Сурет Етіктердің дайындамаларының конструкциялары

Қонышы былғарыдан жасалатын етіктердің дайындамаларында қонышты алдыңғы жағынан бастыра тігеді. Егер қонышты негізі мата болып табылатын жасанды былғарыдан (аяқ киім кирзасы, шарголин және т.с.с.) тіккенде алдыңғы жағы қонышқа бастыра тігіледі, себебі, мұндай материалдардан жасалған етіктерді кию барысында олардың шеттері сетінейді, сөйтіп етіктің түріне нұқсан келеді. Етіктің қоныш жағы кесілген сірелі (4.5а суретті қараңыз) де болады. Қоныштың артқы жағының тігісін қайтара жүргізу арқылы немесе сыртқы артқы белдіктермен бекітеді. Етіктің керілген дайындамалары қалып пішініндегі (алды және қонышы бірге) бір детальдан ғана тұрады. Бұл дайындамалардың артқы жағы қайтара жүргізу арқылы тігіледі. Мұндай етіктің керілген дайындамалары ылғалды, сулы жерлерде (торф өндірісінде, балық шаруашылығында және т.с.с.) жұмыс істеуге арналған етіктер өндірісінде қолданылады. Сурет Етіктердің дайындамаларының конструкциялары - student2.ru

Жартылай етіктің дайындамаларының тігілген қысқа қоныштары бар (4.6 сурет). Жартылай етіктің дайындамаларының ерекшеліктері - толық немесе жартылай бекітілген клапандарының болуы, олар жұлықтың жоғарғы жағы мен қысқа қоныштың алдыңғы жағына бекітіледі.

4.6 сурет Жартылай етіктердің дайындамаларының

Конструкциялары

Жартылай етіктің дайындамаларында толық қысқа қоныш (4.6а сурет) немесе тілінген сірелері бар (4.6б сурет). Қысқа қоныштардың артқы тігісін сыртқы артқы белбеулермен бекітеді. Толық қысқа қонышты жартылай етік дайындамаларында қысқа қоныштың өкше жағын фигуралы артқы белбеулермен бекітеді (4.6 сурет).

Жартылай етіктерді табанға блочкалар мен баулардың көмегімен бекітеді. Етіктер мен жартылай етіктердің дайындамаларын келесі конструкцияларға бөледі: қонышы екі детальдан - сыртқы және ішкі қоныштардан құралған

(4.7а сурет); қонышы үш бөлшектен- сыртқы және ішкі қоныштардан құралған, оның ішіндегісіне жұлықтық және артқы бөліктер орналасқан (4.7б сурет); қонышы төрт бөлшектен-екі жұлықтық және екі артқы бөліктерден құралған (4.7в сурет); жұлықтармен бастыра тігілген (4.7г сурет); доғал ендірмеден (4.7е сурет).

Сурет Етіктердің дайындамаларының конструкциялары - student2.ru

Рис. 4.7. Конструкции заготовок сапожек и полусапожек

Голенища сапожек и полусапожек могут иметь отрезные задники (рис. 4.7 ж). Заготовки сапожек и полусапожек изготовляют с задними наружными ремнями или без ремней. Заготовки сапожек и полусапожек комбинированных с голенищами из дублированных тканей изготовляют с передними наружными ремнями из кожи (рис. 4.7 з). Сапожки и полусапожки с голенищами, плотно облегающими голень, должны иметь разрез и приспособление для застегивания. Сапожки и полусапожки можно закреплять с помощью застежек молний, блочков и шнурков, ремней и пряжек и др.

Сурет Етіктердің дайындамаларының конструкциялары - student2.ru

4.8 сурет. Бәтеңке даярламаларының конструкциялары

Бәтеңке даярламарын жұлықты қысқа қонышпен біріктіру тәсілдеріне қарай, төмендегідей конструкцияларға бөледі: бастыра тігілген жұлықпен (4.8 а сурет) және бастыра тігілген қонышпен (4.8 б сурет). Бәтеңке даярламалары толық қонышты (4.8 а және б суреттер) немесе кесінді сіре (4.8 в сурет), тұтас жұлықты (4.8 а мен б суреттер) немесе тұмсығы кесілген жұлықты (4.8 в сурет), сонымен қатар, дөңгелек жұлықты (4.8 г сурет). Бәтеңке даярламаларын артқы сыртқы белбеумен немесе онсыз жасайды. Аяқ киімнің киіліп-шешілуін оңайлату үшін қонышқа тілік жасайды, оны бекіту құралы қолданылады немесе созылмалы резина тігіледі. Бәтеңкені аяққа белбеулердің, түйме, шыртылдақ түйме (кнопка), сыдырма түймелеу (застежка – молния), баулардың көмегімен бекітеді.

Жартылай бәтеңке конструкцияларын төмендегідей бөледі: бастыра тігілген жұлықпен (4.9 а сурет) және бастыра тігілген қысқа қонышпен (4.9 б сурет), лаофер (резинкалы 4.9 в сурет), лаофер типтес (тілшігінің астына резина тігілген 4.9 г сурет), сопақша ендірме (4.9 д сурет). Жартылай бәтеңке даярламалары тұтас қысқа қонышты (4.9 а және б суреттер) немесе кесінді сіре (4.9 г және д сурет), тұтас жұлықты (4.9 а мен б суреттер) немесе тұмсығы кесілген жұлықты (4.9 е сурет). Жартылай бәтеңке даярламаларын артқы сыртқы белбеумен немесе онсыз жасайды. Жартылай бәтеңкелердің киіліп-шешілуін оңайлату үшін қонышқа тілік жасалады, оны бекіту құралы қолданылады немесе созылмалы резина тігіледі. Жартылай бәтеңкені аяққа бау, белбеулердің, түйме, шыртылдақ түйме (кнопка) және т.б. құралдармен бекітеді.

Туфлилерді табанды жауып тұру дәрежесіне қарай келесі конструкцияларға бөледі: шеңберлі қайықша типтес (4.10 а сурет) немесе кесілген жұлықты (4.10 б), аспалы көтергіш белдікпен (чересподъемный ремень 4.10 в сурет) немесе аспалы көтергіш және алдыңғы белдікпен (4.10 г сурет), тұмсығы және өкшесі ашық (4.10 д сурет), тұмсық жағы ашық (4.10 е сурет), өкше жағы ашық (4.10 ж сурет), белдікше типтес (4.10 з сурет). Қайықша типтес аспалы көтергіш белдікті және соларға ұқсас конструкцияларды артқы сыртқы белдікпен немесе онсыз жасайды. Аспалы көтергіш және басқа белдіктері бар туфлилерді түйменің, шыртылдақ түйменің көмегімен бекітеді.

Сандал даярламалары тұтас жұлықты және тұтас сірелі (өкше жағы тіліксіз) және аспалы көтергіш белдікті болады. Сандал даярламаларының негізгі конструкцияларына жататындар: фигуралы жұлықты (4.11 а сурет), тұмсық жағы кесілген және аспалы көтергіш белдікті (4.11 б сурет). Сандалдарды табанға аспалы көтергіш белдіктердің және қапсырманың (пряжка) көмегімен бекітеді. Аяқ киімнің жоғарғы жағының даярламалары конструкцияларын мода бағытына қарай, тұтынушылардың жасы мен жыныс топтарына қарай және даярламаларды өндіріс

технологияларына сәйкес дайындайды. Аяқ киім пішіні қалып фасонына тікелей байланысты. Ол сәннің әсерінен өзгерістерге жиі ұшырап отырады. Аяқ киімнің пішініне сонымен қатар, даярлама конструкциялары әсерін тигізеді. Моданың ықпалымен аяқ киімнің жоғарғы жағының композициясы да өзгереді. Әр түрлі әсемдеуіштерді, декорларды қолдану аяқ киімнің жоғарғы жағының конфигурациясын өзгертпестен сәнді аяқ киім жасауға болады. Әсемдеуіш декор ретінде конструкцияның бөлігі болып саналатын тілшіктер, банттар, шеттіктеу бөлшектері (окантовочные детали), бизиктер, сыдырма түймелеу, қапсырмалар, шыртылдақ түймелер, түймелер, блочкалар, баулар және т.б. қолданылады. Сонымен қатар, аяқ киімнің жоғарғы жағының сыртқы бөлшектеріне салынатын перфорациялар, тігімдер, бедерсалу (тиснение), кестелер, аппликациялар және т.б. қолданылады.

Сурет Етіктердің дайындамаларының конструкциялары - student2.ru

4.9. сурет. Жартылай бәтеңке конструкциялары.

4.10. сурет. Туфли даярламаларының конструкциялары.

4.11. сурет. Сандал даярламаларының конструкциялары.

Өндіріс технологиясына сәйкес аяқ киімнің жоғарғы жағының конструкциясы төмендегі талаптарға сай болуы керек: бөлшектер саны минималды болуы тиіс, унифицирленген пішіндегі мен өлшемдегі бөлшектерді, рационалды (тиімді) пішімді бөлшектерді пайдалану мүмкіндігі болуы тиіс. Материалдарды минималды қалдықтармен пішуде бөлшектерді біріктірудің өнімділігі жоғары параллельді және параллельді – бірізділігі (параллельно-последовательных) тәсілдері пайдаланылуы тиіс. Аяқ киімнің жоғарғы жағының даярламаларына қойылатын талаптар таңдалған материалдарға да байланысты болады. Материал таңдауға олардың технологиялық қасиеттері ықпал етеді. Ол қасиеттер: пішінді қабылдау қасиеті, жіппен, желіммен, балқыту арқылы, балқыту-желімдеу арқылы бекітілу қасиеттері және т.б. Аяқ киімнің жоғарғы жағының даярламаларына пайдаланатын материалдардың, аяқ киімнің ішкі жағында оптималды микроклиматты қамтамасыз ететін жақсы гигиеналық қасиеттері болуы тиіс.

Аяқ киімнің жоғарғы жағының даярламалары өте шыдамды болулары керек, олар өндіріс кезінде және аяқ киімді пайдалану кезіндегі жүктемелерге шыдаулары тиіс.

Наши рекомендации