Арым-қатынастың түрлері, сипаттамасы
Сөз және педагогикалық сөздің коммуникативтік сапасы
Сөз – зат пен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік. Болмыстың тілдік атауы ретінде дыбыс пен мағына тұтастығынан тұрады. Сөзді құраушы бірлік – дыбыс, ал мағына – Сөздің ішкі мәні, мазмұны. Дыбыстық құрылым сөздің ішкі мәніне, ұғымға бағынышты болады. Сөз – тілдік категория, ұғым – логикалық категория. Ұғым сөз арқылы айтылады, бірақ сөз тілдегі барлық ұғымдарды білдіре бермейді. Одағай, шылау сөздерде мағына болғанмен, олардың ұғымға қатысы болмайды.
Сөйлеу мәдениетін игеру – педагог мамандардың кәсіби құзреттілігі. Бұл жерде тілдік қатынас өзара пікір алысу, түсінісу, сөйлесу деген ұғымдардан гөрі тереңірек тілдік қатынас үстіндегі әдеп нормаларының ауызша және жазбаша формаларын меңгеру, дұрыс қатынас жасауға қол жеткізетін тілдік құралдарды тиімді пайдалана білу мағынасын қамтиды. Осындай құзіреттілікті меңгерту – педагог-қызметкерлердің кәсіби шеберлігінің сипаттамасы. Әрине, шеберлік, әсіресе сөз өнерін шешендік деңгейде игеру бірден қалыптаспайтын ұзақ жаттығуды қажет ететін үрдіс.
«Шеберлік дегеніміздің өзі- тар шеңберде алғанда, адам бейнесі, табиғат көрінісі, қимыл, іс-әрекет сияқты әдебиеттік түрлі образдарды жасау үшін сөзді талғаммен, ұқыптылықпен қолдана білу. Мұндай образдарды жасау үстінде сұрыпталатын сөздерге әрқашан да жаңа мағына, қосымша реңдер берілетіні белгілі. Сөздердің ондай қосымша мағынасы мен реңдері образды ойды эстетикалық жағынан байытып отырса ғана құнды болмақ. Образды ой дегеніміз – суреттелетін зат, құбылыстың формасын сөз арқылы шебер бейнелей білу»
Сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері қазақ тіл ғылымында А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов еңбектерінен бастау алып, тілші-ғалымдар І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов, Р.Сыздықова, Н.Уәлиев т.б. зерттеулерінде әр қырынан сипатталған.
Н.Уәлиев сөз мәдениетінің ғылыми пән ретінде қарастыратын негізгі обьектісі –тілдік норма, ол- сөз мәдениетінің құрылымдық-жүйелік аспектісі, екінші аспектісі – коммуникативтік сапасы екендігін айтады
Педагогтің сөйлеу мәдениетінің коммуникативтік сапасы жоғары, я болмаса төмен сөздің тілдік құрылымының өзіне тән белгілері мен сипаты болады. Бұл белгілер мен сипат «жақсы», я болмаса «жаман» деп бағалайтын сөздің бәріне ортақ, бәріне қатысты болып келеді. Сондықтан «жақсы сөйледі», «сөзі жатық екен», «тілге(сөзге) бай екен» деп мұғалімнің сөйлеу мәнеріне баға беріліп жатады. Әрине, баға беру субьективті болғанмен, сөз құрылымындағы «жақсы» я болмаса «жаманның» тілдік көрсеткіштері обьективті болуы ықтимал.
арым-қатынастың түрлері, сипаттамасы
Қарым-қатынас– адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Негізгі қызметі:
· 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
· 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
· 3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Педагогикалық қарым-қатынас — белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. Қарым – қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым – қатынас адамдар қарым – қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық.
Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.