Тас тҮрмені жарып шыҚҚан тарлан сӨз 3 страница

«Күйеу» бармай қашып кетсе де«келін» түсірілгенекен. Нұрсапаны бірнешежігіт жіберіп ұстатып әкеліпті де,«келінінің» төсегіне сүйреткізіпкіргізіпті.

Төсекке қыздан дабетер еріксіз кірген«күйеудің»мұндай ақылды тіл жақты болуы некен–саяқкездесер. Жазықсыз қызды жәбірлемей,зорекер құдалыққақарсы «дұғасын» үшкіріпті келіп:өзінің қашып жүрген себебін, бұлардың зорлап қосақтағандағы мақсатын жас қызға түсіндіріпті.Бұл үйлендірудің жігітті ағаларыншатапжылдырмай құлдану үшін, қызды әпкесінше күңдікке түсіруүшін болып отырғанынтолық ұқтырыпты сөйтіп.

– Ceнi менсінбегендігімемес, менің бұларға басымдыбайлатып,Жаппармен Айсапаша құл болғым келмейді, әcipece кедейболса да әке-шешесі бар, кінәсізтаза сен бейшараныәпкең сияқты шөмішбаскүң еткім келмейді.
Сондықтан, менімен қосақталып кірленбе! – деп үгіттепті.

– Ағатай,олай болса, – депті қыз, мені үйіме өзіңіз ертіп апарыңыз.Осы сөзіңізді әке-шешеме толықұқтырып, өз қолыңызбен тапсырыпберіңіз,әйтпесе,ол ауыл мені қинайды!Осы сөзге келіскен соң Нұрсапа сол түні өзінің атымен қызды үйіне апарып тапсырып беріп,өзi сол бетімен тағы жөнеліпті... Сонымен жыл өтіп, шалдардың ашуы басылды-ау деген кезде Жаппардың үйіне келіпті. Алғаш келгенде ешкімнен жаман сөз естімеген екен. Шалдардың алдына кірмептіде, Жаппар мен Айсапаның қасында болып, одан далдалана жүріп Нұржан, Қуандықтармен көрісіпті. Желтоқсанның сүркей бip күні таңертең жарқ ете түскен жазасын бip-aқ көріпті сөйтіп. Жақын сыбайлас, туыс ауылдардан жиырма шақты жігіт Жаппардың қырық шоқпыт үйін қоршай қалыпты да, жаңа киініп жатқан Нұрсапаның мойнына қыл шылбырдан екеу-үшеуін тастап-тастап жіберіп, сүйрете жөнеліпті. Сүйреткеннен сүйретіп құдық басына апарыпты. Күні бұрын қағылып дайындалып қойылған төрт қазыққа Нүкеңді екпеттете керіп тастап, жалаңаш арқаны қамшымен осыпты келіп. Алпамсадай бірнеше жігіт тыпыр еткізбей ұстап тұрған Жаппар мен Айсапада үн салып боздаудан басқа не шара болсын. Нұрсапада үн жоқ. "Ақырын ұр" дей алатын да ешкім жоқ. Шалдар ақшиып тұр.

Дағдап отырып қырықты соққан дүреші ақсақалдарға қараған екен. "Қырық шелек су!" депті олардың бipi саңқ ете түсіп. Күз ақырының мұздай суы құдықтан тартылып, Нұрсапаның үстіне төгіліпті келіп. Дүре арқаға ғана соғылғанымен, су ала қалдырмай, бар денесіне құйылыпты. "Ақ батаны" бұзғанқылмыстының "ақ жазасы" осы екен.

Қамшыдан тілім-тілімболып қолдырап, қызып кеткен қып-қызыл оттай арқаға мұздай су құйылып, күнәдан "тазарғанымен" қасқырдан қалғанжемтіктей алжа-алжа болған екен. Есінен танып қалған,Нұрсапа Жаппар мен Айсапаның көтеруімен бip кезде орнынан әрең тұрыпты. У ішкен адамдай ішіне бүріліп, сенделектей беріпті де шалдарға қарапты.

– Кезі келгенше өліп кетсеңдер, осы суларыңды көрлеріңе құярмын! – деп қатты тістене қалшылдапты. – Бірақ өліп кетсеңдер қамшыларың қайтарылмай қалады екен ғой, қап!..

– Мына бәтшағар не дейді?! – деп бip шал анадайдан тепсіне ұмтылғанда, Нұржан мен Қуандық оның алдын тоса қалыпты да, Жаппар мен Айсапа аузын басып Нұрсапаны ала жөнеліпті.

Ағалары тоқты-серкеш, әлуеттілері қой сойып, бауырларын сорпалаған екен. Бірақ, Нұрсапа содан көп өтпей, оба дертінен опат болыпты да, шалдардың дүресі мен суын «қайтарып бере алмай» кетіпті. «Құдайдың қарғысы дәл тиіпті, аруақтың дәлдеп атқаны осы!» – депті шалдар.«Ақ батаны бұзу деген оңай күнә ма!»

Әділетті «тергеушім», мұндай зор қылмыстың жазасын ұлы құдай бермесе, оған адам пенденің күші шақ келер ме! Дүре өлтіре алмағандықтан оба жіберілген ғой. Менің әкемнің ең жақсы деген iнici осыншалық қылмыс өткізіпті, әcipece жиһангер ақ патшаға әскер болуын қайтіп қана ұмытарсың!

VI

Құрманның ұлдарын қырсық тағы шалыпты. Қылмыскер ұрпақты қырсықтар қашанда оңай тауып шалмай ма.Бұл жолы келістіріп шалыпты: Күмісжан артықша азаптанып жүріп тапқан ауруымен мезгілсіз дүние салыпты да, одан туған біздің үлкен ағамыз Бигелді мен әпкеміз Бижан тағы да кішкентайынан жетім қалыпты. Туа салып жетім атала қою қылмыстыпенделердің әдеті ғой. Бижанды әкеміз Байназардың үйіне бесігімен апарып бере салыпты да, Бигелдіні өз қойнына тыға салыпты. Қырсық зорық дерт болып келіп, алдымен Күмісжанды қаққан соң, шала болып қалды дегендей, іле-шалаоба болып келіп, нардай Нұрсапаны соғып жiбepiптi. Бұдан жетім қала қойған ешкімжоқ екенін білгенсол жойқын қырсық, жиырмашақты күн өткенде қайта оралып, Айсапаны ала жөнеліпті. Бисара дейтін кішкенеқызын құшақтап зарлап адуын Гүлжан қалғанда ғана қанағаттанғандайболған оба тоқтай қойыпты. Бақадай шақырған бірүлкен ауылдан таңдапәкеткені – бip жесір жалшы мен Жаппардыңосы екі інісі ғана екен...

«Тергеушім», сіз қырсықтардың қылмыстыны қалай табатынына оншалық назар аудармаған сияқтысыз. Бұл жайыңызды сіздің қылмысты тергеп табамын деп көп шұқшиятыныңыздан байқаймын. Cізгe менің жөнүйретерліктиттей де құқығым жоқ. Бірақсіздің бұл әдiciңiздeн мен де көп қиналдым.Сондықтан, айыпқа бұйырмасаңыз, қылмысты тез мойындату жайлы кеңес бергім келеді: қырсық сізбен кәсіптес әулие ғой. Қырсықты Құдай тағала іске салады да, сізді үкімет іске салады. Парықтарыңыз сол ғана. Былайша айтқанда, сіздің сыйынар піріңіз қырсық болуға тиісті.Себебі, ол тарихтан бepi барлық сорлы «сойқандардың» қылмысын мойнына артып, жазалап келе жатқан, өте тәжірибелі әулие. Оның тергеу тәжірибесі – ауыл-қыстақ, көше үстінен бip-бip рет ұшып өту ғана. Сонда нағыз қылмыстының өзі бадырайып, көзге көрініп кетеді. Өйтетіні, нақтылы қылмыстыда қорған-пана, қолдап қорғаушы деген болмайды. Тергеуші аспаннан төніп келе жатқанда қылмыстының өзі жасырынар жер таба алмай, алаң-ашықта мен мұндалап тұра қалады. Сіздің піріңіз Айсапа, Нұрсапа, Күмісжан сияқты қылмыстыларды дәл осы әдіспен тауып ала қойды ғой. Әйтпесе бүкіл ауылда бұдан да басқа адамдар аз ба еді. Әсipece, жерін жеп, жасарын жасап болған кәрілер де көп емес пе еді. Ал, аналардың талассыз, жалаңаш қылмыстылар екенін білісімен, оларды сөзге келтірмей мойындатып, мәңгілік түрмесіне ала жөнелмеді де! Сөзге келсе, бұлардың қайсысы оңайлықпен жан бере қоймақ.

«Тергеушім», сіздің де осы әдісті қолданғаныңыз жөн шығар. Қылмысты «менмұндалап» тұрғанда тергей бepiп қинаудың қажеті қанша?! Осы тергеуіңізбен бірдеме тапсаңыз да, таба алмасаңыз да бәpiбip аласыз ғой. Нұсқаушыңыздан бұйрық келіп болды ма!

Құрман тұқымынан сопиып жалғыз қалған Жаппар, соңынан қалмай қойған қырсықтарға қатты ызаланыпты. Мал бағу, отын алу сияқты үйреншікті міндеттерін тастапты да, әкeci Құрманнан бepi қарай шалған қырсықтың бәрін іздеп, жалғыз шолағын мініп ап, ел кезіп кететін болыпты. Мұндайда көзге қырсық шалынсын ба! Әр ауылға барып, қырсықты деп білген үйлерге әдейілеп қонады екен.

«Құтырған ит көрдің бе оттап тұрған,

Пәле бар ма ауылыңда жатқан-тұрған?

Өзім қырсық таба алмай жүргенімде,

Менен қырсық сұрайды қай антұрған!»

Атақты шатақтардың осы өлеңін Жаппар қонақ кәдесі ретінде қонған үй басы айтып жүріпті. Ақыры шатақ өлең өзіне дарып, бұл жанрда ол суырып салма ақын болыпты. Tiптi қылығының барлығы қырсықтың дәл өзi сияқты болып кеткендіктен, бұл шатақтан өз ауылдарының кәрілері де қаймықпайтын icпeт байқатыпты. Kiші шешeсi Кенжесары оның көзіне көрінбеуге тырысатын, көріне қалса бәйпек қағатын болыпты.

Қырсық таба алмай әбден зарығып жүрген Жаппар қыстың айт болып жатқан бip күндері, өзi көбірек кезенген бip ауылдың жолын торыпты. Бұл – Нұрсапаның арқасын тілгілеген мықты дүрешінің ауылы екен.

Мереке күндерінде қыз-келіншектер сәнденіп жеңіл киінеді ғой. Қызыл-жасылды болып келе жатқан бip топ атты қыз-келіншектің арасынан дүрешінің қарындасын, артынан келе жатқан ендігі бip топтың арасынан қатынын таныған Жәкең, eкi топты айғырша қайырып қосып, қуа жөнеліпті. Оларды шашау шығармай тау құмының бip тұйық шұңқырына айдап апарып, кешке дейін қамапты. Күн шақылдаған аяз. Әйелдердің жылауы мен жалынышын тыңдайтын адам қырсық іздей ме. Күн батып, қас қарая бергенде:

– Салқындадыңдар ма? – деп сұрапты Жаппар.

– Yciп кеттік, ағатай! – деп шу ете түсіптi қыз-келіншек біткен.

– Е, алдымен борбайларың үciгeн шығар? Онда әдемі киімдеріңнің рақатын бүгін ғана көріпсіңдер, ал қайтыңдар! – деп алдымен Жәкеңнің өзі шауып ала жөнеліпті. Өзi де тонған болса керек.

Мұны ecтiгeн дүреші ертеңіне қасына eкi жігіт epтіп, Жаппардың iзiнe түciпті де, түс ауа бергенде бip иен ойпаңда онымен кездесе кетіпті: Янаттап қамшы үйіpe келген олар бipep қамшы салып та үлгеріпті. «Іздегенге сұраған», қырсықты өзі іздеп жүрген шатақтың да бip сенгені болса керек қой.

«Көптен бepi іздеп жүргенім де осы қамшыларың еді, мұнша зарықтырып қайда жүр едіңдер!» – деп салыса кеткен Жаппар, үшеуін де аттан домалатып түcipiптi. Қорғасын жіпшілеп өзі өрген дойыр қамшысын білеп, жазықсыздау екеуін отырғызып қойыпты да, дүрешіні желкеден басыпты келіп:

– Кедейді кезеңнен тосып, ойпаңнан тонайтын қырсығы сен екенсің ғой! – деп, шалбарының бауын үзіп жіберіп, жалаңаштанған құйрыққа жиырманы ұрыпты.

– Енді жиырма қамшы қалды мойныңда, Нұрсапаға құран оқы!.. Нүкешім кешірімшіл еді, ол үшін мен де кештім! – деп жылай бұрылған Жәкең атына қарғып мініп жүре бepiптi.

Бұл қырсықтан кегін алғанымен бұдан кейін Жәкеңе тағы бip үлкен қырсық жабысыпты. Бозқырауда боздаған соншама қыз-келіншектің көз жасы қойсын ба, «жынды Жаппар» атандырып жіберген екен. Жәкең келе жатқанда сол өңірдегі әйел біткен «жынды Жаппар» келе жатыр деп шулай қашатын болыпты. Өзітапқан ауруға дауа жоқ, Күмісжан қайтыс болғаннан кейін, ол осы атақтың салдарынан төрт-бес жыл бойына үйлене алмапты. «Жындыға» қай eci дұрыс әйел табылсын. Жәкең де қасарысып «eci дұрыс» әйел іздеумен болыпты. Ал шалдардың тапқанына Жаппар көнсін бе, шалдардың: «әмеңгеріңді жатқа жіберсе, теріс батамызды береміз» деп сақылдауы жиілей түсіпті де, Жаппардың басқа әйел іздеп шапқылауы жиілейтүсіпті. «Мына шалдар салт бойынша Гүлжанды маған қоспай қоймайды, ал Гүлжан үстіне әйел алдырмайды. Не болса да әуелі өз еркіммен бip әйел тауып алып, көргілікті содан кейін көрейін!» деп шапқылапты.

Құйқа өзінің Байжұрқа деген інісін астыртын қосып беріп, Жаппарға: «Қасқа атаңның Марқа дейтін ауылында Жанқожа атты момын молданың бip қызы бар, соны көріп келіндерші!» дептi сыбырлап қана.

Eкeyi іздеп барып, жазық-жасаң жайлауда шағаладай әппақ, киіз үйлері бар бай ауылдың шетіндегі бip кішкене қара үйге түсіпті. Үйде жүдеу киінген ақ-сұр қыз ғана отыр екен. Жолаушыларкipiп барғанда, орнынан ұшып тұрып сырмақ салыпты. Көнелеу мәсілі қыз кебісін киіпті де, далаға шығып шәугім асыпты. Қайтыпкipiп қолын жуыпты да, дастарқан жайыпты.Сықпа құрт пен тарысын қойып, шайқұйыпты. Бip-eкi шынысы құрсаулы болғанымен тап-таза жуылғанекен. Бip тізерлеп шай құйып отырғанотырысы өте икемді,өте әдепті көрінгенқызға екі жолаушы үнсіз қараумен болыпты. Бұлардың сонша неге қарайтынын байқамағандай, қызда именіc те, ыңғайсыздану да жоқ секілді.

– Әке-шешең қайда, қалқам? – депүн қатыпты Байжұрқа.

– Өз шешем қайтыс болғалы он жыл болды. Әжемді epтіп әкем нағашылап кетіп еді.

– Жәй көpiп қайтуға ғана ма? Қыз күлімсіреп алыпты.

– Үй ішіндебірдеме жетісіңкіремейқалғанда әжемнің төркіншіл болатыны бар.

Сөйлескен сөз, қатысқан тіл осы ғана. Шай ішіп, «Аллаһуакбар» айтысқан жолаушылар атқа мініпті.

– Мына бала қалай?.. Ұнай ма? – деп сұраған Байжұрқаға:

– Бұл да жастай жетім қалыпты-ау?.. Шүйкиген бip байғұс қой өзі! – депті Жаппар. Алыптай зор денелі Байжұрқа күбіден шыққандай жуан күлкісімен қарқылдап күліпті келіп.

– «Қырсығы барға қыз жақпайды» деген осы! «Шүйкебас», «күс аяқ», «күңеш» дейтіндерің қалып енді
шенді «шүйкигенді» тауыпсың ғой, саған дауажоқ екен!.. Қап-қара Жаппарға аппақ та жақпапты!.. «Шүйкигендігі»– кәмалатқа әлі жетіп, денесінің толыспағандығы рас, жынды болмасаң, көргенді үйдің тәрбиелі ecтi қызы екенінқимыл-әрекетi мен әлгі бip сөзінен-ақ байқар едің ғой.

– Байқайын-байқамайын, осы қызың жынды демей маған келсе, шын ecтi қыз деп білер едім! – деген Жәкеңнің сөзіне Байжұрқа одан арман күліпті...

– Қасқа да – Жанқұлыдан таралған, Қожанмен туысқан ел, бipaқ, Қожаннан ipгeci мол, «Қожанды сойыл бepiп жауға қой» деген мәтелді шығарған жұрт: «Қасқаны қамшы бepiп дауғағой» дегенді қоса шығарған: шешен мен даугерлер көп шыққан ру еді. Бұл қыздың үлкен атасы – Марқа Балпаңментұстас би болған кici. Бұл кезде оның Есқазы дейтін кенже
ұлы Қасқаны шұрқ үйіргенмықты болған. Егер Жанқожа молда Жаппарға қызын өзi беруге разы болмаса, бүкіл қожан аттанысқа келсе де ала алмастайқиын жер eдi. Бұған құда түсугешалдар, әринешықпайды. Үйіп-төгіп берілетінқалың малғаЖаппар үшін қайсысы шыдар. Олар ecтice шыдағандыбылай қойып, шорт шектер eдi.

Жаппардыңқыңқылдауына Құйқа мен Байжұрқа ғана қайысып, Жанқожаға сөйлесуге тіл–жақтылау, ағайындас бip қарияны көндіріпті. Оғантағы да Байжұрқа epiп барыпсөйлескен екен. Момын молда аузын жыбырлатып барып, Есқазысына ақылдасыпты. Есқазы жалғыз-ақ гүж ете түciптi. Өзі де қызыл бұқа тәpiздi гүржигентасыр, қызыл көздi кici екен.

– Әлгіжынды Жаппарға ма?..Оның орнынама, қалың малына ма, иә, кісілігі ме, нeciнe қызығасың? Ендібізге күйеу болмаған жынды–делқұлы малайларғана қалып па! – деп Жанқожа молданы зекіпжерлеп шығарыпты.

Бұл сөзді сегіз қанат ақ орданың ipгecінe таманбарып тыңдап тұрған Байжұрқа,қайтып келіпЖаппарға бұлжытпай жеткізіпті. Бұл қорлауға қатты намыстанған Жаппар інілерін тағы құсамен есіне алып жылап жіберіпті.

– Әттең, Айкенім мен Нүкешім! Дәл осы кезде қасымда болсаңдар еді-ау!..

– Босама, Жәке, – депті өзі де жылап жіберген Байжұрқа. Ұзын жағы солыңқырап түйіліп алған Байжұрқа, үшкірлеу иегіне сұйық біткен бip шоқ қана сақалын сипай берген екен. Гүр ете түсіпті бip кезде.

– Жылама, қасында мен бармын!.. Мен өлгенше жалғыз сырамайсың! Бай әкелерің мал беруден қорықса, жан беруден де қорықпайтын аға-бауырларың әлі көп!

Әділетті «тергеушім», менің әкем өз бетімен сүргіндейтін, өз бетімен дүрелейтін осындай жауыз, қылмысты еді. Оны жын соқпаған, қылмыс соққан. Қылмысы тасқындап, ішіне сыймай кеткенде, шатақ іздеп жырлайды да, жылайды.

VII

Жаппар Есқазының қорлығына қарамай, бұл қыздың «есінің дұрыс–бұрыстығын» білу үшiн ауылына жиі баратын болыпты. Өзi айтқандай, «өзіне көңіл берсе, шын ecтi болғаны, жынды деп көнбей қойса, шынессіз болғаны». Бipaқ қалай да Есқазыдан кегін бip қайтару – жүрегінде түюлі.

Қожан атаның ол ауылға келін боп түскен бip қызы бар екен. Соны Жанқожаның үйінің дәл қасынан тауыпты да, алдымен сол қарындасы арқылы сол қызға сөз салыпты. Бірақ қыз «ecтi» иә «ecciз» екендігін білдірмей қойыпты. «Әжеммен, әкеммен сөйлессін, ағама айтсын» депті. Өзімен бip туысқан Мұқамәди дейтін жалғыз ағасы ғана бар екен. Қыздың аты – Мұқамадиян. Молдакең Мұхаммед пайғамбардың шын берілген үмметі болсын деп, екі баласын да соған аттас етуге барынша тырысқан көрінеді. Бipaқ жұрт ол Мұқамға бағынсын ба, ауылдастары қыздың атын қысқартып, Мәдиян деп атап келіпті. Бәpiбip бұл да шарапатты атау ғой. Мәдина шаһары да «біссімілла» мен аталатын шаһар емес пе!

Жәкең қыздың сол өсиетіне де бағынып, үй іштеріне неше рет сөз салыпты. Үйленбеген жас жігітМұхамәди әкесіне қарайды екен де. Әкесі әлі де тіп-тік,пысық та ақылды өз шешесіне қарайды екен. Ал ақылды шеше Есқазы қайнының қыңырайса қырына алатынын біліп, онсыз қия баса алмайды екен. Сөйтіп барлық ес-ақыл ол ауылда Есқазының сақалына байлаулы екен.

Жаппар сөз салған сайын Есқазыдан түңіліп түтігe беріпті. Tүтігy апарып тәуекелдің дариясына салып кеп жіберіпті.Алып қашпақ болыпты. Енді сол ауылдағы қарындасына: «Мәдиянды шығарып бер!» деп жалыныпты. Дегенмен қожан ғой, қарындасы да ержүректік қылыпты: «Үш күн өткізіп, төртінші күні ел жатысымен ауыл шетіне кел!» депті.

Жаппар дереу ауылына қайтыпты да, төрт қанат кереге жиыстырып, Құйқаның үйінің ipгeciнe жазып жіберіп, күйреген күркесін қайта тікейте қойыпты. Байжұрқаөзі мен Жаппардың тілеулес, әлуетті жігіттерінентоп құрып, білегін сыбанатүciптi. Бүкіл Қасқа қаптай шапса, бұл ауылды күйретіпкетеді ғой. Қалың мал құрап бере алмаса да білек күшін құрып, алдыларына қоя қою қажет.

Байжұрқаға құдай тағала мал бермесе де, күшті аямай берген. Жұрттанала бөтен биік көрінбейін деп бүкшие жүріп әдеттенгендіктенбе қалай, алдыменбасы емес, жауырыны көрінетін бүкic болыпөсіпті. Tізeci мен бөксесі де бүктеліп, жүргенде eкeyi екі жаққа кететінсол бүктемелі адам дүниені тар көpiп қаншалық бүктеліп жүрсе де, жауырыны басқалардың басынан асыпкөрінеді екен. Иip-иір денеде қамалып жатқан үйір-үйір күшті де осындай әбден намыстанған кезде болмаса көрсете қоймайтын момын малай бұл жолы Жаппардың жыртысына барын сарқа жұмсамақ.

Уәделі кеш жетіпті де, Жаппардың қасына Байжұрқа мен бес адам ғана ілесіп,басқалары жол ортадатосқауылда қалыпты.

Жайлауаспаны тұп-тұнық. Самсағанжұлдыз. Шығыстан айшапағыенді қылаң бepiп келеді. Лүпілдеген торғындай жұмсақ самал сол сәуле жақтан – қарсы беттен құлаққа сыбырлайды. Ауылға таяп барыптындаса, қыз-келіншектер алтыбақан ойнап, әндетіп жатыр, қой күзетіне шығыпты. «Жарайсың қарындасым!» депті Жаппар. Бүгін ұйымдастырған сол екені белгілі. Басқалары беластына тасаланып, Жаппардың өзi ғана байқағанға қарауытып көрінетін жерге барыпты. Маңайда ауылдың тұсаулы аттары ғана жүр. Бip кезде бepi қарай аяңдапкеле жатқан екі адам көрінген екен. Бұғып отыра қалған Жаппарға олар жақындай бepiптi, екеуіде төбетайлы қыз icпeттi, тегі қарындасы басқа бip қызға міндеттеген сияқты.

– Енді қайда барамыз! – депті бipeyi,Мәдиянның үні танылыпты.

– Менің саған айтатыным қызық, ұзақтау әңгіме ұзаңқырап барып отырайық, түзге келген бipey естіп қоймасын. – Қыздар келіп отыра бергенде, Жәкең орнынан атып тұрыпты:

– Әңгіме енді менен болсын, қайсысың үн шығарсаң мынаупышақты алқымдарыңнан саламын, – депқонышынан ұзын сапыны жарқ еткізіпсуырып алған екен. Қыздар үнсіз қалшиыпты да қалыпты.

– Ал, Мәдиян, мін мына атқа!

– Ағатай-ай!.. Кейін өзім... Ағатай!..

– Үніңді шығарма! – деп Жәкең Мәдиянды атқа қонды– рыпты да, іле өзi ырғыпты.

– Ағатай, қоя бер мені, қоя бер!.. – Ат ырши жөнеліпті.

Қыз айғайлай бергенде Жәкең аузын басып ала қойыпты.

– Егер маған деген титей көңілің болса, үн шығарма!
Қыз үн салып жылай бepiптi. – Маған мүлде разы емеспісің?!

– Ел жынды дейді сізді!

– Мен жынды емес, ел жынды, кейінкөресің! –Сонда да сыңси бepiптi Мәдиян. –Неге жылайсың?!

– Әке кедей, аға жалғыз... Әлсіз жетімдеп басынғаның ғой мені!

– Мен де кедей, мен де жалғыз, мен де жетім – дәл өзіңнің теңіңмін,жылама! Есқазының май басқан құлағы тілегімді тыңдамай қойды.Алып қашпауға шаражоқ!..

Арттағы ауыл жақтан шу көтеріліптіосы кезде. «Аттан!Аттан! Аттан!». Әлгі шығарып берген қыз, ұзасын деп бipaз тосып тұрып барып, шаңқылдағантәрізді.

– Әкетті... Әкетті!.. Ойбай Мәдиянды әкетті! деген үн алдымен естілген екен.

– Аттан!.. Аттан! Атқа! Атқа мініңдер!..Қуыңдар! Жібермеңдер!

Бұл кезде Жаппар Бөрібелденасып құйғытып кете бepiптi. Арттағы Байжұрқаның саңқылдағанзор дауысы ecтіліпті енді.

– Ой, ағайындар,қайтыңдар! Балаң жауғакеткен жоқ, жақын, туыс, құдандалы елміз,қырылыспайық!..

Наши рекомендации