БӨЖ бақылау түрлері

БӨЖ қорытындылары жазбаша эссе, глоссарий, баяндама, бақылау, жазбаша жұмысы, ғылыми мақала, аудио-, бейне есептер, шығармалар және т.б. түрінде; сонымен қатар тәжірибелік тапсырма альбомдар, хаттамалар, мүсіндер, препараттау, аннотациялау, зертханалық тәжірибені енгізу және т.б. түрінде тапсырылуы мүмкін.

БӨЖ қорытындылары білімалушылардың ғылыми конференциясында, білімалушылардың ғылыми ұйымының отырыстарында, олимпиадаларда, сабақтарда (5 мин.), кафедраның web – бетінің БӨЖ бөлімінде көрсетілуі мүмкін.

Білімалушылардың БӨЖ бойынша қорытындылары кафедрада 2 жыл бойы сақталуы тиіс. БӨЖ тақырыптары емтихан сұрақтарында және тесттік тапсырмаларда берілуі керек.

Егер пән бойынша сағаттардың жалпы көлемі мынадай болса:

Жалпы медициналық, стоматологиялық, емдеу, педиатриялық факультеттердің, МАА және фармация факультеттерінде:

90 сағатқа дейін- білімалушы БӨЖ бойынша 1 тапсырма орындайды ( 1 – жазбаша түрде);

90 сағаттан жоғары – БӨЖ бойынша 2 тапсырма (1 – жазбаша түрде және 1 – практикалық тапсырма);

БӨЖ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОРЫНДАУ КРИТЕРИИЛЕРІ

Мұқабаның сыртында белгіленеді:

Семей қ. ММУ,

Кафедраны, каф.меңгерушісі,

Пәнді, БӨЖ тақырыбын,

Білімалушының Тегін, Атын, Әкесінің атын, мамандықты, топты,

Оқытушының Тегін, атын, Әкесінің-атын.

Эссе

Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

1. Эсседе студент шығармашылық ойлауын, талдауын, критикалық көзқарасын және өз ойын нақты және анық жазбаша түрде көрсету керек;

2. Эссе құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды;

3. Эссе көлемі - 5-7 бет;

4. Дәлелді қорытындылар және ұсыныстар;

5. Ұқыпты өткізілген талдау;

6. Эссе жеке орындалады, басқа студенттердің жұмысынан ерекше болуға тиісті;

7. Соңында қолданылған әдебиеттің тізімі болу керек;

8. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

9. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе БӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

Power Point форматында презентация жасау

Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

1. Слайдтар саны 10 кем емес және 20 артық болмау тиіс.

2. Презентация 3 компоненттен құралуы керек: 1) Кіріспе - бұл динамикалық және тиімді бастау; Презентацияның бұл бөлімінің міндеті – назар аударту, берілетін ақпаратқа позитивті, оң көзқарас және эмоционалды қабылдауды қалыптастыру; 2) Презентацияның ақпаратты бөлімінде тапсырманың негізгі сұрақтарының мәнін ашатын сызбалар, суреттер, қысқаша мәтіндік бөлім болуы керек; 3) Қорытындыда дәлелді қорытындылар және ұсыныстар болуы тиісті.

3. Презентацияның мақсаты және міндеттері нақты, анық болуы керек.

4. Қарастырылған сұрақ бойынша әдебиеттерге жасалған талдау болуы керек.

5. Презентацияда көрнекілік және мәтін артық мөлшерде болмауы тиіс; Көрнекілік негізделген болуы керек.

6. Презентацияға видеофайлдарды интеграциялау, біріктіру.

7. Түс үйлесілімдігінің болуы керек – ашық түсті мәтін қара түсті фонда немесе керісінше қара түсті мәтін ашық түсті фонда.

8. Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.

9. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе БӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

Ситуациялық есептер

Клиникалық пәндер үшін тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

1. Сәйкес ауру тарихы бойынша ситуациялық есептің сауатты құралуы.(шағым, анамнез, мүшелер және жүйелер бойынша объективті зерттеулер және т.б.)

2. Дұрыс медициналық терминологияны қолдану қажет.

3. Білімалушы ситуациялық есептің соңында диагнозды нақты, анық құрастыруы тиіс.

4. Білімалушы қажет препаратты белгілеу, тағайыдау арқылы емдеу жоспарын ұсынуы керек.

5. Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.

6. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

7. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе БӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

Ситуациялық есептер

Жалпы білім беретін және іргелі пәндер үшін тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

1. Берілген тақырып бойынша есептер саны – 5-тен кем болмауы қажет.

2. Конкретное изложение этапов решения задач

3. Алынған нәтижелер негізіндегі қорытындылар болуы керек.

4. Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.

5. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

6. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе БӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

Тесттер

Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

1. Көлемі - 15-20 тесттік тапсырмалар болуы керек.

2. Білімалушы тақырып материалын оқуы қажет.

3. Бір дұрыс жауабымен көптік таңдау тесттік тапсырмалар (MCQ), бірнеше дұрыс жауаптарымен тесттік тапсырмалар (MAQ), көп жауаптарымен кеңейтілген тесттік тапсырмалар жасауы (EMAQ) керек.

4. Тапсырма нақты, анық құрастырлуы тиіс.

5. Қате ақынтама жоқ, дәлілді және нақты дұрыс жауапты (кемінде 2-3 тесттік тапсырмалар), және түсіну деңгейіне (9-11 тесттік тапсырмалар), қолдануға (2-3 тесттік тапсырмалар).

6. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

7. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе БӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

Наши рекомендации