Классикалық электрдинамиканың пәні. Электростатиканың негізгі есебі
Электрдинамиканың негізі электр заряды мен электр өрісі болып табылады. Яғни кез келген зарядталған дененің айналасында электр өрісі болады. Зарядталған денелер немесе бөлшектер бір-бірімен осы өріс арқылы әсерлеседі. Электр заряды денелердің электрлік әсерлесуін сипаттайды. Электр зарядтарының қасиеттері:
- электр зарядтары оң және теріс болады, аттас зарядтар бір-бірінен тебіледі, ал әр аттас зарядтар бір-біріне тартылады;
- электр заряды релятивтік - инвариантты: ол қозғалыс кезінде мәнін
өзгертпейді, яғни оның шамасы санақ жүйесіне тәуелсіз;
- электр заряды аддитивті, яғни кез-келген жүйенің заряды жүйені
құрайтын бөлшектердің зарядтарының алгебралық қосындысына тең;
- электр заряды дискретті, яғни кез келген бөлшек е элементар зарядтан тұрады, яғни : q= eN.
Элементар заряды бар бөлшектер электрон ( теріс ) және протон (оң),
Элементар заряд /е/ = 1,6 10-19 Кл.
Электр зарядының сақталу заңы - тұйықталған жүйенің электр заряды осы жүйеде өтетін кез келген процесс кезінде өзгермейді.
q1 + q2 + q3+ ….+ qn = const
Нүктелік заряд деген өлшемі мен пішінін ескермеуге болатын электр заряды бар дене.
Электр зарядының сызықтық тығыздығы
(11.1)
мұндағы dq - ұзындығы dl зарядталған сызықтық элементтің заряды.
Электр зарядының беттік тығыздығы
(11.2)
мұндағы dq - зарядталған беттің dS элементар бөлігінің заряды.
Электр зарядының көлемдік тығыздығы
(11.3)
мұндағы dq - зарядталған дененің dV элементар көлемінің тығыздығы
Зарядтардың өзара әсерлесуі Кулон заңыменсипатталады. Ол екі нүктелік зарядталған дененің вакуумдегі өзара әсерлесу күшінің осы денелердің және зарядтарына және олардың ара қашықтығына тәуелділігін тағайындайды. Халықаралық бірліктер жүйесінде заң былай жазылады:
, (11.4)
мұндағы = 8,85*10-12Кл2/Н*м2 - электр тұрақтысы.
Зарядталған бөлшектер мен денелер бір-бірімен өріс арқылы әсерлеседі. Қозғалмайтын электр зарядтарының тудыратын өрісі уақыт бойынша өзгермейді және электрстатикалық өріс деп аталады. Зарядталған бөлшектерге электрстатикалық өріс тарапынан әсер ететін күш электрстатикалық күш деп аталады. Электрстатикада қолданылатын модель өлшемі басқа зарядталған денеге дейінгі қашықтықпен салыстырғанда ескермеуге болатын зарядталған дене - нүктелік заряд.
Электрстатикалық өрістің күштік сипаттамасы өрістің кернеулігі болып табылады, ол бірлік оң зарядқа әсер ететін күшпен анықталады:
, (11.5)
мұндағы - өрістің берілген нүктесіне орналасқан оң зарядқа әсер ететін күш. Кернеулік векторының бағытына өрістің берілген нүктесінде орналасқан бірлік оң зарядқа әсер ететін кулондық күштің бағыты алынады.
Егер кернеулік векторы өрістің барлық нүктелерінде бірдей болса, өріс біртекті өріс деп аталады.
Электрстатикалық өрісті кескіндеу үшін күш сызықтары қолданылады. Күш сызықтары немесе кернеулік сызықтары деп әр нүктесінде жүргізілген жанама сол нүктедегі өріс кернеулігі векторымен бағыттас болатын сызықтарды айтады. Кернеулік сызықтары оң зарядтардан басталып, теріс зарядтарда аяқталады, олар еш жерде қиылыспайды, себебі әрбір нүктедегі кернеуліктің тек бір мәні және белгілі бағыты бар болады.
Кулондық күштерге механикадағы күш әсерлерінің тәуелсіздік принципі қолданылады. Сонымен, өрістің кез келген нүктесіндегі q0 сыншы зарядқа әсер етуші қорытқы күш оған түсірілген жүйедегі әр бір q i зарядтардың әсер күштерінің векторлық қосындысына тең
. (11.6)
Берілген зарядтар жүйесіндегі қорытқы өріс кернеулігі үшін осы өрнекті ескеріп, былай жазуға болады:
. (11.7)
Зарядтар жүйесінің өріс кернеулігі жүйені құрайтын зарядтардың кернеуліктерінің қосындысына тең болады. Бұл суперпозиция принципідеп аталады.
Электрстатиканың негізгі есебі - өрістің негізгі сипаттамалары: өріс кернеулігін және потенциалын берілген шамалар бойынша табу және кеңістікте зарядтардың таралуын анықтау. Бұл есепті екі жолмен шешуге болады. Олар: суперпозиция принципі және Гаусс теоремасы.