Оқу ортасы: Рөлдер мен күтілетін нәтижелер

Дәрісханалық оқытудың жаңа бір түрін жоспарлау бір басқа, оларды алға қойылған мақсаттарға сәйкес іс-тәжірибеде қолдану бір басқа. Бұл жерде дайын тәсіл жоқ. Қара жәшіктің ішінде қалыптастырушы бағалауды ұтымды дамыту «әрбір мұғалім өзіндік дәрісхалық оқыту моделінен шығатын идеяларын қалыптастырып, сабақ өткізудің өзіндік тәсілін тапқан» жағдайда ғана жүзеге асырылады деп нақты айтылған.

Екінші қағидат – қарастырылып отырған оқу ортасы сынып мәдениетін талап етеді, ол мұғалімге де, оқушыға да бейтаныс болып, екеуін де әбігерге салуы мүмкін. Мұғалім енгізген инновацияның әсері мұғалімдер мен оқушылар арасындағы «сыныптық келісімді» - күтілетін тәртіпті анықтайтын ережелерді өзгертіп, оны мұғалімдер де, оқушылар да мойындауға тиіс.

Оқушылар мұғалім ұсынатын білімді енжар түрде қабылдаушыдан, өзінің білім алуы үшін жауап беретін және өз оқуын басқаратын белсенді оқушыларға айналуы қажет.

Мұғалімдерге жігерлілік пен батылдық қажет. Жобамыздың бастапқы кезеңінде көптеген қатысушылар жаңа тәсілді «үрейлендіретін» деп сипаттағандары бар, өйткені олар өз сабақтарын бақылаудан шығарып аламыз ба деп қорыққан екен. Жобаның соңына қарай олар бақылауды жоғалту жөнінде емес, оқушылардың оқуы үшін жауапкершілікті сыныппен бөлісу туралы айта бастады; бұл да дәл сол үдеріс, тек басқа көзқарас тұрғысынан қарастырылады. Бір жағынан, мұғалімдер мен оқушылар жеткізуші/алушы сияқты өзара қарым-қатынаста болады, екінші жағынан олар ортақ мақсатқа ұмтылған әріптестер:

Қалыптастырушы бағалау мені өзіме қарағанда, оқушыларға көп көңіл бөлуіме жетеледі. Оқушыларға алға қарай ілгерілеуіне мүмкіндік бере алатындығыма көзім жетті. – Роберт, Two Bishops мектебі.

Нәтиже қандай? Нәтиже – әрқайсысының үміттері – атап айтқанда, мұғалім мен оқушылардың өздері не істеулері қажет деген ойлары өзгерді. Бұндай өзгеріс жүргізу оңай болмауына қарамастан, олар кенеттен жүрмеуі керек. ПМОҚБЖ жобасының мұғалімдері тәжірибе жинақталуына қарай баяу және біртіндеп өзгеріп, түсініктеме беру мен бірлескен жұмысты жақсарту жөніндегі түрлі стратегияларды пайдаланудағы сенімділігі өсті. Мысалы, көптеген мұғалімдер ойлауға ықпал ететін сұрақтар қоя бастады. Одан кейін олар ауызша және жазбаша түсініктемелерін жақсартып, ойлануды бірінші орынға шығару арқылы өзара бағалау және өзін өзі бағалауды дамытуды жалғастырды.

Қорытындысында, төмендегі тәсілдер арқылы:

· «сыныптағы өзара қарым-қатынасты» барлығы мұғалім мен оқушы бірлескен нәтиже үшін бірігіп жұмыс істейді деп күтетіндей етіп өзгерту арқылы (бұл ретте бірлескен нәтиже әрқайсысының оқуын жақсарту болып табылады);

· оқушыларға белсенді оқушы болуға мүмкіндік беріп, осылайша олардың өз оқуы үшін жауапкершілік алуы арқылы;

· орынды болған жағдайда, қадамдап мұғалімнің рөлі туралы ұғымға өзгеріс енгізу арқылы;

· бағалау оқытуды жақсартатын амал-тәсілдерді ойластыру және үздіксіз назар аудару арқылы сынып мәдениеті мен күтілетін нәтижелерді өзгертуге болады.

Сіз не істей аласыз?

Өз қызметіңізге қалыптастырушы бағалау идеясын енгізу үшін, ең алдымен, сіз не істейтіндігіңіз төңірегінде ойлануыңыз қажет. Әріптестермен талқылау және сабақтарда бірін-бірі бақылау осындай ойларға түрткі болуы мүмкін.

Келесі қадам енгізілген өзгерістерді тексеру болуы тиіс. Бәрін түбегейлі өзгерту қауіпті болып, бәрін бүлдіруі мүмкін, сондықтан өзгерткіңіз келетін бір нәрсе таңдап алыңыз, мейлің, «бағдаршам» карточкаларын пайдалану немесе құрбы-құрдастарын бағалау болсын, немесе күрделендірілген жауап алу болсын, әйтеуір біреуі болуы тиіс. Тек істі бастаудан қорықпаңыз. Егер де сіз орта немесе жоғарғы сыныптарда сабақ беретін болсаңыз, онда алдымен бір сыныппен ғана орындап көріңіз. Мұғалімдер өздеріне сенімі артып, оқушыларға нені білетіндерін және нені білгілері келетіндерін айтуға мүмкіндік бере бастасымен-ақ, бағалауды өзінің бүкіл оқыту тәжірибесінде пайдалану керек деп ұйғаратынын байқадық.

Стратегияларды пайдалануды жалғастыру алдағы прогреске апарады. Бірнеше мұғалім бірлесіп жұмыс істегенде, әрқайсысы өзінің стратегиясын таңдап алып, кейіннен қол жеткізген жетістіктерімен бөліседі. Бұл үдеріс бірқатар стратегиядан тұратын «іс-әрекет жоспарының» нақты тұжырымдамасын жасауға әкелуі тиіс, бұл жағдайда сыныппен жұмыс істеуді оқу жылының басынан бастаған дұрыс. Оқу жылының басынан бастап кірісудің бірінші себебі - мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де жұмыстың жаңа тәсіліне үйреніп-төселуіне уақыт болады. Екінші себебі – әбден орныққан жұмыс тәртібін оқу жылының ортасында өзгерту қиын болады. Бірнеше сыныпта ғана бір жыл бойы үзбестен жұмыс істеу тәжірибесі, осы кезде басқа мұғалімдер де осы сияқты жұмыс атқарса, бұл жаңа тәсілдерді жаппай бейімдеуге мықты негіз бола алады.

Осы сияқты инновацияларды енгізуге тартылған топтармен бірлесіп жұмыс істеу қажет. Жалпы бақылау, идеялармен және қол жеткізілген өрлеу туралы тәжірибемен алмасу, тактика үшін де, стратегиялық деңгейде де пайдалы. Сыныптағы оқытудан күтілетін нәтижелерді және сынып мәдениетін өзгертуді ниет еткен кездегі алғашқы күмәнды жеңу үшін әріптестеріңіздің қолдау көрсетуі өте маңызды.

Кез келген жаңалыққа қатысты мектеп әкімшілігінің де қолдауы маңызды болмақ. Мектеп әкімшілігінің қолдау көрсетуінің бір жолы – мұғалімдерге жиі-жиі кездесу өткізуге уақыт бөлу. Сондай-ақ, мұғалімдерге әдістемелік бірлестікке және Педагогикалық кеңеске атқарылған жұмыс туралы баяндама жасауға мүмкіндік беру де маңызды.

Жаңалықты зерттеумен айналысатын кез келген топтың жұмысы бүкіл мектептің қызметіне құйылған инвестиция болып табылады, сондықтан көмек кішіпейілділік сипатта болмауы тиіс. Керісінше, топтың жұмысын бағалағаннан кейін, бай тәжірибені тарату басталады деп күткендіктен, мұндай жұмыс мектеп жұмысын жақсарту жоспарына енгізілуі тиіс.

Мектептің саясатын қайта қарау қажет сияқты: үй жұмысының барлық түрлеріне баға қою саясаты маңызды тәсіл – түсініктемелерді пайдалануға кедергі келтіреді.

Сонымен қатар, қалыптасқан мектеп саясатын қайта қарау қажет, себебі саясаттың кейбір қағидаттары қалыптастырушы бағалаудың пайдаланылуын шектеуі мүмкін. Қарапайым мысал ретінде кез келген үй жұмысына ұпай немесе баға қоюды талап ететін саясатты айтуға болады. Ол түсініктемелерді пайдалануға кедергі келтіреді. ПМОҚБЖ жобасына қатысқан алты мектептің бесеуі математика мен жаратылыстану ғылымдары мұғалімдерінің тәжірибесіне сүйеніп, баға қоюдың орнына түсініктеме беруді енгізіп, өздерінің оқыту тәжірибелерін өзгертті, осы мектептердің екеуі қабылдаған өзгеріс барлық мектеп бойынша үй тапсырмасына ұпай және баға қоюдан бас тарту түрінде болды. Тағы бір мысалда жиі-жиі қайта қарауды талап ететін «мақсат қою» жүйесі орта, ұзақ мерзімді оқу дағдыларын дамытуда шұғыл «өрлеуді» баяулататын оқытудың кез келген тәсілдерін өзгертуге кедергі келтірді.

Сондықтан, оқыту үшін бағалаудағы жаңалықтарды оқыту тәжірибесіне енгізуге көмек көрсету, бағалау және алдағы уақыттағы тарату, дамуды бақылау жауапкершілігі мектептің әкімшілігіне жүктелген жағдайда ғана үйлесімді жоспарланатын болады. Біздің тәжірибемізден көрініп отырғандай, бірнеше адамның күшімен қалыптастырушы бағалауды іске асыру сол адамдардың өздеріне қатысты әділетсіздік болар, ал барлық мұғалімдерден өз рөлдері мен әдістемесін табан астында өзгертуді талап ету – ессіздік.

Бұл ретте кем дегенде үш жылға арналған даму жоспары қажет, онда бірнеше шағын топтарға екіжылдық зерттеу жүргізуде қолдау көрсетіледі. Алдағы уақытта бұл топтар осы идеяларды бүкіл мектепке тарату үшін және әріптестеріне өздерінің осы сияқты экспериментін жүргізуге қолдау көрсету үшін түйінді өзек болмақ.

Сілтемелер:

1. Пол Блэк және Дилан Уильям «Қара жәшік ішінде: сыныпта бағалау арқылы оқыту стандарттарын арттыру», Фи Дельта Каппан, қазан, 1998, 139-148-беттер. Бұл мақала Біріккен Патшалықта басып шығарылды және кеңінен таратылды. 2002 жылы басып шығарылған брошюра да Біріккен Патшалықта кеңінен таралды. Бұл екі мақала да бір мәселені көтерді, авторлары да бір адамдар. Екі брошюра да, сондай-ақ одан кейінгі сол топтамадағы брошюралар НФЕР-НЕЛЬСОН-да басып шығарылды.

Бұл жерде әдебиеттерге аз ғана сілтеме берілген. Басылымдар мен ресурстарға қатысты басқа ақпаратты Қалыптастырушы бағалауды дамыту тобының парақтарында Патшалық колледждің веб-сайтынан табуға болады. Кейбір басылымдарды www.Kel.ac.uk/education/research/Kal.html сайтынан көшіріп алуға болады.

2. Paul Black and Dylan William «Assessment and Classroom Learning» [Бағалау және сыныпта оқыту], Assessment in Education, March 1998, pp. 7-71.

3. Paul Black, Christine Harrison, Clare Lee, Bethan Marshall, Dylan William, Assessment for Learning: Putting It into Practice [Оқыту үшін бағалау: тәжірибеге енгізу] Buckingham, U.K.: Open University Press, 2003.

4. Mary Budd Rowe “Wait Time and Rewards as Instructional Variables, Their Influence on Language, Logic, and Fate Control” [Күту уақыты және оқытуды өзгерту нәтижелері: олардың тілге, логикаға және бақылау жүргізуге ықпалы], Journal of Research in Science Teaching, vol. 11, 1974, pp. 81-94.

5. Ruth Butler, “Enhancing and Undermining Intrinsic Motivation; The Effects of Task-Involving and Ego-Involving Evaluation on Interest and Performance” [Ішкі ынтаны арттыру және жою; Тапсырмаға бағытталған қызығушылық пен жеке қызығушылықтың өнімділігін бағалау], British Journal of Educational Psychology, vol. 58, 1988, рр. 1-14.

6. Royce Sadler, “Formative Assessment and the Design of Instructional Systems” [Қалыптастырушы бағалау және оқыту жүйелерін жобалау], Instructional Science, vol. 18, 1989, pp. 119-44.

7. Royce Sadler, “Formative Assessment: Revisiting the Territory” [Қалыптастырушы бағалау және оқыту жүйелерін жобалау], Assessment in Education, vol. 5, 1998, pp. 77-84.

8. Қараңыз, мысалы, Paul W.Foos, Joseph J.Mora, Sharon Tkacz, “Student Study Techniques and the Generation Effect” [Оқушыларды оқыту техникалары мен негізгі әсері], Journal of Educational Psychology, vol. 86, 1994, pp. 567-76; Alison King, “Facilitating Elaborative Learning Through Guided Student-Generated Questioning” [Оқушы нұсқаулығы-Сауалнама арқылы оқуды пысықтауға көмектесу], Educational Psychologist, vol. 27, 1992, pp. 111-26.

9. Қараңыз, мысалы, Mike Askew et.al., Effective Teachers of Numeracy: Final Report [Сандық ойлаудағы мұғалімдер тиімділігі; қорытынды есеп] (London: King’s College London, School of Education, 1997). Бұл жұмыста педагог зерделеген, арифметика және жоғары математика бойынша бастауыш сынып оқушылары орындаған өрлеу арасында өзара байланыс жоқ. Шын мәнісінде, екеуінің арасында аздаған өзара байланыс болды.

10. Royce Sadler, “Formative Assessment: Revisiting the Territory” [Қалыптастырушы бағалау және оқыту жүйелерін жобалау], Assessment in Education.

11. Richard S. Newman, Mahna T.Schwager, “Students’ Help Seeking During Problem Solving: Effects of Grade, Goal, and Prior Achievement” [Оқушыға проблеманың шешімін табуға көмектесу: сыныптың ықпалы, мақсат және күтілетін нәтижелер], American Research Journal, vol. 32, 1995, pp. 352-76.

12. Ruth Butler, “Task-Involving and Ego-Involving Properties of Evaluation: Effects of Different Feedback Conditions on Motivational Perceptions, Interest, and Performance” [Бағалаудағы тапсырмаға бағытталған қызығушылық пен жеке қызығушылық: уәжді, қызығушылықты және өнімділікті арттырудағы түрлі кері байланыстың әсері], Journal of Educational Psychology, vol. 79-том, 1987, рр. 474-82.

13. Rhonda G. Craven, Herbert W.Marsh, Raymond L.Debus, “Effects of Internally Focused Feedback on Enhancement of Academic Self-Concept” [Академиялық өзін өзі бағалауды арттырудағы кері байланыстың әсері], Journal of Educational Psychology, vol. 83, 1991, pp. 17-27.

14. Avraham N.Kluger, Angelo DeNisi, “The Effects of Feedback Interventions on Performance: A Historical Review, a Meta-Analysis, and a Preliminary Feedback Intervention Theory” [Өнімділікке ықпал етудегі кері байланыстың әсері: тарихи шолу, метаталдау және бастапқы кері байланыстың ықпал ету теориясы], Psychological Bulletin, vol. 119, 1996, рр. 254-84.

15. Carol S.Dweck, “Motivational Processes Affecting Learning” [Аффекттік оқудағы уәждеу үдерісі], American Psychologist (Special Issue: Psychological Science and Education), vol. 41, 1986, pp. 1040-48.

16. Carol S.Dweck, Self-Theories: Their Role in Motivation, Personality, and Development [Өздік теориясы: оның уәждеудегі рөлі, жеке тұлға және оның дамуы] (Philadelphia: Psychology Press, 2000).

Наши рекомендации