Йымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Әлеуметтік
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы:«Балабақша біздің екінші үйіміз»
Мақсаты:1.Балабақшада еңбек ететін адамдардың мамандықтарымен таныстыру. (медбике, аспаз)
2.Балабақшаның балаларды көп нәрселерге үйрететінін және жақсылыққа тәрбиелейтін орын екенін түсіндіру.
3.Балабақшада еңбек ететін адамдардың еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Балаларды мейірімді болуға баулу.
Қажетті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: суреттер: аспаз, медбике, дәрумендер, азық-түліктер, айна, ойыншық торғай, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: аспаз, дәрігер..
Билингвальді компонент: хатқалта- конверт, балабақша- детский сад, аспаз- повар, дәрігер- врач.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Тәрбиешінің басқару іс - әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушылық | Шаттық шеңбері. -Сәлеметсіздер ме, балалар! Жалпы адамдар кездескенде бір- біріне амандық пен саулық тілейді, яғни амандасады, жағдайларын сұрайды. -Сендердің үстелдерінде сиқырлы қорапшалар жатыр, оның ішінде ақылды да алғыр балалар отыр. Кәне, бәріміз ашып қарайық, олар қандай балалар екен? Әр қобдишаның ішінде айна жатады. -Кәне, балалар, айнаға қарап, «Біз әлемдегі ең жақсы балалармыз»,- деп айтайық. Осылайша көңілімізді көтеріп, сабаққа кірісейік. | Шаттық шеңберінде тұрады, бір бірімен амандасады. Айнаға қарап, тәрбиешінің айтқанын қайталайды. Хатты тыңдайды. -Иә. |
2.Таңғажайып сәт. Біреу есік қағады. Тәрбиеші пошташыдан хатты алып, алғысын білдіреді. -Балалар, біздің атымызға торғайлардан хат келіпті, оқып көрейік. Тәрбиеші хатқалтаны алып, хатты алып оқиды. -Құрметті балалар! Біз торғайлармыз, сендердің бақшаларыңның үстінен ұшып бара жатып сендердің көңілді екендеріңді көрдік. «Біздің де осындай балабақшамыз болса ғой»,- деп мұңайып қалдық. Біз балабақшаның не екенін білмейміз. Сендерге қонаққа келсек, бізге балабақша туралы айтып бересіңдер ме? -Балалар, торғайларға балабақша туралы айтып береміз бе? Тәрбиеші екі торғайдың суретін немесе ойыншық торғайларды көрсетіп, олардың терезеден ұшып келгенін айтады. | ||
Ұйымдастырушылық - ізденістік | 3.Білімді өзектендіру. Тәрбиеші балабақша туралы өлең оқиды. -Өлең не туралы? -Балабақшаға кімдер келеді? -Балалар балабақшада не істейді? -Балаларға кімдер қарайды? 4.Балабақша туралы әңгіме жүргізу. -Балабақшада-3-3 жастан мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін (қоғамдық) орын. Балалар, балабақшада сендерге кітап оқып беретін, сендермен күнде қыдыратын кім? | -Өлең балабақша туралы. -Балабақшаға балалар барады. -Балабақшада ойнаймыз. -Ертегі тыңдаймыз. -Жаттығу жасаймыз. -Ән айтамыз. -Балаларға тәрбиеші апайлар қарайды. |
-Тәрбиешіге көмектесетін кім? -Ол қалай көмектеседі? -Жарайсыңдар, балалар! Бізге ормандағы аңдардан хат алып келіпті. Кәне, хатқалтаны ашып көрейік (хатты алып, ішінен аспаз бен дәрігер бейнеленген екі суретті алып шығып, оларды мольбертке көрсетеді.) -Аспаз сендер үшін не істейді? Торғай: -Егер де балалардың біреуі ауырып қалса, не істейсіңдер? -Біздің балабақшамызда денсаулықты қадағалап отыратын адам бар. Ол кім екен? Есімі қалай аталады? Ол қандай қызмет атқарады? -Иә, балалар, аспаз тамақ дайындаса, дәрігер балалардың денсаулықтарын қадағалап отырады. | -Тамақ пісіреді. -Дәрігерге айтамыз. Қайталайды. | |
5. Билингвальды компонент: хатқалта- конверт, балабақша – детский сад, аспаз- повар, дәрігер- врач. 6.Сергіту сәтін «Торғайлар мен автокөлік» қозғалыс ойынымен өткізеді. Торғай: -Сендердің балабақшаларында біз білетін заттар көп екен. -Қайғырмаңдар! Балалар айтып береді! 7. «Ғажайып қапшық» дидактикалық ойыны. Шарты: қапшықтан заттар бейнеленген суреттерді бір- бірден алып шығады. Мысалы: -Аспазға азық-түлік, қазан, таба, тамақ пісіретін плита керек. -Дәрігерге дәрумендер, температура өлшейтін (градусник), дәке керек. 8.Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындатады.. Сурет бойынша балабақша туралы әңгіме жүргізеді. | Тәрбиешіні мұқият тыңдап, белсенділік танытады, сұрақтарға жауап береді. Балалар жауап береді. | |
әңгіме жүргізеді. Торғай балалармен қоштасады. -Рақмет, балалар,мен сендерден көп нәрсе үйрендім. Сау болыңдар! 9.Жеке жұмыс: Топтағы кейбір балаларға аспаз бен дәрігердің жұмыстары туралы сұрақ қояды. Жауаптарын тыңдайды, толықтырады. | Суретке қарап отырып, балабақша туралы әңгімелейді. -Сау болыңдар! | |
Рефлексиялық- тұзетушілік | Қорытынды: -Балабақша дегеніміз не? -Балабақшада кімдер қызмет етеді? -Өз балабақшаларыңды жақсы көресіңдер ме? | Тәрбиешімен бірге сабақты қорытындылайды. |
Күтілетін нәтежелер:
Жасайды:балабақша тақырыбына байланысты берілген тапсырмаларды.
Түсінеді:балабақша және оның қызметкерлері туралы ұғымды.
Қолданады: топта бір- бірімен қарым- қатынас жасай білу іскерліктерін.