Жалпы әдістемелік нұсқау

Кіріспе

Тіршілік қауіпсіздігі – адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолдануына бағытталған шаралар кешені.

Қоғамның дамуы адамның өміртіршілігін жеңілдетуге бағытталған айрықша жасанды орта туғызды. Бұл ыңғайлылық пен жеңілділік адамдардың қалаларға жиналуының арқасында әрі адамдардың мамандануынан туып отыр. Өз жеке шаруашылығын жүргізіп отырған адамның қолынан бәрі де келеді, жан-жақты істей алады. Ал қала тұрғыны көбінесе бағытталған мамандардың иесі, үй-тұрмысы тіршілігіне қамы жоқ, сондықтан құбырдан судың ағуы, электр жүйесінің бұзылуының өзі қалаларды қиын жағдайға душар етеді.

Адамды қоршап жатқан ортаның бәрі потенциалды апат туғызады. Бұл апаттар кез келген уақытта болып қалуы мүмкін. Сондықтан адамның өзімен қоса, мемлекет өз адамдарының өмір қауіпсіздігіне жауапты. Төтенше жағдайларды ескеріп, алдын алу – мемлекеттің бірден бір шарасы.

«Өміртіршілік қауіпсіздігінің негіздері» – адам өміріне төнетін жалпы қауіп – қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Ол нақты машиналардың, құрал – жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, онымен арнайы мамандықтар айналысады (атом қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жарылыс, өрт қауіпсіздігі және т.с.с.). «Өміртіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты – қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамдардың ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау – осылар барлық арнайы мамандықтардың қауіпсіздігінің ғылыми - әдістемелік іргесі болып саналады. Осы курсты оқып өткен адамның өз ортасындағы қауіпті және өзі мен өзгеге зиянын тигізетін құбылыстарды тануға, соған қарсы білікті әрекет жасауына мүмкіншілігі болады. Адам қоршап жатқан ортаның бәрі потенциалды апат туғызады. Бұл апаттар кез келген уақытта болып қалуы мүмкін. Сондықтан адамның өзімен қоса, мемлекет өз азаматтарының өмір қауіпсіздігіне жауапты. Төтенше жағдайларды ескеріп, алдын алу - мемлекеттің бірден - бір шарасы.

Осы есептеу – графикалық жұмысты жасау барысында біз болуы мүмкін кейбір төтенше жағдайларды және соған байланысты іс-шараларды оқып үйренеміз.

Жалпы әдістемелік нұсқау

ЕСЖ жасаудағы талаптар.

Оқу жұмысына керекті элементтер.

Оқу жұмысының ЕСЖ
Элементі.  
Бірінші бет +
Тапсырма +
Кіріспе +
Негізгі бөлім +
Қорытынды +
Әдебиеттер тізімі +
Қосымша Жалпы әдістемелік нұсқау - student2.ru

«+» - Элементтің міндеттілігі.

« Жалпы әдістемелік нұсқау - student2.ru » - Факультативті элемент (қажеттілік бойынша).

ЕСЖ мәтіні қолмен немесе жазу машинасымен және компьютерді қолдану арқылы орындалады. Барлық жағдайда мәтін ақ түсті А4 форматтың бір бетіне жазылады.

Беттің төрт жағынан бос орын қалдырылады: сол жағы - 30 мм; оң жағы – 10 мм; үстіңгі және астыңғы жағы – 20 мм.

Мәтін беттері рамкамен қоршалмайды.

Мәтіндік редактор “MICROSOFT Word”–ты қолданып компьютермен тергенде А4 формат беттері 60-62 белгіден тұратын 40-42 жол немесе шрифт 12-14 мм болуы керек.

ЕСЖ көлемі 10 парақтан кем болмауы керек.

ЕСЖ-ны барлық беттері нөмірленуі керек, бірінші беттен қосымшаға дейін (Бірінші бетте нөмір қойылмайды).

ЕСЖ-та суреттеменің орнына графиктер, суреттер, кестелер, диаграммалар, кескіндер қолданылады және т.б. Олардың барлығы суреттер немесе кестелер деп аталады да нөмірленеді. Суреттемеде бөлменің жоспары және кестеде өлшемдері болуы керек.

Тапсырма № 1. 1-есеп

Жұмыстың мақсаты: төтенше жағдайлар және табиғи апаттар кезіндегі жүргізілетін іс-шаралар және оны есептеу.

Наши рекомендации