Пішімге келтіру тәсілдері
Дайындық үлгілерін пішімге келтіру аяқ киім жасап шығарудағы технологиялық процестегі операциялардың маңызды тобы болып табылады, олардың дұрыс орындалуына аяқ киімді киіп жүргендегі пішімінің беріктігі және сыртқы түрі тәуелді болады. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындық үлгісін пішімін келтіру - бұл жазық бөлшектерден жинақталған дайындық үлгісіне қалыптың көлемдік пішімін, аяқ киімді киіп жүргенде және сақтаған кезде беріктігін жоғалтпайтын түрге келтіру процессі. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындық үлгісіне белгіленген кеңістік пішіміне келтіру, оны қалыпқа тартып бекіту жолымен жүргізіледі. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындық үлгісін жасап шығару үшін қолданылатын материалдарда серпінді пластикалық жұмсақ иілетін қасиеттер болуға тиісті. Материалдық пластикалық жылдам иілетін қасиеттеріне сәйкес, аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындық үлгісі қалыптың пішімін қабылдайды, ал материалдың серпінділік қасиеті аяқ киімді киіп жүру процесінде берілген пішімін сақтауды қамтамасыз етеді. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындық үлгілерін кезектілікті әдіс, параллельдік әдіс және параллельдік-кезектілікті әдістермен пішімге келтіреді. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындық үлгілерін пішімге келтіру үшін жұмсалған күштің бағытына және орнына тәуелді түрде, сыртқы, ішкі немесе аралас тәсілдермен орындалуы мүмкін. Сыртқы тәсілді қолданған кезде пішімге келтіретін күштер сырттан жұмсалады, ал ішкі тәсілді қолданған кезде іштен, ал аралас әдісті қолданған кезде сырттан да, іштен де жұмсалады. Көрсетілген тәсілдермен пішімге келтіру, аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындық үлгілерінің бөлшектер мен бөліктерін алдын ала немесе алдын ала емес бірден пішім келтірумен орындалуы мүмкін. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындық үлгісінің бөлшектері мен бөліктерін алдын ала пішімін келтіру келесі кезекте орындалатын операцияларды жеңілдетеді және материалдың пішімінің өзгеруін ұлғайтады. Пішімге келтіру тәсіліне аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындық үлгісінің және оның тартылып бекітілетін шетінің жиегінің конструкциясы (сұлбасы) айтарлықтай әсер етеді. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындық үлгісі (сұлбасы) бойынша жазық, жартылай жазық, кеңістікті және көлемді болуы мүмкін. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындық үлгісінің жазық түрінің алдыңғы бөлігі (4.12а сурет) бір жазық бөлшекті немесе жазық бөлшекті қосады, жекеленген бөлшектерін біріктірумен құралған, сондықтан оны пішімге келтіру барынша материалдың пішімін өзгертумен орындалады. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің жартылай жазықты дайындық үлгісі (4.12б суреті) ережеге сәйкес үш бөлшектен тұрады (жұлықтан және екі берцадан). Дайындық үлгісінің формасы көбінесе қалып пішіміне сәйкес келеді, сондықтан дайындық үлгісін пішімге келтіруде материалдың пішімінің өзгеруін аз түрде талап етеді. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің кеңістіктік дайындық үлгісінің алдыңғы бөлігінің конструкциясы (4.12в суреті) қалыптың тұмсықтық пішім бөлігіне көбірек жақындайды, сондықтан дайындық үлгісін қалыпқа келтіру үшін, материалдың пішімінің аз мөлшерде өзгеруі талап етіледі.