі жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының дамуына жағдай жасайды, олар – адамгершілік, қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін, адамдар алдындағы өз істері үшін жауапкершілік.

Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігінің өрісі кеңейіп, тереңдей түседі Мектептегі жүйелі оқыту баланың таным белсенділігінің қалыптасуы мен тереңдеуіне мүмкіндік жасайды, сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушы өз бетінше білім игеруге, оларды практикалық іс-әрекетте еркін пайдалану қабілетіне ие болады. Оқыту барысында біртіндеп оқушының ойлау қызметінің әдіс-тәсілдері қалыптасады. Орта және жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігі зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, іскерлік әрекетінде көрінеді.

Адамның белсенділігі айналаны қайта құру мен өзгертуге бағытталады. Әлеуметтік белсенділік дегеніміз осы. Жеке тұлғаның белгісіне айналып, бұл белсенділік қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ғылыми жаңалық, шығармашылық, жаңашылдықтың бастауы мен қозғаушы күшіне айналады.

Жеке тұлғаның белсенділігі оқушының әр алуан іс-әрекеттерінде көрініс табады: білім алу - танымдық, еңбек, қоғамдық-пайдалы жҒмыстар, ойын, эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Оқушының іс-әрекетін педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру, оның белсенділігінің барлық бағытта дамуына әсер етеді. Белсенділік баланың барлық күшін жұмсауға, іс-әрекетіндегі өзгешелігін анықтауға, жеке тұлғаның барлық мүмкіндіктерінің ашылуына барынша көмектесуге мүмкіндік туғызатын іс-әрекет түрлерімен және әдіс-тәсілдерімен қаруландыру, баланың дамуының нәтижелілігін қамтамасыз ететін тәрбиенің басты қҒралы болады.

Жеке тұлғаның белсенділігін жан-жақты қалыптастыра отырып, тәрбиеші сол баланы өзіне пікірлес етіп алады. Оқушының қажеттіліктеріне негізделген тәрбие мен өзіндік тәрбие процестері – ең жағымсыз деген сыртқы жағдайларды жеңе алатын күшке айналады.

Жеке тұлғаның дамуы үшін баланың белсенді іс-әрекеті қажет. Алайда кез-келген іс-әрекет баланың қабілетін, дарынын, мінез-құлық белгілерін, білік пен дағдыларын дамыта алмайтыны да белгілі.

Қабілеттіліктің дамуы үшін баланың бойында жағымды сезімдер туғызатын іс-әрекет қажет (В. Е. Чудновский, В. С. Юркевич). Ал мұндай көңіл-күйге түсу, жұмыстан пайда болған сүйсіну сезімімен сипатталатын танымдық қажеттіліктермен байланысты. Дарынды бала белгілі бір жұмыспен міндет үшін емес, баға үшін емес, жарыста немесе олимпиадада жеңу үшін емес, сол жұмыспен айналысқысы келетін болғандықтан жетістікке Ғмтылады, яғни ол балада жағымды сезімдермен байланысты қажеттілік бар. Осыған байланысты әдебиеттерде өте сирек айтылып жүрген жеке тұлғаның дамуының тағы бір бастауы өзіне көңіл аудартады. Бұл – жеке тұлғаның мәдени ұстанымдарынан бастау алатын өз-өзіне деген қалыптастырушылық, жасампаздық ықпал-әсері. М. Князеваның ойынша, адамның өзін-өзі дамыту күштері жеке тұлғаның дамуының ең маңыздысы болып табылады. Оның пікірінше өткеннің ұлы адамдарының Ұмірбаяны, күнделіктері, естелік жазулары, сырлары, хаттары өзін өзі қалыптастыру, өз өзіне талап қою жұмысында аса зор күш жұмсағандарының дәлелі бола алады, ал ол қасиеттер олардың кәсіби еңбектерінің бастауы болып, өмір жолында әрдайым серік болған:”... адам тек қоршаған дүниені, табиғатты, қоғамды ғана қалыптастырып, түрлендірмейді. Адамзаттың бүтін тарихы – өзін-өзі қалыптастыру мен қайта құрудың жүйесі.

Сонымен, жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуының өзара байланысы мәселесінің көпғасырлық тарихы бар. Ғылымда жеке тұлғаның мәні, оның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторларды түсіндіретін әр түрлі көзқарастар кездеседі. Ғалымдардың жеке тұлғаның қалыптасуында биологиялық (тектілік) және әлеуметтік факторлардың (қоршаған орта, тәрбие), сонымен қатар іс-әрекет пен қарым-қатынастың орны ерекше деген қортындысы еш дау туғызбайды. Жеке тұлғаның қалыптасуына мынандай заңдылықтар әсер етеді: әлеуметтік алдын ала анықталып қою, іс-әрекеттің амал-тәсілдері, көпфакторлық, педагогикалық процестің ақиқат-шындығы.

Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы тәрбиенің объектісі ретінде де, субъектісі ретінде де қарастырылады. Оның объект болу себебі оның қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге, әсіресе, тәрбие секілді мақсатты әсерлерге тәуелді. Субъект болу себебі жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді ықпалынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы бір себебі: адамның дамуы өзін- өзі дамыту процесінде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің де алар орны ерекше (сол субъект қалағанындай жеке тұлғаға тән белгілі бір қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өз бетінше жұмыс).

Қазіргі заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалайтын қасиет емес дейді. Н. И. Дубининнің айтуы бойынша, дарындылық болу үшін “жөнді универсалды генетикалық бағдарлама” керек: ал оның аса мол потенциалын жүзеге асыру үшін, әсіресе жеке тұлғаның дамуының өте ерте кезеңінде, қолайлы жағдайлардың болуы.

СОӨЖ-ның тақырыбы: Тұлға құрылымының көп қырлылығы, күрделілігі, оның барлық құрылымының өзара байланысы

Жоспар:

1. Тұлғаны дамыту, тәрбиелеу, қалыптастыру ұғымдарына сипаттама.

2. Тұлғаны дамыту, тәрбиелеу, қалыптастыру факторлары.

Наши рекомендации