Тас тҮрмені жарып шыҚҚан тарлан сӨз 5 страница
Дүниеге адам алғаш келгенде күле келеді, қылмысты да, қылмыссыз да күле келеді. Одан кейін ақырындап қорқу мен қорқыту сатысына көтеріле бастайды. Ең алдымен маған сол қамыс үйдің iшi қорқынышты болып сезілді. Өйткені, қазандықтың арт жағындағы бұрыштан бірдеме шырылдап тұрады. Әcipece, үлкендер үйде жоқ уақытта «басынып» қатты шырылдайды. «Бақажай» оны «айдаһар» деп түсіндіреді. (Биғаділ екеуміз Биғазыны осылай атайтынбыз). Қарасақ, ол «айдаһар» көрінбейді.Teгi ол бізді көрінбей тұрып жұтқысы келетін тәрізді. Терезесi – ешкінің түгі қырылған қарны болғандықтан, үйіміз күндіз де күңгірт болушы еді. Күн батарда үлкендер жұмыс басты болып, далаға шығып кеткенде тіпті күңгірт, тіпті қорқынышты еді.
Әлгі «айдаһар» да дәл осы қорқынышты кезде құтыратын. Бұл кезде мен діңгекті айналмай, «айдаһардан»ең алыс төрдегі қарсы бұрышқа барып тығылып отырып алатынмын. Онда да қамсыз емес, ойынға қанбай жүгіріп жүрген бipeyiн «жеп қояды-ау» деп үрейлене отыратынмын. Ол орыннан үлкендердің бipeyi үйге кіргенде ғана тұрып жадырайтынмын.
Бip күні кеште сол орында үнсіз жылап отырғанымда шешем кipiп келіп, бауырына басты да оның айдаһар емес, қара шегіртке екенін, қас қылмайтынын дәлелдептүсіндірумен болды. Одан қорқынышым азая берді де, енді өзім басқаларды қорқытуға кірістім. Биғаділменен бip жас қана кiшi, Гүлжан шешеміздентуылған еді, ол қорқуды білмейтінтентек. Соны бip қорқытып қойғым келді. Үлкендер жоқ, үй-iшi қара-күңгіртқорқынышты шақтың дәл өзі болатын. Шешемнің төл салысын қараңғы бұрышқа кере жайып, жата қалдым да, бip бұрышын қолыма ұстап, домалапала жөнеліп едім, созылмалы салы өн бойыма кәмпит қағазындай жабысып, бip-aқ орап алды. Әcipece бөксемнен жоғарыжағымда бір саңылаужоқ, қолым да қимылға келмей екі бүйіріме жабысып қалыпты.Орнымнан сенделектей әрең тұрдым да, даңғазаБиғаділдің жақындауын күттім.Қасыма таман келгенін білдім де «өбіжа.. и!» деп ұмтылып кеп бepiп едім, Биғаділ шыңғырақашты. Оның даусынан қорыққан өзім де шыңғырып, салыға түсе ала екпетімнен түсіппін. Қорқушы ғана емес, қорқытушының да құлын дауысы шыққанда басқа үшеуініңне үрейіқалсын. Жаппай шыңғырдық, ең үлкеніміз – Биғазы қашамын деп барып, eciккe басын соғып алыпты да, ол өкipiптi, мен жанталаса тыпырлап жатырмын. Өзім оранған салыдан өзім құтыла алмай, зәрем ұша айқайлап тұншығып та кеттім. Тыпырлаған сайын қысылып, қысылған сайын тыпырладым. Шыңғырған дауысыммен бipгe жаным шығып кеткендей, дауысым өзіме де естілмей қалыпты.
Бәріміз бірдей шулауымыздан үйге өрт кетті ме деп шошыған тәрізді, даладан дабыр–дүбір, абын-гүбін үлкендер кірді, азан-қазан, у-шу. Бәpi жабылып мені пәле-салыдан шығара алмай,бipeyi былай тартса, бipeyi былай тартып, барлығы жұлмалап жатыр. Cipә, сол барлық шулағандардың ішінде апат өзіме ғана келген сияқты, барлық қол менің үстімде. Салыдан әрең шығарды. «Үй аузыңа... көк түйнек!» – деп Гүлжан шешем домалата салды мені. Қалжамжаққандай, қатты терлеппін.Жарық дүние көзіме жарқ ете түскенде, бip өксіп қалып тыныстаппын.
Teгi, қорқытушының өзi бip қорықса мөңкіте қорқатын сияқты ма, қалай!
Гүлжан шешемізді «Күле апа» деп атайтынбыз. Мен ғана емес,бүкіл үйдегі үлкен-кішіон адам – бәріміз де Күле апамыздан қорқатынбыз. Біз көбейген сайын әкем бәсеңдеп жаси беріпті. Біздің біреуіміз туылған сайын оның бip «жыны» қашып, ақыры «жыннан»ада болған тәрізді. Бip бала қосылса күніне бip күзеннің інінартық қазу міндеті қосылғандай, машақат ауырлап-ауырлап барып, құлақтан басып алған көрінеді.Сиректеу қара сақалды, кең иықты, шығыңқы кең кеуделі, денелі қара кедейдің жуан басы әмсе төмен, әмсеойда болатын.Жүргенде кеудесі керіле түскенімен, басын төмен сала теңселіп–ырғалып, асықпай жай жүретін.Мұнысы сол ауыр жүкті әрең көтеріпкеле жатқандығы екенін кейінірек түсіндім. Шиеттей жеті бала мен екі әйелді бағу жалғыз атты Жаппарға оңай ма! Сырттағы әлеуметтік сөздергезауқы жоқ, қасында бipey айқайлап тұрса да естімегендей,басын төмен салған бойы үнсіз жүре беретін. «Жыны қағылған» адамдай көрінгенімен, Күле апамызды бүкіл үй–ішінде осы кісіғана қаймықтыра алатын.Сол көзінің ағындақарашығының сырт жағын ала біткен қалы бар eдi, ашуланғанда сол қалы қып-қызыл болып бадырая қалатын. Күле апамыздың шаңқылы сол қалы көрінісімен-ақ тыйылақоюшы еді.
Бұл шешемізден көргіліктіәкеміз жоқтакөретінбіз. Біз ғана емес, өз кұрсағыннан шыққан Бисарамен Биғаділде көретін, меніңшешем ол кісіге қатты сөйлемейтін. Сондықтан Күле апамыз шаңқ ете түскенде сап бола қалатынбыз. Бірақ қарынашқан кезде қыңқылдамай да болмайды ғой. «Қарным ашты» деп жеке біреуіміз ғана қыңқылдайтын болсақ, пәлеге қалушы еді, «қарныңа қара пышық кірсін!.. Үй, көктей орыл!» – деп баж ете түседі. Сондықтан әдетте сыбырласып алып, бәріміз үн қоса қыңқылдайтынбыз. Мұншалық үлкен коллективке нан қайда онда!
– Күле апа, бидай, бидай! – дейтінбіз. Біздің ауырлығымызды көтеріп азапқа батып жүрген әкеміз ғана емес, шешелеріміз де әмсе қырыспер, албарынды еді. Әр үйден ескі-құсқы, темір-терсек, киіз-жабағы жиып әкеліп, кешке дейін баса алмай жамау-жасқаумен болатын. Мұндайдан әсіресе, менің шешемнің қолы босамайтын да, біздің бірлескен талабымызды Күле апаға қайталап жеткізетін. Ол кісі қоқыр-соқырын қоя салып, қарғай-сілей түргелетін де, қазандыққа от жағуға кірісетін. Мұндайда от тез тұтанса, бәріміз де жадырай қалатынбыз. Екі-үш үрлегенде тұтай қоймаса, қырсықтың шөнесі сонда келіп шырмайтын: Күле апамыз отты үрлей-үрлей, тұтай қоймаса, түкіріп-түкіріп жіберетін де оған да кегі қайтпағандай, шәугімдегі суды отқа құя салатын. Тіпті, кейде соншалық ашуландырған қырсықты отқа өзінің «кесілатасын» да құйып жіберуге дайындала бастайтын. Күрестің бұл кезеңіне жеткенде шешем орнынан қарқылдап күле тұратын да, от пен Күле апамыздың арасына түсе қалып, отты өзі жағуға кірісетін. Бәріміз де: «қоян-шабан, от-жүйрік, қоян-шабан, от-жүйрік» деп шулап кететінбіз. Шын мақтаса от тез тұтайды деп қаттырақ шулайтынбыз.
Күле апамыз от жанған соң ғана райынан қайтатын да, бақырға бидай қуыра бастайды. Сонда да ашуы еркін тарқай қоймай, қара алтын жүзі мен етті ерні көкаязданып ызғар шашып тұратын. Мұндай кезде біз отқа ентелемей кейінірек тұруға тиістіміз. Олай етпегенде борбайымызға от шашылып та кететін.
Осындай құрыштап тұрған ашуын байқай алмай, Биғаділ екеуміз бір күні үлкен жазаға ұшырап қалдық, бақыр қатты қызып бидай бытырлап жатқан шақта екеуміз де жалаңаш едік. Бақырдағы ойнақтап кеткен бидайға сабырсыздық етіп төне беріппіз. Көз ілестірген жоқ, Күле апамыз қызып кеткен ашулы бақырды жалмаң-жалмаң еткізіп, екеуміздің бүйірімізге екі басып үлгерді. Екеуміз бірдей быж ете түстік те, екеуміз екі жаққа сол бидайша тулап ала жөнелдік...
Төрт-бес жаңасындағы айдай иілген сол таңба, менің оң бүйірімде әлі тұр.
Рақымды «тергеушім», өз көзіңізбен көріп, сол таңбаны қабыл алыңыз, «жазалау жағынан сізге жете алмаса да, сипаты жағынан жете қабылдау қабілеті бар өзіңдей сот басқан таңба ғой», сол кезімнен бастап-ақ менің өмірлік жаза таңбасы басылған, таңбалы қылмыскер екендігімнің ең сенімді айғағы осы.
ІІ
Мен ол кезде ес білгеніммен, анда-санда бір зәруерлігі болмаса сөйлемейтінмін. Сондықтан үлкендер де, кішілер де мені «мылқау» деп атайтын. Кіші аталарымыздың үй-іштері мені жуас деп, жақсы көретін болды, ол үйлердің қайсысының болса да балалары аз еді. Сондықтан, «бала базарына» бала таңдағанда мені сұрайтын. Өйткені, менен төрт жас үлкен Биғазы «тым ересек», бала етіп әкетуге «сіңбейтін қу», ал менен бір жас кіші Биғаділ «тым тентек», олардан кішілері – өте кішкене, шешелерінен айырылса жылап тоқтамайды «әуресі көп». Сол үшін менің базарым жүріп кетті. Әрқайсысы өз үйлеріне апарып бала етіп алып көрді, бірақ, сөйлемейтін «мылқау» болғаныммен ішімді бәрі сайрап тұратын. «Іш мерездігім» барған үйімде көп өтпей әшкере болып қалып жүрді. Мені алдымен Нұржан иеленіп, екі белдің астындағы «алыс» ауылына әкетті. Жат үйде жасқанып, «өте әдепті», «сүйкімді» болып жүрдім. «Өлең айт!» деп мені іңірде ермекке айналдырып, зорлайтын болды. Өз үйімде Биғаділге қосылып айтатын «Екеу-ай» дейтін өлеңімді терлеп-тепшіп қинала, бұғып отырып айтып беретін болдым.
«Өзім сылқым, өзім сал, мен кімге зар, ой, екеу-ай» – деп аяқтайтын жалғыз ауыз өлеңдегі «зар» сөзіне тілім келмей «сор» дейтінмін де күлкіге мазаққа қалатынмын. Қызыл-сары семіз Нұржан бұған барлық қарнымен солқылдап күлетін болды.
– Сен Жаппарға сорсың, аузыңды..! – деп боқтай күлетін. Мұнысына мен іштей қорланатынмын. Бұл үй тамақты аямайды, шыттан көйлек–штан да тігіп берген. Сондықтан, қорлана отырып-ақ талаптарын тағы орындап, «Қотыр торғай» дейтін ертегімді де айтып беріп жүрдім.
Бір күні маған қойған талабы шектен асып кетті:
– Жаппарды боқта! Мәдианды боқта! – деп талап етті. Үндемей қойып едім.
– Маған бала болсаң, боқта! – деп тоқалы зорлай түсті. – Бар, есікке барып тұрып боқта!.. Пәленіңді, түгеніңді деп боқта!..
Орнымнан көтеріп тұрғызды. Мен есіктің көзіне барып отырып алдым да, солқылдап жыладым-ай келіп. Сол есіктен көтерсе де тұрмай бұлқынып, жұдырықтап жатып алдым. Тамаққа шақырса келмей, тамақ та ішпей қойдым. Одан соң Рысалды дейтін малайына көтертіп, төрге әкелдірді, уатып, пәлен киім, түген киім тігіп беретінін айтып алдаса да уанбадым. Ел жатқанда жатпай, отырып алып жыладым...
– Үйін сағынған екен мына арамза! «Қасқырдың күшігі тауға қара ұлиды» деген осы!.. – деп Нұржан ауыз үйден малайы Рысалдыны шақырып алды да, сол түні мені үйіме апарып салуды тапсырды оған. Рысалды мені түн ортасында тоңға орап, түйемен үйіме апарып қайтты.
– Сағындың ба, қарғам?! – деп шешем құшақтап көтеріп алды мені. Мен үн салып еңірей жыладым, – біреу ұрысты ма?.. Аттеріс ұрды ма?
Мен жауап қайырмадым, «Аттеріс дегені» Нұржанның әлгі тоқалы еді. Шын аты «Майлы» болатын. Бабамыздың бірінің аты Майлы болғандықтан, шешем бұл абысынын «Аттеріс» деп атайтын. «Аттеріс» – бала таппаған, шайпау, «сұлу қара» еді. Бәйбішесінен туылған үлкен ұлы өліп, жалғыз кіші ұлы ғана қалған Нұржан мені артымнан неше рет сұрап келсе де бармай қойдым.
Бұдан соң мені іле-шала екінші кіші атамыз – Құлназардың үйі сұрады. Мен ес білгенде кіші аталарымыздың бәрі «марқұм» аталған екен. Ол үйдің биі, Құлназардың бәйбішесі – Әспет дейтін асқан жомарт та, алақұйындау мінезді шешеміз мені және асырап алмақшы болды. Бұл кісі де бала таппай, еріне өздігінен тоқал әперіп, содан туған үш-төрт баламен отырған, өте балажанды адам еді. Кішкене баланы көрсе-ақ айналып, үйіріле тістеп, иә, шымшып жылататын.
Мені ол кісі тістеп те, шымшып та жылатпады. Тағы да сол асырандылықтың «Жаппарды боқта, Мәдиянды боқта», «менің балам болсаң оларды боқтайсың!» дейтін кезеңіне жеткенде шығыса алмай қалдық. Әспет шеше бұларды боқта десе жөні де бар шығар, Жаппардың шешесі тұстас қой, сөйтсе де ондай қорлаушылық Нұржан үйінен кек болып сақталғаны себепті, бұл үйден де менің жүрегіме тікендей қадалды. Бұл бұйрықты да орындамай тағы да жылап отырып алып қайтып келдім.
Менің біраз тұрақтап бала болған үйім – Қуандық ағамыздың үйі болды. Қуандықта бала жоқ еді. Бұл үйде әжеміз, Қайныш дейтін кең мінезді жеңгеміз бар. Бұлардың бәрі де өз әке-шешем сияқты жайлы болды. Ең жақсысы – «Жаппарды, Мәдиянды боқта!» демегендігі. Оның орнына: «Апаңды сағынсаң барып келе ғой!.. Мен ертіп апарып келейін бе?» дейтін Қайныш. Өзім ғана үнсіз барып, тілсіз қайтып келіп жүрдім.
Бірақ Биғаділ жындымен еркін ойнап, еркін шайнасуға не жетсін!..
Сөйтіп жүргенде маған шешек шықты да, өз шешемнің күтіміне қайтып келдім. Бір тәуірі шешек жеңіл шықты. Жазылып тұрғанымда көші-қон болып, түйелі үйдің бәрі көшіп кетіпті де, біздің үй жалғыз қалыпты.
Жұртта қалу біздің үйдің әдеті еді. Ауылдастарымыз барып қонған соң ғана біздің үйге бір-екі түйе, екі-үш жылқы босайтын. Әкеміз соны алып келген соң ғана көшуге кірісетінбіз. Біздің қолғабысымыз – түйеге тең болып, алдымен тоңға оранып артылған кебежеге кіріп, отырып алу ғана еді. Жаппардың барлық қазынасы – үш-төрт кебеже бала. Мендей кішкенелерінің екеуі бір кебеже болғанда, ересектердің әрбірі бір кебежеге әрең сиятын.
Биғаділ екеуміз құйып қойғандай дәл бір кебеже болып отыра қалатынбыз. Екеумізге әкеміздің бір ескі тоны ғана молынан жететін. Алғашында екеуміз құдай қосқандай тап-тату отырғанымызбен, артынан зеріге келе, құдай қоспағандай бола қалатынбыз. Үлкен кебежеде тышқандай-тышқандай – екеуміз ғана отырып, сыйыспай, тіпті екеуміз екі дүниеге сыймастай ауқым тудыратынбыз. Оқиға көбінесе Биғаділдің тынышсыздығынан туылатын. Тауқұмынан Үржар – Егінсуға дейін көріп қызықтауға лайық талай көріністердің болуы мүмкін ғой, кебежеге кірісімізбен-ақ бізге еш нәрсе көрінбейтін де, «түрменің» сыртында атпен келе жатқан әке-шешелеріміздің мынау пәлен, мынау түген дегендей тамашалау сөздерін ести қалса-ақ, Биғаділдің делебесі қозып, елең қағып орнынан атып тұра қарағысы келетін. Екеуміздің жамылып отырған тонымыз ортақ болғандықтан, әрине, «мылқау» көршінің мазасын алмау керек еді. Мазаны алмағанды қойып ол үстіндегі жарты тонын жұлып әкетіп тоңдыратын да.
Содан барып «дүниежүзілік соғыс басталатын». Биғаділ тонды ашып тастап, атып тұра бергенде, мен «отыр!» деп шымшып алатынмын. Тамашалауды тастай салып ол шынтағымен шекеме қағып қалатын. Мен құлақтан алып түскенде, ол менің даяр құлағыма жармаса кететін. Бұл дүниеде екеумізді арашалайтын, иә, келісімге шақыратын кім болсын, біреуміз толық жеңілгенде ғана айқайлап «он сегіз мың ғаламға» жар салатынбыз. Әрине, жар салушы және Биғаділдің өзі болып шығатын. Сонда ғана құдайдай ақырып әкеміз жетеді де, кебежені қамшымен салып жіберетін, найзағай түскендей шарт еткенде, құлағымыз тынып қалушы еді. Сөйтіп соғыс өртін сол құдай ғана өшіре алатын, соғысқұмарлар жым бола қалатынбыз.
Көшкенде басқа аға-бауырларымыздың қайсысы қай дүниеде – «қай түрмеде» отырғанын бір құдайдың өзі білмесе, біз қайдан білейік. Қонысқа жетіп, түйе шөккенде ғана жаудырап, бір-бірімізге жыл құсындай жып-жылы көріне кететінбіз.
– Кебежеден шығысымен Қайныш келіп, мені қолымен жетектей жөнелді.
Ендігі көшкенде мен сені кебежеге түсірмеймін! – деді ол. – Тепкішек салып, жұп-жуас жорға тайға мінгіземін!
Осындай жақсы үмітпен мен қозы қайыруға жұлқына кірістім. Қой өрген соң Қайныш қозыны көгеннен ағытып береді, мен қозының соңына түсемін. Қайныш қозыны санауды үйретеді. Мен сан білмеймін де, саусағымды көрсетіп «мынадай қара, мынадай қоңыр, мынадай ала, мынадай қасқа қозы» деп Қайнышты разы ететінмін. Бар-жоғы жиырма шақты ғана қозы еді. Бәрінің түр-түсін біліп алыппын. Қой келе жатқанда қозыны қайырып қайтатынмын. Қайныш көгендеседі де, кем шығып қалса қайсылары жоқ екенін менен сұрайды, мен үндемей саусағымды бір-бірден ұстап жүріп түгендеп шығамын да, келмей қалған қозылардың түрін айта, оларды іздеуге жүгіремін. Сөйтіп, түріне қарап іздеп, тауып әкеліп жүрдім.
Қозы көгендеу кезінде, кейде өз әкем келіп қызықтап қарап тұратын болды.
– Мылқауым қалай, қозыны жақсы бағып жүр ме! – деп сұрайды келінінен.
Оған Қайныш мені қатты мақтап беріп жүрді.
– Менің балам – шопан атаның нақ өзі, көзі бүркіттің көзі сияқты. Қандай қозының жоқ екенін қарай салып біледі! – дегенде мен көзімнің қиығымен әкеме қарап қоямын.
Бірақ, ел жайлаудан түсер шақта жорғатайға мінемін деп жүрген үмітім жақындап келе жатқан бір күні абыройым айрандай төгілді: бір қоңыр қасқа қозым кем болып шықты. Әрі іздеп, бері іздеп ақыры оны тапқан болдым да айдап келіп көгендеп қойдым. Қайныш қой сауып болған соң қозы жамыратқанда бұл қозыда ене жоқ, біздің қойда қозы жоқ болып шықты. Сөйтіп, қылмысым әшкере болып қалды. Әлгі малданған қозым Әспет шешемдікі екен. Артынан иесі іздеп келіп алып кетпесін бе! Кешінде Әспет шеше келіп Қуандыққа айтып күлкіге айналдырды мені. Әспет күлкішіл де, өте сықақшыл еді. Өз басымды жерден ала алмай бетім күйіп отырғанда:
– Әкең, жынды ғой, кәпір! – деп бетімді шымшып кеп алды. Бұған да жыламайтын едім.
– Жәкең жынды болса да, қозы ұрламайтын! – деп «сап-сау» Қуандық қостай күлді. «Жынды кемпір» сөзін Қуандық аға қостағаннан кейін-ақ менің шегіме жетпесін бе! Көзімді баса бергенімде мұрнымнан да ытқып кетті, тұра жөнелдім. Қайныш қуаласа да қарамай, жүгірген бойы үйге жетіп, әкемнің жамаулы тізесін құшақтай барып жығылдым. Іңір бойы сол жатқаннан тұрмай жылай беріппін.
Сол қозының табылған-табылмағанын білмеймін. Оны маған айтқан ешкім болмады. Бірақ, «Жәкең жынды болса да қозы ұрламайтын» деген Қуандықтың күлкісі есімнен кетпей, оларды көрсем-ақ қорланатын болдым. Қайтып бармай қойдым да бұл қылмыстың салдарынан жорғатайға мінбей-ақ кебежеге түсіп кете бердім.
Құрметті «тергеушім», мен – кішкентай кезімнен-ақ түрмеде – тар камерада өскен қылмыстымын. Зор қылмысты болмаса сол кезден-ақ қамалар ма едім. Қазіргі қылмысымның түп тамыры менде әзерден-ақ бар екен. Шешемнің емшек сүтімен бітіп, бұлшық еттерімнің талшықтарына айналып кетіпті. Бұл қылмыс сол кездің өзінде-ақ мені жақсы киім мен жорғатайдан жұрдай етіп, әкемнің жыртық тоны мен кебеже түрмесіне қуып тығыпты ғой! Әзелден бар бұл арам тамырымды делоңызға мықтап орналастырғайсыз да, «қылмысы сүйегіне біткен тума қылмысты» деп үкімсізге қосқайсыз.
ІІІ
Тауқұмға сол жылы күз аяғында көшіп қайтқанымызда, неліктен екенін білмеймін, қамыс тамымызға бармай, бір жадағайлау сайдағы бөтен қыстауға келдік. Біздің үй кірпіштен қалаған екі бөлек, төрт ауызды жақсы тамға бөлініп түсті. Гүлжан шешеміз Бисара, Биғаділ, Нұрғайшалармен айырым үй болып алды. Әкем де басын төмен салып жүретінін қойып, тіпті нұрланып қалған секілді.
Ыңғай жақсы киінетін кіші әкелеріміздің үй іштерінен ешкім бұл қыстауға келмеді. «Әкең жынды» дейтін сөзді де мен естімейтін болдым. Бұл қыстауға түскен адамның барлығы, бұрын мен көп көрген, жалбыр-жұлма, әмсе жүдеп жүретін адамдар екен де, қазір менің әкем тәрізді бойын көтеріп, ширақ жүретін болып алыпты. Ерекше әдемі киінген біреуі болмағанымен, ит талағандай ерекше жыртық кигені де көрінбеді. Бұл қыстауға алғаш келгенде маған ең жағымсыз тигені – Биғаділмен бірге тұрмауым ғана болды. Биғаділ басқа үйде, мен басқа үйдемін. Қыс түсісімен үйден шықпайтын әдетіміз дәл осы кезде мені ерекше түрмедей езді. Басқа ойынның жөні болмағанда, Биғаділмен бірер рет құлақтасып алсаң да ішің пыспайды ғой. Менің одан басқа кішкене бауырларым бұл жөнінде білмейді. Ұрып қалсаң «ымма!» деп жылауына қарап жаның ашиды да, маңайын баспайсың. Ал, Биғазы көрші ауылдағы кішкене мектепке оқуға түседі де, менен ерекшеленіп «паң» болып алды. Сонда да іңірлерде онымен айтыспай, лаж жоқ, менің айтысуым сөзбен емес, әрине, қағазға жармасып, ірге күш көрсету ғой. Шешем ылғи менің сөзімді сөйлейтін болғандықтан, оған жалынудың қажеті не. Іңірде ол келіп, кітап-дәптерлеріне үңілген кезде мен кимелеп, жамбастай барып төнемін. Ол ары қарай ығысса мен ірге кеңейтіп, ілгерілей отырамын. Биғазы да енді ығысарлық территория қалмаған кезде маған еріксіз жалынады да, бір қарындашын беріп алдыма жаман қағазын қояды. Тыныш отыруымды өтінеді. Сонан соң мен де найынсаптық қылмауға тырысамын,. Жалғыз-ақ шарт: ол "а", "б" деп оқығанда үнін естіп, қараған әрпіне мен де қарай отыратын жақындықта болу. Сөйтіп оның аузына бір, қағазға бір қараумен боламын. Тіпті тесірейіп кететіндігімнен болар, ол кейде күліп жіберіп, қаша жөнеледі.
– Апа, мына мылқауыңа тыныш отыр деші! – деп арыз айта қашады.
– Ол ненді алды, тып-тыныш отыр ғой! – деп шешем арызшының өзін теріске шығарады. Ол лажсыз қайта отырады да, менің ішімді пысыру үшін аузын жыбырлатпай ішінен оқуға кіріседі. Сол себепті келісімді мен қайта бұзамын. Иығыммен шынтағын қағамын.
– Мынаны оқышы!.. Мынау немене? – деп өндіршектей кірісемін. Мұның өзі жанжалға апаратын жол екенін үлкен жігіт болған Бигелді біледі де, өзіне түсі таныс әріптерін маған үйрете бастайды. Бірақ, ұстазым екеумізде қағаз жоқ еді. Бұған кейінірек Бигелді бір амал тапты: қой мен ешкінің жауырын сүйегін жиып әкелді. Екеуміз екі мұжық қарындашпен білгенімізді соған шимайлайтын болдық. Өшіріп тастап қайта жазуға оңай, нағыз кедей қолды, келіскен "қағаз" осы екен! Үлкенді-кішілі екеуміз бұл мектепті "кемелдендіре" түстік. Сиыр мен жылқының жауырынын да тауып, Бигелді мұғалімге жүгірді бір күні, "Ленин", "Сталин", "Жаппар", "Құрман", "Балпаң", "Балтекей" деп айқын жаздырып әкелді. Сөйтіп біз, педагогтердің тәртіп ережесін бір-ақ бұздық. Әріптерді жеке-жеке үйренбей-ақ адам аттарын суретше сызып, жаза жөнелетінді шығардық. Биғазыша шөкімдеп отырмай, шеңгелді бір-ақ салдық. Бигелді әкеммен бірге аңға кеткенде де мен бұл "ғылымнан" бас алмайтын болдым. Қыстауда бұл алты кісінің аты жазылмаған жауырын қалмады. "Шабытым" келе қалған кейбір кездерде тоқбас жілік пен кәрі жілікке де, далада қураған бастарға да тізіле қалып жүрді. Мен жазған "сүйек кітаптарды" Биғазы кейде даладан тауып әкеледі, бұл "кітаптарда" ол "молда" білмейтін әріп көп еді. Тізілген алты атаудағы кей әріпті ол менен сұрайды. Мен, өзім жазсам да, ол әріпті білмейтіндігімді сездірмеуге тырысамын: