Иалогтік оқыту дегеніміз не?
Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен. Диалог - ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысты жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Сабақ барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында жүргізілген диалог оқушылардың қызығушылығын, танымын арттырады. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде айтып кеткендей, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдаған, демек оқушылардың көбірек білетін сыныптастары мен мұғалімдермен жүргізілген диалог болған жағдайда ғана, білім беру жеңіл болады. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болғанымен, жақын арада даму аймағы аясында қарастырылғандықтан білім беру табысты болмақ, деп көрсетті. Диалогтық оқыту мәселесін осы уақытқа дейін бірнеше педагог ғалымдар зерттеп келген. Атап айтсам, бразилиялық педагог Фриери, орыс педагогы Выготский, француз педагогы Дьюи. Фриери , әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып, басқа адамдармен диалогтық қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірлеген. Фриери, мұғалімнің міндеті-оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен оқушылармен диалогқа түсу, деп санайды. Фриери Выготский мен Дьюидің теорияларын анықтап, зерттеп, дамыта келе назарын ондағы үрдісі мен ол үрдістегі мұғалімге бағыттамай, негізінен оқушыларға бағыттады. Дьюи тәжірибе бір қалыпта тұрақты болмауға тиіс дейді; ол үнемі өзгеріп, бұрын болғанға сүйене отырып, ары қарай өсу үшін нақты әлеуеті болуға тиіс. Ол мұғалімнің қызметі басқа кәсіптерге қарағанда, көрегендікті көбірек талап етеді деп айтқан. Қорыта айтқанда, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігің анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Мұғалімдер қолданысындағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтық сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болатынына көзім жетті. Сабақтарыма жаңа әдіс тәсілдерді енгізе отырып, Бағдарламаның жеті модулін де асқан ептілікпен кірістіре алдым және олар бір-бірімен тығыз байланысып жатты. Алайда оқу үдерісінде көшбасшылық жасайтын мұғалім болғандықтан, Бағдарлама ең алдымен мұғалімге бағытталған. Мұғалім сабақ үдерісінде «мінсіз оқушы» қалыптастырғысы келсе, ең алдымен өзінің де жоғары деңгейде сыни ойлау қабілеттерін дамыту керек. Сонда ғана «мінсіз оқушының» бейнесін көре аламыз. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнiн өз бетiмeн мeңгeрyiн түciнyi мeн бaғaлaй aлyы бoлып тaбылaды. Мұндaй тәciл бұл үдeрicкe oқyшының өзiнiң дe қaтыcyын тaлaп eтeдi. Ocылaйшa oқyшы дa өзiнiң oқyы үшiн жayaпты бoлaды. Oқyшы мұндaй жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын oртaдa ceзiнiп қaбылдaйды. Mұғaлiмгe aрнaлғaн нұcқayлықты бacшылыққa aлa oтырып, aлдaғы yaқытта өз iс -тәжiрибeмe Бaғдaрлaмaның жeтi мoдyлiн әр caбaғымa кiрiктiре oтырып шыңдaй түceмiн.
39. Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі
Мектепке дейінгі кездегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі.
Сөйлесу (әңгімелесу) әдісі.Бала үшін орындауы анағұрлым қиыны онын тілін үйрету әдісі — сөйлеу әдісі, мұны қосымша сүрақ пен жауап әдісі, әңгімелесу әдісі деп те атайды.Әңгімелесу әдісі үйретушінің сұрауынан, ал үйренушінің жауап беруінен тұрады. Демек, олардың екеуі де сөйлейді, бірақ бір сөзді емес (еліктеу әдісіндегідей), әр түрлі сөздер сөйлейді: үйретуші өзінің сұрағымен баланың өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды, грамматикалық формаларды немесе дәнекер тексті еске түсіруге және оны орнымен қолдануға итермелейді.Үш жасқа аяқ басқан балалардың сөйлеу органдарын жаттықтыру үшін дыбыстарды артикуляциялауда [ж] — [з] тәрбиеші сөйлесу әдісінің әр түрлі тәсілдерін пайдалана алады.
Құрастыру (әңгімелеп беру) әдісі.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру (әңгімелеп беру) әдісіне кең дербестік беріледі. Оньң мәні мынада: балалардың ертегілерді өз бетінше «құрастыруын», олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды әңгімелеп беруін, көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып айтуын, картинкаларды, нақты объектілерді — заттарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді — суреттеуін тәрбиеші көтермелеп отырады.