Созылмалы периодонтиттердің емі.
Созылмалы периодонтитті емдеудің негізгі мақсаты болып төмендегілер саналады:
1. Макро және микро арналардағы микробтарға әсер ету.
2. Биогенді аминдердің әсерін жою.
3. Периодонттағы қабыну үрдісін тоқтату.
4. Периодонт тіндерінің қайта қалыптасуына көмектесу.
5. Науқас ағзасын десенсибилизирлеу.
Науқас бірінші келуде созылмалы периодонтиттерде тіс жегі қуысын өндеп, препараттап, оны күрек тістерде тіл және таңдай бет-кейлеріне, ал азу тістердің шайнау беткейлеріне шығарылады. Тіс қуысы ашылып, қуыс шетіндегі тіндер толығымен алынып тасталы-нады. Егер тіс бүтін болса онда тиісті беткейінен тесіліп, қуыс қалып-тастырылып болғаннан кейін, арналардан некротомия жасалады. Некротомияны ұлпа жұлғышты антисептик ерітіндіге батырып, біртіндеп түбір ұшына дейін тазалап шығады. Кейінгі іс-әрекетті түбір инесіне мақта білік орап, оны антисептикке батырып, бірнеше рет қайта- қайта арна таза болғанша жуылады. Тіс түбірін залалсыз-дандыру мақсатында 3% сутегі асқын тотығы, 0,02% хлоргексидин, 0,18% декаметоксин, 0,1%-0,2% декамин, 0,05% фурацилин, 0,1%-0,25% мефенаминат натрий ерітіндісін қолданады.
І келуде арнаны механикалық жолмен өңдемесе, яғни кеңейт-тіріп, конус тәрізді пішін берілмесе, онда сықпалар арнадан, түбір ұшынан шығарып, арнатолтырғышпен төмендегі дәрілер енгізіледі: антибиотиктер мен гидрокортизон- триаминолон немесе ақуыз анаболиктері метацил енгізіледі.
Периодонт тіндерінің қайта қалпына келуі үшін (регенерация) арна арқылы кальции гидроксидін, кальций глицерофосфат, кальции хлорид, шырғанақ майы (облепиховое масло), каротолин, фермент-тер, мефенамин қышқылының натрилі тұзын сүйекке енгізеді. Арна-ны құрал- саймандармен өңдеуде эндодонтиялық құралдардан пайда-ланады. Ол үшін арна қабырғаларынан 1,0-1,5мм қалыңдықта алып тастау керек. Ал тар не жақсы өтпейтін арналарға кеңейту үшін «ка-нал плюс ларгал ультра», ЭДТА (этилен диамин тетрауксус қыш-қылы) қолданады.
Қолдану әдісі:
Арнаны өлеттенген тін қалдықтарынан тазалап, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен жуамыз, құрғатамыз, мақта тампонмен қуысқа ерітіндіні енгізіп, түбір инесімен оны ендіріп –20-30 секундтан кейін ерітіндіні қайта білтеге сіңдіріп, қайта- қайта – 1-2 минут ішінде бірнеше рет енгізеді.
Арна кеңейтетін құралмен декальциленген дентинді арнадан шығарып тастайды да, дистилденген сумен арна жуылып, құрғаты-лады. Арнада антисептик не ферменттермен білте қалдырылып, тіс уақытша жабылады. Міндетті түрде науқасқа егер тісте ауру сезімі пайда болса, уақытша пломбаны алып тастау қажет екенін ескерту керек.
ІІ келуде 2-3 күннен кейін уақытша пломбаны алып, білтені шығарып тастап, ол ластанған болса, бұл іс-әрекетті қайталау қажет. Егер білте таза болса түбір ұшын тесіп ашылады, әсіресе тамыр жай-ған созылмалы периодонтиттерде. Ол үшін ұңғылары қолданылады. Соңында арна дәрі-дәрмектермен өңделіп, толтырылады. Аралық және тұрақты пломба салынады.
Көп түбірлі тістердің арналары жақсы өтпейтін болса оны кү-містеу және резорцин- формалин әдісімен импрегнация жасау қажет. Ол үшін 2-3 тамшы 30 % күмісті азот қышқылының сулы ерітіндісін арна бастауына тамызып, түбір инесімен енгіземіз. Енгізулер арасын 3 минуттай қайталаймыз. Дентин арналарын жауып тұратын жұқа қабықта металл бөлшектері микробтарға қарсы тұрады. Микроарналарға инфекцияны өткізбейді. Күмістеуден кейін тіс түбіне мақта тампон қойып, уақытша жабылады.
ІІІ келуде уақытша пломба алынып арналарды резорцин- фор-малин сықпасымен толтырылып, оқшаулап, тұрақты пломба қоямыз.
Соңғы жылдары созылмалы периодонтиттерді емдеуде келу санын кемейтіп емдеу әдістері қарастырылуда.
Бір түбірлі тістерді бір келуде емдеу. Мұнда тісті міндетті түрде жыланкөз болуы қажет. Түбір ұшында жиналған экссудат жыланкөз арқылы шығып кетеді. Сондықтан арнаны толтыру кезінде пломба түбір ұшынан шығып кетсе де асқыну болмайды. Кейде созылмалы периодонтит асқынуында да осы әдіспен емделіп жатыр, мұнда қосымша өтпелі қатпардан кесіліп, дренаж салынады